БАЙҚАУ НӘТИЖЕСІ: @ГулбануСагигалиева Гүлбану, құттықтаймын, сіз жеңдіңіз! Кітаптар жинағы сіздікі! Алу үшін менімен Instagram жекесінде (@balukz) байланысқа шығыңыз, жеңісіңіз құтты болсын!
@user-hg5fv9is7g2 ай бұрын
Тимур оқы. Хаж сүресі,66- аят :" Ол - Алла адамдарды тірілтті ( жаратты) , өлтіреді кейін қайта тірілтеді. Алла бар нәрсені жасауға құдіретті".( ғылымы шексіз,бар нәрсенің ғылымын біледі). Бір тамшы су ( ұрықтан) программа бойынша автоматты түрде кезең- кезеңімен жетілесің .( ұрық,ұйыған қанға,бір жарырақ ет эмбрион,сүйектер пайда болып.....280- күнде сәби болып туыласың) 4- ай тіс,бала,жігіт,кісі,шал --- Өлесің,( программа бойынша өлесің : 40- тан кейін клеткалар жаңаруы азайып,органдар тозып,шашың ағарып,тісің түсіп,терің құрғап,ет қашып, мидағы программа бойынша қартайып,органдар тозып,істен шығып өлесің ) өлтіреді) кейін - Ахиреттен кейін тірілтеді. Шуара сүресі :" Айт,Мұхаммед адамдарға : біз оның ғылымын білеміз,игергенбіз ( қайта тірілтудің) Осының бәрі - ғылым емес пе.
@daurenmukhanov96272 ай бұрын
Менің ойым аудармау керек. Себебі орысшаға аударсақ орысқұл қазақтар қазақша үйренуге ынтасы болмай қалады. Кезінде КСРО кезінде бәрі орысша болды ешкім қазақтың жағдайын ойламады, орыс тілін білмейді деп. Сондықтан бұл кітаптарды қазақша оқу керек жөн деп ойлаймын, орысшаға аударса кітаптардың бір маңызы, қаймағы кетіп қалатын сияқты!
@Перизат-ш3и2 ай бұрын
Керек емес. Қазақ тілін дамыту керек. Ұлтына жаны ашитын адам қазақ тілін үйрену керек. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Қаныш атамыз бекерге Тіл дамыту инстутына Мәскеуден қаражат бөлдірген жоқ. Ұлт жанашарын тек ұлттық қазақ тілінде танылу керек. Әрбір қазақ отбасыдан Қаныш тәрбиелеп шығару міндеті болу керек.
@МирасТаубаев-о9щ2 ай бұрын
Аударылу керек деп ойлаймын! Тіл - қарым-қатынас құралы ғана болу керек! Өзге тілдегі оқырман осы кітапты оқу арқылы, Санжар ағаның миссиясы (ғылымға деген махаббат ашылса) орындалғаны! Қай тілде кітап оқыса да, ғылымға, қазақ қоғамына қызмет қылса болғаны! Бәлкім, ол оқырман көкірек көзі оянып, мінезі өзгерер! Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден!
@Lunar793672 ай бұрын
Құнды дүниелер шығарып жатқан "Отбасы хрестоматиясы ұжымына үлкен алғысымды білдіремін. Кітапты орыс тіліне аудару туралы мәселесіне келетін болсақ аудару керек, себебі осы кітаптар орыс тілді қазақтардың оқығаннан кейін қазақ тілін үйренуге деген құлшынысын оятса ол кітаптың мақсаты орындалғаны, одан әрі ғылыми майданның жалғасуы да алыс емес. Екінші жағынан орысшаға аударылса ТМД елдері де біздің осындай ғұламаларымыздың болғандығын біле алады, тіпті басқа шет тілдеріне де аударылсын. Сәттілік!
@АГИЛАТлеулесова-м4хАй бұрын
Мен Астана қаласында ЖООда математик-доцентпін. Алдымда білім алып жатқан студенттерге кітап оқу мәдениетін үйретіп, үзілістерде Өзбекәлі және мәдени майдан кітабын, Отбасы хрестоматиясының кітаптарын жарнамаладым. Басында ерініп тұрған студенттер кейін қуанып, кітап оқуға төселгені үшін, көздері ашылғаны үшін нұрланды. Осы орайда Сіздің Санжар мырзамен болған бірінші подкасты да тыңдаттым. Кейбірі Сіздің подкастарды бірінші танысуы екенін айтты.Енді Сатпаев және ғылыми майданды биылғы студенттерімді баулуға ниет қойып отырмын. Өзім Жезқазған университетінде жұмыс жасадым. Қазақ Ғылым Академиясының Математика интитутында аспирантурада оқыдым. Әлбетте Қ.И.Сатпаевтың еңбегі қазақ үшін ұшан-теңіз. Сол себепті де студенттерге жарнамалап оқитындай дәрежеге жеткізгеніміз абзал. Бұл туралы Санжар мырза біледі. астанада өткен кітап жәрмеңкесінде студенттерім Санжар ағайларына жолығып, қолтаңба алып, маған видео-сәлемдерін жеткізді. Мен жастардың біреуінің жүрегіне кітапқа құмарлық, Отанға адалдықтың отын жаға алсам , онда армандарымның бірінің орындалғаны деп білемін. Өткен 2023-2024 оқу жылында Тайный Санта ойынында да студенттер арасында кітап сыйлауды енгіздім. Алдымда бір семестрде білім алған 120 студентке осылай әсер етуге тырыстым. Пайдалы, һәм қайырлы білім адамзаттың бағын ашпақ демекпін. Сәттілік серіктеріңіз болғай!
@ДинаКуантаевнаКайроваАй бұрын
Мың алғыс сізге🎉
@IndiraCaliforniaАй бұрын
Керемет. Жарайсыз, сіздей Ұстаздар көбейсін
@tanzharykberdiqululy5749Ай бұрын
Алла разы болсын сізге
@НурсаулеРахымбердиАй бұрын
Еңбегіңіз жана берсін! Ұлттық ұландарды тәрбиелеудегі әдісіңіз өте керемет екен.
@azamatzhabikenov6082Ай бұрын
Өте керемет іс атқарып жүрсіз. Әр азамат осылай бір қыштан қаласа еліміз мәнгі жасайды.
@OmarovichN22 күн бұрын
Ұрпактарымыз арасынан Қаныш атамыздай ұлы адамдар көп болсын. Әмин
@baiqazaq2 ай бұрын
Қазақстанда екі адам бар жалықпай тыңдай беретін біреуі Димаш Құдайбергеннің әндері, екіншісі Санжар Керімбайдың сұхбаттары)
@ayimstar4902 ай бұрын
👍💯
@ГулжайнаТашеменова-й9ъ2 ай бұрын
Керемет айттың
@aibolatospanov6892 ай бұрын
🔥🔥🔥🔥🔥🔥
@lyazzat83982 ай бұрын
❤
@ГульвираБацзыФеншуйСисенова2 ай бұрын
Ия, точно
@Kyzyk_angime19 күн бұрын
Орысшаға аударып керек емес Санжар ағаның айтып отырғаны өте дұрыс. Қазақ тілін өздері үйренсін
@МадинаЕсназарова-ъ7ь2 ай бұрын
Көшпенділер ойынына келген американдық жігіт, француз, жапондар қазақша сөйлеп тұр. Американдық жігіттен қазақ орысша сұрақ қойып еді ол "мен орыс емеспін, қазақша сұра" деп жауап берді. Сонда олар Қазақ еліне келетін болғасын қазақша үйреніпті. 3-4 айда үйрендік дейді. Сонда қалай қазақтар өз елінде жүріп өз тілін үйрене алмайды. Ол үйренуге ықыласы жоқ деген сөз. Ол тек сылтау.
@Көбек2 ай бұрын
@@МадинаЕсназарова-ъ7ь азып кеткен нәсіл дейді ондайларды
@ҚарашашҒабдоллақызы2 ай бұрын
Нәсіл емес ұлт, нәсіл тек үш түрлі@@Көбек
@user-j6u8nk7u2 ай бұрын
Намыссыз, сатқын қазақтар.
@janatkhaymuldina4102 ай бұрын
Американдық жігіттер біздің тілімізді сол Америкадың үйреніп келген, заманауі әдістемесін қолданып...Қазақстандағы оқытұ жүйесі , қай деңгейде болса да , жоғарғы, орта , бастауыш білім ондай әдістемелерді қолданбайды . Өкінішке орай , бұрынғы совет үкіметінің жүйесі қалып, цементтеліп, одан қалса ,үстіне бетон құйып, үстіне әдемілеп брусчатка салынған ! Тек ғана , үйінде қазақша сөйлеп шыққан балаларға арналған ! Дым логикаға келмейтін , миллион етістіктер .... Әйтпесе , қазақ тіліне біздің елімізде сұраныс өте жоғары , ақша да бөлінген үкіметтен, бірақ , заманауи оқыту әдістемесі жоқ ! Сол ақшаны ұрланғаны айдан анық ! Мысал ретінде , ағылшын тілі сияқты ," уровеньмен" оқытатын , әдістеме керек ! Әлеуметтік желіде, қазақ тілін үйрету үшін клуб ашып , оқытып жүрген тек ғана Владислав Тен , Қанат Тасибеков деген кісілерден басқа ешкімді көрмейсін ! Владислав Тен - дәрігер , әріптестеріне қазақ тілін оқытып бастап, қазақ тіліне арналған клуб ашқан , бірталай қаражат жаратып ! Өзі Ташкентте дүниеге келіп , өзбекше біледі , Қанат Тасибеков - зооветеринар , Целиноград қаласында дүниеге келген , орысша оқыған ! Енді, қазақ тілін үреніп жүріп , жасы келгенде , дұрыс методика таппай, өзі клуб ашып, елді, өзге ұлттарды , оқытып кетткен ! Елге қызмет ету мінезден , демекші !! Қанат Тасибеков өз тәжірибесін айтқанда, француз тілін бір жылға жетпей үйреніп , Франция үкіметінің шақыруымен барып сол елге , қымыз технологиясымен бөліскен екен... Сон тіл мамандары қайда , филологтарымыз қайда ????
@Көбек2 ай бұрын
@@ҚарашашҒабдоллақызы Ұлт дәрежесіне жетпеген соң нәсіл болмағанда, кім болады?
@user-hl3wz2kn4j2 ай бұрын
Мен өзім жасым 37де, орыс мектеп, университет оқығанмын. Бірінші қазақ тілінде оқыған кітабім - Қуыскеуде. Сондықтан мен орыс тілге аударуға қарсымен. Ағылшын ғылыми подкаст тындаймыз, ені қазақша оқу қолжетімді мақсат!
@marmus99Ай бұрын
🤝👍🔥🔥🔥👌💪
@zbaibekАй бұрын
@@user-hl3wz2kn4j 🤝🤝❤️
@АйнурЖ-г6пАй бұрын
👍🫂❤
@ПоФреиду-г2э2 ай бұрын
Кім не десе о не десін софы десін Осы Санжар Керімбай отбасы ұжымына мың алғыс.
@Aaaaaddddhhhh9902 ай бұрын
Санжар байын ба сөзін сөйлеп отсың ғой иттің қызы?)
@ПоФреиду-г2э2 ай бұрын
@@Aaaaaddddhhhh990 сөз ұнамаса тыңдама
@aport2222 ай бұрын
@@Aaaaaddddhhhh990ой есуас ит өзіңсің не деп үріп отсың қыз балаға ,не де болса надан салафитсың ау.
@nikolanjelooo2 ай бұрын
@@Aaaaaddddhhhh990біреудің сөзін сөйлеп дұрысын айтсаң байы боп шығады ма екен. Не айтып отырсың?
@АламанБәйге2 ай бұрын
@@Aaaaaddddhhhh990 сен сияқтылар осылай үріп үріп қалады көрінген бұрышта. Еш уайымдама!
@ДинаКуантаевнаКайроваАй бұрын
Мен комментарийлерді оқып отырып жылап, тоқтай алмай отырмын. Құндылықсыз өскен ұрпақты, қадірін білмей келген ұлыларды ойлап, балаларыма осындай білім бере алмаған өзімді ойлап, қуыскеуде қоғамды ойлап, тілімді, дінімді ойлап жыладым. Аллаға мың шүкір, Санжар Керімбай деген азаматты қазаққа берген екен. Бұла күші бойында байқаусыз, ескерусіз қалған потенциалды ұлттың жадын жаңғыртуды мақсат еткен жанды. Оған қолдау білдіріп, әр сөзін теріп, таспалап жүрген жандарға да басымды идім❤
@aygulzhubaikyzy33812 ай бұрын
Қаныштай бір баламды тәрбиелей алмай қалсам немеремді тәрбиелейін деп бекідім. Балалар сәл өсіңкіреп кетіпті. Тимур сізге мың алғыс! Қазақты өркениетке сүйреп жүрген Ер азаматтарымызға Жаратқан өзі жар болсын.
@МаркизаБазарбаева-ь4р2 ай бұрын
Айналайын ❤
@МаркизаБазарбаева-ь4р2 ай бұрын
Дегеніңе жет❤
@ТілеулесовТойбазарАй бұрын
Сәттілік
@ЖакенБакитжановаАй бұрын
Талабың оң болсын, Алла саған ұзақ өмір берсін!!!
@БахытгульБаелова2 ай бұрын
Тимурды жеңілтек жүргізуші деп жүруші едім, көп алғыс, қазақтың шыққан тегі мен шынайы тарихына бет бұрып, қазақ үшін маңызды тұлғаларды шақырып сұхбат алғаныңыз үшін , қазақтың атынан , болашақ ұрпақтың атынан мың алғыс
@aissulutazhibayeva4112Ай бұрын
Жанымаау Тимур ең қазақы менталитет пен тілді ұстанатын нағыз джентельмен жүргізуші ғой)
@Мариям-ч2гАй бұрын
Қызылордалық қой. Біздің жігіттер салмақты
@ТалғатМырзаАй бұрын
@@Мариям-ч2гсонда басқа жақтың жігіттері жеңілтек па? Қою керек қой сондайды. Біздің жақ, біздің ру дегенді. Онсыз да дами алмай арпалыс үстінде жүргенде. Қайта бір бірін қолдап : "Қазақ жігіттері" деп сөйлеу керек.
@gaukharergazieva49472 ай бұрын
Ғылымда жүргеніме 20 жылдан асты, көп дүние білмеген екенмін, соған ұялып отырмын. Бүгінгі сұхбат ой өрісімді өзгертті. Каспий магазиннен Қуғындалған Сатпаев және Мәдени майданды заказ бердім. Ұлдарымды Қаныш Сатпаев секілді ғалым тәрбиелегім келеді, сол үшін Имантай атамыздың тәрбиесін қолданамын бұйырса. ❤
@zbaibekАй бұрын
@@gaukharergazieva4947 🔥🔥❤️
@danameilife406Ай бұрын
Санжар ағаны танып, кітаптарын оқып, әңгімелерін тыңдағалы бері тынысы тарылған бір тар қапастағы маған самал жел ескендей болды. Өте сауатты, білімді, шын мәнінде өзінен гөрі халық мүддесін жоғары қойған НАР тұлға ғой Санжар аға. Санжар ағаның тұшымды, мәнді, терең әңгімелері қазіргі қоғамға ауадай қажет. Әсіресе жастарға. Аға, аман болыңыз, бар болыңыз!
@user-cn9mn1ws3t2 ай бұрын
Мектептердің директорлары мен лидерлерін жинап, осыны жеткізу керек. Ғажап әңгіме!
@aigerimzhunissova3225Ай бұрын
Біз жас семьямыз, күйеуім сізді танығаннан кейін Санжар мырзаның көп кітабын сатып алып, оқып жатырмыз. Өзбекәлі және Мәдени майданнан күйеуім сұмдық эмоция алды. Сондсй мықты❤ алла разы болсын
@bauyrzhan_baktybai2 ай бұрын
Айтылған дүние бір бөлек,айтушы тұлға бір бөлек,бейненің сапасы бір бөлек.Шынайы рахат алатын подкаст(барлық жағынан)
@КуляшТасболатова-и1м2 ай бұрын
Мен бауырларымды келіндерді,сіңілерімді күйеулерімен үйге қонаққа шақырып ,әрбір үйге сіздің кітабыңызды сыйға тартсам деген ойым бар.Мақсатым осы кітапты оқитын болса балаларын қазақ мектебіне беріп ,қазақи тәрбие боларма еді.Әйтпесе қанша айтсамда жеткізе алмадым.Қазақ болып қалу үшін өзара қазақша сөйлесуіміз қажет екенін.Үйде баламен қазақша сөйлесіңдер десемде ұқтыра алмадым.Сол менікі солардың балаларын қайтсем қазақша сөйлетем деген арман,мақсат.
@ШынарМухамбеткалиева-г9вАй бұрын
Керемет! Текті адамның ойы да текті.Мықты ой тастадыңыз!👍
Ең алғаш Қаныш Сәтпаев туралы 1982 жыл кезінде мектептің кітапханасынан ЖЗЛ сериясымен шыққан түрінде оқып едім. Қазіргі күнге дейін есімде. Жалпы қазақтың біртуар тұлғаларының барлығын біздің ұрпақ жақсы білдік, оқыдық. Барлығын кітап оқу арқылы таныдық. 30 жылдық тоқырауда 90-2020 ж.ж аралығвндағы ұлт құраушы негізгі топ , жастарымыздың рухын өлтіріп алдық, Сол рухты ояту үшін жан-тәнін аямай жүрген Санжарға, оның жанында жүрген қолдаушыларға мың алғыс!!! Жалпы ұлт үшін , көрінетін, көрінбейтін шайқаста жүрген барша жандар, баршамызға Алладан күш қуат тілеймін!!!
@zhanatbaidaralin20242 ай бұрын
Не деген ғажап сұхпат! Осы күндерде сондай бай , әдемі қазақ тілін естімейсің. Темеке осындай адамдарды қайжерлен қазып тауып аласыңдар. Не деген кездесү. Өте интеллегентті,іші сыртыда әдемі адамдарсыз. Таудай рахмет. Американ көріп отырмыз..
@ЖанарЖеменей-я4ы2 ай бұрын
Санжар Керимбай деп издениз инстасын табасыз. Куштинин бари сонда
@gabaakzhigit58572 ай бұрын
Санжар Керімбаев Шымкенттің тумасы
@marmus99Ай бұрын
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🔥🔥🔥🇰🇿🇰🇿🇰🇿 🤝🤝🤝🇰🇿🇰🇿🇰🇿💪💪💪
@kamarinaetnograf46394 күн бұрын
Қаныш Сәтбаев атамыздың аруағына тағзым етеміз , жатқан жері жайлы болсын 🤲, ұрпағының болашағын ойлаған кемеңгер тұлға мың жасасын, мәңгілік ескерткіш болып есептеледі 👏👏👏"Қаныш және ғылыми майдан" дәуірі басталғанына мың шүкір, Атамыздың көрген тәрбиесі мен өмір жолы қазақ балаларының ұлттық идеологиясына айналсын, әумин 🤲🤲🤲
@madinaaubakirova76412 ай бұрын
Орысшаға аударылмасыншы😔отбасымызға кітаптар келгелі өзімнің де қазақша кітаптарға қызығушылығым артты, көптеген сұрақтарыма жауап алып келемін, ең бастысы орысша оқитын жиенім, ата-анасы қазақшаға бет бұрды, Алпамыс жырын, бата жаттап жатыр❤❤❤ АНА тілінде оқылған кітап бірден бойға сіңіп жүрекке жетеді❤(бұрын орысша оқып жүргенде осыны түсінбейтінмін)
@sunny_life62442 ай бұрын
Қазақша үйретудің бір тәсілі! Санжар Керімбай, аудармай қоя тұрыңыздар кітаптарыңызды басқа тілге. Жұрт бұл не бестселлер бірінен кейін бірі шығып жатқан деп таң қалып, тілді үйреніп алса екен! Бүкіл әлемді qazaq_trend жайлап, біздің рухани жаңғыруымыз басталса екен. Ешкім бізге көз аларта алмайтын. Өздігінен жүрегі жылып, бүйрегі бұрып тұратындай деңгейге жетсек қой❤ Бізде әлемді ақылымен баурайтындай даналық та, тұлғалар да бар емес пе?❤ Мен соған сенем❤.
@yenlikzamirАй бұрын
Мынадай керемет сұхбат, әңгіме үшін Санжар ағаға да, Тимур мырза сізге де мың алғыс 🙌🏻 «Ел болашағы қалай болады, ұрпақ тәрбиесі қалай өрбиді» деген тұста осындай ойлы әңгімелер қажет-ақ. Әр үйден, еліміздің әр түкпірінен Қаныш атамыз сияқты тау тұлғалы ұл-қызымыз шыға берсін, өне берсін!
@ДулатТлеш-в5ж2 ай бұрын
Санжар аға сізді тыңдағалы, сіздің және сіздің командаңызбен жазған кітаптарыңызды оқығалы өзімді шынымен таныдым. Қуыскеуделікпен дүниенің соңында жүріппін. Осылай жүре берсем өмірімнен не мағына, не мән қалдырамын деген сұрақ ойымнан кетпейді. Енді тек өзім білетін нәрселерді барынша шынайы, ақжүректілікпен, қайсарлықпен, аз болса да тоқтаусыз бірінші отбасыма екінші қоғамға тарату.
@bakytberdikuatkhan4949Ай бұрын
Сұхбат керемет өтті 🔥 21-дің ғасырында қай елдің мысы көп, сол елдің "мысы" басайын деп тұр ғой...
@Динара-к8и2 ай бұрын
Қонақ ағамызға мыңда бір алғыс, құлағымның құрышы қанды, әрбір сөзінде мағына бар, көкірегімді мақтаныш кернеді қазағымда осындай АЗАМАТтың барына. Еңбегінізге көп рақмет!
@АрманӘділбек-б8чАй бұрын
Сұқпат өте тамаша! Разымын. Екі азаматқа да зор алғыс. Меніңше болғанда кітапті орыс тіліне аудару қажетсіз. Ең маңызды бір себепті Санжар ағамыз айтып өтті. Шынымен де, қазақ тілінде жазылған, қазақ тілді қауымды биікке жетелеуге қуатты, қазақ болудың бір рахатын сезіндіре алатын еңбектер дәл қазіргі кезеңде орыс тілділерге қолжетімсіз болуы керек. Тек қазақ тілділер ғана кенеле алатын бір бақыт, бірегей бақыт осындай тамаша кітаптар тізбегі болу керек. Қалай айтсақта, тілдің байлығы сол тілде жазылған еңбектердің құнымен, салмағымен өлшенеді. Орыс тілділердің көздерінің алдында тек қазақ тілін меңгергенде ғана кенеле алатын құндылықтардың әсерінде жасалып жататын дауылды процесстер көп болуы тиіс.
@user-cn9mn1ws3t2 ай бұрын
Не деген сапалы әңгіме! ❤❤❤
@user-fp8gp2Ай бұрын
Өмірге деген көзқарастар мен құндылықтарды өзгерткен шығарылым. Көп рахмет, істерің тек алға баса берсін❤
@botabota72632 ай бұрын
Ағай қандай кішпейіл ❤, сөздің басын қандай әдемі бастады, айында хабарласпасаң ағайын, жылында хабарласпасаң жегжат жат дейді❤,жаным ағатай,недеген құрмет кісіге 🥰
@artyknuralieva23062 ай бұрын
Қаныш Сәтбаев -ұлтымыздың біртуар ұлы тұлғасы. Мұндай түлғалардың ұлт үшін атқарған ұлы еңбектерін ұрпақтары ешқашан ұмытпауы тиіс. Сондықтан Қаныш атамыздың атқарған істерін, ашқан ғылыми жаңалықтарын жұртқа танытуға, оны жастарға насихаттауға арналған кітаптың жарыққа шығуы-өте көңіл қуантарлық жағдай! Сонымен қатар аталмыш еңбектің қазақ тілінде жариялануы қазақ тілді жастардын өз тарихын, мәдениетін мақтаныш етуіне, ал орыс немесе басқа тілді жастардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыруға мол ықпалын тигізетіндігіне күмән келтірмейді. Осындай мәдени-әлеуметтік мәні зор жобаны жүзеге асырып жатқан Санжар Керімбай мырза бастаған ұжымға мол алғысымызды білдіреміз! Ал, осындай тәлім-тәрбиелік мәні мол еңбекті кең аудиторияға насихаттап, авторымен салиқалы, салмақты сұхбат құрып отырғаны үшін Тимур Балымбетов мырзаға да шексіз ризашылығымызды білдіреміз!💐💐💐
@Bekershi2 ай бұрын
Тимур, осындай кісілерді шақырғаныңызға көп рахмет. Тыңдап алып мас болып отырмын!!!
@AxmetandSafia2 ай бұрын
Мас болып отырма окы китапты. Озбекалини окы😂
@user8063Ай бұрын
Бар екен ғой ҚАЗАҒЫМДА да НАР ТҰЛҒАЛАР, неге көзімізді ашпай тас қараңғыда жүре бергенбіз, қанша уақыттан бері неге оқып, біліп, зерттемегенбіз осының бәрін…өкініш-ай өзекті өртеген… Құдай әлде де сақтап қалған ғой бізді…
@МадинаЕсназарова-ъ7ь2 ай бұрын
Оо, керемет сұхбат болды. Тимур, Санжар сендерге мың алғыс! 👍👍👍👏👏👏🔥🔥🔥😍😍😍
@bagdatintymakov93372 ай бұрын
Еліміздің дамуына әсер ететін тұлғалармен сұқбаттар көп болсын, Алла разы болсын сіздерге!
@karligashungarova10892 ай бұрын
Санжар аға, сіз Өзбекәлі Жәнібек ата туралы кітапты шығарып бір қазақи рухты көтеріп, енді Қаныш атамыз туралы кітаппен сусындап бала тәрбиесіне көшіп, өзіңіздің командаңызбен үлкен стратегиясың-ау шамасы! Мықты! Рахмет осылай оятып жатқаныңыз үшін! 🙏
@АрайлымЖанатова-ч2уАй бұрын
Психолог анау мынаудан құлағымыз жалықты. Бұл леп нағыз бізге керек ғылым білімге ұмтылып, рухани мәнге ұмтылып, әр адам өз жұмысының нағыз маманы болып үлкен өзгерістер жасауға бізге бастама болды! Рақмет Санжар аға! Жасап жатқан еңбегіңіз өсе берсін, өне берсін!
@user-zzzvvvy2 ай бұрын
Алдымен Санжар аға мен Отбасы хрестоматиясы ұжымына, Тимур, сізге, ұжымыңызға сұхбат үшін көп рақмет! Басқа тілдерді ақпарат алу, мүмкіндіктерге ие болу үшін оқып жүрміз ғой. Қазақ сыныбында оқып, мектепті бітіре сала қазақ тілін ұмытып, маған привилегия емес, аса мұқтаж емеспін деген ой жайлап алған уақытта өмір сүріп жатырмыз 2025 жыл таяп қалғанда. Әлі күнге дейін қазақ тілінің мұңын мұңдап жүрміз. Сондықтан кітаптарды орыс тіліне аудармаса деймін.
@ГульназЕгизбаева2 ай бұрын
Ютубтагы ең көкірек көзіңді ашатын мыкты подкасттардың бірі!!!Қаныш Сатпаевтай тұлғаны тәрбиелемесекте Санжар ағадай ұлтым дейтын қазақ батырларын тәрбиелейік, 5 ұлымнан осындай мықты тұлғаларды қалыптастыру ата аналық борышым деп есептеймін!!!❤❤❤
@ӘзімханАдай2 ай бұрын
Тимур мырза сізге рақмет. Санжар ағамыздың көсіліп,еркін сөйлеуіне мүмкіндік беріп,сөзін бөлмей тыңдайсыз. Ризамыз сізге. Алла разы болсын.
@ilyasyerzhanov66772 ай бұрын
Жоқ аударылмасын. Тек қазақ ғана қазаққа жаны ашиды.Тек қазақша оқығанда ғана жүрек түкпірінде рух пайда болады.
@Azemmi2 ай бұрын
Өте керемет сұқбат болды, кеудедегі рухты оятуға әсер етті. Қанымыздағы қанның өршіп оянуына үлес қосқан сұқбатшыларға рақмет! Білімнің, ғылымның маңызы зор екеніне көз жеткіздіңіздер!
@marzhanidrisidrismarzhan47725 күн бұрын
Өте керемет сұхбат! Қазақстанда ғылым, білім қазақ тілінде дамысын. Сондықтан аударма қажет емес.
@Han009BOIBOKS2 ай бұрын
Санжар Керімбай мырза, ұрпағыңызбен мың жасаңыз! Ағамызға мың алғыс!
@sagynyshtokenova5824Ай бұрын
подкасттардың төресі болды. жас, бойдақ кезімде тыңдағаныма қуанып отырмын🎉
@ГульзираБайдуллаева2 ай бұрын
Керемет миымызда тарихи майдан болып жатыр, таңданыс пен мактаныш журегімдіі жарып бара жатыр❤❤❤❤❤❤🎉🎉🎉🎉🎉
@bakytgulhamitgalieva1616Ай бұрын
Керемет сұхбат Санжардан үлгі алар жандар көбее берсін. Өзбекәлі атамызды оқып керемет әсер алдық енді Қаныш атамыздың кітаптарын оқуды бастадым өзім өте қуаныштымын.О/Х ұжымына мың алғыс. Санжар мен Тимурға да көп рахмет шығармашылық табыс тілеймін.
@КульшатКенбаева2 ай бұрын
Ой ой ой қандай рухани әңгіме, мына сұхбатты тағы 3-4 рет қайталап тыңдау керек, Санжар мырза рахмет, еңбегіңіз жансын !Тимур балам жұмысыңыз жемісті, ұлдарыңыз Сәтбаев атасы сияқты азамат болып өссін ❤Бүгін өте тамаша күн болды 👍👏
@АмантайЖумадилов-ц3мАй бұрын
Өте керемет сұхпат. Санжар ағамыздың Білім және мәдениет министірі болуына шын жүректен тілектеспін.Өзге ұлтқа тұрмысқа шығуға келсек түбегейлі қарсымын. Тек қана ұлт намысы сүюден биік тұрсын!Дін мен ғылым бір ұғым.Дін ғылымның атасы.Кітаптар қазақ тілінде жарық көре берсін. Орысқа бодан болғанымызды кейінгі ұрпақ білмесін де орыстан қорықпасын.
@marmus99Ай бұрын
Ол басқа ұлтқа кеткен - ,,шіріген жұмыртқа " тәрізді. Себебі ол жолдасына АДАЛ болу мақсатында ұрпағын соның ұлтына бейімдеп тәрбие береді.... ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ - ҚАЗАҚ ЕЛДІҢ АЛТЫН ҚОРЫ - ДҮНИЕГЕ САПАЛЫ ҚАЗАҚ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫН ҒАНА КӨБЕЙТҮГЕ РҰҺАНИ ПАРЫЗЫН СЕЗІНЕ БІЛҮ КЕРЕК ☝️☝️☝️
@KydyrZhienali2 ай бұрын
Санжар ағам менің ❤ жыртты ғой болды мынадан кейін дым подкаст керек емес қой😍😍😍😍😍
@Erkin-u7r2 ай бұрын
Екеуі де өте ақылды,жоғары білімді азаматтар екен. Сегіз тіл біледі дегенше,СЕМІЗ тіл біледі деп осы азаматтармен мақтан қазақ!!!
@AliMashrap2 ай бұрын
Өте керемет сұхбат . Нағыз рефлексия жасап , анализ жасайтын сұхбат болды . Санжар ағаның шығыс пен бастыс құндылықтарын синтездеген адам толық болмыс болады дегені барлық жауабын іздеп таба алмай жүрген сұрақтарыма дөп нүктесін қойды . Әрине Тимур ағаның өте сауатты , толерантты интервьюер екеніне тағы да көзім жетті . Ал Санжар ағаның орыс тіліне аудармаймын деген тұжырымына құба - кұб келісемін , себебі үйрегісі келетін адамға 😊тіл ешқандай барьер емес
@БаршаМустафинаАй бұрын
Сәлеметсіздер ме.Иә,керемет сұхбат болды.Рақмет үлкен.Осындай кітаптарды оқып,балаларына дұрыс тәрбие беретін ата-аналар көбейсін,сол тәрбиені құйма құлақтарына құйып,намысты,жігерлі,білімді салиқалы ұрпақтарымыз өсіп-өнсін.Алла қолдасын бәрімізді
@Ayagul20102 ай бұрын
Қандай керемет сұхбат👏👏👏көкірегіңді құндылыққа толтырады! Санжар аға сізге көп рақмет!!!
@Сержанбатыр-ц2м2 ай бұрын
Мына подкасты бір деммен тыңдап шықтым, бітіп қалмаса екен деп, Отбасы хрестоматиясы ұжымына, Санжар ағайға мың алғыс! Кітаптарды орысшаға аударылмасын, көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін адам қазақшасынан оқысын!
@Дидар-ч6щ2 ай бұрын
Бүгін Аллам мені қуанту үшін Санжар ағаймен жүргізілген подкастты жіберіпті. Көп рақмет 🔥
@МаркизаБазарбаева-ь4р2 ай бұрын
Айналайын ❤
@Аман-б1бАй бұрын
өтғ дұрыс керемет орынды сөйлейсіз
@AmangulShapiykkyzy2 ай бұрын
Қаныш Сәтбаев сияқты бір баланы тәрбиелеп шығуға барымызды саламыз❤.
@Гульден-ц2е2 ай бұрын
Каныш Сэтбаев - мын жылда бip рет туылатын тулга гой!
@ТурсынайМуталиеваАй бұрын
Түн ұйқымды ұрлаған подкаст болды. Ойпырмай сан сауал мида. Рақмет сіздерге❤
@МерекеАбитова2 ай бұрын
АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН, КӨЗІМНЕН ЖАС ЫРШЫП КЕТТІ ҒОЙ, КІТАПТЫ ОРЫСША АУДАРУҒА ТОЛЫҚҚАНДЫ ҚАРСЫМЫН, СЕБЕБІ КЕРЕМЕТ КІТАПТЫ МЕНІҢ КЕРЕМЕТ ТІЛІМ-ҚАЗАҚ ТІЛІМДЕ ОҚЫСЫҢ, АНА ТІЛІМІЗДІ ҮЙРЕНСІН!!!
@ЛаззатЗаркулова2 ай бұрын
Санжар ағамызға мың алғыс! Қазақи тәрбие, әңгімесінен қазақтың иісі аңқиды.Жан-жақты,өте білімді кісі.Мен басқа да кітаптарын электронды түрде оқыдым.Өте білімді, мысалы менің түсінігімде ғалымдар туралы нақты түсінік жоқ.Осы сұхбат арқылы біраз мәліметті естіп отырмын.Қазақтың Қанышын оқыдым,толық емес бірақ.Мен қазақ екеніме мақтанамын.Әр сөзіміз қазына ғой,әр сөзіміз әуен ғой. Тимур мырза көп рахмет.осындай сұхбат көбірек болсыншы.Мың алғыс! Әр тұлға туралы біраз дерек біледі екен, мен таң қалмаймын.Өйткені ғылым мен білімді қатар алып жүрген тума талант ғой🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉
@ДауренҚамиұлы2 ай бұрын
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте! Кім қай тілде сөйлейді сол халық өкілінше ойланады. Сол себепті кітап қазақ тілінде қалу керек! Өз қазақ тілімізді өзіміз көтеріп құрметтеуіміз азаматтық борышым деп есептеймін! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿☀️🦅🌫️⚜️💪🏻
@ГульнафисКусаинова2 ай бұрын
Санжар ағаның айтуымен келісемін. Қазақ тілінде ғана шыққаны дұрыс. «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген.
@ГульмираКамбарова-у1з2 ай бұрын
"Өзбекәлі және мәдени майдан" кітабын оқып, өз-өзіме сыймай жүр едім. Енді "Қаныш және ғылыми майданды" оқып жатырмыз. Санжар мен Айбек інімізге Алла ғұмыр берсін, бұлар енді тоқтамайды, керемет туындылар күтеміз, қаламдары мұқалмасын.
@akerkekurmanbek53332 ай бұрын
Керемет сұхбат үшін мың алғыс!👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
@АйгеримАлмаханбетова2 ай бұрын
Мен өзім Өзбекстан нан келгенмін.Қазақстанға қазақ боламыз деп.Келіп орысшаның ортасына түстім.Басында қиын болды.Кейін бәрін үйрендік.Қазір орыстарға ақымызды жегізбейміз.Құдайға шүкір. Мен Санжар ағанны екі қолымды көтеріп қолдаймын.Орыс тілінде басқа кітаптар жетеді. БАСЫЛЫП ТЕК ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БОЛСЫН.СІЗДЕРГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН.Сұхбатты көріп риза болдым.
@AaaAaa-vj3fc2 ай бұрын
Қарап отырсам,шеттен келген қандас бауыр-туыс,ағайындар, әдеби тілде таза сөйлейді,құлақ құрышын қандырып,атап айтсақ,шығыстағы қытай елі,моңғол елі,өзбек елі деп айтуға болады,ең көп шоғырланған жерлер,байырғы ата-қоныстарында отырған қазақтар. Ал ресей жеріндегі қазақтар әр қилы,кей жерінде таза сөйлейді,кей жерінде аралас дегендей,түркей,пәкістан,ауған т.б.жерлердегі қандастардың тілі шұбарланған, әйтсе де ғасырға жуық алшақ тұрып жатса да,тілдерін сақтаған,елге келіп,араласып кетсе,тілдері тез түзеліп кетеді. Латын,ортақ түрік алфавиті деп жүргенде,ана тіліміздің үндестігінен,өзімізге ғана тән сегіз әріп - ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө- айырылып,өзгелер секілді сақау болып қалмайық,онсызда орыс тілін араластырып,немесе якать етіп шатасып жүргенде,қаяқ,мияқ,ояқ,сояқ, бұяқ деп,бара атыр,келе атыр деп ж-ны жұтып,ұқсайдыны оқшайт,қынжыладыны қыжалат дей ме,балаларды балдар т.б.сондай тілді шұбарлап жүргендер баршылық,ж-ның орнына я-деп. Тіл жоғалса,ұлт жоғалады,өзгелерге жұтылып кетеді. Ана сүтімен,ата қанымен дарыған ана тілімізді сақтайық,жер,ел,тіл қасиетті ұғым,өз еліміз,өз жеріміз,ана тіліміз бар бақытты халықпыз,тұғыры мығым,танымы биік ұрпағымыз өсіп-өніп қанат жайып,бай-қуатты,білім-ғылым жолына түскен өркениетті ел болу ұрпақ парызы.
@АлтынайКожахметова-д4п2 ай бұрын
Асыға күткен сұхбат🥰🥰🔥🔥🔥🔥🔥🔥
@СалтанатЖапашова-я4ж2 ай бұрын
Бір сұқбаттың аясында нағыз рухыңа азық болар терең мағыналы әлемге еніп кеткеніміз-ай! Ағартушылық жолындағы қажырлы еңбек, тынымсыз ізденістің үлгісі болып жүрген Санжар мырзаға шексіз алғыс. Жан нұрлы сеніммен суғарылып, сана таза іліммен ашылған әрі осы екеуін терең, тең үндестіре білген осындай мықты азаматтардың арқасында халықтың рухани серпілісіне әсері, ықпалы орасан осындай құнды еңбектер дүниеге келіп жатқанына ризамыз. Қазақтың Қаныштары мен Өзбекәлілері көбейсін. Осы кітаптарды оұу үшін қазақ тілін үйренетіндер көбейсе, шіркін! Қазірше қазақ тілінде тарала бергені дұрыс. Ойлы сұқбат, тоймайсың. Рақмет!
@ГаухарЖолмаханбет-э9п2 ай бұрын
Тимур сізге көөп рахмет! Санжар ағадай тұлғаны қоғамға таныстыруда еңбегіңіз зор болып тұр
@miramirgaliyeva8499Ай бұрын
Осындай кісіні бағалап, тереңдігін түсініп жүрген Тимур сізден айналайын. Қазақ үшін, қазақтың мадениетімен, тілі ушін өте мағыналы әңгімелер. 🙏🏽🙏🏽🙏🏽
@Akku.Ermekbaeva2 ай бұрын
Керемет сұхбат. Санжар аға қатысқан подкаст болса болды, тек пайдалы болатынын білесің😍👏👏👏
@МираАйтуганова-й8ж2 ай бұрын
Санжар мырзаға шексіз алғыс! Керемет жаңалық болды мен үшін бүгінгі сұхбат, қазақтын ұлы тұлғалары туралы мүлдем хабарсыз екеніме өкініш пайда болды. Кітаптарды сатып алып міндетті түрде оқып және балдарыма оқытамын деген жоспар қойдым. Орыс тіліне аударудың керегі жоқ деп санаймын, қазақ тілін үйренуге біз сияқты орысша оқыған қазақтарға ықпал,себеп.
@ГульжанБаптаева2 ай бұрын
Міне саған.. сырты жылтыр іші бос дүниеге еліктеген заманда мына сұқбат ойландырып, толғандырып қойды әбден. Керемет. Санжармен кездесуің енді дәстүрге айналсын, Тимуржан. Қазаққа өте қажет әңгіме. Рақмет екеуіңе де! Немереме мақал, жұмбақтар үйретейін.
@a1shaaa_2 ай бұрын
Бейнені көрместен ақ қуаныш сезімі пайда болды. Жаңа бір кітап. Жаңа тұлға. Ал бейне басталғанда рухты бөлек оятты. Өзбекәлі және мәдени майданан кейін-ақ ұлтқа қызымет деген дерт пайда болып, ғылым саласына қызығушылығым артып жүрген. Мына кітап соған салған тағы бір шоқ сияқты көрінді. Еңбектеріңізге көп рахмет✨❤️ Ендігі ғылымдар тренд болатын кез келгендей.
@НургулБайсалбайкызы2 ай бұрын
Рухани құндылыққа толы,өте керемет сұқбат болды.Санжар мырза шын жүрегіммен алғыс айтамын.Мағыналы сұқбатты алып лтырған Тимур мырзаға да рақмет.Кітап мейлінше орыс тіліне аударылмаса деймін,Санжар мырза,сіздің ойыңызға қосыламын қажет ететіндері қазақ тілінде оқып алсын.Бұл қызғаныш емес,өз тілін өгейсітетіндер үшін қарның ашады.Қазақ тілі-ең керемет тіл!
@Assylzat.Akhmetkyzy2 ай бұрын
Жартысына жеттим сухбаттын! Оте керемет!
@balymbetov2 ай бұрын
🫶🏼
@АзаматИбраимов-л2е2 ай бұрын
Ассалаумағалейкум бауырлырым! Санжар бауырым нағыз өзекті тақырыпты қозғап жатыр. Нағыз қазақ ұлтына жанашыр адам. Еңбегің жемісті болсын Санжар бауырым. Жастарымыз оқып көздері ашылатын болды. Алла разы болсын! Тек алға!
@Erik-w3r4j2 ай бұрын
Өте керемет сұхбат болды.🎉 Бір дерек кейінгі деректен құнды болып шығып жатты. Көп нәрсені біліп, түсініп жатырмыз. Тимурға да рақмет!
@kmt3262 ай бұрын
Санжардың еңбегіне жеміс тілеймін! Өзі де біздің заманымыздың ғұламасы дер едім, еске сақтау қабілеті шексіз, тілі өте бай жігіт, қазақтың тарихи тұлғаларының біз білмейтін кезеңдерін, сәттерін жеткізіп жүрген ғалым ❤❤❤
@yertayasqaruly51922 ай бұрын
Бүгінгі күнімнің 2 жарым сағатым керемет өтейін деп тұр🤭
@ulbossinyerlikhanova86392 ай бұрын
Я я осыны сіз сияқты жаза алмадым 😅 мынау дәл келеді екен
@otanali26102 ай бұрын
Тимур, бұл мағынасы мен мәні зор, ауқымды әңгіме болды. 3 рет тыңдадым. КЕРЕМЕТ. Тимур, осындай мағыналы кездесу жасағаныңа рахмет. Сенің бағдарламаларыңды онша тыңдамайтынмын, қарамайтынмын да, себебі тек орыстілді қазақтарды орысша сайратып шақыратын шығар деп ойлайтынмын, орыстілділділеріңді жарнамаласаң өз құқығың ғой, бірақ САНЖАР сияқты ойлы, білімді, болмысы ҚАЗАҚЫ, ҚАЗАҚТІЛДІ ҚАЗАҚТАРДЫ көруге, тыңдауға, естуге әрі қарай да қадам жасай бер. Сәттілік.
@БауыржанКалымов-у2ш2 ай бұрын
Тимур бауырым қазақша сөйлеп, өте таза сөйлегеніне таң қалдым, өйткені әрқашан орысша подкастарын көрген болатынмын. Өте тамаша! Санжар замандасымның қолға алған бастамасы құптарлық жайт! Сәттілік болсын!
@АГК-ц2з2 ай бұрын
Тимур мен білсем 3тілде де таза сөйлейді.
@akbotakazhibekova82402 ай бұрын
Тимур 3 тілде еркін сөйлейді
@molyasadenova97232 ай бұрын
Орыс тіліне аударуға қарсымын, бүкіл қазақ қазақша оқып ,сойлесе, басқа ұлт қызығып қазақша уйренер еді, соған ақырындап келе жатқандай , оған мысал Димаштын өлеңдерін баска ұлт қазақша уйреніп айтып жур!!! Шукір🙏🙏🙏 подкаст 🔥🔥🔥 рахмет сіздерге!!
@МадинаЕсназарова-ъ7ь2 ай бұрын
Жоқ, аударып крегі жоқ. Санжар дұрыс айтады, орысшасын оқып алған орыстілді қазақтар қазақша үйренейін деген ынтасы бола қоймас.
@sagyndyksveta38252 ай бұрын
Керемет сұхбат болды, мырзалар. Мың алғыс жолдаймын. Қаныш атындағы мектепте жұмыс жасадым, сәуірдегі туған күніне ашық сабақтар, ғылыми конференция, мектептегі музейде шара өткізуші едім, парызым деп санайтынмын. Кітаптарды міндетті түрде аламын. Санжар мырзаның көзқарасын қолдаймын, орыс тіліне аудармау керек. Мұндай кітаптарды ана тілімізде оқу мәртебе екенін сезінсе, миссияның орындалғаны емес пе?! Сіздерге дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс тілеймін.
@user-le5wt2 ай бұрын
Мотивация деген осығой. Қаныш атамыздың жолын берсін
@erasyl018kАй бұрын
Мен өзім қазақ филологиясының 1-студентімін. Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде грантта оқимын. Санжар Керімбайдың сұхбаттарын көруді бастадым. Неліктен? Себебі,сөз саптауы,ойлау қабілеті өте бөлек адам. Бейсен Құранбек,Өзбекәлі Жәнібеков,Қаныш Сәтпаев жайлы кітаптарын жазу арқылы,қазақ халқының рухын көтере білді. Өзіндік бөлек бір стилі бар. Бір өтірік сөз кездестірмейсін. Қазіргі таңда,осы ағамның кітаптарын оқығым келіп жүр. Өзімнің елімнен,жерімнен,халқымнан кім шыққанын біліп әрі көргім келеді. “Рухани жаңғыру”деп осыны айтуға болады. Әр жасөспірім,жастар,үлкендер болсын тыңдап,оқыса дұрыс болады деп ойлаймын. Өз басым,көп комментария жазбайтын едім. Бірақ та,Санжар ағамның сұхбаттары маған өте қатты ұнады. Көптеген ақпараттар алып,біліп шықтым. Санжар Керімбай ағама,отбасына әрі командасына сәттілік,шығармашылық табыстар мее зор денсаулық тілеймін!
@chabayevb2 ай бұрын
Қандай керемет сұхбат! Санжар мырзаның барған жерінің барлығын көруге қуаныштымын, бұндай контентке ашпыз. Сонымен қоса Тимур мырза алған сұхбат мүлде ерекше ғой. Рахмет!
@Жадра-т3бАй бұрын
Көп рақмет ! Сұхбат рухани құндылыққа бай болды ! Қаныш Сәтбаевтың киносын көріп едім былтыр , енді кітабын алып міндетті түрде оқуымыз керек ! Қазақ тілінде болғаны дұрыс , аударылмасын !
@ЖулдызАбдрахманова-п5ш2 ай бұрын
ТИМУР!ШЫН ЖУРЕКТЕН РАХМЕТ СИЗГЕ.ЗАМАНЫМЫЗДЫН АҒАРТУШЫСЫМЕН СҰХБАТ ҚҰРҒАҢЫЗ ҚАНДАЙ ЖАҚЫС БОЛДЫ.
@Zara.27Ай бұрын
Керемет сұхбат. Мен Төлеби ауданында Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы мектепте оқыдым, мектепте жылда 12-ші сәуір ғалымның туған күнінде жиындар мен кештер өткізетін. Қаныш Имантайұлы әрбір қазақ мақтан тұтып, еліктейтіндей ірі тұлға.
@КарлыгашДузбаева-с7ш2 ай бұрын
Санжар аға көп рақымет Сізді тыңдағалы өзгеріс көп кітабыңыз тіптен керемет Ойланушы кітабыңызды үш қайтара оқудамын Сияр шәріп бастадым
@МайраМатжанова2 ай бұрын
Сұқбат керемет! Санжар Керімбай білімді, мәдениетті, халқына жаны ашитын нағыз азамат! Тимур балама үлкен рахмет, осыдан бірнеше жыл бұрын Смағұл Оразақ антрополог ғалыммен сұқбаты, басқа да қонақтары🔥осы кісілер сияқты қонақтарың көп болсын! Бала, немерелерімізді имандылыққа тәрбиелейік!
@ain072 ай бұрын
1. Жұмыстан келгенде ашсам 2 минут бұрын салыныпты, шай үстінде қарауға “қимай” демалыс күні көрейін ба деген едім, шыдамадым, тез тамақтанып алып енді рахаттанып көріп отырмын😍 2. Тимур мырза, рақмет! Санжар ағадай бағалы қонақ үшін. Тыңдап отырып, ҚР ҒА ғимараты туралы айтқанда бірден алып, параллельно сурет/сызбаларын іздеп бастаған едім интернеттен, экранға шыға келді, бәрін түгелдеп дайындап қойған екенсіз🔥 3. Санжар аға, бар болыңыз 🙌 4. 42 минутқа келіппін, таусылмаса екен деп отырмын, дегенмен әр сөз, әр сәт бағалы бір тоқтамай бірнеше сағат тыңдап жатқандаймын…
@meimeimeiramkul2 ай бұрын
Сол ғой , тыңдай бергің келеді . Өзім 55 тен асқан апамын , бұрыннан қаншама жылдар бұрын көретінмін . Тындай бергің келеді . Кейіннен көрінбей кетті , не болды екен деп ойлаушы едім . Енді міне бәрі шақыра бастады өте ризамын 🙏🙏 Жүз жасаңыз Санжар мырза 😘😘
@Oqyclub2 ай бұрын
Аягөз ауданыңдаға ауылдарға кітап жеткізіп - насихатаумен айналысамыз, ел үшін, болашақ ұрпақ үшін, бұл кітаптар жинағын бізге берсеңіздер, бұл кітаптарды кемінде 1 жылда - 100 бала оқып сусындайтынына кепіл бере аламын🫡🇰🇿
@kulyashzhumasheva97802 ай бұрын
🎉Айналамызды оята алмай жатырмыз!Керемет,рахмет!❤
@aibekaksan7102 ай бұрын
Ассалаумағалейкум!!! Бул кітаптті орысша шығарып керек емес.Себебі Санжар мырзанның ойымен толығмен келісемін орыс тіліді қандастарымызды осындай құнды еңбектер арқылы қазақ мәдениеттіне қазақ тілін үйренуге деген мотивация болса деген ойдамын.Орыс тілді қандастарымыздың ішінде дарынды азаматар осы кітап арқылы ұлттық құндылықтарды жұректеріне жеткізіп жане қазақ мәдениетін зерттеп осындай құнды еңбектер жазып шығат деп сенем.Рахмет керекмет сұхбат болды көрек көзіміді ашқан
@marmus99Ай бұрын
🤝🤝🤝🔥🔥🔥✊👊✊ 💪💪💪🇰🇿🇰🇿🇰🇿👍👍👍
@AlmaAlmaty1002 ай бұрын
Керемет! Рақмет сіздерге. Өзбекәлі Жәнібек және Қуыскеуде кітаптарын оқыдым. Мықты! Зор! Жасай беріңіздер!🔥🔥🔥
@AziyaIbrayevaАй бұрын
Құрметті Тимур! Рақмет сізге! Керемет подкаст! 2024 жылы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай Қазақстан Ұлттық Банкі күмістен естелік монета шығарды👍
@EriqueND2 ай бұрын
Мың алғыс. Осындай сұқбаттар көп болсын. Ата аналардың құлағына алтын сырға. Тимур сұқбат жасаудан жалықпа, күш қуатың, жігерің өсе берсін. 👍