"ТОБАНИЯЗ ХАН ТҮРМЕГЕ ТҮСКЕНДЕ"/Ізмұрат Молбаев/Жыр терме/Сәттіғұл Жанғабылұлы

  Рет қаралды 23,325

Ералы Оңғар

Ералы Оңғар

2 жыл бұрын

Тобанияз хан Әлниязұлын xалық ақыны Жырау Сәттіғұл Жанғабылұлы жырлағаны!
Орыс озбырлығын білумен қатар, бәлшебектік зобалаңның болатынын болжап, қиын-қыстау кезеңнен азғантай ғана Адай елін аман-есен алып шығуға бел буып, Әліби Жангелдин-Николай Степновтың айтқанына сеніп, Ревком болуға келісімін берген Тобанияз халқы үшін өз басының құрбандық екенін алдын ала білген адам.
Маңғыстауда Жары Мәтжан, Ескелді Қаражан, Жеменей Тобанияз - Адай Ревкомын құрып, Кеңес үкіметін жариялағанымен, негізгі мақсаттары Батыстан келе жатқан кезекті Тажал - социализм деген зұлматқа халықты мейлінше аз шығынмен алып бару еді. Қараңғы Қазақты, еселеп қырғынға ұшыраған Қазақты жаңа апаттан аман алып қалу еді. Бірақ, тілекті Тәңір бермеді. Олардың барлығын тажал тапап өтті. Тобанияздың сол жолда басы кетті.
Қаражан - «кезінде мен жаңылған екенмін, ұрпақ амандығы үшін бұл жерден көшіңдер!» деумен кетті. Ал, Мәтжан би, азуы алты қарыс Мәтжан, туған жер, атамекенінде ақыл-естен айырылған, яғни, тарихи жадты мәжбүрлі түрде өшірген кейпінде, алжыған адам болып аман қалды. Ал, қара халық, қалың бұқара солардың тағдырын топ-тобынан қайталап, өлгені өлді, көшкені көшті, аман қалғаны амалсыз есінен, рухынан айрылған күн кешті..
Ендігі жерде Біздерді, біздерден кейінгі ұрпақты, Жаратқан Ием, өз тарихына өзі Ие халық ретінде сақтай гөр! Оның үшін тарихи жадымыздың тірілуіне көмектес, есімізді жиғыз!
Асылдың сынығы, көне Рухты сақтаушы, Сыпыра жырау мен Абылдардан қалған ескі мұраны бізге жеткізуші Сәттіғұл Жанғабылұлы атамыз, төбеден қызыл қылыштың төніп тұрғанына қарамай, сол үштіктің бірі және бірегейі Тобаниязға жыр-дастан арнаған. Жүрегін нарық заманының қара көбігі басып кетпеген адамды бей-жай қалдырмайтын жыр. Тыңдап көрелік!
Сұлтан Жұмабекұлы Қадір. Бейнеу кенті.
#ІзмұратМолбаев #Жыртерме #Тобаниязхан

Пікірлер: 30
@zhyr_zhynak
@zhyr_zhynak 2 жыл бұрын
Құрметті Ағайын! Жыр-термелерді барынша таратып насихаттайық! Лайк басып, Каналға жазылуды ұмытпаңыздар! 👍
@user-yv6oj8lh9h
@user-yv6oj8lh9h 2 жыл бұрын
@user-gi5yz3bj1g
@user-gi5yz3bj1g Ай бұрын
Сау бол,Оркенің оссін!!!Маңғыстауды ойлап Ұйымдастрған дарға дұғайы сәлем !!!өзбекстаннан шоңайлары
@user-du1yf9sy4h
@user-du1yf9sy4h 2 жыл бұрын
Жыр Терме жинақтаушы және жыршы бауырларым жасай берсін! Творчествалық табыс тілеймін.!💯💥👏👏👍👍
@user-pn8nn5vj9i
@user-pn8nn5vj9i 9 ай бұрын
Төөһһ космос екен жыр рахмет сізге Ізмұрат бауырым от души тема кайф⛵⛵⛵💖💖💖🎧🎼👍👍👍
@bauirzhannarek3848
@bauirzhannarek3848 2 жыл бұрын
Сау бол аға жыр жасасын сіз жасаңыз
@user-kn1gp7zg1b
@user-kn1gp7zg1b 2 жыл бұрын
Ай саубол Ізмұрат бауырым
@user-tm2us7id6p
@user-tm2us7id6p 2 жыл бұрын
Осындай жыр-термелерді көьірек жинап, жіберіп тұрса жақсы болар еді, Ақтан атамыздың термелері болса нұр үстіне нұр болар еді
@user-iu8tw9mx1d
@user-iu8tw9mx1d 11 ай бұрын
Қайран біздің жыр өнеріміз! Аллаға шүкір!
@user-nm9ze8rj4z
@user-nm9ze8rj4z 2 жыл бұрын
Тамаша болды. Нпқышы қандай! Рахмет! Ералы, жарайсыз!
@ayazgultemirova246
@ayazgultemirova246 Жыл бұрын
Ұмытылмас ерлік жолдары....
@user-pn8nn5vj9i
@user-pn8nn5vj9i Жыл бұрын
Рахмет жақсы тема күшті Ізмұрат аға рахмет ✊✊👍
@user-uk4yp3qp5q
@user-uk4yp3qp5q 11 ай бұрын
Қайран біздің бабалар,Ерлік даңқы тау жарған.Ол жәйында жыр қалған,Ұрпағына ой салған..
@abubakirnurnyazov9165
@abubakirnurnyazov9165 11 ай бұрын
Ізмурат інім сау бол
@user-xd5yd8wl3j
@user-xd5yd8wl3j 2 жыл бұрын
Осы жоғарғы Маңғыстау бетте тұрған Өгізбай деген жырау өткен дейді, шығармаларынан дерек жоқ, тек Қалнияз ақынды баулып ұстаз болған дейді, білетіндер болса жарыққа шығарса.
@user-hf6tm5hs3o
@user-hf6tm5hs3o 2 жыл бұрын
Өгізбай сары деген жер бар
@user-gj2tb8bz5z
@user-gj2tb8bz5z 6 ай бұрын
ТОБАНИЯЗДАР БАТЫРЛАР КАЗИР ТУРМЕДЕ ЖАТЫР. 37.ЖЫЛ КАЙТАЛАНЫП ЖАТЫР.
@user-cu6jv1wt4g
@user-cu6jv1wt4g Жыл бұрын
Тарих өзгеріп кетті
@user-oe4vq5re7m
@user-oe4vq5re7m 17 күн бұрын
Аққұрдасым бөлексіңғой
@user-cn6is6cx3o
@user-cn6is6cx3o Ай бұрын
Мен Жамбыл облысында дүниеге келгем Мектепте 4--5сыныпта оқып ,мектептен келе жатқанымда бір қария өзіне қолын бұлғап шақырып алды Сен адай бала Тобания ханды білесін бе,қайдан білесін,мен Тобанияды көргем деп күрсініп үйіне кіріп кетіп еді Мен ол кезде қайдан білейін. Қариянын ішінде біраз сыр кетті-ау
@user-ll7wk2cy3p
@user-ll7wk2cy3p Жыл бұрын
Қайран бабаларым.арманда.кетті.
@aminasarbasova1918
@aminasarbasova1918 Жыл бұрын
Иә арманда кеткен есіл ер!!!
@user-yv5mr8bt5s
@user-yv5mr8bt5s Жыл бұрын
Жырлап жатқан кім? Аты жөні қалай?
@zhyr_zhynak
@zhyr_zhynak Жыл бұрын
Ізмұрат Молбаев.
@user-zt3de7ep1q
@user-zt3de7ep1q Жыл бұрын
Ізмұрат Молбаев
@user-hu7wg7wu1b
@user-hu7wg7wu1b Жыл бұрын
Ескелді Сүгір хорезм
@user-hu7wg7wu1b
@user-hu7wg7wu1b Жыл бұрын
Қоштасу жырының толық нұсқасын жырлап берсе өтініш
@user-hu7wg7wu1b
@user-hu7wg7wu1b Жыл бұрын
Өте керемет жыр терме сау бол.
@user-pn8nn5vj9i
@user-pn8nn5vj9i Жыл бұрын
Рахмет жақсы тема күшті Ізмұрат аға рахмет ✊✊👍
白天使和小丑帮助黑天使。#天使 #超人不会飞 #超人夫妇
00:42
Самый большой бутер в столовке! @krus-kos
00:42
Кушать Хочу
Рет қаралды 7 МЛН
Mini Jelly Cake 🎂
00:50
Mr. Clabik
Рет қаралды 14 МЛН
Бәйімбет Көрпе
17:18
Қабыл Еңсегенов
Рет қаралды 10 М.
白天使和小丑帮助黑天使。#天使 #超人不会飞 #超人夫妇
00:42