Мен сүйсем, сүйемін, Түндерді жарық қып, Тілдерді ғаріп қып, Сезімге қарық қып, Ақшамда көкжиек Қызылын қанық қып. Мен сүйсем, сүйемін, Көктемге гүл беріп, Тотыдай түрленіп, Уақыттай сүрленіп, Тірліктің ең соңғы, Деміне үлгеріп. Мен сүйсем, сүйемін. Дәуірді қалғытып, Даланы шаңғытып, Шашыма жан бітіп, Өртімді өшірер, Шілдеден қар күтіп… Мен сүйсем сүйемін. Түнекке тамсанып, Жүрекпен жар салып, Балықтар əн салып. Ажалым келсе де Күлімдеп қарсы алып. Күнімен, түнімен, Ғасырдың үнімен, Арымның құнымен, Мұсылман дінімен, Мен сүйсем, осылай, Сүйемін, Шынымен!
@АлиАлиев-ю6р2й2 жыл бұрын
Рахмет текст жазганына 👍👍
@ЭлвираКенжегулова-в4е Жыл бұрын
х
@indirakurasbekovna23256 ай бұрын
Балықтар ән салып? 🙄
@AkmaralKabulova-j6o3 ай бұрын
@@indirakurasbekovna2325балқытар ән салып
@msherimbek3 жыл бұрын
Күнсұлудың даусы сиқырлы ғой! Әсіресе, дәстүрлі әндерді тірі орындаған үні бойды алмақ түгілі, ойды биікке жалғап жіберетін керемет қуаты бар жан ғой. Шығармашылығың шыңға өрлей берсін!
Ән мықты, Күнсұлудың орындауында тіпті әсерлі жүрекке жетіп тұр! Аман бол!
@КамчатМакулбаева Жыл бұрын
Ой шіркін ай қазақтың тілінің кереметін ай осымен нешінші рет есітіп отырмын .
@GABITKADIRBAY2 жыл бұрын
*Орындау, ән, мәтіні, мына клип пен Шерханның және Күнсұлудың актерлық шеберліктері, режиссура - бәрі де бір-бірімен қабысып, керемет үйлесім тауып тұр. Кино көргендей боламын әр көрген сайын. Осы ән үшін барлық шығармашылық топқа рақмет!*
@КарлыгашКенжегулова-р2л3 жыл бұрын
Радиодан алғаш тыңдап іздеп ем. Ұнап қалған. Керемет 😍 . Табыс тілеймін
@БакыткалиБакыткереев2 жыл бұрын
Кереев.жастык шакты еске тусирдин ау калкамай
@МиссГулназ-в3т3 жыл бұрын
Керемет ,әні ағылып тұр . Қазаки тамаша дауыс иесі.Мұсылман дініммен деген жері ,неткен өлең жолдары
@СалтанатКарбозова2 жыл бұрын
Арбаға таңылғанын көргендегі ішкі қыйналысын шынайы жеткізді, сөз жоқ жылағың келеді екен,,,,Шерхан да керемет ойнады,,,Ән де керемет, сөзін жазған ақынға бас иемин,
@НурипаКущербаева Жыл бұрын
Жарайсың Күнсұлу. Керемет орындау, актерлік шеберлік өз алдына.Күнсулу сіңліме БАХЫТ тілейміз.
@Magzhan8862 жыл бұрын
Кунсулу әдемі шығыпты ең соңында бала аяқтан тұрғанда көзіме жас келді,жеткізе білдің әнді жүрекпен,тек алға деймін.
@ЖаникЖакайым3 жыл бұрын
Өте керемет бейнебаян, үлкен әсер алдым, мағынасы зор екен. Түсірген Демеуғазин мырза жарайсыз, үлкен дүниелер күтеміз алдағы уақытта!
@ЖасұланӘбдуайтов3 жыл бұрын
Жарайсың Күнсұлу, Сырдың сұлуысыңғой, керемет сөзіде әніде орындаушылықта клипте әсерлі мағыналы сөз жоқ. Тек алға Сыр елі жыр елі екенінің тағы бір дәлелі. Өнерің өрлей берсін.
@ШынараКудайбергенова-д3дАй бұрын
Тыңдаған сайын бір рахат сезімі баулайды ❤ Күнсұлу, ғажап жансыз❤
@Гулназ-х1оАй бұрын
Шерханға сөз жоқ мықты актер Күнсұлудың дауысы керемет❤ Басқа елдердің әншілері екінші орында бірінші мен үшін қазақтың осындай әншілері
@marzi95433 жыл бұрын
Басымызға не күн тусаде СҮЙГЕНДЕРІМІЗ АМАН БОЛСЫН!
@Zumat.Prosent.Bala.2 жыл бұрын
Әннің сөзінің барлығы жақсы керемет.Балықтар ән салып деген жерінің онша мағынасын түсінбедім
@МаликТуребаев-мтм Жыл бұрын
Балықтар ән салып емес дұрысы Балқытар ән салып
@БакыткулБ29 күн бұрын
Теңеу ғой
@Kazbek_zhexenov5 ай бұрын
Құдай аууу , ән қандай , әрбір әріпті анық айтып ,әдемі иірімдерімен жүрекке жеткізген әнші қандай….Әншісін тапқан ән екен …💐👍🏼Ғажап!!!!
@abdrasulovakarakat3 жыл бұрын
Әннің де естісі бар, есері бар... Ғұмырлы ән болары сөзсіз. Мағынасы күшті екен 🥲🥲🥲
@УланКойлыбаев-з1ъ3 жыл бұрын
Керемет ән екен осындай әндеріңіз көп болсын тек биіктен көрініңіз 👍👍👍
@АйсулуИзмамбетова-т4й2 жыл бұрын
Керемет, кайта кайта тындадым, конілім босап, жылап алдым, оксік тығылды ай тамагыма
@aksb5823 жыл бұрын
Оте тамаша! Даусын нагыз казактын даусы! 🇰🇿🐎🦅🙏💐
@ДуманЖолбарисов3 жыл бұрын
Мықты ғой Бақытты бол Қарындасым Алла тағала тіл көзден сактасын Рахмет Сізге Алла разы болсын!!!!
@Шарипа-я3ш Жыл бұрын
❤Күнсұлу ғашықтар клипі үшін жаралған əдерігн есіткенде барлық жан тоқтаи қалып тыңдап сүигенін есіне түсіретін сиқырлы дауыс мың алғыс тамаша келіскен қыз.Сарыағаштан Шарипа əже .
@БибаимБибаим2 жыл бұрын
Керемет 👏👏 Жүрекпен айтқан ән Жүрекке жетеді 🔥
@ТалгатДилдаев2 жыл бұрын
Керемет сөз жоқ
@МакпалОмире2 жыл бұрын
Керемет,мәнді ,мағыналы,өмірлі ән болсын!Шығармашылығыңыз өрге жүзсін!қазақтың қызы міне осындай дегенге лайыксыз!👍👍👍
@ЖасуланСадуов-ш3с3 жыл бұрын
Қазақтың алғысын алып жүребер Күнсұлу.!
@МеруертТорековна3 ай бұрын
Ән өз орындаушысын тапкан .Керемет.
@Bolat2753 жыл бұрын
Өте тамаша жарайсың, осындай мағынасы бар әндер көп шыға берсiн ✊✊🔥🙌❤️😍😍
@akkuyerkinbek42113 жыл бұрын
Не деген сөздер,,не деген әуен, ән де, Әнші де керемет! Табыс тілеймін
@БаянБаян-ж4ъ3 жыл бұрын
Құтты болсын сіңілім. Керемет. Әнде Әнші де бейне баянда барлығы үйлесімін тапқан. 👍👍👍
@ЕрланОрынбаев-у2з2 жыл бұрын
Бул ан быр Сызге Арналгандайго сондай жарасымды.
@МейрамбекҚараша Жыл бұрын
Сонша кереметтігі бейнебаян тез бітіп кала береді, Шашыма жан бітіп керемет
@СалтанатКарибаева-ы6ю3 күн бұрын
Оте асерли дауысы сози бари керемет
@Молдир-ч5г2 жыл бұрын
Ән оте керемет.орындалыуы да тамаша. Клип өте әсерлі. Көріп жылап алдым.рахмет
@ЖадыраОрынбасарова-ы3э26 күн бұрын
Әдемі ән, жақсы орындау. Миллиондаған тыңдармандарыңыздың жүрегінен орын алып жүре беріңіз.
@ЖумакулАККОЖАЕВА Жыл бұрын
Ән бар жерде,өмір бар,керемет көңіл күи ба. Өмірдеде еңбектеде,тек сәттілік тілеимін.
@moldirgelmanova97062 жыл бұрын
Керемет анши, кызымнын устазы,мактан етемиз❤👍
@ГкоАоаооввр2 жыл бұрын
Әннің сөздері мағыналы, керемет, ән ұнады. Тамаша орындау, рахмет
@Kereit7ru2 жыл бұрын
Ғұмырлы ән екені сөзсіз. Біздің үйдің ютубынан түспейді. Күн сайын. 4 жасар ұлым жаттап алған. Алла разы болсын сізге.
@ЕрболБекиш3 жыл бұрын
Осы әннің клипін көп күттік! Күнсұлу, керемет, өнерің өрге жүзсін!!!
@ЕрболЖарментаев2 жыл бұрын
Керемет ән,арымның құнымен, мұсылман дініммен,деген жері ,күшті мотивация
@СветаАтажанова-ц2х3 жыл бұрын
Тамаша, өнерің өрге жүзсін,әдемі әндерің көп болсын.