ТОҚТАР РАКЕТАМДЫ ҚАЙТАР - НЕ ДУХЫҢ ЖЕТЕДІ МЕ?

  Рет қаралды 130,850

BILGEN DURYS

BILGEN DURYS

3 жыл бұрын

ABLE.KZ Сайтына сілтеме clck.ru/Sdsg4
Бәріңізге Ассалаумағалейкум!
«Байқоңырды тартып алды». Әрине, Құдай бетін ары қылсын. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» деген, ертең, осындай сөз естіп қалуларыңыз әбден мүмкін. Жаныңда, «ниеті жаман, ойы арам көршің отырғанда, осындай болмайды» деп, қалай айта алмаймыз? Орыстың, Никонов, жириновский сияқты шовинистері, ертең-ақ, «Байқоңырды тартып аламыз» деп, айтудан ұялады дейсіздер ме? Әсте, олай емес. 2014 жылы, қандай көрші екенін дәлелдеп қойған олардан, бәрін күтуге болады. Егер, сондай күн туып жатса, біз, өзіміздің Байқоңырымызды қорғауға дайынбыз ба?
Рас, өтірігін қайдам, үкіметтегі бір көкеміз: «біз, Байқоңырды 50 жылға жалға бердік. Ол - орыстарға түбегейлі бердік, деген сөз емес. Оның есесіне, Ресей, бізді қару - жарақпен қамтамасыз етеді» деп, соғып отыр. Біздің үкімет, түнде жаман түс көріп, шошып оянды ма? «Орыстармен халыққа айтпай, білдірмей, тағыда келісім - шарт жасасып қойған ба» деп қалдық.
Мына мәлімдемеден соң, біздің үкіметтің, түрлі - түрлі боқ тышып, тышқақтаған сиыр сияқты, түрлі - түрлі сөйлеп кеткенін байқауға болады. Себебі: осы кезге дейін, үкімет: “Байқоңырды, жылына 110 миллион доллар төлем алып, орыстарға, 50 жыл мерзімге жалға бердік” деп мәлімдеген. Ызнашит, орыстардың, бізге, жыл сайын төлейтін ақшасын бермей қойғасын, біздің үкімет амалсыз, орыстардың әскери ескі - құсқы темір терсегін алуға мәжбүр болған-ау? Біздің үкіметте, орыстарға: «ескі теміріңнің керегі жоқ. Бізге тек доллар керек» деп айтуға, духы жетеді дейсіздер ме? Сонда, бізге ресейдің ескірген, әскери техникалары не үшін керек? Таулы Қарабақ соғысында, ресейдің әскери техникалары металлом болып қалған жоқ па?
Жалға беру, бұл, “толықтай саған бердік” деген сөз емес. Байқоңыр, Қазақ елінің қақ ортасына орналасқан жер. Ол - қазақтың жүрегі. Өкінішке қарай, өзімізде мамандардың жоқтығынан, орысқа жалға беруге мәжбүр болдық. Ол жерді, “жалға бермеуге де, біздің дух жетпейді” ғой. Байқоңыр болмаса, орыстың “ғарышты игеру” деген ұлы мұраты, орта жолдан тоқтайды. МКС, яғни Халықаралық ғарыш станциясы деген алып кешенге, Ресейдің ғарышкрлері бармай қалса, орыстың ішкен асы - харам болғаны. Бар ақшасын, сол МКС-ке салып, АҚШ-пен гонка ұйымдастырып келе жатқалы қашан. Әрі ресейдің, “ғарыш әскері” деген әскери күштері бар. Біз, мынау жер бетіндегі, жаяу әскерді басқарып, қару - жарақ, оқ - дәрі қоймасына ие бола алмай, оларды шетінен жарып, маңайындағы бейбіт халықтың быт - шытын шығарып жүрсек, дамыған елдер, әлде қашан, ғарыштық соғыстарға өтіп кеткен. Әуе күштері және Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері деп жүргеніміз, ғарыштың бергі жағындағы, «баланың ойыны» болып қалды.
Қолымызда бар қару - жарақ, оқ - дәрі қоймасының бәрін жарып тастап, ертең, жау келіп қалса немен соғысатынымыз белгісіз. Қолымызға, нан турайтын пышағымыз бен қорадағы күрегімізді алып, жауға қарсы аттанамыз ба? Қазақтың соңғы ханы Кенесары аталарымыз, рухының жоқтығынан емес, батырлығының аздығынан емес, от қарудың, яғни зеңбірек - пушка сияқты, сол замандағы, қару - жарағының жоқтығынан, орыстардан жеңілді. Осы ащы тарихты біле отырып, біздің қылып жүрген тірлігіміздің түрі - мынау. Бар дүниені сақтай алмай, бірінен кейін бірін жарып, күлге айналдырып жатырмыз. Басқа елдер, осындай қару - жарақпен, оқ - дәрі, байперпасты миллиард долларлап сатып алып жүр. 2006 жылы, Балқаштың жанындағы, Тоқырауын оқ - дәрі, байперпас қоймасын жарып жібіріп, орнын топырақпен жауып, түк болмағандай отырсақ, 2019 жылы, жазада, Түркістан облысындағы, Арыс оқ - дәрі, байперпас қоймасының жардық та, «тәбиғи апат» деп, бүкіл әлемге масқара болып отырмыз. Өзімізде бары, КСРО-дан қалған, ескі, оталмайтын әскери техникалар. Мынау қыстың 20 градус аязында, оларды оталдырып, «жауды жайрата саламын» деу күлкілі. Әзірге, “ғарыш әскері” туралы ауыз ашпай-ақ қоялық.
Байқоңыр, орыстар үшін өте маңызды болып отыр. 2001 жылы құрылған, “ғарыш әскерін”, осы Байқоңыр арқылы жарақтайды. Сонысын «жарақтаймын» деп, біздің экологиямызды ойрандап, табиғатымызды талқандап, ауамызды ластап жатыр. Осыдан біраз жыл бұрын, Ақбөкендердің қырылуы, Байқоңыр ауданының маңындағы елді мекендердегі, тұрғындардың «басы айналып, ұйықтап қала беруі», Байқоңырдан ұшқан зымырандардан шыққан зиянды отынның түтіні мен уы екені айтпасада түсінікті.
Байқоңыр - қазақтың шоғырлы қоныстанған, Қызылорда облысында орналасқан аудан. Осындағы қазақтың балалары мектепте, елім - Ресей, президентім - Путин деп оқып жүр. Бұл неткен масқаралық. «Біздің еліміз - Қазақстан, президентіміз - Қасым-Жомарт Тоқаев, біз тек, ресейдің, осыншама жыл уақытша жалға алған, Қазақстанның бір бөлігінде тұрамыз» деп оқытуы керек емес пе? Біздің үкімет, осыны айта алмай ма? Орыстың үкіметімен қайтадан келісімге келіп, оқу ісін «Қазақстандағы стандартпен және Қазақ елінің жері» екенін айтып оқытуы керек қой?
Толығырақ Видеода...

Пікірлер: 643
@BILGENDURYSKZ
@BILGENDURYSKZ 3 жыл бұрын
Видеодағы, мақалалар, біздің БІЛГЕН ДҰРЫС Ютуб арнасының пікірі болып табылмайды. Біз, тек, Әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде жарияланған, журналистер, блогерлер мен сарапшылардың күнделікті өмірдің әр қиырында, еліміз бен әлемде болып жатқан оқиғалар мен резонанстарға; сонымен қатар, саяси мен экономикалық талдауларға; олардың айтқан көз-қарастары мен жазған пікірлерін ұсынамыз! Және видеоның соңында, мақала авторының кім екенін де айтуды ұмытпаймыз!
@user-yz5co4yv2x
@user-yz5co4yv2x 3 жыл бұрын
Орыстан бөлінуіміз керек орыстармен дамымаимыз
@user-sr5sp7lc5e
@user-sr5sp7lc5e 3 жыл бұрын
Байқоңыр ды жалға бермеу керек Ресей полигондарды жабу керек жермызды уландырып бітті
@nurlanabirov5053
@nurlanabirov5053 3 жыл бұрын
Каитарып Алу Керек Баиконырды. 🙏💪
@max_dulat
@max_dulat 3 жыл бұрын
Аллаһым еліме жеріме жар болсын! еліміз жеріміз мәңгі болсын! жалға бермеу керек ешкімге!!!
@deletedname2677
@deletedname2677 3 жыл бұрын
Түркиямен бірлесіп олардың ұшағын не боламаса сол жақтан мамандар шақырып өзіміз бірдеңе жасам шығарумыз керек
@JAL-xt4fs
@JAL-xt4fs 3 жыл бұрын
Осы согыска дайын екенымзды алдыртып, осында шулатып шыиналайыкшы казагым, мен дайынмын. Кудай қолдасын,
@user-ee8wx1qz2c
@user-ee8wx1qz2c 3 жыл бұрын
Барин айт та , бирин айт , мына ширик билик курымай ештене озгермейди.
@alizumax42
@alizumax42 3 жыл бұрын
Алла елімізді сақтайкөрші...
@gauharakberdieva1206
@gauharakberdieva1206 3 жыл бұрын
Өте дұрыс айтасыз. Одан қазақ халқынын жоқ болып кетейін деп тұр.
@rrr7066
@rrr7066 3 жыл бұрын
Экокатастрофа будет в центре республике ! Надо освободить Байконур!
@nurzhamalmaiabas9187
@nurzhamalmaiabas9187 3 жыл бұрын
Ештеңеде ұтпвймыз. Елді жерді қорғау білекті, сауатты ер ағаларының, борышы. Келер ұрпаққа тапыстар, аманаты.
@user-ux7bc7ws8q
@user-ux7bc7ws8q 3 жыл бұрын
Басшы елдің қамың ойламаса,қара халық не тыңдырмақ...?!
@quandiqtajiev6865
@quandiqtajiev6865 3 жыл бұрын
Бізге космодромды жалға неге дамыған дос елге неге бермейміз қорққан елге бермей бүкіл ел бізді сынап отырыпты масқара болиайық
@user-lg9jr8qy8s
@user-lg9jr8qy8s 3 жыл бұрын
Алла разы болсын Жарайсын
@birzhanbigozhaev3442
@birzhanbigozhaev3442 3 жыл бұрын
Менин ойымша,Байконыр биздик болмай калган уже!Кайтпайтын жер сиякты сол!Сабак болсын сол бизге
@user-vf5kk5qb8o
@user-vf5kk5qb8o 3 жыл бұрын
Жерімізді қорғайық ол алланың берген сыйығой қазағым кең пейілді аузын ашса көмейі көрінетін алтын қазағым айналайын.
@mobilplus2508
@mobilplus2508 3 жыл бұрын
Дұрыс айтасың, БАЙҚОҢЫРДЫ Қайтарып алу керек орыстан жақсылық күтуге болмайды. Орыстан жолдасың болса жаныңда айбалтаң болсын деген АТА БАБАЛАРЫМЫЗ БІЗ УКРАЙНАДАН жақын емеспіз орыстар ға ҚАЗАҚ қалқының қанын ішкен әлі ішіп келе жатыр.
@deletedname2677
@deletedname2677 3 жыл бұрын
Орыстармен қарым қатынасты тоқтатып Түркиямен қарым қатынасты күшейтіу керек
@user-so6rz5ex5b
@user-so6rz5ex5b 3 жыл бұрын
Ешкандай Жер жалга да сатуга да болмайды.
WWE is real💔
00:16
IShowSpeed
Рет қаралды 82 МЛН
Genial gadget para almacenar y lavar lentes de Let's GLOW
00:26
Let's GLOW! Spanish
Рет қаралды 36 МЛН
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 3 СЕРИЯ
23:25
Inter Production
Рет қаралды 648 М.
2024 ж. 26 сәуір
6:26
АҒАЛЫҚ БОЛАШАҚ
Рет қаралды 2 М.
Екі жігітті елеңдеткен Эдуарда!
20:58
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 67 М.
WWE is real💔
00:16
IShowSpeed
Рет қаралды 82 МЛН