Тонналап пияз тиеген жүк көліктері шекарадан аса алмай жатыр

  Рет қаралды 13,637

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Елде пияз экспортына тыйым салынғаннан кейін Қазақстан мен Ресей шекараларында ұзын-сонар кезек пайда болды. Тонналап пияздарын жүк көліктеріне тиеген кәсіпкерлер өз өнімдерін Ресей аумағына өткізуді талап етеді. Айтуларынша, экспортқа тыйым салынғанға дейін бірнеше күн бұрын рұқсат қағаздарын алып, жолға шыққан жүк көліктерін енді не себепті Ресейге шығармай жатқандарын түсінбейді. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі пиязды экспортқа шығаруға тыйым салынатынын он күн бұрын ескерткенін, енді бір де бір пияз тиелген жүк көлігі елден шығарылмайтынын мәлімдеді.
«Үш күннен бері шекара бекетінің алдын күзетіп тұрмыз» деген бұл азаматтар тонналаған пиязды өзге елге апарып сатуы тиіс болған. Қостанай облысындағы «Қайрақ» бекетінде тұрған олар жүк көліктеріне пиязды сыйғанынша толтырып, енді оны сату үшін Ресей аумағына өте алмай тұрғандарын айтады. Кәсіпкерлер 29 қаңтар пияз экспортына тыйым салынғанға дейін рұқсат қағаздарын алып, тіпті жолға шығып кеттік деп отыр. Енді шекарадан өте алмай, жолымыздан бөгелдік деп ашулы.
НҰРБОЛАТ ӘБУБӘКІР, жүк көлігінің жүргізушісі:
- Кешкісін жүкті тиеп, үйге қонып жолға шықтық. Үш күн бойы жолда жүріп, 29 қаңтарда шекараға келдік. Рұқсат қағазымыз одан бұрын алғанбыз. Бізге 28-нен кейін ешкімді шығармаймыз дейді.
Жүргізушілердің айтуынша, жүк көліктері «Қайрақ» бекетінде ғана емес, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе облыстарындағы шекарадан өткізу орындарында да бірнеше күннен бері тұр. Қазір әрбір шекара бекетінде жиырмаға жуық жүк көлігі қаңтарылып тұрғанын айтады. Тыйымға дейін құжаттарын алып үлгергендерешкімнің елден пияз өнімдерін шығара алмайтынын ескертпеді деп отыр. Қазір көбінің жанармайы таусылып, тоңазытқыштары тоқтан ажыратылғандықтан бар өніміміз бүлініп қала ма деп қорқады.
ЖАМШИД НАСРИДИНОВ, жүк көлік жүргізушісі:
- Біз енді өтіп кетуіміз керек емес пе? Әлде үйге қайтамыз ба? Біз қанша қаражат жұмсап жолға шықтық. 2 мың километр жүріп келдік. Бізді енді өткізіңіздер. Біз Ресейге мына өнімдерді жеткізіп беруіміз керек.
Ал ауыл шаруашылығы министрлігінде экспортқа тыйым салынатыны жөнінде кәсіпкерлерге он күн бұрын ескертілгенін айтады. Сондықтан ертерек қамдана алмаған өздерін кінәлайды. Енді тыйым салынғаннан кейін артқа қайтудан басқа амал жоқ дейді.
ДАМИР АСПАН, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы:
- Сол күннен бастап шаруалар да, саудамен айналысатын азаматтардың өздері де сол кезде қамдана бастауы керек еді. Қазіргі жағдай бойынша бұйрық қабылданған күнге дейін ғана тауар шығарылды. Енді одан кейінгі барлық пияз тиеген көлік шекарадан аса алмайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан пиязды ішкі нарықта сату туралы түсініктемелер берілді.
Сондықтан министрлік солтүстік және батыс өңірлерде пиязға деген сұраныс үлкен екенін ескеріп, кәсіпкерлерге өз өнімдерін жергілікті нарыққа шығаруға кеңес береді. Ол үшін әкімдіктермен келіссөздер жүргізуге көмектесуге дайын екен.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 190
@user-ni6sb5lf4y
@user-ni6sb5lf4y Жыл бұрын
Өз елімізде сатылсын Дұрыс өткізбесін
@user-ro1pv2ws8q
@user-ro1pv2ws8q Жыл бұрын
Өте дұрыс қабылданған қаулы.
@adilbeksapimov8161
@adilbeksapimov8161 Жыл бұрын
Шыгармау керек ізіне кайтару керек өкімет бар болса шығармайды
@endinesteiimizz8470
@endinesteiimizz8470 Жыл бұрын
Пияз үсіп кетеді. Шығынын сен төлейсіңба.
@user-do5bw8ps4c
@user-do5bw8ps4c Жыл бұрын
Мен төлеймін голд номер жазыбжібер
@user-zy6hd5wo5e
@user-zy6hd5wo5e Жыл бұрын
Жібермегені дұрыс шегараның бәрі жабылсын біз жаққа Жетсайға жіберіңдер неге қымбаттады десек пияздың бәрін шетелді қарық қып жатсыңдар отандық өнім өзімізге керек
@user-ur4sw2vv7r
@user-ur4sw2vv7r Жыл бұрын
Бидай ұнға сондай қаулыс қабылдау керек, шетелге сатқызбай!
@user-xn5nq6rf1c
@user-xn5nq6rf1c Жыл бұрын
Министр мырзаға рахмет көп жасасын
@user-zj1vd1ts3q
@user-zj1vd1ts3q Жыл бұрын
Дурыс дурыс откызбегены. Мен куаныштымын. Жан Жака тасып оз халкымызда кымбат шылык осындайлардын кесырынен болады. Жарайсын министр. Артка кайтарсын. 👏🙌
@user-nw7bi9ij5c
@user-nw7bi9ij5c Жыл бұрын
Дұрыс жвермесың
@gylnazkaldan2193
@gylnazkaldan2193 Жыл бұрын
Бырыншы казакстанды жартып алындар шетелге нелерын бар тасып
@user-qi2cc3yr3c
@user-qi2cc3yr3c Жыл бұрын
Өзімізде пияздын бағасы қандай болса оңдай болсын бұлардын арманы шетелге қымбатқа сату
@user-qb7cl7qf9g
@user-qb7cl7qf9g Жыл бұрын
Үкімет алдынала ескерту жасады. Елде сатылсын.
@Ai_balta..
@Ai_balta.. Жыл бұрын
Сауап болды шығармау керек өзімізде жуа қымбат арзандату керек
@mahambetkutmuhanov6611
@mahambetkutmuhanov6611 Жыл бұрын
Дұрыс өткізбеу керек Өздерімізде пияз қымбаттап кетті
@marcorubio6515
@marcorubio6515 Жыл бұрын
Дурыс болған, бір талда пияз өткізбеңдер , осы жолы билік дурыс жасады, тіл тимесін
@user-bf5zg4ns8e
@user-bf5zg4ns8e Жыл бұрын
Жарайсыңдар,өткізбеңдер.Өзімізге сатыңдар.Пиязды кг 300тг алып отырққой
@user-xn5nq6rf1c
@user-xn5nq6rf1c Жыл бұрын
Ербол дурыс айткан оз елімізге халқымызға берілуі керек
@user-yp7dh7sz7x
@user-yp7dh7sz7x Жыл бұрын
Неге заңға бағынбайт. Тиым салындыма тоқтау керек өткізбегені дұрыс болған елге сатсын айтылғасын бағыну керек. Дұрыс он күн бойы ескертілгесін болдығо.
@user-fy9vq5ci6p
@user-fy9vq5ci6p Жыл бұрын
мазганы қатырмай бәрі елге қайтсын ,россияға өткенсоң елімізде үлкен қымбатшылық болад
@aser8156
@aser8156 Жыл бұрын
Рессейге пиязбен машиналар шықса , көліктер де қайтпауы мүмкін. Талай көліктер сондай мақсатпен кетіп мәңгілікте қалған сол елде. Себебі , шығып кеткен көлікті біздің ел іздемейді. Сауданы да сол шекара бекетінде жасауды үйрену керек. Қытайлар сияқты транспортты шекарасынан шығармай саудасын жасап жатыр. Бізде сақтық жоқ.
@user-td5hr7eh2c
@user-td5hr7eh2c Жыл бұрын
Машиналарын тартып ала ма раисяда???
@user-zx5il4bf5t
@user-zx5il4bf5t Жыл бұрын
Осы азаматтың айтқаны дурысқой сауданы шегара бекетінде атқарып кейін қайтсын
@user-po4jc4nj1b
@user-po4jc4nj1b Жыл бұрын
Бұл пікіріңіз дұрыс екен...👍👏
@baha4182
@baha4182 Жыл бұрын
Көнбесе алып қойю керек.
@user-bo4bh5bc9d
@user-bo4bh5bc9d Жыл бұрын
Өте дұрыс 1 кг да өткізбеу керек Қазір 350 теңге болса екі айдан кейін 650 теңге болады
@user-bg8np6ez5n
@user-bg8np6ez5n Жыл бұрын
1 килограмм емес, 1 дана пияз өткізілмесін
@user-sy2xv1xr3q
@user-sy2xv1xr3q Жыл бұрын
Өзміздің елімізде жетпеи қымбаттап жатыр шығармау керек.
@user-sz3sb3ft3d
@user-sz3sb3ft3d Жыл бұрын
Шығарылмасын өз елдерінде бірінші жарылқапалыңдар.
@user-fs2zf8ef7m
@user-fs2zf8ef7m Жыл бұрын
Өкімет енді жұмысістей бастады хақына еліне міне жаңа Қазақстан өзеліне қызымет істеуді бастады заң барлық елге бірдей жасасын Қазақстан ✊
@user-yy9po8cr3j
@user-yy9po8cr3j Жыл бұрын
дұрыс өткізбеу керек.
@user-zj6ci3rn6z
@user-zj6ci3rn6z Жыл бұрын
Өте дұрыс
@user-xt2kn4hu2g
@user-xt2kn4hu2g Жыл бұрын
Оте дурыс бари ,кымбат озге елдер рахатын коргесин бага шарыктап кетти жабу дурыс
@GGG-ud5si
@GGG-ud5si Жыл бұрын
Шығармаң шшс өзімізге керек .
@user-ez8jf3qe5z
@user-ez8jf3qe5z Жыл бұрын
Контрабанданын кокеси енди басталатын шыгар. Шекараны акшамен шешип, кымбатшылыктын кокеси енди болатын шыгар
@user-dg5sw8tl7y
@user-dg5sw8tl7y Жыл бұрын
Өзімізде жетпей жатқанда Ресейдегілер күтіп отыр дегені қай сасқаны.Ескерту берілді алдын ала.2000-км артқа қайтсын енді.
@user-gl3ep3ug7o
@user-gl3ep3ug7o Жыл бұрын
Дұрыс май, ун, жумыртка бяры тоннамен кетеды тоннамен темиржол токтамай әкетеды. Рахмет Министру если возьмёт все в руки цены скакать не будут свой, каждый год с февраля цены на овощи взлетают. Вы предприниматели свой народ накормите цены отрегулируйте в нашей стране где все растёт итд , лук должен стоить не больше 60 тг, картошка тоже, хлеб 80, яицо 200, масло рост 2000 за 5 лит итд а у на цены космос, народ в кредите в бешенные проценты итд. Я надеюсь наш Гасподин Президент выведит народ к нормальной жизни и наши Министры, Акимы, итд хоть что то начнут делать для своей страны ради своих же внуков , правнуков итд.
@user-yb1qu4fe9d
@user-yb1qu4fe9d Жыл бұрын
Өткіз беу керек
@user-ld2ld2be7j
@user-ld2ld2be7j Жыл бұрын
Кайтындар енди Ресей касипкерлерден кеширим сурап. Озимизден де отеди пияз.. Тусинем Ресейде жок биздин пиязга жететин. Олардын пиязы нашар. Кабыгы жұқа сактауга келмейди
@lazzatjanjabaeva2619
@lazzatjanjabaeva2619 Жыл бұрын
Дұрыс шығармау керек қолдаймыз пияз 285 кг болып кетті. Не масқара
@user-yb1qu4fe9d
@user-yb1qu4fe9d Жыл бұрын
Пияазды өз халқы жесін
@user-st5zo2kr5x
@user-st5zo2kr5x Жыл бұрын
Үйге қайт, өз пайдаңды ойламай,пияз шығарылмасын. Өкмет дұрыс істеді. Пияздың бағасы, 400-тг болып кетті.
@user-oq5hl8zl3j
@user-oq5hl8zl3j Жыл бұрын
Укіметің 1 інші рет алдыналу ісі бұлда бір құптарлык іс халык игілігі ушін колдаимын
@user-ns9vd5zl7h
@user-ns9vd5zl7h Жыл бұрын
ОКЫМЕТ ДУРЫС ЫСТНГЕН ШЫГАРМАУ КЕРЕК !!!!!!!!
@user-rw6ht2cf5w
@user-rw6ht2cf5w Жыл бұрын
Халық не. Жейді. Бизнес. Қарапайым. Халықты. Ойлаңдар
@user-fz6qb9dx3l
@user-fz6qb9dx3l Жыл бұрын
Дұрыс шығармау керек өзімізде қымбатшылық боптурғанда қайтындар қала қалаларға бөлынып арзан бағада сатындар
@user-yz3rc2km1h
@user-yz3rc2km1h Жыл бұрын
Отпесин Акшага куныккандар халқына салсын
@user-bn9ph5qj8g
@user-bn9ph5qj8g Жыл бұрын
Ия қайтару керек пиязды қымбат атып жатыр
@akhmetisabaev229
@akhmetisabaev229 Жыл бұрын
Пара беріп өтіп кетеміз деп ойлаған шығар?
@user-lc3ql6hc3v
@user-lc3ql6hc3v Жыл бұрын
Сауап жатыр ай болды ескерту берілгеніне
@user-zx5il4bf5t
@user-zx5il4bf5t Жыл бұрын
Шекарадан өткізбеу керек үкімет қаулысына немқұрайлы қарайды министр шара қолдануға тійіс
@user-tb4be7ml5c
@user-tb4be7ml5c Жыл бұрын
Жібермеңдер пияз өзімізге де керек дұрыс жібермеңдер .
@user-wg4re4gw4o
@user-wg4re4gw4o Жыл бұрын
Делдалдар осылар бәле болды
@user-uo4un7bv8z
@user-uo4un7bv8z Жыл бұрын
казахстанда пияз350 тенгеден болды 80 тенгениң пиязы еди магнумда пияз мулдем жок бир апта болды
@user-wi5qc8pg2i
@user-wi5qc8pg2i Жыл бұрын
Бәсе пияз 350т осы екенғой
@user-ze6fv9bs4n
@user-ze6fv9bs4n Жыл бұрын
Шықпасын заң заңдай болсын , ізге қайтарсын
@user-ur4sw2vv7r
@user-ur4sw2vv7r Жыл бұрын
Дұрыс шығармасын, қазақстанда қымбат, бәрін шетелге сатып.
@user-lx3pc9ox3s
@user-lx3pc9ox3s Жыл бұрын
Мен айтамын жолға шығып қойған азаматтардың жүгі баратын жерге деиін жетіуі керек мұның арты жақсылыққа соқпайды мына міңгірлеп отырған жігіт отбасын балашағасын ойласын түбі жақсы болмайды ҚАЗАҚ бауырларым ойланайық.
@serikkenesbaev9132
@serikkenesbaev9132 Жыл бұрын
Сол қалада сатыңдар арзанына!
@user-dz2iv4lf7f
@user-dz2iv4lf7f Жыл бұрын
Сауап болган екен водитель ге емес
@user-cb9vj7fw9x
@user-cb9vj7fw9x Жыл бұрын
Дұрыс болған екен
@user-gb4ru6zy5i
@user-gb4ru6zy5i Жыл бұрын
Бизде пияз 350 болды Алматыда кайт сын елге оте дурыс болды
@Aya-iz1jg
@Aya-iz1jg Жыл бұрын
Ең арзаны пияз еді, қазір керісінше , ең қымбаты болыб тұр. 300 тг масқара.
@user-or4wy5ir9n
@user-or4wy5ir9n Жыл бұрын
Пияз кымбат болып кетіпті
@user-nc7yk4ik7x
@user-nc7yk4ik7x Жыл бұрын
Тартиптин жоктыгы, жемкорлыктын аскынган тури, жалакынын аздыгы, адилдиктин жоктыгы осынын бари ертенги елимизде кымбатшылыкка апаратын жол. Минис.. жумысына немкурайлы караганнын себеби бул.
@user-wd1tx4ou3e
@user-wd1tx4ou3e Жыл бұрын
Пияз қымбаттап кетіпті
@user-jq5lq7lr3g
@user-jq5lq7lr3g Жыл бұрын
Міне халық жаулары
@user-nc9nv4fw1t
@user-nc9nv4fw1t Жыл бұрын
Озимизге керек
@AURUM98576
@AURUM98576 Жыл бұрын
10 ай жатпайма. Ескерілді көтті қысып жатпайма!
@agabekserikbaev4942
@agabekserikbaev4942 Жыл бұрын
👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍өзімізде сатылсыннн
@user-po4jc4nj1b
@user-po4jc4nj1b Жыл бұрын
Бірінші өз Халқымызды қамтамасыз ететіндей дəрежеде анықтап қоймаларға алып қалу керек...СОҢ ҚАЛҒАНЫН ШЕТКЕ ШЫҒАРСА БОЛАДЫ , ОЛ ДА БОЛСА САНКЦИЯ САЛЫНБАҒАН ЕЛГЕ...🤔
@kuanishbektursinbaev7372
@kuanishbektursinbaev7372 Жыл бұрын
Дұрыс айтады Мінстр
@user-tm2hj6cp4o
@user-tm2hj6cp4o Жыл бұрын
Кет жоғал өтпейсіңдер
@user-tv6pk9dq7e
@user-tv6pk9dq7e Жыл бұрын
Дурыс 👍👍 ресейге ешкандай онимдерди шыгармаганы дурыс.
@user-wz5ty5xp5s
@user-wz5ty5xp5s Жыл бұрын
Пияздың бағасы неге шарықтап кеті десек?
@user-jn5tr7vm9p
@user-jn5tr7vm9p Жыл бұрын
Шыгармандар ет секилди тусинде жемесин халык енди жетпегени пиязды деликатес кылу калды!!!
@rahakan5082
@rahakan5082 Жыл бұрын
Онсызда кымбаттап кетти озимизде жибермендер дурыс
@user-ze6fv9bs4n
@user-ze6fv9bs4n Жыл бұрын
Сол кәсіпкерлерді жауапқа тартсын неге заңға мойынсынғысы келмейді
@user-lp3of7xh4j
@user-lp3of7xh4j Жыл бұрын
Кайтындар артка
@tabis7702
@tabis7702 Жыл бұрын
Откызбеген дурыс себебы булар быздың елдын солкылдак саясатын жаксы быледы 1 апта шегарада турсан жыбереды дейды жоқ шырып кетседе откызбеу керек айтылған сөз атылған оқпен бырдей болу керек расся деп быздың елды қымбатшылыққа душар қылып отырғандар осылар
@user-pn5md9oj9u
@user-pn5md9oj9u Жыл бұрын
дурыс болды
@bagdatnurlan1957
@bagdatnurlan1957 Жыл бұрын
Шығармасын , елге сатсын
@baglanbaglan87
@baglanbaglan87 Жыл бұрын
Дурыс өткізбесін! елімізде неге көкөністер қымбаттап кетті десек,қолдап жасап жатыр екен ғой.Туркестан қаласында пияз 1кг 350шығып кетті!халықты осылай қолдан қинап жатқандары мүлдем дурыс емес!
@user-uw8dv9so1g
@user-uw8dv9so1g Жыл бұрын
Бағаны түсіру керек. Бәрі сыртқа шықпасын.
@user-yq6jz4nx4h
@user-yq6jz4nx4h Жыл бұрын
Енді жуа арзандайды
@user-bx5iv9st7r
@user-bx5iv9st7r Жыл бұрын
15-20кун бұрын жаңалықтан көрсетті ғой .неге қарамайды содан кейін ойбайлайды
@gulzhanz944
@gulzhanz944 Жыл бұрын
Дурыс озимизге калын арзандасын.
@hungrymuks
@hungrymuks Жыл бұрын
Озимизде кымбаттап кетти,осылардың кесірінен
@user-nk9ql2cy3s
@user-nk9ql2cy3s Жыл бұрын
Қайтарсын өзімізге
@saphirtv7888
@saphirtv7888 Жыл бұрын
Алматыга жиберсей
@user-dd6hi7if1l
@user-dd6hi7if1l Жыл бұрын
Дурыс
@user-es5zr1nv2b
@user-es5zr1nv2b Жыл бұрын
Ет балык пияз картоп ун май сыртка шыкпаса казакта арзан болып бары кун коре алады! Дурыс шгармандаррр
@user-to4bn2tl2b
@user-to4bn2tl2b Жыл бұрын
Өтпесін қара халық не жиді
@kalinemeltaev9699
@kalinemeltaev9699 Жыл бұрын
Акшагана керек дурыс касипкерлерге алдымен оз халкын сосын шетке
@user-dd6hi7if1l
@user-dd6hi7if1l Жыл бұрын
Осылар ак талаптарын укиметке жеткизу
@user-sz3sb3ft3d
@user-sz3sb3ft3d Жыл бұрын
Рұқсат берген сатқындарды соттаукерек
@user-sj2qe2jv9m
@user-sj2qe2jv9m Жыл бұрын
Дурыс болды откизбесин. Пияз дын багасы уже 380тенге
@user-bw3gg3qp3s
@user-bw3gg3qp3s Жыл бұрын
Өзімізде пияз екі есе қымбаттады.Өткізбеу керек Таможнядан.
@user-ul4xw7vy3w
@user-ul4xw7vy3w Жыл бұрын
бізде 320тенге өзімізді қарқ қылмайма
@user-dc3uj5bs3p
@user-dc3uj5bs3p Жыл бұрын
Тек пяз емес,еттиде,баскада азык туликтерди шыгармау керек, укимет халыктын жайын оиласа
@aser8156
@aser8156 Жыл бұрын
Пияз неге қымбаттайды? Бәрін рессейге сатады , бізде аз болған соң қымбаттатады. Әр ауданда САПАЛЫ КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫН ЖАСАУ КЕРЕК !
@RedmiNotes-vn2kx
@RedmiNotes-vn2kx Жыл бұрын
Ой не деген акылдылар. Сен Сол тирликтй истеп кор сосын коремйн сайраганынды
@user-vf4kg4ww3w
@user-vf4kg4ww3w Жыл бұрын
Өте дурс қаулы қабылданыпты
@user-dj3pf6wq1o
@user-dj3pf6wq1o Жыл бұрын
Дурыс шыгармандар 400т болды
@user-rt2hw7xi6o
@user-rt2hw7xi6o Жыл бұрын
Шығармау керек занга бағынбаганды катанң жазалау керек
@user-dd6hi7if1l
@user-dd6hi7if1l Жыл бұрын
Дурыс шыгарма деп айтты гой
@user-sd6vy6kz5b
@user-sd6vy6kz5b Жыл бұрын
Шыгармау керек булар шыкса тагы келади бизде шыгайык деп тараздын базарына кайтарсын
@ASTANAALMATY328
@ASTANAALMATY328 Жыл бұрын
Алыпсатарлар бәле осыларың аркасында кынбатшылык
@sez1m143
@sez1m143 Жыл бұрын
Пияз өзімізде қымбаттап кетті
@dandan-mi2nk
@dandan-mi2nk Жыл бұрын
Дұрыс шығармау керек
@gulzhanz944
@gulzhanz944 Жыл бұрын
Бул коликтин пияздын иелери бар гой бизге кымбаттатып озге елге шыгарып жатыр.
@ualihanmusakulov2190
@ualihanmusakulov2190 Жыл бұрын
Колга алмаса пара берип отип кетеди мыналар булардын артка кайтуы киынау
@user-rg3fo1fs6p
@user-rg3fo1fs6p Жыл бұрын
қайт артқа қайт
@janaraljanarall3540
@janaraljanarall3540 Жыл бұрын
10
She ruined my dominos! 😭 Cool train tool helps me #gadget
00:40
Go Gizmo!
Рет қаралды 60 МЛН
СНЕЖКИ ЛЕТОМ?? #shorts
00:30
Паша Осадчий
Рет қаралды 8 МЛН
터키아이스크림🇹🇷🍦Turkish ice cream #funny #shorts
00:26
Byungari 병아리언니
Рет қаралды 27 МЛН
Домработница!!! Уральские Пельмени.
9:25
Позитивчик
Рет қаралды 1 МЛН
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 11 МЛН
Шаруалар кебек бағасының қымбаттап кеткеніне өкпелі
2:20
Басты жаңалықтар / Новости Казахстана
Рет қаралды 2,4 М.
Қазақстанда көлік бағасы күрт қымбаттады. Себебі неде?
3:01
Жетінші арна | БАҒДАРЛАМА
Рет қаралды 31 М.
Хищники Которые Явно Ошиблись с Жертвой
41:33
ЭКОСИСТЕМА
Рет қаралды 3,4 МЛН