ТОП 5 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК АЙМАҒЫ!!!

  Рет қаралды 10,493

TOP BEST

TOP BEST

Күн бұрын

Сәлем, Досым! Бүгінгі видеомыз ұнаған болса: арнаға тіркеліп 😊 лайк басуға ұмытпа 👍🏻
ТОП 5 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК АЙМАҒЫ!!!
ТОП 5 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК АЙМАҒЫ!!!
Ассалаумаалейкум құрметті «ТОП-5» каналының тұрақты көрермендері. Ұзақ уақытқа созылған үзіліс жасағанымыз үшін сіздерден кешірім сұраймыз ж/е алдағы уақытта өздеріңізбен бірге боламыз деп уәде береміз. Ендеше не тұрыс, бастайық.
Бүгінгі Қазақстан - көптеген шетелдіктерге танымал, сұранысқа ие және белсенді дамып келе жатқан туризмдік бағыт. Ал енді өздеріңіз түсінгендей бүгінгі шығарылым, Қазақстан аумағындағы түрлі туристтік нысандарға арналмақ. Ал ендеше вилеоны соңына дейін көріп, отбасыңыз үшін сапалы демалу орындары жайлы мәлімет алыңыз.
фото:
Қазір Қазақстандағы мәдени-тарихи, сауықтыру және экстремалды туризм қарқынды дамып жатыр. Сондай-ақ, еліміздегі табиғатты, тарихи және көрікті жерлерді тамашалауға, демалыстан ләззат алуға әлемнің түкпір-түкпірінен және Қазақстанның өңірлерінен туристер көптеп келеді. Ал Сіз елімізде туристер ең көп баратын нысандарды білесіз бе? Қазақстан туризмі - ел аумағындағы шексіз далалар, жартасты таулар, әсем табиғат, өзендер мен көлдер, тарихи сәулет ескерткіштері, заманауи ғимараттар және өркениетті мегаполистермен бағаланады. Қазақстандағы танымал туризм орындарын іздеп, Егер сіз демалуға қайда баратыныңызды білмесеңіз, кез келген бағытты - солтүстік, шығыс, батыс, оңтүстік Қазақстанды таңдасаңыз болады, өйткені барлық жерде Сізге ұнайтын орындар бар.
Бірінші кезекте Арыстан баб кесенесі - Түркістан облысы, Отырар ауданындағы көне кесене, сәулет өнерінің тамаша жетістігі. Бұл кесене Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы, "бабтардың бабы" - Арыстан бабтың бейітінің басына ұлы қолбасшы Әмір темір XIV ғасырдың соңында салдырған. Бұл кесенеге зиярат етіп келушілердің саны шексіз. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан тарихи ғимаратқа жолдан өткен жанның барлығы бір тоқтап кетеді. А айтпақшы мұнда келгенде ешқандай шығын шығарудың қажеті жоқ. Бар болғаны өзіңіз тұрған нүктеден осы нүктеге дейінгы жол ақысын шығарсаңыз жеткілікті.
Ролик 10с
2. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (Түркістан облысы, Түркістан қаласы) - ғимарат осы күнге дейін керемет сақталған. Кесенені бірнеше ғасыр бұрын Қожа Ахмет Яссауидің жерленген жеріне Әмір Темір қолбасшы тұрғызған. Сондай-ақ, Түркістан қаласын «Екінші Мекке» деп та атайды. Мұнда келсеңізде қалтаңыз аса жұқара қоймайды. Тек жаңа Түркістан қаласының сәулет өнері туындыларына кіріп, біраз ақша шығындануыңыз мүмкін. Түркістан жайлы кесенеден бөлек алдағы уақытта тағы сөз етеміз.
3. Шарын шатқалы - АҚШ-тағы Үлкен шатқалға бәсекелес болатын Қазақстанның танымал туристтік орны. Мұнда мистикалық қызықты орындар, кәрі ағаштар мен бас айналдыратын көріністерге куә бола аласыз. Сондай-ақ, «Қамалдар алқабы», «Ведьмино шатқалы» деп аталатын бөліктері бар. Шатқал Алматы қаласынан 195 км-дей шығысқа қарай орналасқан. Шарын өзенінің барлық нысандары 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына кіреді. Шарын - пайда болуы неоген кезеңіне тұспа тұс келетін Тянь-Шань тау тарамдарындағы тылсым шатқал. Жергілікті аймақтың бедері жүйелі түрде өзгеріп тұратындықтан, мұндағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі өте бай. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген түрлерді де кездестіруге болады. Шатқалдағы ерекше есте қаларлық нысандар қатарында "Қамалдар аңғары", Шарын өзені, тораңғы мен шаған тоғойларын атауға болады. Шарын шатқалы аумағында “Eco Park” кешені қызмет етеді. Шатқалдың кереметін қызықтаған келушілер дәл осы жерде дәмді аспен әлденіп, өзен бойындағы күркелерде тынығып, қажет болса киіз үйлер мен бунгалоларда түнеп қала алады.
4. Қатон-Қарағай - туристер бір күн бойы тамашалай алатын және ұзақ демалысқа келуге болатын ерекше орын. Ол жер Ресеймен, Моңғолиямен және Қытаймен шекарада орналасқан табиғи саябақ немесе қорық болып есептеледі. Сондай-ақ, мұнда Рахман қайнарлары деп аталаты ыстық су көздері бар. Термальді көздердің емдік қасиеті бар, олар әлсіз минеральді гидрокарбонатты- кальцийлі және құрамы 0,03 г/л дейін еркін көмірқышқылынан, 45-80 мг/л кремний қышқылынан, 10-35 эман радонынан тұрады. Одан бөлек мұнда Қара Берел, Рахман, Язовая, Арасан секілді көрсең көз тоймайтын сарқырамалар тізбегі орналасқан.
Дауыс сарқыраманыікі
Жалпы алғанда ҚатонҚарағай Шөл даладан бастап, ну орман алқаптары, биік шыңдардағы альпы шалғындарымен мұздықтарға дейін созылған ландшафтты-климаттық аймақтардың біртұтас жиынтығы. Орманмен өзендерге, балықпен балға, емдік шөптерге туристердің көзін тартар табиғи естеліктерге бай бұл жердің анағұрлым аумағының табиғаты тұмса және экологиялық таза болып сақталынған. Қазақстанның Алтай аумағында ТМД елдерінің туристері көп жылдар бойында әртүрлі саяхат құруда, бұл альпы шыңдарын бағындыру және ат үстіндегі саяхаттар.

Пікірлер: 21
@Асылмаржан
@Асылмаржан 3 жыл бұрын
Алла тағаладан сіздерге сәттілік тілеймін! Дами беріңіздер!
@ÁLIstýdıasy-2
@ÁLIstýdıasy-2 3 жыл бұрын
ÁLI stýdıasy көреді екен ғой бұндай видеоларды...
@ÁLIstýdıasy-2
@ÁLIstýdıasy-2 3 жыл бұрын
:-)
@Асылмаржан
@Асылмаржан 3 жыл бұрын
@@ÁLIstýdıasy-2 иа көрем ғой :-) анда-санда , көп уақытым жоқ
@АлияАлипбекова-р3в
@АлияАлипбекова-р3в 3 жыл бұрын
Керемет мәлімет. Қазақстаным өте көрікті ғой
@trendmusic4988
@trendmusic4988 3 жыл бұрын
ПА ШІРКІН
@sayazhannurbek
@sayazhannurbek 7 ай бұрын
Керемет
@dossmedia7689
@dossmedia7689 3 жыл бұрын
👍👍👍👍👍
@YeraliKhidirov
@YeraliKhidirov 3 жыл бұрын
😊😊😊😊😊😊😊
@Erjanak
@Erjanak Ай бұрын
Маңғыстау, Бекет Ата
@zarinaisabekova7980
@zarinaisabekova7980 Жыл бұрын
Қожа Ахмет Яссауй+
@ÁLIstýdıasy-2
@ÁLIstýdıasy-2 3 жыл бұрын
Тамаша! Қазақстан әдемі
@Кауныш
@Кауныш 25 күн бұрын
Бурабай ше
@trendmusic4988
@trendmusic4988 3 жыл бұрын
ӘДМІ ГОЙ ӘДЕМІ
@zarinaisabekova7980
@zarinaisabekova7980 Жыл бұрын
Қайынды+
@zarinaisabekova7980
@zarinaisabekova7980 Жыл бұрын
Шарын шатқалы+
@tiktokalem9366
@tiktokalem9366 3 жыл бұрын
Қатон қарағайды жайлы толық білмейді екенмін🤔
@zotacmusic5225
@zotacmusic5225 Жыл бұрын
kzbin.info/www/bejne/fILWeYhta5iErsU Туризм в Алматы, развитие КУРОРТОВ, новый АЭРОПОРТ
@tiktokalem9366
@tiktokalem9366 3 жыл бұрын
Түркістан осылай дамып кеткен бе?
@saparaiturysbekova2595
@saparaiturysbekova2595 2 жыл бұрын
ияяч
@zarinaisabekova7980
@zarinaisabekova7980 Жыл бұрын
Арыстан баб
Татарстанға АВТОҮЙМЕН саяхат
28:16
ERKIN QAZAQ
Рет қаралды 3,2 М.
Please Help This Superhero! 🙏
00:48
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 8 МЛН
Apple peeling hack @scottsreality
00:37
_vector_
Рет қаралды 131 МЛН
小丑妹妹插队被妈妈教训!#小丑#路飞#家庭#搞笑
00:12
家庭搞笑日记
Рет қаралды 36 МЛН
🍉😋 #shorts
00:24
Денис Кукояка
Рет қаралды 3,2 МЛН
«Киелі Qazaqstan». Шығыс Қазақстан
22:02
Qazaqstan Qogam / Қазақстан Қоғам
Рет қаралды 6 М.
ТҮРКІСТАН.Көшені жапқан кім?
5:57
АҒАЛЫҚ БОЛАШАҚ
Рет қаралды 575 М.
Kolsay: how to get there, what to see, prices // Hotel Kolsay Nomads
24:26
TOP 10 beautiful places near Almaty, Kazakhstan. Which you may not have known about. What to see?
9:23
Сергей Панихин /Движение - Жизнь
Рет қаралды 315 М.
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МИСТИКАҒА ТОЛЫ МЕКЕНДЕР
9:11
ЖТӘ Жан түршіктірер әлем Есбол Қарағұлмен
Рет қаралды 19 М.
Please Help This Superhero! 🙏
00:48
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 8 МЛН