Рет қаралды 319
Title: Mesmerizer / メズマライザー
Originally sung by Hatsune Miku & Kasane Teto SV / 初音ミク & 重音テト SV
Artist: @32ki_may
Animator: @channelcaststation
Original song: • メズマライザー / 初音ミク・重音テトSV
Program: Synthesizer V Studio Basic
Voicebanks: Tsurumaki Maki AI Lite & Kasane Teto AI Lite (弦巻マキ AI Lite & 重音テト AI Lite)
UST by: アトリ科ヒワ属ゲン ( • 【UTA内藤&UTA痛風】メズマライザー【U... )
Kazakh Lyrics, Mixing & Subtitles by: Yerassyl Kuanysh / Ерасыл Қуаныш (@YerassylKuanysh)
Lyrics:
Шынайы сезімді ойлама!
Жүрмісің байқамағандай
нағыз шындықтар және өз жүрегіңді...?
Қауіпсіз аймақ тарылуда
Жезөкшеленді жаралар
Әлсін жыладың, қандай ұят
Ал менің саған деген жақсы бір ұсынысым бар!
Ақырында қашу деген
Соңында, тәтті тұзаққа түсіп қалудан
сені біреу құтқара ма екен?
Саналы түрде өмір сүре алмайсың
ендігі әрі сен де бұл әлемде
Бәлкім түк болмағандай сыңай танытып,
өзіңнен бас тарту дұрыс шешім болар ма екен...?
Егер бір шоқ гүл, сөзбен безендірілген,
біреудің жүрегін ұрласа, бұл шын ба екен?
Бәрі де бүлінетін іс-шараға
шақырту жіберем саған мен
Қош болшы!
Бейімделдің осы дәуірге
осалдықтың көрінісімен
Байланып қалғансың бұл әртістікке
Соншалықты қатты дүрсілдер сендегі нәзік жүрек
Артық өмір жоғалуда тез ; ;
Шыдамың өз шегіне жеткен
Қашу мен жалтару маңызды өте
Қолың бос емес өмір сүруден!
Біреуің, көмектесіңдер(^^♪
«Сенің ұйқың тез келіп барады»
Ал таяз гипноз тербеліп жатыр
Басың-денең де шиеленісуде
Бұл мүмкін емес! Сондай көп қулық?
Сермеленуде көз алда тиын
Ал сен қаласың мүлдем қимылсыз
«Бәрі де жақсы» деп өзіңді алдайсың
Көнесің есің ауысып
«Сенің ұйқың тез келіп барады»
Ал таяз гипноз тербеліп жатыр
Басың-денең де шиеленісуде
Бұл мүмкін емес! Сондай көп қулық?
Сермеленуде көз алда тиын
Ал сен қаласың мүлдем қимылсыз...
Аман қалдың бүгін дегенмен
Марапатсыз қалар әр күнде
Бот сынды циклдесің сен қазір де
жалғастырып та келе жатқан инерция сәтінен
Үміт, сәттілік кезікпесе,
онда бәрі мәнсіз бекерге
Одан ой түймесең, беріл ендеше
Қалдықтармен ойнау - алдағы сенің тағдырың екен
Бейімделдің осы дәуірге
осалдықтың көрінісімен
Байланып қалғансың бұл әртістікке
Соншалықты қатты дүрсілдер сендегі нәзік жүрек
Шаттану өз шегіне жеткен
шынайы емес харизмамен
Шындыққа тура қарасаң өмірде,
соңында соқыр боласың сен!
Бекем бола ғой өзіңе(^^♪