Туризмді дамыту табысты арттырады

  Рет қаралды 349

QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы

QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы

18 күн бұрын

Үкімет отырысында туризмді дамыту мәселесі қаралды. Былтыр елімізде туристік саланы дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген болатын. Туристік саланы талқылаған арнайы мәжілісте облыс әкімі маңызды мәселелерді баса айтып, жауапты басшыларға бірқатар тапсырма берді.
Туризмді дамыту - өңірдің экономикалық жағдайын жақсартып, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Өткен жылдың қорытындысымен аймақта туризм саласындағы нысаналы индикаторлардың орындалу көрсеткішінде оң динамика қалыптасқан. Салаға салынған инвестиция көлемі 20,7 млрд теңгені құрап, жоспар ойдағыдай орындалған. Дегенмен белгіленген меженің орындалу барысы төмен аудандар да бар.
Былтыр аймақта ішкі туристер саны 113 мың, сыртқы туристер саны 3980 адамға жеткен. Облыста 4195 орынға лайықталған 150 орналастыру жайы бар. Өңірдің туристік әлеуетін арттыру бағытында нақты шаралар қабылданып, сәуір айында Еуроодақ елшілері Сыр өңіріне арнайы келіп, инвестициялық мүмкіндіктермен танысты. Облыс әкімі бұл бағыттағы шараларды дамыту үшін әкімдерге бірқатар тапсырма жүктеді.
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің облыстағы бөлігінде 53 жол бойы қызмет көрсету кешені жұмыс істейді. Былтыр туристерге тартымды орындарда 17 санитарлық-гигиеналық торап талаптарға сәйкестендіріліп, күтіп ұстау шығындары мемлекет есебінен субсидияланған. Биыл 21 нысанға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілмек.
БЫЛТЫР 9 ОРМАН ӨРТІ БОЛДЫ
Күн тәртібіндегі екінші мәселе - орман өртінің алдын алу. Облыста мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 7 миллион гектарды құрайды. Өткен жылы осы алқаптарда 9 орман өрті тіркелген. Соңғы екі жылда орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Облыс әкімі әлі де болса нәтиже көңіл көншітпейтінін жеткізді.
Аймақ басшысы өрт бекеттерін қажеттілігіне қарай салуды тапсырды. Әрі елді мекендерді зерделей отырып, жақын орналасқан аумақтардың тиімділігін ескеру қажет деді.
Сайт - qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook - / qyzylordatv
Instagram - / qyzylordatv
Telegram - t.me/qyzylords_tv
Tiktok - / qyzylorda_tv

Пікірлер: 2
@AZAMAT-bc1dh
@AZAMAT-bc1dh 16 күн бұрын
Біздің аймаққа еліміздің азаматтары да келмейді, себебі менсінбейді, шетелдіктер адасып келмесе, көретін еш нәрсе жоқ!
@katyaaitzhanova6450
@katyaaitzhanova6450 16 күн бұрын
Кызыл орда облысында коретин жерлер Оте коп,бирак жол жагдайы нашар…….
Кадрлық ауыс-түйіс
2:08
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 994
Ескі көлік қаптай ма? «Талқы»
29:16
Khabar NEWS
Рет қаралды 107 М.
CAN YOU HELP ME? (ROAD TO 100 MLN!) #shorts
00:26
PANDA BOI
Рет қаралды 36 МЛН
КАКОЙ ВАШ ЛЮБИМЫЙ ЦВЕТ?😍 #game #shorts
00:17
Басты жаңалықтар 16.05.2024 | Жаңа уақыт
25:24
JIBEK JOLY NEWS / Жібек жолы жаңалықтары
Рет қаралды 66 М.
Қызылорданың әуежайы қандай?
5:21
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 515
ӘКІМДЕР АУЫСУЫ МҮМКІН БЕ?
4:01
Телеканал ТДК-42
Рет қаралды 31 М.
МҮЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕМЕЙ ЖҮРГЕН БАЙЛАР АНЫҚТАЛДЫ
4:26
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 47 М.