Турнир памяти Гурмана

  Рет қаралды 253

Ұлт футболы

Ұлт футболы

7 жыл бұрын

Қарашаның 27-сі күні Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің стадионында Қазақстан дене шынықтыру және спорт саласында еңбек сіңірген Александр Ильич Гурманды еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі бесінші турнир өтті. Оған 2006 жылы дүниеге келген жеткіншектерден құралған 8 команда екі топқа бөлініп қатысты. А тобында Еңбек, ФШМ, Спутник және Алтын Қарғалы сынға түссе, Б тобында СДЮШОР №2, Арыстан, Достық және Арсенал ұжымдары бақ сынасты.
Регламент бойынша матчтар қос таймда он-он минуттан ойналды. Өз тобында бірінші орынды иеленгендер финалдық кезеңге жолдама алса, тиісінше екінші орындағылар үшінші саты үшін талас жүргізді. Нәтижесінде, А тобынан сүрінбей шыққан Артем Борщевский жаттықтыратын Спутник ұжымы финалда Бейбіт Құлбеков баптайтын Арыстанды 1:0 есебімен тізе бүктіріп, жеңімпаз атанды. Ал үшінші саты үшін таласта Еңбек пен Арсеналдың жолдары түйісіп, мұнда соғылған жаупсыз қос голы арқылы алғашқысының бағы жанды.
Шараның марапаттау рәсіміне қазақ футболының ардагерлері мен Александр Гурманның таныстары, еңбек сіңірген жаттықтырушылар және достары да қатысты. Жас өрендер өздеріне табысталған сыйлықтарды Дәулет Тұрлыханов, Марат Бейсенғалиев, Михаил Гурман, Марк Гурман секілді елімізге белгілі тұлғалардың қолынан алды.
Қорытындысында үздік қақпашы болып Камал Нуредин танылса, үздік қорғаушы Әли Төкенов атанды. Сондай ақ жартылай қорғаушылардың арасынан оң бойы озық шыққаны Абылай Шентеміров болса, үздік шабуылшы Абдулмалик Үшкемпіровтің еншісіне жазылды. Ал турнирдің үздік ойыншысы атағы Артем Суржанскийге бұйырды. Одан бөлек, көрермен көзайымы номинациясына Ерхан Нәбиев қол жеткізсе, жас ойыншыға берілетін сыйлық Нұралы Тасмағамбетовке табысталды.

Пікірлер
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 10 МЛН
Osman Kalyoncu Sonu Üzücü Saddest Videos Dream Engine 118 #shorts
00:30
BRUSH ONE’S TEETH WITH A CARDBOARD TOOTHBRUSH!#asmr
00:35
HAYATAKU はやたく
Рет қаралды 34 МЛН
WHY DOES SHE HAVE A REWARD? #youtubecreatorawards
00:41
Levsob
Рет қаралды 31 МЛН
The Match That Made Ronaldinho Hate Lionel Messi
20:20
VSP7 FOOTBALL
Рет қаралды 63 М.
Мегасфера 2007 - Смена 2007
1:35:21
Академия начальной футбольной подготовки "Мегасфера"
Рет қаралды 316
Ұлт футболы 20
20:50
Ұлт футболы
Рет қаралды 2 М.
Германия - Испания в напряженном полуфинале ЧМ-2010
1:00
Советский Эксперт 2.0
Рет қаралды 582 М.
Mike Tyson not intimidated by Jake Paul at face off after antics!
0:48
Ronaldo Vs Other Players ☠️
0:42
Venix
Рет қаралды 27 МЛН
Goalkeepers Taking Penalties🤯🔥
0:30
Best Football Shorts
Рет қаралды 6 МЛН