БЕШБАРМАҚ - ұлттық тағам! ЕТ АСУ. Бешбармақтың қамырын илеу оны жаю

  Рет қаралды 140,373

Urbish Amir

Urbish Amir

2 жыл бұрын

Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы - қазақша ет немесе бешбармақ. Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер.
#бешбармақ #етасу #қамырауқат #бешбармак
Осыған орай табақ тарту - бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.
Құрамы:
Жылқы еті және қазысы
Пияз
Сәбіз
Картоп
Салқын су
Тұздығы үшін:
Сорпаның бетіндегі май
Пияз (ұсақтап туралған)
Қамыры үшін ( 1 зуалаға):
Жұмыртқа - 1 шт
Тұз - 1 а. қ.
Су - 1 шәй кесе
Қамыр илеу: • ҚАМЫР ИЛЕУ. Бешбармақ ...
Қамыр жаю: • ҚАМЫРДЫ ТЕЗ ЖАЮДЫ ҮЙР...
Инстаграм : urbish_amir?r=n...

Пікірлер: 222
@iymon8534
@iymon8534 8 ай бұрын
Мой сосед Казах и в моём области очень много казахов я горжусь с вами Казахы, мы росли с вами мои родные братья и сёстры Казахы, мы любим и уважаем вас менің Құрметті халқым қазақтар ✊☝️❤️👍👏🇰🇿🇺🇿
@kuralai27
@kuralai27 5 ай бұрын
Рахмет айналайын
@guleke0212
@guleke0212 2 жыл бұрын
Қолың дерт көрмесін,қызым! Даусың да сондай жағымды.Қазағымның бар қызы сендей пысық болсын!
@user-tt3xs6nw5z
@user-tt3xs6nw5z 10 күн бұрын
Рахмет екі шетін бірінші салатын болды
@user-lv3jv6rn4d
@user-lv3jv6rn4d 9 ай бұрын
Жаксыны багалау керек оте кажет дуние жастарга жарайсын!!!!!!!
@urbishamir
@urbishamir 9 ай бұрын
Рахмет
@iglikalkhamin6827
@iglikalkhamin6827 2 жыл бұрын
Керемет, ас болсын🤲👍
@uaerrr
@uaerrr Жыл бұрын
Керемет!!! Жарайсыз!!!
@mereyassan4864
@mereyassan4864 2 жыл бұрын
Аппетитно😍😍, ас болсын, өте жақсы түсіндірілген👏🏻👏🏻👏🏻
@user-wv2qv9yg9v
@user-wv2qv9yg9v Жыл бұрын
Катта рахмат кулингиз дард курмасин апа.
@Nishankul65
@Nishankul65 2 жыл бұрын
Керемет.Өте жақсы дайындалған
@user-cx4ex7zu3f
@user-cx4ex7zu3f 2 жыл бұрын
Жуда яхши тушунтириб бизнинг . Навоий вилояти. Конимех тумани аелларига ухшатиб пиширдилар
@shahnozshahnoz2240
@shahnozshahnoz2240 Жыл бұрын
Рахмет алла разы болсын.кушти
@user-pl4zj4wl9u
@user-pl4zj4wl9u 5 ай бұрын
Керемет түсіндіреді екенсің рахмет
@user-kf8kq5lh7z
@user-kf8kq5lh7z 2 жыл бұрын
Жарайсың. Керемет
@ashimbaevaaida988
@ashimbaevaaida988 2 жыл бұрын
Ракмет улкен бугінгі тамагам тәтті болды. Алла рахы болсын 😍😍😍
@zhibekbaigonys6773
@zhibekbaigonys6773 Жыл бұрын
Керемет 😍, құпиялармен бөліскеніңізге рахмет😘
@maryamsultan730
@maryamsultan730 Жыл бұрын
Өте керемет көп көп рахмет сізге
@tansholpannurzhanova1122
@tansholpannurzhanova1122 Жыл бұрын
Улкен рахмет!
@user-nv1th1tz3e
@user-nv1th1tz3e 3 ай бұрын
Сізге үлкен рахмет! 👍🏻
@user-fe4ot5nb3d
@user-fe4ot5nb3d 3 ай бұрын
Алла разы болсын... Жегім келіп кетті ғой демеймін-осыны көрсін,білсін деп ата-бабамыздың үлгісін дәріптеуіңізге разымын. Бір қарағанда оңай болуы мүмкін-түбінде зор мағына ,танымдық үлгі көш соңындағыларға. Ұрпағымыз-бай-қуатты болсын осы Ас Адам Арқауы болса,бұл видеоны көргендер салиқалы ұрпағымыздан болса екен(әминь)
@user.for-work
@user.for-work 10 ай бұрын
Керемет! Жарайсың!
@ruslannasurlaev9327
@ruslannasurlaev9327 Жыл бұрын
Керемет 😋😍💐
@almatynarynkol4718
@almatynarynkol4718 6 ай бұрын
Күшті шықты ❤
@Dinara_Mussabayeva92
@Dinara_Mussabayeva92 Жыл бұрын
Жаным кандай керемет адам пысрып жаткан❤дауысы сойлеу манерасын озыме катты уксаттым❤
@Katya-rj3yy
@Katya-rj3yy Жыл бұрын
Казак женем бар,абдан тамактары даамдуу, Аллахым колдосун 🤲 казак Бир туугандар.дайым дастарханыбыз токчулук болсун, ыйман ынсаптуу кыздар балдарды такыба инсандарыбыз кобойо берсин 🤲
@combatsambo8495
@combatsambo8495 2 жыл бұрын
Супер!
@user-tz1re5lk4u
@user-tz1re5lk4u 2 жыл бұрын
ас болсын
@user-fz9he2jv1n
@user-fz9he2jv1n Ай бұрын
Оте керемет! Тамаша тусiндipiлген.
@user-xh2rs5ey1i
@user-xh2rs5ey1i 6 ай бұрын
Рахмет❤
@user-nf4vf7ks8t
@user-nf4vf7ks8t 2 жыл бұрын
Ет деген өте керемет тағам ғой'шіркін...Ас болсын😋😋
@user-og5zr9hq5s
@user-og5zr9hq5s 4 ай бұрын
Рахмет сізге❤
@user-ng3wv5fj7g
@user-ng3wv5fj7g 4 ай бұрын
Керемет ❤
@user-wd8pr1qi2f
@user-wd8pr1qi2f 2 жыл бұрын
Көрінісі өте әдемі екен ісі мұрныма келді өзіде дәмді болса керек.
@user-et2jf4nv2d
@user-et2jf4nv2d 2 жыл бұрын
Бәрекелді! Алла разы болсын! Осындай қазағымның келіндері мәңгі көбейе берсін! Өсіп-өне беріңіздер! Сіздей иманды, тәбиелі, парасатты жары бар бауырымыз, сіздей келіні бар Ата-енеңіз, айналаңыз неткен бақытты!!! Алла тіл-көзден сақтасын! Баршаңызға Алла нұрын төксін! Әумин!!! Р. S. Көптеген пайдалы, әсіресе ас үй тақырыбында видеолар күтеміз!
@sunrisesunset1863
@sunrisesunset1863 Жыл бұрын
Керемет👍шығыста осылайша асқан етті кесегімен салады табаққа. Сосын дастарханда еркек адамдар турайды. Мархум әкеміз турайтың ...
@user-tb7iu3gd6z
@user-tb7iu3gd6z 2 жыл бұрын
Керемет
@doramaone
@doramaone 2 жыл бұрын
Уаау куштыы бугын жасап коремын😍
@bibinurkhalmanova3053
@bibinurkhalmanova3053 10 ай бұрын
Машааллах, астарыңыз дәмді болсын!!!Жұмыс бабымен басқа бір шет елде тұрамыз. Соңғы күндері жылқының етінен бешбармақты қатты сағынып, аңсап жүрмін😀 жынды адамға ұқсап ютубқа кіріп осы видеоны қарап мауқымды басып отырмын, қазақтың дәміне жетпейді ғой шіркін 🤤🤤🤤🤤 лайфхактарыңыз да өте керемет, білім садақасымен бөліскеніңізге Алла разы болсын!!!!
@user-jm7bz5dg2f
@user-jm7bz5dg2f Жыл бұрын
Сөзіңіз бен ісіңіз бір біріне сай болып тұр керемет 👍, ет асқалы жатыр едім, видеоролик пайдалы болды, рақмеет ❤️
@-..8658
@-..8658 2 жыл бұрын
Барі керемет сорпасы адемі. Қамырға сол сорпамен илегенде. Ням ням.
@Aya-ty3cl
@Aya-ty3cl Жыл бұрын
😍😍😍жегім келіп кетті гой
@user-pz3od2cg9x
@user-pz3od2cg9x Жыл бұрын
Ассалаумагалеикум дал осылаи бирак сабиз коспаимыз
@madinaturdiboeva1966
@madinaturdiboeva1966 Жыл бұрын
O'zbekistondan salom super
@sharbanu4021
@sharbanu4021 Жыл бұрын
Қамырын сорпаға илейтіндер бар. Сонда наны сондай жұмсақ болады керемет
@user-bs8ok5ue5n
@user-bs8ok5ue5n 2 ай бұрын
Бизде Каракалпакстанла осылай писиреди,сабиз салып
@Super001_
@Super001_ 20 күн бұрын
Керемет оңайдан түсінуге болады
@user-kg8qf9lc6d
@user-kg8qf9lc6d 2 жыл бұрын
Даусы, түсіндіруі, жағымды. Әрбір азаматтың жары осындаи ақылды пысық болсын,енесінің де көңлі тоқ болады.
@user-eg5dk8lg6v
@user-eg5dk8lg6v 2 жыл бұрын
Өте керемет.Алла разы болсын сізге.
@user-xz9pu5bv5y
@user-xz9pu5bv5y 2 жыл бұрын
Туздыкка бурыш косса дами керемет болады
@user-nc3ef3qt4q
@user-nc3ef3qt4q 8 ай бұрын
Ең құрметті асымызды бешбармақ деп мазақтауға жол берме, шырағым --не деген түсінігі төмен адамсың
@guleke0212
@guleke0212 2 жыл бұрын
Ет асу деп қазақша атайық! Бешбармақ орыс сөзі.
@justdoit.2220
@justdoit.2220 Жыл бұрын
Қумай отыршы, бешбармақ қазақ сөзі
@user-jp2cv8gw8c
@user-jp2cv8gw8c Жыл бұрын
Бешбармак орыс сози?! Мынау жынды екен!
@user-en9rh9mf5c
@user-en9rh9mf5c Жыл бұрын
@@user-jp2cv8gw8c негізі қазақта бешбармақ деп аталмайды ет тамақ немесе ет асу деп аталады!
@nazektur6978
@nazektur6978 Жыл бұрын
Қайдағы орыс сөзі? "Бешбармақ" сөзі "бес,бармақ" сөзінен шыққан.
@user-qi9oq6vc5z
@user-qi9oq6vc5z Жыл бұрын
@@justdoit.2220 бармақ біреу, саусақ дейміз, сонда етті бармақмен жейміз бе?
@user-de9so6qt4i
@user-de9so6qt4i Жыл бұрын
Тұздықды қайнатпаған жақсы, басқасы керемет 🤘
@user-bs8ok5ue5n
@user-bs8ok5ue5n 2 ай бұрын
Бизде туздыкты кайнатамыз
@user-yw7ef8oy6u
@user-yw7ef8oy6u Жыл бұрын
Ас болсын, керемет
@urbishamir
@urbishamir Жыл бұрын
Рахмеь
@user-xt6ng9xk3h
@user-xt6ng9xk3h Ай бұрын
Керемет ҚАЗАҚША
@user-tx9xq4rh7n
@user-tx9xq4rh7n Жыл бұрын
Сау бол
@user-tp8wb2rn4v
@user-tp8wb2rn4v 2 жыл бұрын
👍🏻😘
@Uitagamdari
@Uitagamdari 2 жыл бұрын
👍👍👍👍👍
@gulnarsypa4102
@gulnarsypa4102 11 ай бұрын
Тамаша
@user-ss5cs2cl8h
@user-ss5cs2cl8h Жыл бұрын
Қазақша ет, бешбармақ помидор/ қызанақ/ мүлдем артық!
@user-fg7uz9wy5e
@user-fg7uz9wy5e Жыл бұрын
Сәбіз салмасын
@darajanka9342
@darajanka9342 Жыл бұрын
НАН ШӘУЛІ ДЕЙДІ БІЗДЕ ҚАЗЫҒҰРТТА
@user-dg4vf4tb1g
@user-dg4vf4tb1g 11 ай бұрын
❤❤
@Angel57946
@Angel57946 10 ай бұрын
👌👍🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔝
@user-tx4jw7vs5g
@user-tx4jw7vs5g Жыл бұрын
О, БЕСБАРМАҚ!
@lauiag3371
@lauiag3371 Жыл бұрын
🤩
@nazerkeeeee
@nazerkeeeee Жыл бұрын
өмірімде ет асып көрмегенмін,уйде ешкім жоқ жасап көрейін деп жатырмын, бірақ именно калай былемын бырақ все таки көріп алайын деп тұрмын)
@akbarshoh8522
@akbarshoh8522 Жыл бұрын
7 йилдан бери нукусда яшайман кушнилари мехмонга борсам мазза килиб йейман кулингиз дард курмасин синглим
@user-tj9fs7tq4c
@user-tj9fs7tq4c 2 жыл бұрын
Менде қатты қылып илеймін
@user-sf4fn2xc7d
@user-sf4fn2xc7d 2 жыл бұрын
Сиздің рецептпен жасадым бірінші рет омиримде 😃 Дәмді 👍😍😍😍
@urbishamir
@urbishamir 2 жыл бұрын
Өте қуаныштымын😌
@amanjolkabylbek2429
@amanjolkabylbek2429 2 жыл бұрын
Дениниз сау болсын. Осылай казакша сойлеп журе бериниз. Коп казактын катындары орысша сойлеп видео тусиреди.
@user-eu6ce5hl1u
@user-eu6ce5hl1u Жыл бұрын
🍅🥕коспаган дурыс...еттин сорпасынын дамин озгертип жибереди...
@karlygashbekeeva3012
@karlygashbekeeva3012 2 жыл бұрын
Коре алмайтындар коп екен.Арким озинше писиреди гой. Урбиш-Бари Керемет. Сенин рецептинмен-оте ынгайлы.
@user-kg8qf9lc6d
@user-kg8qf9lc6d 2 жыл бұрын
Неге олаи оилаисың? Мүмкін,сын аитылып жатқан шығар. Етті қазанға жумаи салуға болмаиды. Меилі мұздатқышта тұрса да.
@karlygashbekeeva3012
@karlygashbekeeva3012 2 жыл бұрын
@@user-kg8qf9lc6d Муздаткышка жуып ,сосын салган шыгар.... Ол да Жынды емес шыгар? Айтеур Мин табу КЕРЕК. Урбиш СИЯКТЫ дайындап алындар алдымен. Сендерди корсетиндер. Отырып алып-былшылдай бермей.
@user-kg8qf9lc6d
@user-kg8qf9lc6d 2 жыл бұрын
@@karlygashbekeeva3012 Бәрі бір жуып салса жақсы болар еді, жақсы болмақ түгілі нүр үстіне нүр болар еді. Енді, Үрбіштің даусы, сөз саптауы, даиындаган тамағы маған да ұнаиды. Әр бір азаматқа, әр бір ұлы бар анаға осындаи жар,осындаи келін нәсіп етсін. (Көре алмау, былшылдама)деген сөзіңе келсек, таза жұректен таза ои шығады, іріген ауыздан шіріген сөз шығады екен. "Қазанға етті жумаи салдың "деген жаман сөз ба? Ол сөзде ешқандаи көре алмаушылықтың белгісі жоқ. Көрінініп тұрған нәрсені аиту көре алмаушылыққа жатпаиды. Бірінші сөзді терең ұғып, түсініп алып одан кеиін ұрысқа даиындал.
@karlygashbekeeva3012
@karlygashbekeeva3012 2 жыл бұрын
@@user-kg8qf9lc6d Сонда Сиз таза журек,ал Биз Ириген болып турмыз гой? Показуха жасай берменизши ия? Или Иш пыстыма?
@karlygashbekeeva3012
@karlygashbekeeva3012 2 жыл бұрын
Жазбанызшы маган.Мияу екенсиз теги😡
@adildosset9596
@adildosset9596 8 ай бұрын
Ет деген Казактар
@user-dx3lr2kn7c
@user-dx3lr2kn7c 2 жыл бұрын
🤗🤤🤤🤤
@user-tt1tb7hm3o
@user-tt1tb7hm3o 2 жыл бұрын
Өте тамаша дайындалған! Түсіндіруі де керемет! Бесбармақтың иісі мұрныңды жарады.Өте дәмді, түрінен көріп айтуға болады.Үрбіш, бәліштерді де осылай түсіндірсеңіз.Каналыңыздың жазылушылары көбейе берсін.Қолыңыз дерт көрмесін.
@urbishamir
@urbishamir 2 жыл бұрын
Рақмет үлкен
@user-hc6wk6jz5z
@user-hc6wk6jz5z Жыл бұрын
Спасибо вам за такое видео мне очень понравилось ваше видео вы так приятно Объясняете что как делать очень много лаф харьков узнала спасибочки🥰колдарыныз дерт кормесын🤲🏻🥰
@urbishamir
@urbishamir Жыл бұрын
Рахмет
@user-ob9vl2fz6x
@user-ob9vl2fz6x 11 ай бұрын
Ети аз гой
@user-pu4ew8yv7y
@user-pu4ew8yv7y 11 ай бұрын
Баріде жақсы шықты сабіз салғанды балам жақсы көрет. Ақтауда етке бидай ма арпама салып салып асады екен. Нанымен бірге түсіреді,бірінші көріп таң қалғанмын.ондайды көрдіңіздерма.мен жей алмадым,өздері жеп алды.
@user-tb7iu3gd6z
@user-tb7iu3gd6z 2 жыл бұрын
Шолпы,шөміш,кепкер.сүзекі.ожау бәрі тамаша.
@darajanka9342
@darajanka9342 Жыл бұрын
Нан шәулі дейді бізде Қазығұртта
@saibolatsyrtai2747
@saibolatsyrtai2747 Жыл бұрын
Қалай айтса да осы кісінің үлгісі бәрінен артық болып тұр, дұрыс айтатын сендердікінен де...😁🤣
@user-si9je3fd3m
@user-si9je3fd3m Ай бұрын
Назира деген қазақтың асылған етін асамық деп атайтын болыпты жаңадан амық деген бешбармақтанда керемет болды. Қазақта не деген ақылдылар көп сұмдықай. Тек Назира ғана жетпей отыр екен. Бәрінен асып түсті. Мен бешбармаққа қарсымын. Қазақта ондай сөз де тамақ та жоқ. Бармақ тек аяқта ғана болады. Қолда саусақтар. Масқара болғандарың аз ба есалаңдар небір сөзді тауып басқа елдер көтін ашып күлетін болды. Өткенде өзбектер сахнадан қазақтар Имағали имеке, саке, маке, Аманғалиды қалай айтады деп сұрап жатыр сонда өзбек айтады оны айтуға болмайды айта алмаймын деді.
@user-rt3ok3zw1c
@user-rt3ok3zw1c 2 жыл бұрын
Сау болшы,шолфы деп бізде (қарақалпақта)балық аулайтынды айтады,сүзгіш дид бізде.молодец күшті,видеоңды қарап рахаттандым,лайк
@user-pi7ly7hz5h
@user-pi7ly7hz5h 2 жыл бұрын
Бизин жакта сәбиз салмайды
@helloworld1344
@helloworld1344 Жыл бұрын
Нан шалғы деп те айтады оңтүстікте
@user-xk8bk5zh8m
@user-xk8bk5zh8m Жыл бұрын
Ассалому алейкум турменчададем чолпы дийилер.
@raikhandakenova3486
@raikhandakenova3486 2 жыл бұрын
Қазыны қайнаған соң салған дұрыс
@mariaevanova923
@mariaevanova923 Жыл бұрын
туздыкка кара бурыш салу керек
@user-yc1vr6yn7c
@user-yc1vr6yn7c Ай бұрын
Еттин нанын суга илейди ..бесбармак демей ет деу керек..
@user-ny5ts9mo5m
@user-ny5ts9mo5m 2 жыл бұрын
Камырдын тузы ашшы болган шыгар.
@user-pu4ew8yv7y
@user-pu4ew8yv7y 11 ай бұрын
Памидор ,сабіз жолда қалады.
@gugamega529
@gugamega529 Жыл бұрын
бизде камырды болмей салады туздыкка кара бурыш косады
@ulanbekartykbaev4633
@ulanbekartykbaev4633 Жыл бұрын
Беш бармак кыргыздыкы бес саусак десенер
@meilkanjumabekova6061
@meilkanjumabekova6061 Жыл бұрын
Камырды чыгараардын алдында чыйрыктырыш керек т.е бир стакан муздак суу куюп анан чыгарыш керек ошону чыйрытыруу деп аталат
@user-th1iy8bk9t
@user-th1iy8bk9t 3 ай бұрын
Түф жұмыстан автобуспен келе жатр едім 😊😊😊
@alma.kunanbaeva6281
@alma.kunanbaeva6281 9 ай бұрын
Етты саларалдында жумадын
@tocabocalite834
@tocabocalite834 2 жыл бұрын
Мен ет піскеннен кейін етті бәрін бөлек алып, сорпасын сузіп басқа ыдысқа құйып содан кейін қамырды саламын. Әйтпесе ішінде майда шуйде суйектер қайнағанда астында қалуы мумкін
@tocabocalite834
@tocabocalite834 Жыл бұрын
@@user-ro4vo1dk1q Шымкент
@user-jd3cm7tu2u
@user-jd3cm7tu2u Жыл бұрын
Менде етті сүзіп алғасын,обезательно сорпаны сузип алам,әйтпесе астында майда суйектер болады, сосын камырды саламын.
@user-lg3pe8sl7p
@user-lg3pe8sl7p Жыл бұрын
​@@user-jd3cm7tu2u
@user-yc1vr6yn7c
@user-yc1vr6yn7c Ай бұрын
Етке сабиздин кереги жок..
@user-nc3ef3qt4q
@user-nc3ef3qt4q 8 ай бұрын
Етке нан илейді, нан салады, немесе етнан деген дұрыс болады ғой деймін
@user-fp8oo3ps9z
@user-fp8oo3ps9z 2 жыл бұрын
Бармак- улкен саусак. Адамда бес улкен саусак жок. Бесбармак деген соз жок. Ол дурыс емес. Ет асу деген дурыс.
@anime_lesov
@anime_lesov 4 ай бұрын
Қамыр қанша минут піседі
@user-qi9oq6vc5z
@user-qi9oq6vc5z Жыл бұрын
Бір қолда бес саусақ бар дейміз, әр саусақтың аты бар. Бармақ біреу, сонда қалғаныда бармақ деп атаймыз ба? Қазақ ет асу деген.
@user-ge2cy2dw1w
@user-ge2cy2dw1w 2 ай бұрын
Коймайд екенсиз сизде казбалап
@user-od7ic6dx5w
@user-od7ic6dx5w 2 жыл бұрын
Сәлеметсіз бе әпке бешбармақтың қамырының қалыңдығы қалай болпды? Жұқа немесе шамалы қалындау болады ма?
@urbishamir
@urbishamir 2 жыл бұрын
Қалың емес! Жұқа етсеңізде болады! Егер көп адамға істесеңіз жұқа жаймаңыз, бар қамырды салып бітем дегенше 1-ші салғандарыңыз тез пісіп езілуі ықтимал. Мен көбіне жұқа жаямын бар жоғы 4 адамға жасаймын
@user-zt8je1zg9z
@user-zt8je1zg9z Жыл бұрын
Туу, бір адамның тәбетін ашып, ал енді не болды ет жоқта бесбармақ жегім келіп кетті.
@urbishamir
@urbishamir Жыл бұрын
Кеширим сураймын😉
@SamsungA-zh6uo
@SamsungA-zh6uo 2 жыл бұрын
Зуала деген қай жактын сөзи
@urbishamir
@urbishamir 2 жыл бұрын
Оңтүстік
@user-uj4nh3nr6j
@user-uj4nh3nr6j 2 жыл бұрын
Шымкетски🤤
@QAZAQ_tar_ne_zhidi
@QAZAQ_tar_ne_zhidi Жыл бұрын
Ет дегенде бет барда
@user-je8cw6vw3m
@user-je8cw6vw3m Ай бұрын
Казакша ет деп жазбаисызба матинди😊
Айттыңба - істе ! | Synyptas 3 | 7 серия
21:55
kak budto
Рет қаралды 1,5 МЛН
Қазақтың ұлттық тағамы-Бешбармақ / Ене мен келіннің ет асуы
14:46
Ене мен келін тағамдары
Рет қаралды 3,4 М.
Табақ тарту және ет жіліктеу дәстүрі
6:23
Т.Жүргенов атындағы No123 мектеп-лицей
Рет қаралды 16 М.
Бешбармак. Beshbarmoq tayyorlash .
14:57
Домашняя кулинария с Муштари
Рет қаралды 672 М.