Қатты қиналғанда оқылатын дұға 100 рет

  Рет қаралды 133,860

Дұғалар мен сүрелер

Дұғалар мен сүрелер

Күн бұрын

Қатты қиналғанда оқылатын дұға
لاَ اِلَهَ اِلاَّ اَنْتَ سُبْحَانَكَ اِنِّى كُنْتُ مِنَ الظَّالِمِينَ
Оқылуы: «Лә иләһә иллә әнтә. Субханәкә, инни кунту миназ-залимин».
Мағынасы: «Сенен басқа Тәңір жоқ. Сені кемшілік атаулыдан пәктеймін. Расында, мен өз-өзіме зұлымдық етушілерден болдым».
Құранда адам баласының әлсіз жаратылғандығы айтылады. Ауырса шипаға, қиындыққа ұшыраса қорғанға, құтқарушыға, қарызға батса, ақшадан тарықса байлыққа, қателессе тәубеге мұқтаж. Және мұның бәрі де адамға уайым-қайғы сыйлайды. Жүрегінің тыныштығын алады. Ал ой мен жүрек тыныш болмаса, барлық нәрсенің берекесі қашады.
Мұсылман сондай бақытты жаратылыс! Ол кез келген қиындықта қолын жайып, бойсұнып Алладан сұраса, мұқтаждығы өтеледі. Өйткені, Алла - адамға Қамқоршы, Жауап қатушы, Сый Беруші, Қайыр есіктерін ашушы, Ризық Беруші, Шипа Беруші, Сақтаушы, Көмектесуші, Амандық Беруші.
Сондай-ақ Алла Тағаланы еске алып, дұға жасау - жан-тәннің шаршағанын басып, көңілді жайландырады, уайым-қайғының, қорқыныш пен күдіктің қою бұлты сейіледі.
Дұға - мұсылманның қаруы, құлшылықтың өзегі. Алла қолын жайып сұраған пендесін бос қайтаруға ұялады. «Мен жауапты ойлап, уайымға салынбаймын, өйткені, менің ісім - Оған дұға жасау. Егер маған дұға жасау бұйырылса, жауап та онымен бірге келеді» деген екен Омар ибн әл-Хаттаб. «Алла Тағала сені сынаса - үніңді естігісі келгені, ал дұға жасауға мүмкіндік берсе - жауап бергісі келгені». Ендеше, қиындықтарыңды дұға деген қарумен жеңіп шық!
Қиындықтағы мұсылманның бірінші амалы
«Мықты діндар, Алла алдында әлсіз діндардан жақсы әрі Аллаға сүйкімді, дегенмен екеуінде де хайыр (игілік) бар. Өзіңе пайда әкелетінге талпын да, әлсіз болмай Алладтан көмек сұра. Егер саған бір қайғы келсе: «Әттеген-ай осылай да осылай істесем еді..» - деме, бірақ: «Бұл Алланың жазмышы, Алла қалағанын істеді», - де. Өйткені «егер де..», деген сөзің шайтанның ісіне жол ашады» (Муслим)
Дұғаңды Алланың көркем есімдерімен жаса!
Алланың көркем есімдерімен дұға жасаған адамның дұғасының қабыл болу мүмкіндігі жоғары. Мәселен, ризық сұрағысы келген адам «Я, Раззақ!», шипа сұрағысы келген «Я, Шәфи», көмек сұрағысы келен «Я, Насыр» деп сұрайды. Хадисте, әл-Қайиум», «әл-Хайю», «Зуль-жәләли уә әл-Икрам» есімдерімен дұға жасаудың абзалдығы айтылады: «Аллаға әрдайым және жиі мына сөздермен дұға жасаңдар: «Я, ұлылық пен жомарттық Иесі…» (Зуль-жәләли уә әл-Икрам) (Тирмизи).
Қайғыға тап болып, осы дұғаны айтқан адамға одан да қайырлы нәсіп болады!
Мүміндердің анасы Умм Салам (оған Алла разы болсын) былай деді:
Мен Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер Алланың құлдарының бірі қайғыға тап болып:
«Расында, біз Аллаға тиесіліміз және Аллаға қайтарыламыз! Я, Алла, мені қайғымда сауапты ет те, маған одан жақсысын бер!» /Инна ли-Лаһи уа ина иләйһи ражиъуна! Аллаһумма-журни фи мусыбати уа хлюф ли хайран минха!/, - десе Алла Тағала міндетті түрде оның қайғысы үшін сауап жазады және оған (айрылғанының) орнына одан да жақсысын береді», - деді. Әбу Салама өлген кезде, мен Алланың елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айт дегенін айттым, сонда Алла оны маған одан да жақсысымен ауыстырды - (яғни) Алланың елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) (Муслим).
Қарыздан құтылғысы келген адам мына дұғаны оқысын!
Бiр күнi Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мешiтке кiрген бетте Әбу Умәмә есiмдi ансарлардан болған бiр кiсiні көрiп, оған: «Ей, Әбу Умәмә, сенi намаздың уақытынан тыс кезiнде мешiтте мына күйде отырғаныңды көретiндей не жағдай болды?» деп сұрағанында, ол: «Я, Расулуллаһ! Бұған себеп басымдағы қарызым мен күйзелiсiм» деп жауап бердi. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «(Олай болса) таңертең және кешке (Алла Тағаладан): «Я, Тәңiрiм! Күйзелiс және қайғыдан, әлсiздiк пен жалқаулықтан, қажырсыздық пен сараңдықтан, қарызға бату мен адамдардың ашуынан өзiңнен пана тiлеймiн)» деп дұға ет дедi. Осы оқиғадан кейiн Әбу Умәмә былай дедi: “Мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқанындай қылдым. Алла Тағала уайымдап, абыржығанымды кетiрiп, қарызымды өтеуiмдi нәсiп еттi. (Әбу Дәуіт).
Дұғаның оқылуы:
Аллаһумма! Инни әъузә бикә минәл-һамми уәл-хузни, уә әъузә бикә минәл-ъажзи уәл-кәсәл, уә әъузә бикә минәл-жубни уәл-бухл, уә әъузә бикә мин ғоләбәтид-дайн, уә қаһрир-рижәәл.
Қарыздан құтылу үшін Алладан көмек сұрайтын басқа да дұғалар:
«Я, Алла! Мені хәлал еткен нәрселерің арқылы харам еткен нәрселеріңе жүгінуден сақтай гөр, әрі Өз кеңшілігіңмен мені Өзіңнен басқаларға мұқтаж етпе!»
«Аллаһуммә, кфи-ни би халәликә ‘ан хәрамикә уә әғнини би фәдликә ‘аммән сиуәк!»
«Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сарандық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығы мен адамдардың қыспағынан Өзіңе сиынамын!»
«Аллаһуммә, инни ә’узу бикә минәл һәмми уәл-хәзәни, уәл-’ажзи уәл-кәсәли, уәл- бухли уәл-жубни, уә долә’и-д-дәйни уә ғаләбәтир-рижәл» (Бұхари).

Пікірлер: 458
@АйнурЕрназарова-ы1в
@АйнурЕрназарова-ы1в Жыл бұрын
Юнус пайғамбар Киттің ішінде жатқан уақытта айтқан дұғасы. Осы дұғаны айтып киттің ішінен тірі шыққан екен. Алла ұлық. Барлық дұға тілектерімізді естуші, өзіне құлшылық қылғанды жарылқаушы. Алла баршаңызға екі дүниенің де бақытын нәсіп етсін! Ақырет күні амал дәптерімізде сауабы көп амалдар болсын! Алла жар болсын!
@ЖумагульКасымова-и4г
@ЖумагульКасымова-и4г Жыл бұрын
Амин! Алла қалауыңызды берсін! Аман да сау болайық!
@ЖулдызайСамбетова
@ЖулдызайСамбетова Жыл бұрын
Әумин,Алла жар болсын!
@АйгеримАбидоллаева
@АйгеримАбидоллаева Жыл бұрын
Аумин
@Назгуль-н2м
@Назгуль-н2м Жыл бұрын
Әумин!
@jasikshamshirkhanov4735
@jasikshamshirkhanov4735 Жыл бұрын
Әмин)
@АйнурДаниярова-х8к
@АйнурДаниярова-х8к 6 ай бұрын
Алла разы болсын, барлық тыңдап отқан жандар қарыз кредиттерінен оңай құтылсын, табысттары артсын. Әмин, әмин әмин
@Салтанат-ц1б
@Салтанат-ц1б 5 ай бұрын
Аумин🤲🤲🤲
@МарямСериккали
@МарямСериккали 5 ай бұрын
Әмин🤲
@aumnyr
@aumnyr Ай бұрын
Әумин 🤲, айтқаныңыз келсін!
@shamshiakulzhanova9665
@shamshiakulzhanova9665 Жыл бұрын
Оқыған дұғамыз қабыл болсын Тілеген тілектерімізді қабыл ете гор. Амин
@kerey_kyz
@kerey_kyz 10 ай бұрын
Отбасымды тіл көзден сақтай гөрші Аллаһым!😢Жалбарынып сұраймын сенен жаратқан!
@Раиса-д7я
@Раиса-д7я 9 ай бұрын
ИЯ,АЛЛА ЖУРЕГИМЕ ТЫНЫШТЫК БЕРЕ КОРШИ АЛЛА,КАТТЫ КИНАЛЫПКЕТТМ😢.БАРЛЫК УАЙЫМДАРММЕН КИЫНШЫЛЫКТАРЫМНАН КУТКАРА КОРШИ.😪🤲🤲🤲❤ОЗИНЕ ГАНА АЛАКАНЫМДЫ ЖАЙЫП ТИЛЕИМИН АЛЛА УЛЫКСЫН. АМИНЬ АМИНЬ,АМИНЬ🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲❤
@AygulAygulova-ff3mq
@AygulAygulova-ff3mq Жыл бұрын
Уа Аллаһым 2қызымды Бәле жаладан жамандық Атауыннан сақтай гөр Жалынып сұрайм тек абырой бер қыздарыма Жақсылық бер бақытты өтіуін нәсіп етші Аллаһым балалық шақтарында Имандарын күшейт салихалы Амалдар жасап жүріуін нәсіп еткейсің Аллаһтың сүйікті құлы болуын нәсіп еткейсің Аллаһтың жолында тек бес уақыт намазға беріліуін Аллаһым нәсіп еткейсің Амин Амин Амин
@ЭлмираАккулова-в4у
@ЭлмираАккулова-в4у Жыл бұрын
Жаратқан Алла жар болсын 🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏 Осы оқылған дұғаны Қабылетшы
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж Жыл бұрын
✋Əссəлəму ьалейкум ! Видеоны бөлісіңіз🔁 Лайк басып, Пікір қалдырыңыз⤵ Ескерту: Біздің арнадағы Бейнероликтердің тақырыптары Расыменде Өз өміріңізге әсер еткенің қаласаңыз, Ең бірінші тақуалықты ұстансаныз екен! Күнде тастамай осы Құран сүрелерің оқып жүріңіз, Сүрелер себеп қана, қабыл етуші, жүзеге асырушы Алла Тағала!
@МейрамкулЖалгасбаева
@МейрамкулЖалгасбаева Жыл бұрын
@@Дұғаларменсүрелер-ю5ж о5щ
@РозаЖұмағазиова
@РозаЖұмағазиова 8 ай бұрын
Бір Аллам оқып жатқан адамға Алла разы болсын Бір Аллам бойымды қорқыныш үрей өкініш басып кетті Жан дүниеме тыныштық берші Бір Аллам
@jannamirzabekova5822
@jannamirzabekova5822 16 күн бұрын
Аллам жеңілдігін берсін 🤲
@Аудиокітап-я4б
@Аудиокітап-я4б Ай бұрын
Қыйналып жүрмін, мол жеңілдігіңді берші, Аллам
@ГульнарЖумашева
@ГульнарЖумашева 13 күн бұрын
Алла жеңілдетсін қыйналмаңыз
@АкжаркинКалдиев
@АкжаркинКалдиев 6 ай бұрын
Аллатағалам оқылған құран қабыл болсын!Отбасыма амандық ауызбіршілік көз тілден сақтасын қарыз кредиттен құтылуды нәсіп етсін балам үйлі болсын!Жақсы күндеріміз көп болсын!
@ЖамалКусалиева
@ЖамалКусалиева Жыл бұрын
Құдіреті күшті Аллам Бағытжан баламның жолын аша гөр Жаман әдеттен маскүнемдіктен сақтай гөр Өтініш Аллам Балама Адал сүт емген Иманды жар нәсіп ете гөр Өтініш Абырой бер Аман сақта Ұл Қыздарымның табыстарын берекетті Риздық несібелерін арттыра гөр Аллам Өтініш Әминь Әминь Әминь
@salamatkurmanaliuly859
@salamatkurmanaliuly859 Жыл бұрын
Алладан басқа Тәңір жоқ. О Алла тура жолға сала көрші, жамандықтардан сақтай гөр Аллам! Отбасымның, елімнің, жерімнің амандығын тілеймін. Оқылып жатқан дұғамыз қабыл болсын.
@JansaYakia697
@JansaYakia697 Жыл бұрын
Сонгы мумкындык берсыншы Аллам маган,енды кайталанбаймын жыберген кателыгымды
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж Жыл бұрын
Алла жеңілдігін берсін! Алла ұлық! Ешбір пендесін жамандыққа қимайды. Аллаға тәубе етіп, кешірім сұраудан тоқтамайық. Алла жар болсын!
@АйнурЕрназарова-ы1в
@АйнурЕрназарова-ы1в Жыл бұрын
Мейірімі шексіз раббым өзі жар болсын. Алла жеңілдігін берсін.🤲🤲🤲🤲
@Айгуль-у7ы
@Айгуль-у7ы 6 ай бұрын
Аллахым тығырықтан шығатын жол көрсетші карыздан кутыламба екен әмин
@AygulAygulova-ff3mq
@AygulAygulova-ff3mq Жыл бұрын
🙏🙏🙏🤲🤲🤲🤲🤲барлықтарыңыздың тілектеріңіз Аллаһтың Құзырында қабыл болсын Аммн Амин Амин
@Ereke.3d
@Ereke.3d Жыл бұрын
Бауырым бари отип кетеди Бул проблеманда шешиледи Алла каласа Азгана сабыр С А Б Ы Р
@zeinep1658
@zeinep1658 Жыл бұрын
Е.Аллахым шаңырағымның тыныштығын, балаларымның амандығын, ырыс несібесізді арттырып ,өз баспанамызды нәсіп ете гөр
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж Жыл бұрын
Әумин 🤲
@ЭлмираМухабаева
@ЭлмираМухабаева Жыл бұрын
Аумин
@salamatkurmanaliuly859
@salamatkurmanaliuly859 Жыл бұрын
Әумин!
@ДильфузаБатырова-м6н
@ДильфузаБатырова-м6н Жыл бұрын
Аумин
@AygulAygulova-ff3mq
@AygulAygulova-ff3mq Жыл бұрын
Амин Амин Амин
@КарлыгашНурымбетова-с7о
@КарлыгашНурымбетова-с7о Жыл бұрын
Аллахым мені кешіре гөр🙏🙏🙏Менің отбасыма тыныштық бере гөр Куйеуімнің көңіліне тыныштық бере гөр🙏🙏🙏🙏
@БалжанЖанжигитова-ы5я
@БалжанЖанжигитова-ы5я Жыл бұрын
Оо,Жаратушы Аллам . Бир озин жар болып ,балам Акрам аман есен жазылып уйге бала шагасынын касына келсе екен. Жараткан Аллам баламнын жолын ашып,келиним,немере бари бас косып,бакытты гумыр кешуне насип ете гор. Балаларыма имандылык,акылдыдык бере гор . Анама,бала шагама,туган туыс,бауырларыма амандык ,денсаулык бере гор Жаратушы Аллам. Билип истеген,билмей истеген куналарымызды кешире корши .Аумин .Осы тилеген дугамды кабыл ете корши Аллам.Аумин
@КулайшаМамекова
@КулайшаМамекова 2 ай бұрын
Жаратқан ием өзіңнен шипа сұраймын. Екі рет тірідей, наркозсыз бүкілін сезіп қиналып ота жасаттым. Қазір тамақ тамырлары ісіп басым ауырып тұр. Аллам өзіңнен біліп білмей істеген күналарым үшін кешірім сұраймын. 8 жылдан соң тапқан ьюбалама өзім қарай алатындай, мамандығым бойынша табысты жұмыс атқара алатындай дәрежеге жеткізші Аллам. Аллам менің жүрешімде
@ДинаИзбагамбетова
@ДинаИзбагамбетова Ай бұрын
Буиыртса жетесиз Алла шипасын берсин
@ГульнарЖумашева
@ГульнарЖумашева 13 күн бұрын
Алла шипа берсін
@КадишаСадыханова
@КадишаСадыханова 6 ай бұрын
Раббым,екіұлыма өзің жар бола көр! Дендері сау болып,жолдарын беріп,тура жолыңды өзің көрсеткейсің.!Аумин!
@ЖамалКусалиева
@ЖамалКусалиева Жыл бұрын
Осы ДҰҒАНЫ Қабыл ете гөр Аллам Өтініш Қатты қиналғаннан сақтай гөр Аллам Оқыған жанға Аллам разы болсын Тыңдаған жандарға Алланың нұры жаусын Әминь Әминь Әминь
@Horowo-2023
@Horowo-2023 Жыл бұрын
Әмин сізгеде
@НургульЖанбосынова
@НургульЖанбосынова 10 ай бұрын
Амин амин амин
@ПатимаЗетбекова
@ПатимаЗетбекова Жыл бұрын
Аллам балапаныма Денсаулык бере кор,тезирек жазылып балдарына еге болсын.
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж Жыл бұрын
Алла денсаулық берсін! Тезірек жазылып кетсін 🤲🤲🤲🤲
@zhanatissabalina5312
@zhanatissabalina5312 Жыл бұрын
Керемет осы дұғаны күніне айтамын.Алла разы болсын🤲
@МадиСергазинов-в7в
@МадиСергазинов-в7в Жыл бұрын
Мади Сергазинов Құран баршамызға қабыл болсың қарызымнаң женіл құтылайың и кридерден жақсылық мол болсың Амин Амин Амин 🤲🤲🤲🤲🤲🤲
@АлияОспанова-д1и
@АлияОспанова-д1и 8 ай бұрын
Алла тагалам Бауырым Бахытжан тезирек жазылып кетсин Алла тагалам жар болагор
@АлмирменЖибек
@АлмирменЖибек 6 ай бұрын
Раббым Аллам билип билмей жасаган куналарымды кешире горши.
@Amina-mp9rq
@Amina-mp9rq Жыл бұрын
Аллахым перзентеріме амандық денсаулық, мейіріммен сана бере көріңізші, уміттімді актайтын салихалы ұрпак болып өссуін нәсіп ете көріңізші
@qassymchannel8784
@qassymchannel8784 8 ай бұрын
Я,АЛЛА БАЛАМА ОСЫ ҚИЫНШЫЛЫҚТАН ҚҰТЫЛУЫНА КӨМЕК БЕРШІ. АЛЛА ӨЗІҢНІҢ СҮЙІКТІ ҚҰЛДАРЫҢНАН БОЛУДЫ НӘСІП ЕТШІ. АЛЛАХУ АКБАР
@АктолкынСапаргалиев
@АктолкынСапаргалиев Жыл бұрын
О Раббым кулын болайын отбасымен сизден киналарымызды кешириниз балам Абилмансур киындыктан кутылсын басына сана, журекгине иман берегор Мын алгыс Аминь Актолкын Иншаллах аналык мейримен журекпен разымын ия Аллам сенде балама разы болагор дуга кабыл болсын окыган адамга Алла разы болсын
@ГулсимБрекеева-ф4з
@ГулсимБрекеева-ф4з Жыл бұрын
Алла улык, мен онбай алдандим мошенниктерге,шыкан шыгынымнын орнын еселеп кайтсыншы Аллах озынен жардем сураймын,
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж Жыл бұрын
Алланың мейірімі шексіз. Біз ойлағаннан да жомарт. Пендесі көтере алмайтын сынақты бермейді. Кез-келген басымыздағы жағдай бізге жәйдан-жәй келмейді. Дәл осы проблеманың артында үлкен сынақ тұр. Сіздің өзгеруіңізүшін осы жағдайды жіберіп отыр. Біліңіз осы қарыз арқылы Алланың сізге айтары бар. Ол ешқашан құлын жамандыққа қимайды. Алладан үмітіңізді үзбеңіз. Өзі берген сынақтан шығатын жолды қоса береді. Алла жар болсын!
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж Жыл бұрын
Мына сүрені де көп тыңдаңыз алла жеңілдігін берсін kzbin.info/www/bejne/mKvMhHyfjMp2abc
@sagatermish6503
@sagatermish6503 Жыл бұрын
Алла тағалам деныме саулык бере гөршы осы аурудың емын бере гөршы Бала шагам бауырларым мусылмандар аман болсыншы жер бетындегы
@ПеризатНабикызы
@ПеризатНабикызы Жыл бұрын
Аллам осы киындыктан шығатын жол берші маған
@Meiramgul-mu1kw
@Meiramgul-mu1kw 6 ай бұрын
Аллам ,киындыкка тап болдым,Киындыктан шыгатын жол корсетинизши.Алла тагалам 🤲🤲🤲🤲
@Дакок
@Дакок Жыл бұрын
АЛЛАДАН БАСҚА ТӘНІР ЖОҚ
@Rys_zhan
@Rys_zhan Жыл бұрын
Ия Аллам маған отбасыма тыныштық береке бірлік бере көр бауырларымның ,қыздарымның жолдары ашық болсыншы Аллам өзі қолдасын қорғасын жандарымды
@УлтуарТийренова
@УлтуарТийренова Жыл бұрын
Я,раббым дұшпандардан сақтайгөр Аллам Әмин 🤲🤲🤲🤲🤲 құжаты тез арада келсекен Аллам Әмин 🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲
@СалимаШажаева
@СалимаШажаева 9 ай бұрын
Алла маган денсаулык берши алла аягыма ем беринизши жолвмдв ашынызшы багвмды келтиринизши саудама береке несибе мереке табыс беринизши заулим уи мол акша беринизши таусылмаитын жолвмдв ашып исимди онынан кылынызшы алла буиыршы маган буиырсыншы отиниш аумин дугам кабыл юолсын аумин
@Дакок
@Дакок Жыл бұрын
💞🤗😗💜🤗😗💜😊😗💞😇💘💞💗💘💞💗😇😗💗😇💞🤗💘💞🤗💘💞🤗💘💞🤗💘😗💘🤗😗🤗😇💚🤗💘💚🤗💘💜😗💕🤗💘💜🤗😗💚💖😊💚💛😙💚😙💚😊💚💖😊😗❤😊😗❤😇😗❤😇😗❤😇😗❤😇😗❤😇😗❤😇😗❤😇💘❤😇😗😇😗❤😇😗💗😊💞💗😗💞🤗😗💞💗😗💞🤗💘
@АлмагүлДжумабаева
@АлмагүлДжумабаева Жыл бұрын
Иә Алла тағала осы оқылған дұға тілектерім қабыл болсын 🤲 Адамдардың алдауына тусіп Қарызға кридиттен зайымға батып қалдым 😢 Уа Раббым маған жол көрсет , өзіңнің қолдауыңмен қыиындықсыз карыздарымды жабуға көмектес Аллаһым Жолдасымның бала шағамның алдында жузімді жарық еткеисің Әмин 🤲
@АкбилекСейдилдаева
@АкбилекСейдилдаева Жыл бұрын
Менде тура сиз сиякты болып отырмын 😢😢😢😢
@huaweihuawei5117
@huaweihuawei5117 Жыл бұрын
Менде казр сондай халде болып отырмын😢
@айгеримагыраева
@айгеримагыраева Жыл бұрын
Мен де сол, қатты қиналып жүрмін😢
@Horowo-2023
@Horowo-2023 Жыл бұрын
Әмин дуға тілектіринзды қабыл етсін
@Akshagul-c2g
@Akshagul-c2g 10 ай бұрын
Менде катты киналып журмин, Алла бала-шагам мен жолдасымнын алдында абыройдан айыра корме !!!
@AygulAygulova-ff3mq
@AygulAygulova-ff3mq Жыл бұрын
Уа Аллаһым өзіміздің баспанамыз жер үйіміз Болуын нәсіп ете гөр Амин Амин Амин Жақсылықымен келіуін Нәсіп ете гөр Берекесімен бере гөр Аллаһым Амин Амин Амин
@АнсарЖанер
@АнсарЖанер Жыл бұрын
Я Раббым🤲Жаратушы ием, осы қиындықтан мені алып шыға көрші😪😪😪🤲
@АқмаралАқмарал-ч9ш
@АқмаралАқмарал-ч9ш Жыл бұрын
Аллахым мені кешіре ғөр.🙏🏼🙏🏼🙏🏼🙏🏼.ҮМТІМДІ сөндірме денсаулық бере ғөр.🤲🤲🤲🤲😥😥😥😥
@АйжанАубекерова-й1р
@АйжанАубекерова-й1р Жыл бұрын
Е Аллахым 12мушемез ге шипа берегор ! Куш куат сабырлек иншалах берегор! Астагфируллах !Бокел мусульмандарга комек берегор !Аллах Акбар !Ауминь 🙏🙏🙏🕋🕋🕋💟💟💟
@КайынжамалАхмерова
@КайынжамалАхмерова Жыл бұрын
Алла тағалам осы оқылған дұға қабыл болсын. Балам аман -есен жүрсе екен. Алла ұлық. Өзіңнен ғана жәрдем сұраймын. Балам аман -есен қарыздарынан құтылса екен. Өзіңе ғана құлшылық етемін.
@Даша-ж3л2у
@Даша-ж3л2у Жыл бұрын
🤲Аумин тез карызынан құтылып кетсін аман есен болсын 🤲🙏 балаңыз, бәрімізде бала бар🥺🤲
@АйнурЕрназарова-ы1в
@АйнурЕрназарова-ы1в Жыл бұрын
Алланың мейірімі шексіз. Біз ойлағаннан да жомар. Пендесі көтере алмайтын сынақты бермейді. Кез-келген басымыздағы жағдай бізге жәйдан-жәй келмейді. Дәл осы проблеманың артында үлкен сынақ тұр. Сіздің өзгеруіңізүшін осы жағдайды жіберіп отыр. Біліңіз осы қарыз арқылы Алланың сізге айтары бар. Ол ешқашан құлын жамандыққа қимайды. Алладан үмітіңізді үзбеңіз. Өзі берген сынақтан шығатын жолды қоса береді. Алла жар болсын!
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж Жыл бұрын
Алланың мейірімі шексіз. Біз ойлағаннан да жомар. Пендесі көтере алмайтын сынақты бермейді. Кез-келген басымыздағы жағдай бізге жәйдан-жәй келмейді. Дәл осы проблеманың артында үлкен сынақ тұр. Сіздің өзгеруіңізүшін осы жағдайды жіберіп отыр. Біліңіз осы қарыз арқылы Алланың сізге айтары бар. Ол ешқашан құлын жамандыққа қимайды. Алладан үмітіңізді үзбеңіз. Өзі берген сынақтан шығатын жолды қоса береді. Алла жар болсын!
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж Жыл бұрын
✋Əссəлəму ьалейкум ! Видеоны бөлісіңіз🔁 Лайк басып, Пікір қалдырыңыз⤵ Ескерту: Біздің арнадағы Бейнероликтердің тақырыптары Расыменде Өз өміріңізге әсер еткенің қаласаңыз, Ең бірінші тақуалықты ұстансаныз екен! Күнде тастамай осы Құран сүрелерің оқып жүріңіз, Сүрелер себеп қана, қабыл етуші, жүзеге асырушы Алла Тағала!
@СалихАбдрахман
@СалихАбдрахман Жыл бұрын
Алла шйфсын берсін.
@АмангульНургазиева
@АмангульНургазиева Жыл бұрын
Оқылып жатқан дұғамыз қабыл болсын
@ЖамалКусалиева
@ЖамалКусалиева Жыл бұрын
Бисмилляхи Рахман Рахим бүгінгі Дұға тілегімді Қабыл ете гөр Аллам Өтініш Біліп білмей істеген күнәларымды Ұл Қыздарымның Барша мусулмандардың біліп білмей істеген күнәларын Кешіре гөр Өтініш Аллам 🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲
@Раиса-д7я
@Раиса-д7я 11 ай бұрын
ИЯ,ЖАРЫЛКАУШЫ ИЕМ,ЖАРЫЛКАЙГОР,ЖАЗСЫЛЫГЫНДЫ ЖОЛДАЙГОР,НЕСИБЕМДИ МОЛАЙТАГОР,ДЕНСАУЛЫГЫМДЫ ЗОР ЕТЕГОР,ЖУРЕГИМДЕГИ БААР УАЫМНАН АРЫЛТАГОР,❤ АМИНЬ,АМИНЬ,АМИНЬ АЛЛА ОЗИНЕН ГАНА АЛАКАН ЖАИЫП ТИЛЕИМИН🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲❤❤
@АлтынайЖуанышева
@АлтынайЖуанышева 10 ай бұрын
Е Аллам барлык киындыктарымды жоя горши. Умыттыршы барин.Дал казир катты киналып тур журегим тыныш таппай 🤲
@ДильфузаБатырова-м6н
@ДильфузаБатырова-м6н Жыл бұрын
Уа жаратушы ием отбасымның тыныштығын балаларымның амандығын өзімнің тілеуімді қабыл етші қарызымыздан құтылып қиыншылықтан шығаршы Баспаналы болуды нәсіп етші
@РозаАбуева-р5й
@РозаАбуева-р5й 8 ай бұрын
Алла тағала дертімізге шипа бере гөр аллахым 🙏 бауырымның көзі ашылысып кетсін Аллахым 🙏 отбасым аман болсын балаларым, жолдасым, бауырларым аман болсын 🙏
@АлтынайБерекет-щ2е
@АлтынайБерекет-щ2е 6 ай бұрын
АЛЛАМ БАР ҚИЫНШЫЛЫҒЫМНАН ШЫҒАТЫН ЖОЛ КӨРСЕТШІ
@aliyakenzhebaeva8433
@aliyakenzhebaeva8433 11 ай бұрын
Жаратқан ием, қателесіп істеген күнәларымды кешіре гөр. Көрсеткен әр күніне шүкіршілік етемін. Қиналғанда тек өзінен көмек боларын білемін. 🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲
@БактыгульОндыбаева
@БактыгульОндыбаева Жыл бұрын
Е жарутышы Аллам ұлыма көмек берегөр басында болып жатқан қиындықтары шешіп бере гөр🤲жүрегіне иман берегөр🤲
@assemkali
@assemkali Жыл бұрын
Әмин 🤲 🤲 🤲
@Horowo-2023
@Horowo-2023 Жыл бұрын
Әмин
@AygulAygulova-ff3mq
@AygulAygulova-ff3mq Жыл бұрын
Уа Аллаһым өзіме сізден Абырой сұраймын Иманымды күшейтіуіңді сұраймын Аллаһым Күнәларымды кешіріуіңді сұраймын өзіңе қатты жақын қылыуыңды сұраймын өзіңннен өзгеге Қол жаймауымды сұраймын Денсаулығымнның жақсарып кетіун сұраймын Бақытты өмір сүріуімді сұраймын бала шағаммен Кеуіммен бауырларыммен туысқандарыммен тек жақсылықты тілеймғо Жақсылығыңды білмейтін адамдарға жолатпа жаман Ойлап тұратын адамннан сақтағайсың адамдардың басынуынан сақтай гөр Аллаһым тек сенен сұрауды тек сізге бағынуды нәсіп ете гөр сізден қорқуды нәсіп ет Аллаһым адамннан қорықпауды нәсіп ете гөр Аллаһым өтінем сізден қатты сұраймын Амин Амин Амин
@КадишаСадыханова
@КадишаСадыханова 6 ай бұрын
Дұға тілектерімізд қабыл ете көр!Аумин!
@ЖанарТурдалиева-о1е
@ЖанарТурдалиева-о1е 11 ай бұрын
Я Аллам менің біліп білмей істеген кінәләрімді кешіре гөй кешіре гөй кешіре гөй өзін тура жол ды көрсете ғөй 🤲🤲🤲🤲🤲🤲
@ХомиджонНосиров
@ХомиджонНосиров Жыл бұрын
О шексіз құдыретті Аллам маган перзент бере корші Аллам
@AigerimAitkalieva-d2r
@AigerimAitkalieva-d2r 21 күн бұрын
Аллахым біліп білмей, жасырын және жария істеген күнәларымды кешіре көр 🤲
@КарлыгашНурымбетова-с7о
@КарлыгашНурымбетова-с7о Жыл бұрын
Аллам осы қиындықтан шығатын жол көрсетші🙏🙏🙏🙏
@АрдакБейсембекова
@АрдакБейсембекова 8 ай бұрын
Оқыған дұға қабыл боп, қызымыз аман есен сессиясын тапсырып шықса екен,Алла ұлық
@АмангульНургазиева
@АмангульНургазиева 4 ай бұрын
Аяғыма шипа бер,аңсаған арманыма жетейін, Алла қуат берсін, еңбегім жемісті болсын тек алға❤❤
@38мектеп-лицейНурсая
@38мектеп-лицейНурсая 6 ай бұрын
Аллахым дұға,тілектерімізді қабыл ете көр,барша жамандық атаулыдан сақтап,қарыздан құтылатын жол көрсете көр,ризық несібе бере гөр
@user-kt2hy8qq2j
@user-kt2hy8qq2j Жыл бұрын
Жаратушы Алла тағалам сен мейірімдісің ғой менің бүкіл кунәләрімді кешіре ғөрші өзіңнен жалынып жалбырып кешірім сұраймын, бузге азғантай сабыр мен төзім берші Мынс қарыздардан жылдам құтқаршы Денімізге саулық отбасыма тыныштық берші Кешірші Аллам өзің.
@МиятАзимуратов
@МиятАзимуратов Жыл бұрын
Амиң.қолдасың.дұға.тілектер.қабылбосың.аумиңалахбар.
@МаратБулакбаев
@МаратБулакбаев Жыл бұрын
Уа Құдіреті күшті Аллаһым Отбасымды жаныма жақын жарымды сақтаушы.арман мақсаттарым өзіңнің қалауымен орындалсын Амин
@АйдынДунетаев
@АйдынДунетаев Жыл бұрын
Киналып журмин тилеген тилегиме жеткизинизши Амин
@ОразкулИлисбаева
@ОразкулИлисбаева Жыл бұрын
Аллахым осы ойланып журген киыншылыгымнан куткаршы тылегымды кабыл ете гор балдарымды мейрымды жаксы болсыншы ешкымге кунымды салмашы тылегымды кабыл ете гор аумин 🤲🤲🤲🙏🙏🙏
@ОразкулИлисбаева
@ОразкулИлисбаева Жыл бұрын
Аллахым осы окылган дуга тылектерды кабыл ете гор айагым ауырмайыншы деным сау болсыншы ешкымге кунымды салмашы тылегымды кабыл ете гор аумин 🤲🤲🤲🙏🙏🙏
@ЖомартКалтай
@ЖомартКалтай Жыл бұрын
Алла разы болсын Омырдегы бар жаксылыкты тылим
@МерейСерк
@МерейСерк Жыл бұрын
Аллага сансыщ шукир алла жар болып жолдасым жумыска кирип кетсе екен
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж Жыл бұрын
әумин
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж Жыл бұрын
✋Əссəлəму ьалейкум ! Видеоны бөлісіңіз🔁 Лайк басып, Пікір қалдырыңыз⤵ Ескерту: Біздің арнадағы Бейнероликтердің тақырыптары Расыменде Өз өміріңізге әсер еткенің қаласаңыз, Ең бірінші тақуалықты ұстансаныз екен! Күнде тастамай осы Құран сүрелерің оқып жүріңіз, Сүрелер себеп қана, қабыл етуші, жүзеге асырушы Алла Тағала!
@ХауымдасЖупар
@ХауымдасЖупар Жыл бұрын
Я Алла мені жылатып кеткен оңбағандық жасаған адам қайта өзіме оралсыншы жазасын бір өзіңізге тапсырдым мені қинағандай оныда Алла өзіңіз реттеңізші
@ХауымдасЖупар
@ХауымдасЖупар Жыл бұрын
Қайта алдыма өзі жылынып келетіндей мүмкіндік бере көріңізші жалынам
@ХауымдасЖупар
@ХауымдасЖупар Жыл бұрын
Жалынып
@АмангульНургазиева
@АмангульНургазиева Жыл бұрын
Алладан басқа тәңір жоқ,О Алла тура жолға сала көрші❤❤
@kalampirperdevaeba4839
@kalampirperdevaeba4839 Жыл бұрын
Жаратушы ием Аллахым өзіңе ғана құлшылық жасап өзіңнен ғана сұраймын балдарымның денін сау өмірлерін ұзақ ете гөр адал жүрегінде иманды еңбекқор жандар болып өссін отбасыма ырыс ынтымақ бере гөр шаңырағына шаттық бере гөр қарызымыздан құтылып жайды өмір бере гөр бауырларым анам Алла өмірлерін ұзақ қылсын жүрегіме тыныштық бер не дұрыс деп тапсаң соны жүрегіме бере гөр Жаратушы ием өзіңе ғана қолымды жайып дұға қылдым🤲🤲🤲🤲🤲
@baqytabzhali
@baqytabzhali 11 ай бұрын
Алла. Өзің. Жәрдемші. Бола. Гөр
@baqytabzhali
@baqytabzhali 11 ай бұрын
🙏🤲❤️🤲
@РозаАбуева-р5й
@РозаАбуева-р5й 8 ай бұрын
Алла күнәларымды кешіре гөр аллахым 🙏 бауырымның көзі ашылысып кетсін Аллахым дертімізге шипасын берсін Алла тағала 🙏
@ЕрасылЕрназаров-в4р
@ЕрасылЕрназаров-в4р Жыл бұрын
Қандай керемет дұға.
@almagulkuzmagambet2006
@almagulkuzmagambet2006 Жыл бұрын
Ия Аллам өзің жар бола гөр,балапаным Ақниетім дертінен айығып кетсінші,Аллам сен Жаратушы,Беруші,Сынаушы.Менің баламда бауырыма басып,аман есен дертінен айығып кетуіне жәрдем берші,Жалғыз Аллам.
@ИсабекКулбаев-ч4ъ
@ИсабекКулбаев-ч4ъ 10 ай бұрын
Аллах Тагалам дуга тилегимли кабыл ете горниз.Акем тез жазылып кетсин.Амин.Амин.Амин.
@РашидТураров-в2щ
@РашидТураров-в2щ 5 ай бұрын
Уа
@РимаТажимова
@РимаТажимова Жыл бұрын
Аллам Айжулдызымнын жаны жаннатта болсыншы
@ainurshektibayeva1458
@ainurshektibayeva1458 Жыл бұрын
Айнур сабырлы бол жаныммм сабыр бары отып кетеды сабыр
@Жанар-ш2э
@Жанар-ш2э Жыл бұрын
Я Алла жаман аурудан сақтасын . Бәле жәледен Аман болайық .От басым Аман болсын.Тек қана жақсылық болсын. Балаларым саналы болсын. Несібесі мол болсын.
@ГульнарияЖиенгалиева
@ГульнарияЖиенгалиева Жыл бұрын
Алладан баска танир жок, Аллам киындыктарымды женилдете гор,
@АрдакБейсембекова
@АрдакБейсембекова 8 ай бұрын
Алладан басқа тәңір жоқ Инабаттың аша гөріңізші, Отбасымызға береке бере гөр, жамандықтан сақтай гөр, мына істеп жатқан ісімізге берекет берегор
@38мектеп-лицейНурсая
@38мектеп-лицейНурсая 6 ай бұрын
Лә иләhа иллә әнтә.Субханакә,инни кунту миназ-залимин.Иа Аллам сенен басқа Тәңір жоқ,Сені кемшілік атаулыдан пәк деймін.Расында мен өзіме зұлымдық етушілерден болдым.Аллам барлық қателіктерімді кешіріп,арман тілектерімді қабыл ете көр!
@АрыстанОразбаев-э2у
@АрыстанОразбаев-э2у 5 ай бұрын
Көшіріп алып жазу жоқ
@ПеризатНабикызы
@ПеризатНабикызы Жыл бұрын
Мейірімі шексіз раббым көмектесіңізші. Өзің жар бола гор
@ЭлмираАккулова-в4у
@ЭлмираАккулова-в4у Жыл бұрын
Жаратқан Алла жар болсын 🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏 Осы оқылған дұғаны Қабылетшы
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж
@Дұғаларменсүрелер-ю5ж Жыл бұрын
✋Əссəлəму ьалейкум ! Видеоны бөлісіңіз🔁 Лайк басып, Пікір қалдырыңыз⤵ Ескерту: Біздің арнадағы Бейнероликтердің тақырыптары Расыменде Өз өміріңізге әсер еткенің қаласаңыз, Ең бірінші тақуалықты ұстансаныз екен! Күнде тастамай осы Құран сүрелерің оқып жүріңіз, Сүрелер себеп қана, қабыл етуші, жүзеге асырушы Алла Тағала!
@НургульУалиханкызы-с2п
@НургульУалиханкызы-с2п Жыл бұрын
Алла оқыған дұғаларымызды қабыл етсін🤲
@AygulAygulova-ff3mq
@AygulAygulova-ff3mq Жыл бұрын
Уа Аллаһым менің кеуімннің Ішімдік ішуін қойып кетіун Нәсіп етші кеуіме абырой бер жұмысында аламдардың басынуынан сақта тек жақсылық бер тапқан бтабысының берекетін беріп қой Аллаһым
@AygulAygulova-ff3mq
@AygulAygulova-ff3mq Жыл бұрын
Амин Амин Амин
@aruzhanduisenbai5466
@aruzhanduisenbai5466 Жыл бұрын
Я,Раббым біліп білмей істеген әдейі үлкенді,кішілі күнәларым болса кешіре гөрші🤲🏻🤲🏻🤲🏻
@ӨркенДосмұратов-з2д
@ӨркенДосмұратов-з2д 8 ай бұрын
Жаратушшы АЛЛА катты киналып кеттик отбасымыз бен.бизге комек бере гор шши АЛЛАМ
@РозаЖұмағазиова
@РозаЖұмағазиова 8 ай бұрын
Бір Аллам Қолдап Ұрпақтарымның өмірлері жарқын бақытты болсын Шүкір Аллама үлкен ұлым үбірлі шүбірлі адал жарымен бақытты болсыншы Әділбегіммен Ануарбегімеде харамға мұқтаж болмай адалынан жар үбірлі шүбірлі ұрпақ қызығын көруге жазсын Бір Аллам
@salima.bekbulatova8899
@salima.bekbulatova8899 Жыл бұрын
Аллам жолымды аша гөр,сен жалғызсың,сен пәксің
@aimanuldanova2648
@aimanuldanova2648 Жыл бұрын
Я Аллам отбасымды балаларымды пәле жәледен жамандықтан сақтасын.Үйіміз берекелі болсын
@raigulsultamuratoba4168
@raigulsultamuratoba4168 Жыл бұрын
Е құдіреті шексіз құдайым өзің туры жолға сала көрші,қиыншылық қарыздарымнан құтыла алатын күш бере көрші Аллам
@АктолкынСапаргалиев
@АктолкынСапаргалиев Жыл бұрын
Аллахым тез арада уймизди сатылып кетуине сизден жардем сураймын шын журекпен, балам Абилмансурдын жындарын шыгаруга комек сураймын, жаман жерлерге бармайсын, жаралары жок болып кетсин сиздин калауымен мен сизге Раббым шын аналык мейримен сенемин Мын алгыс Аминь Актолкын
@shamshiakulzhanova9665
@shamshiakulzhanova9665 4 ай бұрын
Алладан басқа Тәңір жоқ.Оқыған дұға тілектерімізді қабыл ете гор.Баламды қиыншылығынан құтқара гор жолы ашық болсыншы.Жалбарынып сұраймын.Әмин.Әимн Әмин
@ЖадыраКойшыбаева-и7ф
@ЖадыраКойшыбаева-и7ф Жыл бұрын
Алла тағалам қарыздарымнан құтылуды нәсіп етсін 🤲🤲🤲
@АлияОспанова-д1и
@АлияОспанова-д1и 8 ай бұрын
Лә иләһә иллә әнта. Субханәкә, инни кунту миназ-залимин.🤲🤲🤲 Сенен баска Тәңір жоқ. Сені кемшілік атаулыдан пәктеймін. Расында, мен өзімен зұлымдық етушілерден болдым
@nabiraatashova5333
@nabiraatashova5333 Жыл бұрын
Алла балам Аман САУ уйиме Кууыссын жаман кунлерим артта калсын Алла баламды Оз панда асыра
@ГазизаКабылова-э5р
@ГазизаКабылова-э5р 3 ай бұрын
Жасаған ием отбасыма уайым болып жүрген жағдайды өзің реттей көрші түбін қайырлы қылып! 🤲🤲🤲😢
@МЧШВЩСОЕЫНВщб
@МЧШВЩСОЕЫНВщб Жыл бұрын
Денсаулық сұраймын жәнеде біліп,білмей істеген күнәларымызды кешіре гөр.
@ГульзамираАлипбаева-з8л
@ГульзамираАлипбаева-з8л Жыл бұрын
Тезірек дерттен құтылайынншы аллам,мейірімді аллам.
@palekeevamir778
@palekeevamir778 7 ай бұрын
Эй аллам жаратқан жан ийем. Перзентлеримди өз панақыңда асырап сақлағайсаң. Ийман инсап,бергейсең. Тууры жолдан адастырмағайсаң. Өзиңнен өзгеге мүтәж еипегейсең. Ақ жүзли,абыройлы еткейсең. Несийбелерин молдан берегөр аллам.
@РыстыЖумагулова
@РыстыЖумагулова 10 ай бұрын
ҚЫЗЫМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАССА ЕКЕН МЕКТЕПКЕ 🤲🤲🤲АҚ ЖОЛ БОЛСЫН 🤲🤲🤲ДЕҢ САУЛЫҚ 🤲🤲🤲БАЛАЛАРЫМНЫҢ ӨМІР ЖАСТАРЫ ҰЗАҚ БОЛСЫН 🤲🤲🤲АРМАН ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛСЫН ДҰҒА ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛСЫН 🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🙏🙏🙏
@ГулжанарТулепбергенова
@ГулжанарТулепбергенова Жыл бұрын
Осы дұғамыздан кейін алла тағала кызымнын емине шипасын берсін 🤲🤲🤲
@ШарбанСыздыкова
@ШарбанСыздыкова 4 ай бұрын
Ерсін қызы Назерке ның деніне саулық дертіне шипа тілеймін. Амин
Players vs Corner Flags 🤯
00:28
LE FOOT EN VIDÉO
Рет қаралды 73 МЛН
Nastya and balloon challenge
00:23
Nastya
Рет қаралды 69 МЛН
LIFEHACK😳 Rate our backpacks 1-10 😜🔥🎒
00:13
Diana Belitskay
Рет қаралды 3,9 МЛН
Watermelon magic box! #shorts by Leisi Crazy
00:20
Leisi Crazy
Рет қаралды 36 МЛН
КҮНДЕ ФАТИХА, ЫҚЫЛАС, ФАЛАҚ, НАС СҮРЕЛЕРІН 7 РЕТ ТЫҢДАҢЫЗ!!!
20:47
Жәрдемді тек бір Алладан сұраңыз.
10:03
Дана Дана
Рет қаралды 1,5 МЛН
Players vs Corner Flags 🤯
00:28
LE FOOT EN VIDÉO
Рет қаралды 73 МЛН