Рет қаралды 16,503
Адамға жан кіргізу қиссасы
Ұлық Құдай рухты жаратып:
- Денеге кір! - деп әмір етті. Рух жансыз, қараңғы балшық тәннің ішіне кіруге қорқып тұрды әрі жансыз дененің иісі де жағымсыз еді. Жебірейіл барлық періштеге құйқылжытып, жеті сазбен зікір айтуды бұйырды. Адамды қоршай қаптаған қисапсыз періштелер сазды әуендермен зікір айтып бастайды. Рух саздың ырғағына ілесіп тербелгенде, бір сәтке өзін ұмытып мастық халге түседі. Сол кезде Жебірейіл оны тәнге жайғастырып үлгереді. Жан алдымен адамның башпайынан бастап кіре бастады.