Кәрі жіліктің киесі | Салт-дәстүр сөйлейді

  Рет қаралды 10,812

Рухани портал

Рухани портал

3 жыл бұрын

Кәрі жіліктің киесі
Қазақта кәрі жілік кәделі сый саналады. Кәрі жілік ел басын сақтайды деген сенім бар. Оны үйдің оң босағасына, қорасының айналасына байлап іліп қояды. Кәрі жіліктің киесі туралы ел ішінде мынадай аңыз бар.
Ертеде бір байдың қорасын қырық қарақшы торуылдайды. Бірақ, қанша тырысса да, малын ала алмайды. Байдың қорасын қарулы жасақ күзетіп тұрыпты. Бірақ, таң ата қарауылдар көзден ғайып болады екен. Ұрылар тылсым жайды түсінбейді. Ертесіне біреуін тыңшылыққа жұмсайды. Ол байға жолаушы кейпінде келіп сыр тартады. Байдың жалғыз ұлы мен бәйбішесінен өзге ешкімі жоқ екен.
Тыңшы қайта келіп:
- Байдың малын күзететін не жалшы, не күзетшісі жоқ. Бәрін барладым. Көршілерінен де сұрадым. Ешбір жасағы жоқ. Бізге елестеген болуы керек, - дейді. Ұрылардың басшысы:
- Ендеше бүгін шабамыз, - деп атқа қонады.
Бұл жолы да ұрылар қораға тақап келгенде қарулы жасаққа кезігеді. Ұрылардың бірнешеуі жараланып, кейін шегінеді. Ертесіне ұрының басшысы байға өзі барып:
- Байеке, мен ұры едім. Он күн болды сіздің малыңызды торып жүргеніме. Бірақ, қораңызды күзеткен қалың әскер алдырмайды. Күндіз көзден ғайып болады. Не сыр, не киеңіз бар, айтыңызшы? - деп ағынан жарылыпты. Бай ұрыны ертіп алып, қорасында ілулі тұрған кәрі жілікті көрсетеді:
- Әкем марқұм дүниеден өтерінде: «Кәрі жілік көрсең, қораңа байла. Малыңа қорған болады», - деуші еді. Өсиетін орындап, кәрі жілік іліп қойдым. Содан бері малға қасқыр да шаппады, ұры да түспеді, бірде-бір малым жоғалмады, қайта мыңғырып өсіп келеді. Соның шарапаты болмаса, менде басқа кие жоқ, - депті.

Пікірлер: 6
@user-lw5hj4vf8u
@user-lw5hj4vf8u 3 жыл бұрын
Сауапты істен құр қалмаңыздар. Бауырлар, бейнероликтерге "лайк"-ты көп басып, репост жасап отырыңыздар. Егер көп таралса, көп адамдар көреді. Ин шә Алла, Алланың қалауымен хидаятқа келеді.
@user-pm6qy6fc8s
@user-pm6qy6fc8s Жыл бұрын
Альхамдильяхи 🤲
@user-yr5ol5yb5b
@user-yr5ol5yb5b 2 жыл бұрын
Мықтыы
@diasmurat1803
@diasmurat1803 2 жыл бұрын
Қазақтын ырымдары босқа шықпаған ғой, қазақ ата бабамнын білімі қанмен Алладан берілген қасиеті ,қабілеті ғой
@user-yr5ol5yb5b
@user-yr5ol5yb5b 2 жыл бұрын
Айтылғанн
@user-vc3kn7uw4y
@user-vc3kn7uw4y 11 ай бұрын
Казир коранды толтырып койсан да по любому тонап кетет 😂🤣🤔☝️
Её Старший Брат Настоящий Джентельмен ❤️
00:18
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 8 МЛН
World’s Deadliest Obstacle Course!
28:25
MrBeast
Рет қаралды 61 МЛН
Which one is the best? #katebrush #shorts
00:12
Kate Brush
Рет қаралды 21 МЛН
Кәрі жіліктің кереметі
9:10
Бахаргүл Төлеген
Рет қаралды 19 М.
ТЫЛСЫМ ДҮНИЕ 😨#Сасықбайбаба#баба
2:41
Баланы қырқынан шығару дәстүрі туралы не білеміз?
4:01
Киелі табалдырық. Қазақ Салт дастүрлер
11:53
Əжəнің əңгімесі
Рет қаралды 20 М.
"Ана қасіреті" әсерлі әңгіме.
20:16
қызықты әңгімелер
Рет қаралды 129 М.
Ең супер бата!!!
2:09
NURLANIMAM
Рет қаралды 361 М.
4. Ібілістің адамды тамашалауы | Қисса сүл-әнбия
10:22
Её Старший Брат Настоящий Джентельмен ❤️
00:18
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 8 МЛН