Адай - Иса батыр мен Досан батыр Жыр-Дастаны!

  Рет қаралды 48,040

Маңғыстау Адай

Маңғыстау Адай

Күн бұрын

Адай - Досан батыр мен Иса батыр Жыр-Дастаны!
Бұл жырда 1868-1876 жылдардағы Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы батырлар бастаған, орыс патшасына қарсы соғысқан Адайлар туралы айтылады.
Жырдың авторы Сәттіғұл жырау Жанғабылұлы(1876-1966жж)!
Сәттіғұл жыраудың әкесі Жанғабыл осы соғысқа бастан-аяқ қатысқан адам. Досан батыр Ақкетік абақтысында қайтыс бол­ғанда да сол шаруаның бас-аяғында Жан­ғабыл болған. Досан батырдың мүрдесін елге апарып жер­леуге бер­мегенде Жанғабыл, Исаға хабар беріп, Исаның келіп араласуымен Досанның мүрдесін берген. Мүрдені арбамен Қара­төбеге әкеліп жерлегеннен кейін, Жанғабыл Досан­ның туған ағасын үйіне қонаққа ша­қы­рады. Келсе, Жанғабылдың әйелі жас босанып отыр екен. Ұл балалы болыпты. “Ал мына­дай жақсы­лықтың үстіне келдің, маған құрдас, дос болғандықтан сен де бұл баланың әкесісің ғой, енді атын қою саған міндет” - дейді Жан­ғабыл. Сонда қонағы: “Біздің бұған дейінгі ісіміз сәтсіз болды ғой, ендігі ісіміз сәтті болар ма екен. Ұлыңның есімі Сәттіғұл болсын”, - деп ақ батасын берген екен.
Жырды орындаған Жеменей/Бөкен - Ақылбек жыршы Тасқараұлы Өтешов!
Иса мен Досан көтерілісінің 140 жылдығына Самал Адайдың арнауы:
Кешегі "Елім" деген Кенесары,
Исатай, Махамбет пен Сырымдары,
Қазақтың ұлан байтақ даласы үшін,
Өлгенше өксіп өткен нар ұлдары.
Маңғыстау, сенде туған ұлың батыр,
Бір ұлың өзгелерден мыңға татыр,
Қорған боп үш жүз алпыс екі әулиесі,
Халқына рух беріп демеп жатыр.
Шығысқа болып жүрген көңіл күпті,
Ақ патша Маңғыстауға көзін тікті,
Жүргізіп отаршылдық саясатын,
Күшпенен Ақкетікке туын тікті.
Жүргізді Адайларға өктемдігін,
Қолында барлық билік шекпендінің,
Төледі екі есе қып салықтарын,
Кедейі, байлары да, әрбір түтін.
Қаһары Ақпатшаның иі қатты,
Зардабы халқымызға тиіп жатты,
Көше алмай жайлауына Адайларым,
Әр жерден наразылық туып жатты.
Өрбіді ел ішінде наразылық,
Жасалды салық үшін зор-зомбылық,
Әскері Рукиннің кетті аттанып,
Күтпеген Адайлардан оғаш қылық.
Тас түйін отряды қаруланған,
Адайлар Үшауыздан күтіп алған,
Қол жыйып, Иса, Досан, Ержан, Алғи, Орақ,
Ұшымен ақ найзаның қыспаққа алған.
Өлді Рукин, әскері талқандалып,
Келсе де күші басым қаруланып,
Мінекей осы ұрыста Иса, Досан,
Ерлікпен қалды әскерін аман алып.
Естіген әкесінен осы ұрысты,
Сәттіғұл бар шындықты жырға қосты,
Кеңестік кері кеткен кер саясат,
Айырды егіз туған екі досты.
Түрткі боп саясаттың қатал сыны,
Жақпады Сатекемнің айтқан жыры,
Ерлігін ер Исаның алып тастап
Ботаңа татымады ау нардың құны.
Мінекей Иса, Досан екі батыр
Оралып ортамызға келіп жатыр,
Қастерлеп кешегі өткен екі арысын,
Ақкетік елінде ас беріп жатыр.
Айналған бүгіндері аты аңызға,
Жазылып аты қалған даламызға,
Бас иіп жатыр міне кейінгі ұрпақ,
Қос батыр Иса, Досан атамызға.
Ақкетік бүгін сенің еңсең биік,
Ыңырсып жер анада жатыр иіп,
Тұр әне Иса, Досан көкте қарап,
Төбесі көк таласып бұлтқа тиіп.
Иса тұр: "Мен Адаймын Жаманқара
Жасыма ей ұрпағым маған қара,
Сіздерге менен қалған аманат, - деп,
Маңғыстау ұлан ғайыр мына дала"
Досан тұр: "Дәулеталы Жарымын, - деп,
Адайдың жүк көтерер нарымын, - деп,
Бас име, Ей ұрпағым дұшпаныңа,
Атамның мен ожданы-арымын", - деп.
Қос батыр Маңғыстауды күзеткендей,
Ерлігін ұрпағына үйреткендей,
Артында шұбатылған тау жотасы,
Бейне бір керуен көшті сүйреткендей.
Бірі тұр көк теңізді барлағандай,
Шарқ ұрып шағала боп шарлағандай,
Батырып көк теңізге көрген жауын,
Көпіріп көк толқын боп арбағандай.
Бірі тұр көк найзасын көкке тіреп,
Керегін тәңірім деп көктен тілеп,
Шайқалтпай шаңырағын ұрпағының,
Тұрғандай найзасының ұшы тіреп.
Ей Алла, шүкір дейміз бергеніңе,
Қастерлеп ас бергізген өлгеніне,
Тербетіп Ақкетігін тал бесікте,
Қос алып қарап тұр ғой төрде, міне,
Маңғыстау - атам жатқан құтты қоныс,
Тындырды мойынға алған үлкен бір іс,
Бастауы тәуелсіздік деп білеміз,
Жүз қырық жыл бұрынғы көтеріліс.
Қолдасын бір Алланың шарапаты,
Басына халқымыздың қонған бағы,
Ағайын, құтты болсын баршамызға,
Орныққан қос батырдың алтын тағы.
Иса Тіленбайұлы мен Досан Тәжіұлы қос батырларға ескерткіш Маңғыстаудың Ақкетік қаласында орнатылды.

Пікірлер: 88
@АлпысҚазақ
@АлпысҚазақ 4 жыл бұрын
Зеңбірек, мылтықпен қаруланған патша әскеріне қылыш- найзамен шапқан қайран қазақтың ерлері- ай. Осындай ерлердің арқасында қазіргідей ұлан- ғайыр жерді ұрпағы иеленіп қаллығой. Бұл жырдың өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні зор болады деп сенемін. Автормен жыршыға алғысым шексіз. Қазағым аман болсын!
@ОлдБатголд
@ОлдБатголд 6 ай бұрын
Қазақтарда мылтық болды
@ГулсимЕлжанова
@ГулсимЕлжанова 4 жыл бұрын
Жарайсың .Бәрекелді. Тарихи жыр. Намысты оятады. Жастар көп тыңдау керек
@АйсараИбраева
@АйсараИбраева 5 жыл бұрын
Керемет осындай қазақтың иісі бұрқыраған жырларды көбірек салсаңыздар, ұрпақтарымызға тыңдатуға, намысты ұлдарды тәрбиелеуге көмегі зор деп білемін
@gulibaby1585
@gulibaby1585 4 жыл бұрын
Аман болсын адайым менде адаймын
@user-fu4dk3ws5i
@user-fu4dk3ws5i 4 жыл бұрын
Керемет Алла разы болсын казакта батыр бабаларымыз коп болган.Ол кисилер кезинде болинбеген казак десе найзасын алып жауга шапкан.
@КайырбекЕшниязов
@КайырбекЕшниязов Жыл бұрын
Адайлар аман болсын
@ТилектесНурбергенова
@ТилектесНурбергенова 6 жыл бұрын
Мен өзім ИСА ТІЛЕНБАЙ ҰЛЫНЫҢ төртінші ұрпағымын, ал ДОСАН батыр екеуі бірін бірі толықтырып тұрған батырлар екен, аталарымның жатқан жері жайлы, топырағы торқа иманы пейіштің нұрына шомылғай!!!
@АдайАдаец-к1г
@АдайАдаец-к1г 6 жыл бұрын
Тилектес Нурбергенова Менин Досекем 5ши атам
@БердибекШынбергенулы-ж9ъ
@БердибекШынбергенулы-ж9ъ 6 жыл бұрын
Тилектес Нурбергенова з
@kenzhenurush2493
@kenzhenurush2493 5 жыл бұрын
✊✊✊✊
@kazakh8336
@kazakh8336 3 жыл бұрын
@@самат-р8х Бауырым. Исекең, Досан батырды ұстап бергені рас. Бірақ , жайдан жай ұстап бермедіғой. Осыны түсін . Артында Қалың Адай қалғанын ұмытпа. патша Досан батырды ұстап бермесеңдер Халықты Қырамын деді. Ал Досан батыр Болса, сол кезде 15 адам мен қалды. Иса батыр нестеседе Қалың Адай Үшін істеді. Исекең кетерінде Досаннан рұқсат сұрады. Досекең рұқсатын берді.
@МураМура-ь7е
@МураМура-ь7е 3 жыл бұрын
@@kazakh8336 сатқын Иса далбаев
@kenzhenurush2493
@kenzhenurush2493 5 жыл бұрын
Tarihımızdı jırlardan estigen ejelden halkımız,ali de solai,bul bizdin kazınamız şındığımız,umıttirmagandar üşün rahmet!👏👏👏👏👍👍👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@amankeldi7
@amankeldi7 2 ай бұрын
Сәттіғұл Жанғабылұлының дастаны болу керек. Авторын жазбапты.
@МегаМега-ъ6и
@МегаМега-ъ6и 3 жыл бұрын
Керемет жыр👏👏👍👍
@ЭльмираКошбаева-м7ь
@ЭльмираКошбаева-м7ь 3 жыл бұрын
Я плачу адай алга ещё не все потярено
@МураМура-ь7е
@МураМура-ь7е 3 жыл бұрын
Не плачь моя милая
@НасибаУсенова-п5м
@НасибаУсенова-п5м 5 жыл бұрын
Саболшы Адайым
@МегаМега-ъ6и
@МегаМега-ъ6и 3 жыл бұрын
Досан батырға тағзым,жатқан жері жайлы топырағы торқа,аруағы риза болсын.🤲
@АлпамысКаюпов-и5д
@АлпамысКаюпов-и5д Жыл бұрын
Иса мен. Досан батыр жыры сенімен мен тумай тұрғанда шығарылған жыр. Иса батыр кейін қосылған деп не мыжып отырсың жырда тайға таңба басқандай айтылып тұр ғой өйтіп мыжың сөзбен іріткі салып жастарды тарихтан адастырма азамат тарих орнында тұру керек
@segizaris8430
@segizaris8430 5 жыл бұрын
Қумаң тұру керек орнында тұр бұл жер ең көп қан төгілген жер. Сендер не білетін едідер....
@БисенЕрленов
@БисенЕрленов 4 жыл бұрын
Несі бар Ақтауға да қойсын артық етпейді
@МадемханАкпанбетова
@МадемханАкпанбетова 3 жыл бұрын
Қумаңы несі таппейсіңбе? жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен жер деп не үшін айтылған сол үшін айтылған оны елдің бəрі біледі ішің тар ішің тар
@koyshibai4627
@koyshibai4627 6 ай бұрын
Қазақтың жерінде топырағына не жетсын оянындар бір бірене көмек беріндер мұқият болыныздар егерде өздернды Қазақпындеп санасандар ешкімге сенбендер бұл жақсылық әкелмейді!!!
@ЕрболОтепов-п4н
@ЕрболОтепов-п4н Жыл бұрын
Бұл көзіңе жас алмай тыңдау қиын тарих. Сол орыс әлі тізесін батырып келеді
@АдайАдаец-к1г
@АдайАдаец-к1г 6 жыл бұрын
Алги атамыз Досекмнин акесинин иниси, кателесип кетиппин
@КуанышЖума
@КуанышЖума 3 жыл бұрын
Топырағың ттрқс жатқан жерең жайлы болсын
@KuanyshADAY
@KuanyshADAY 4 жыл бұрын
Есен Ермембет биде болған екен
@ДемигенЕскалев
@ДемигенЕскалев 3 жыл бұрын
Бозашынын есил ерлери
@КанатКанат-э5й
@КанатКанат-э5й 4 жыл бұрын
Аузына май.
@ninjaff3521
@ninjaff3521 3 жыл бұрын
ФОРТ Шевченко алға!
@КенжегалиСуйеуов
@КенжегалиСуйеуов Жыл бұрын
Ақ Кетік.
@КенжегалиСуйеуов
@КенжегалиСуйеуов Жыл бұрын
Ақ Кетіктін атын Қайтару біздін парызымыз Бабаларымыздың алдында.
@koyshibai4627
@koyshibai4627 6 ай бұрын
Ай сауболш..
@amankeldi7
@amankeldi7 2 ай бұрын
Досан мен Иса қатар айтылады. Оған таласпаңдар.
@ZhalgasBM
@ZhalgasBM Жыл бұрын
Иса батыр емес. Ол орта жолдан қайтқан адам. Досанмен қатар тұруға лайық емес. Ең болмаса Досан батырдың аруағын сыйласаңдаршы. Жырдың өзінде айтып тұрған жоқпа. Тыңдаңдар дұрыстап.
@koyshibai4627
@koyshibai4627 6 ай бұрын
Осы ютубта 5жылдан кетті отырғаныма Адайларды кім екенін әлі дұрыс былмейді олар қазақтар бір бірін сатып ұрлап отырік айтып өмір сүреуде бұл жақсылыққа апармайды аруақты оны кешірмейді
@ЕркеназБексултан-б9е
@ЕркеназБексултан-б9е 5 жыл бұрын
МЕН ДОСАН БАТЫРДАН ТАРАҒАН ЕКЕНМІҢ
@oibai7732
@oibai7732 3 жыл бұрын
Керемет
@ГалымбекАйтжанов
@ГалымбекАйтжанов 2 жыл бұрын
Қай баласынан??
@ГалымбекАйтжанов
@ГалымбекАйтжанов 2 жыл бұрын
Жұмалиев па?
@ГалымбекАйтжанов
@ГалымбекАйтжанов 2 жыл бұрын
?
@АлшынКыдыркожаев
@АлшынКыдыркожаев Жыл бұрын
Кайран казагым елдеп жанным садакадеп кигар
@АсланЛесбаев-р1ш
@АсланЛесбаев-р1ш 4 жыл бұрын
Жыршы дурыстап айтшиш, кумай зарлап.
@АйдарКаби
@АйдарКаби 4 жыл бұрын
Сен айтып бершиш
@БауыржанОрынбасаров-р6ъ
@БауыржанОрынбасаров-р6ъ 3 жыл бұрын
Ұнамаса 91 лерді тыңда
@gamerplay2007
@gamerplay2007 2 жыл бұрын
ДОСАН БАТЫР АДАЙДЫҢ СЕГІЗ АРЫС СЕЙІЛХАННЫҢ ҚАЙСЫСЫНАН ТАРАЙДЫ ЕКЕН?
@ЖумаЖума-г7ц
@ЖумаЖума-г7ц 2 жыл бұрын
Жары дәулеталысынан.
@user-bh1ek9rh3f
@user-bh1ek9rh3f 5 ай бұрын
Мұңал-Жары-Дәулеталы
@zhumalysaduakas9242
@zhumalysaduakas9242 3 ай бұрын
Сегіз арыс Сейілхан деп түркменді айтып отыр. Адайды сегіз арыс адай дейді.
@murzabai
@murzabai 29 күн бұрын
Алайда- Сейілхан жоқ !
Адай - Ер Шабай батыр Жыр-Дастаны!
41:00
Маңғыстау Адай
Рет қаралды 73 М.
ТАБЫН АСАУ-БАРАҚ БАТЫР ДАСТАНЫ
43:03
NURBOL SARSENBAYULI
Рет қаралды 266 М.
Electric Flying Bird with Hanging Wire Automatic for Ceiling Parrot
00:15
Поветкин заставил себя уважать!
01:00
МИНУС БАЛЛ
Рет қаралды 6 МЛН
OYUNCAK MİKROFON İLE TRAFİK LAMBASINI DEĞİŞTİRDİ 😱
00:17
Melih Taşçı
Рет қаралды 9 МЛН
Бұқар жырау жырлайды
12:14
Kazyna-dastan
Рет қаралды 5 М.
"Досан батыр" жыры
37:48
Ербол ТУРЫМБЕТ
Рет қаралды 63 М.
Бәйімбет Көрпе
17:18
Қабыл Еңсегенов
Рет қаралды 20 М.
Сүйінбай мен Қатағанның айтысы
39:46
KAZAKHSTAN REPUBLIC
Рет қаралды 2 МЛН
Досан Батыр тарихы
5:26
Маңғыстау 362-Аңыз дала
Рет қаралды 7 М.
ҚЫРЫҚМЫЛТЫҚ ҚАРАСАЙ ЖЫРАУ
37:29
Baktybay ZHAILAU
Рет қаралды 78 М.
Райымбек Батыр
54:04
Abа Kaз
Рет қаралды 29 М.
Electric Flying Bird with Hanging Wire Automatic for Ceiling Parrot
00:15