Каналды қолдау: Кaspi Gold 4400 4302 6155 1649 (Ботагоз М)
Пікірлер: 300
@user-jt6dz7ku9z5 ай бұрын
РАХМЕТ БАУЫРЫМ, ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ ДӘСТҮРЛЕРІ КЕРЕМЕТ ҚОЙ ШІРКІН !
@1-wo2tl4 ай бұрын
Дұрыс емес ! Орыстар осылай жеген.
@user-jg2br1ch8m5 ай бұрын
Рақмет.Алла жар болсын.
@---79075 ай бұрын
Армысыздар ардақты алашым. Армысың Арсланбек бауырым, көп жаса.
@supermarket-fg6vv4 ай бұрын
Басты төплегі үлкен кісіге,құдаға тартады. Кейбір жерлерде маңдайынан ұзын төмен тіледі. Ал крестке ұқсатып тіледі маңдайынан қ ұйрық қойды. Басты ыдысқа екі құлағымен қасында пышақ. Бір қ ұлағын алып келген үй иесіне береді. Екі көзді бір адам жемейді, бір көзді бөліп жемейді. Дәстүрді үлкен қісілер айтсын, өмір бақи кісі күтіп келеміз, Дәстүрдің неше түрлерін әртүрлісін естіп таңданамын. Себебі өздері толық білмейді, үйлерінде болмаған. Әке-шешеден көргенін айту керек, естігенді емес. Көбіне естігенді таратады.
@---79074 ай бұрын
@@supermarket-fg6vv әр елдің салты басқа иттері қара қасқа Бас беру дәстүрін қазақтан басқа көрмедім)))))
@user-kw6zv5se6u5 ай бұрын
Рахмет, дәстүрді бiлу керек, сыйлау керек.
@user-tq2go6qv6b5 ай бұрын
Өте керемет екен! Аллаһ Тағала разы болсын! Мүмкін болса оң қолымен ұстап жеген жөн болады
@qosymov5 ай бұрын
Ия дұрыс. Бірақ Қазақстанда әр облыста салты бөлек сияқты. Бізде құлақты ет тураған жігітке береді. Бастың жартысын үй иесіне қалдырады. Бізде таңлай емес таңдай дейді.
@user-yf8js1ip5r5 ай бұрын
Таңдай, деп аталушы еді, сен таңылай, дегенің қыйсыны келіңкіремеді??! Мөлшері дұрыс, кейбір тұстары, әр жерлерде, әрқалай, кешегі ьір көріністе, басты, сол дастарқан басында отырып, шашып жібересің, бөлшектейсің, деген ұсынысын айтқан болды, оның, осы вйтқаны қонымсыздау болғандай ??! Себебі: бас сүйек оңайымен бұзыла қояма ? Айтып отырған адам, бұзу жолдарын айтқан болған, тар жерде, ол айтқандарды, қалай істемекші ?! Сол үшін, айтып ұқтырғаны орынды, көптің арасында, тарлық ететін орында, соны істемегені дұрыс болама, деген ойдамын!? Жалпы, ұлттық әдет-ғұрып жайында, дастарқан мәдениеті, кісі сыйлау төңірегіндегі ақыл-кеңес орынды, рақымет, Асланға !!!
@user-pj3zk7ej4h5 ай бұрын
Басты кімге береді?
@Asoha_0862.4 ай бұрын
Ия эр елдің салты баска, демек ші, жалпы дұрыс қой. Әкесі бар яғни тірі адамға бас ұстауға болмайды, басты, шекені сиілы қонаққа береді, ол ел ақсақалдары, құдалар т.с. бос утаған адам, тек бастың жартысын турап үйлестіреді, жартысын қасындағы немесе ұй иесінің сыйлы адамына жалғастырып береді. Біздің батыс қазақстанда осылай. Алашым аман болғай.
Керемет ҚАЗАҚТЫҢ салт дəстұрі үмытылмасың!!!🙋♂️🤗🤗🤗😆😁😀😎🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-um2wx1wm9l5 ай бұрын
Төрт құбылам тең.болсын деп маңдайын тіледі Қой басының тісін қағады құлағының түбіндегі бездерін алып тастайды Піскен басты қадірлі қонаққа тартар алдында бір құлағын кесіп алып сол үйдің баласына береді ырыс несібем өз үйімде қалсын деген ырым Бізде осылай Басқа жерлерде басқаша
@user-dt5mf4kj2e5 ай бұрын
Иә иә дұрыс айтасыз!
@yuugftyytr75795 ай бұрын
Дәл солай,Асылан інім сол жерінде қателік жіберді
@user-uv3yq3cb4g4 ай бұрын
Өте дұрыс
@bakytkarabaeva26114 ай бұрын
Қызылорда өңірінде солай. Басты тартпас бұрын маңдайын тіліп,бір құлағын кесіп алып қалады.
@user-df2bj6pm7q5 ай бұрын
Жалпы дұрыс.Таңлай емес, таңдай!
@user-bk4hi2qn4n5 ай бұрын
Әкесі бар адам, басты ұстауғада болмайды.
@Qwerty-to8rd4 ай бұрын
Неге болмайды екен?
@bakytkarabaeva26114 ай бұрын
Басты мүмкіндігінше әулеттегі ақсақал адамға тартады. Егер әкесі бар болса,ол адам әлі жас,ақсақал емес.. Әкесі тірі тұрғанда баласына бас тартпайды.
@user-qv7vd1fn9y4 ай бұрын
Қазақ тарихы ғана емес, салт дәстүрін дәріптеуші ретінде танымал сың. Алла саған денсаулық ғұмыр берсін. Орыс тілінде жүргізген қазақ тарихын сенен көп тыңдап едім тағы бір қырыңнан танымал болдың.Рақмет інім.
@user-qz1yp4ve5k5 ай бұрын
Қызықты видео шыққан)
@maryamalymbai66925 ай бұрын
Рақмет Асланбек Жақсы түсіндірдіңіз
@user-yb2qz1mf6v4 ай бұрын
Керемет Қазақтың қасиетті ет үлкен асы , бірінші тартылатын бас табақ жайында өте дұрыс өз орынымен айыттыңыз Рахмет бақытты бол
@user-cs2gr9gp3y5 ай бұрын
Қазақша біледі екен ғой. Алла разы болсын. Жасы үлкен адам ұстайды. Құда, нағашы..
@user-uf5pb8mh4d5 ай бұрын
Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер романында арғын Қотан жырау баласы Ақжол би өлгенде жоқтады деп айтып еді : "қарақыпшақ Қобландыда нең бар еді құлыным " сол айтқандай қазақтың салт дәстүрінде нең бар, тім жақсы тарихшысың, қазақтың жері қандай кең болса , қазақтың салт-дәстүрі де әр өңірде әр түрлі. Жалпы малда он екі жілік болады әр жіліктің өз иесі бар жіліктер рет- ретімен сыбаға болып табаққа салып таратылады. (бұлда әр өңірде әр түрлі) Жілікке кірмейтін үш мүше бар бірақ сыбаға болып саналады. Олар Бас, төс, құйымшақ. Бас ақсақалдың сыбағасы, төс күйеу дің, құйымшақ қыздың сыбағасы. Бірақта бұл мүшелерді жіліксіз тартпайды. Қанша сыйлы қонақ болсаңда әкесі бар адамға бас тартпайды себебі алдыңда әкең барда ақсақал бола алмайсың. Менің білерім осы.
@serikakhanov83605 ай бұрын
Керемет!! Рахмет!!
@user-qm8nd5nb8e5 ай бұрын
Апитетті ашып жібердіңізғо. Базардан қойдың басын әкеліп пісіріп жемесем бомады жегім кепкетті😁👍👍👋✊👏👏👏
@user-sb9ot4qb1h5 ай бұрын
Басты ақырын қайнатып, жүп жұмсақ болады құймағы. Бірақ, басты дұрыс үйту керек, күйдірмей, терісі жарылмау керек
@user-oh2se1vj1w5 ай бұрын
Жарайсың бауырым.
@UserUser-ho4ip5 ай бұрын
Рахмет !
@user-zj8dk9ue5n4 ай бұрын
Өте дұрыс әкем марқұм осылай айтушы еді, Рахмет , Тәрбиелік мәні бар ,
@user-fx5nz8sn2p5 ай бұрын
Басты әкелгенде маңдаиын хрест қып тіліп әкелетін қазақтың салт дәстүрі боиынша
@user-hj2sy1bz1u5 ай бұрын
Хрест қылып емес жай ғана тігінен тіліп әкеледі бізде шығыста.
@user-um2wx1wm9l5 ай бұрын
Төрт құбылам тең болсын деген ырым Хрест емес ол
@user-hj2sy1bz1u5 ай бұрын
@@user-um2wx1wm9l әр жердің салты басқа,иттері ала қасқа.😂
Ағам солай істеуші еді, қарап отырып көңілің тоятын, көзің тоятын, ал дәмі ш👍
@user-jc8lj7wv7j75 ай бұрын
Рахмет Аслан
@user-nv6ji6cm9k5 ай бұрын
Беу айтқаныңға мың алғыс
@temerkandjangaliev13514 ай бұрын
Өсындай әңгіме бар. Бір татардің молласіна бас беріпті. Ал сол молла бастың бір жағын мүжіп болгасын, оған басты айналдіріңіз депті. Молла басты айналдіріп екінші жағын мүжіпті. Сондай күлкі болған. Дұрысында қасыңда үлкен жасты кісі өтырса, басты айналдыру керек жалғыз мүжімей.Ол сыйлағандық, тәбиешілік.😊
@abdinasyradambekov79624 ай бұрын
Басты әкелгенде бір құлағын кесіп алып,бір құлақпен әкеледі.Бізде Оңтүстікте,яғни Жетісай жақта солай.Осы жағы есте болсын!
@user-zt9gn7oc6u5 ай бұрын
Қойдың басының піспей тұрып тістерін қағады. Тісі қағылмаған бас-арам деп есептеледі. Бас піскеннен кейін қасқалап (крестообразный)тіледі. Қойдың басын әкесі тірі балаға бермейді.бас мүжілген кезде сіз айтқандай қалғаны ретіменен орындалады. Бас сүйек мүжіліп болғаннан кейін қазақтың салты бойынша итке берілмейді.
@t.aizere21955 ай бұрын
Әр жерде түрліше, мысалы Маңғыстауда басты үйдің ер адамы алып келіп жасы үлкен, жолы үлкен адамға береді. Төрт құбыласы тең болсын деген мағынаны беретін ырыммен маңдайын крест сияқты кесіп, төртке бөліп әкеледі. Аслан бауырымыздың айтқанындай басты оң жағынан бастап тек жартысын таратады, құлақты ет турап отырған жігітке береді. Малдың оң жағы деп аттанар, мінер жағын, сол жағы деп қамшылар жағын айтады. Егер бірнеше табақ тартылған болса, бастың қалған бөлігін келесі табаққа аударма деп береді. Ми палау басқалай рәсімдерін сол табақтағылар реттейді. Бастың әр мүшесін бас ұстап отырған адам шешендігіне қарай айта береді ғой.
@t.aizere21955 ай бұрын
Ал көздің екеуін бір адам жесін деген ырым жоқ, екеуін екі адамға бере береді. Бір көзді бөліп жеуге болмайды, ал екі көзді де бір адам жеу керек деген соңғы кезде біреулердің шығарғаны болуы керек
@bakytkarabaeva26114 ай бұрын
Бізде бас ұстаған адам,бастың көзін,құлағын,таңдайын өзі жанындағы адамдарға жолымен бөліп береді де,қалған құйқа еттерін сыдырып алып,бас тартылған табаққа турайды,сосын сол табақпен дастарханда отырған барлық адамдарға бастан ауыз тиіңдер деп жағалатып жібереді. Соңында тек бас сүйектің өзі қалғанда ас үйге қайтарады
@user-od5jx6vs2l5 ай бұрын
Әи бәрекелді мынау жастарға жақсы үлгі
@badizhamalsuleimenova46775 ай бұрын
Ракмет! Оте керектi хабарлама
@Umerbek_655 ай бұрын
ӨТЕ ДҰРЫС, ОСЫЛАЙ ЖИІ САЛТ ДӘСТҮРДІ НАСИХАТТАЙ БЕРІҢІЗ,АЛЛА ҚОЛДАП ЖҮРСІН ДЕП ТІЛЕЙМІН
@user-pe5xc9mp3s5 ай бұрын
Жарайсын 👍
@user-nu2wb3kp4x4 ай бұрын
Рахмет,дай Аллах тебе ,и дальше просвещать не только молодёжь, но и нас бывших советских граждан. Да будет так
@user-pf8vx7eq1b4 ай бұрын
Мына азамат дұрыс айтып жатыр рахмет. Басты қалай ұстау керек бәрі бәрі кейінгі жастарға үлгі болсыншы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан да яғни бізде қойдың басын балаға устатпайды кудага сыйлы қонаққа береді бұл жігітте дұрыс айтып жатыр рахмет
@user-iq2km5sq4z5 ай бұрын
Асланбек аға,аман есен,бас жеу дәстүрі,тамаша❤осы да сіңғізіп ұрпақтарымызға аман болайіқ ағаин!!!!! ,,⚜️🇰🇿🌙🐺👍⚔️👍🏹👍🤼☣️👍🐴🐴👍🐎🐎👍🏇🏇👍💯🤝
@user-vj6yk4sq2t5 ай бұрын
Сізге Аллаһ разы болсын!
@user-ws8mr1ks6r5 ай бұрын
Ассалаумагалейкум баршанызга, керемет насихат
@serikaralbayev59795 ай бұрын
Дәстүр әдеп бойынша көбірек айтыңызшы.
@Seruen-gl4yr5 ай бұрын
Рахмет
@user-gy9yt9ni8z3 ай бұрын
Аман-сау бол, бауырым..!
@user-gn1ki5ss6y4 ай бұрын
Өте жақсы түсіндірдің осылаи болу керек. Кеибір жастар. Басты алдарына қоиып алып өздері. Соғып. Көздерін. Жеп. Түк көрмегендеи. Масқара ғои ол тәртіпке. Мәдениетке жатпаиды ғои. Басқа. Білмеитін. Халықтар бастың қадірін білмеиді ғои еттің де қадірін. Білмеиді ғои құрт құмырсқа жеп жүргендер не біледі. Бұл қазақтардың. Салт дәстүрі ғои. Әрбір. Мүшесін. Осылаи қалаи жеу керектігін көрсетіп. Жеитіндігін. Үиреті керек Қазақтың. Қымызы. Қазақтың. Шұбатын. Қазақтың. Етін. Малдың. Басын. Қалаи жеу керектігін. Осылаи. Көрсетіп. Барлық. Халық. Көрсін. Қазақ. Қалаи. Тамақты яғни. Етті. Қалаи. Жеитінін білсін. Бәрі осының бәрі. Қазақтың. Салты ғои. Сондықтан. Өз салтымызды. Ешқандаи. Елге. Беріп қоимауымыз керек. Осылаи. Түсіндіріп. Құлақ. Қағыс етуіміз керек. Әитпесе. Кеибір. Елдер. Қазақтың. Қымызын. Етін. Алып. Өздеріне. Жапсырып жатыр. Біздікі деп. Олаи болмаиды. Бәрі. Қазақ. Халқынвң. Салты ғои. Қазақ. Арғы ата бабаларымыз барлығы. Негізі Қазақ. Халқы. Әидік. Батыр. Болған. Батырлардың бәрі. Қазақтан. Шыққан. Осыны. Білдіріп қоиған дұрыс осылаи аитып. Отыру керек. Қазақ. Нағыз. Әидік. Халық қои. кеміттірмеңдер.
@artyk83875 ай бұрын
Дәстүр ұмытқан қазақ қазақ емес десең да 😅 бірақ расында өз ұлтымызды, өз дәстүрімізді биікте құрметте стауымыз керек, рахмет бауырым Алла разы болсын
@nurjannurjan43535 ай бұрын
Өте тамаша👍
@user-dp7rr8en9l4 ай бұрын
Кандай керемет дастур бызде кышкене кезымеде акемыз даль сыз кусап тараткан басты мужугенде. Рахмет улкен есыме балаш ак кезым кандай кереметекенын тусердыныз куанып калдым❤❤❤
@Tyrk-Alash-Qazaq5 ай бұрын
Бала кезімізде құлақ беріп қоятын. Соны жарты сағат шәйнәп жүресің. Шәшімізді тақырлап алып тастап, шәшің өседі деп сіңір беріп қоятын. Тістеп тұрып тартып қалсаң, басың керегеге тарс етіп тиеді
@Tyrk-Alash-Qazaq5 ай бұрын
Дастарханға ет тартқан кезде, екінші табаққа орта жілікті салатын. Даладағы, ет шабатын дәәәу ана ағаштың үстіне балға дайындап қоятынбыз. Ақсақалдар жілікті жеп болған соң жеңгеміз алып кете бергенде қолынан жұлып алып далаға жүгіретінбіз. Бір удармен ана балғамен жілікті жарып, үйге қарай жүгіреиіньіз, бір жерге үлкен қасық дайындап қойғанбыз ғой, қасыққа құстырып, жіліктің майын шығару үшін. Қазір күлкілі бәрі
БисмиЛляхи Рахмани Рахим Ма шаа Аллах Рахмет атамыз улкен дастарханнын басында отырганда бизге кулак беретин Ол 1965 жылдарда .... Жараткан Иемиз халкымызга елимизге елбасшымызга исламда иманда тыныштыкта кут берекеде ауызбиршиликте болуды тилеймиз жане жауыздылардын кесиринен сактайгор елимизди халкымызды елбасшымызды жеримизди ауамызды динимизди тилимизди суымызды экономикамызды сарбаздарымызды олардын кесири оздерине кайтсын деп тилеймиз Ия Рабби Амин Амин Амин АльхамдулиЛлляхи Раббилгалямин Аллахумма барик Ля хауля уа ля куата илля биЛлях Хасбия Аллаху уанималь укиль.
@Kanat-se5lj5 ай бұрын
Асланбек баламыз, орысша оқыған. Қазақша сөйлегенде тілі кішкене шүлдірлеп қалады! Оған түсіністікпен қараймыз ағайын, кекетіп мұқатпай! Ал басты мүжу дәстүрін жалпы дұрыс көрсетті, бірақ әр өңірде өзгешілігі бар.
@user-vx6wf2vi5c5 ай бұрын
Ай Маш а Алла өте керемет
@user-uw8dd1tb6r5 ай бұрын
Рахмет бауырым.
@user-bp7yc4jo3q5 ай бұрын
Рахмет! Қазір үлкен кісілер де білмейді.
@user-gm9tb7wv7s5 ай бұрын
Жарайсың.
@user-oi7wh6nv5l5 ай бұрын
Рахмет бауырым жүз жаса
@Jusan-vj2ob4 ай бұрын
Асланбек пен Айбекке көп Рахмет
@kairzhankaziev23825 ай бұрын
Қайырлы күн. Дұрыс, сендер сияқты басты бұза алмаймын. Үлестіре алмаймын. Өзімше білемін.
@user-ix2uw2wg1j5 ай бұрын
Керемет рахмет
@aydarosman5825 ай бұрын
Рахмет Бауырым жарайсың сәттілік тілеймін....
@user-qw7jg6gw3n5 ай бұрын
Рахмет бауырым. Өте пайдалы мағұлмат.
@user-ry9ji1jh2j5 ай бұрын
Көп көп рахмет.Тәңір жарылқасың.
@user-td8qk7ky2q5 ай бұрын
Әйелдер негебастыжеудәстүрболғанба танауынан б,ә. Ғои. Ғооитап сыпврыпжеп отыр ғои🎉 2:52
@user-lo7hw2zd5u4 ай бұрын
Міне нағыз қазақ деп жүрегі соғатын адам осндай болу керек осы адамнан үлгі алыңдар қазақтың салт дәстүрін бойына сіңірген нағыз қазақ азаматы қайдағы анау қарам мына істесең жұмақа барасың деп дүмше молданың айтқанын тыңдамай қазақтың сал дәстүрін бойына сіңіріп өскен жігіт .тағы да осындай веделарыңызды шығарсаңыз тарихшы ретінде жәнеде қазақ тарихнда жүргендер қазақтың салт дәстүрін осылай айтып тұрса нұр үстіне нұр болады .сонда қазақ соқыр болмас еді
@user-nz9bw8lt3i5 ай бұрын
Керемет
@user-ym6lc1ro8c5 ай бұрын
Жарайсын
@danetaytan46244 ай бұрын
Өте дұрыс түсіндірдіңіз. ❤
@armanoraz71804 ай бұрын
Бауырым жарайсың керемет осындай бейне таспалар көп болса жақсы болар еді !
@user-kn8ke2sn2u4 ай бұрын
Акесы бар жигиттер койдын басын жеуге болмайды,о заманнан кележаткан дастур.
Казактын дастурi акен туреде Басты бузуга , Басты устауга ьолмайлы .
@user-wn1sm5iv4u5 ай бұрын
Жақсы дәстүр
@yerlan_qz5 ай бұрын
Рахмет, за продвижение наших традиций! Казахский деликатес🤤
@user-wy2sl6jz6o5 ай бұрын
Рахмет. Өзың улансаң улан халықты шатастырма ар жерде ар тұрлы болады Бары дұрыс айтқаның бірақ бөлгеның бызден бөлек екен
@user-ni6yj1qh8g5 ай бұрын
Бәрі жақсы,тек қазақша мұжып емес мүжиді, сосын таңлай емес таңдай.
@turanalem95995 ай бұрын
Тырнактын астынан кыр ыздеген казагым ай
@user-rs8dg9ib3c5 ай бұрын
әкесі тірі адам сақал қоюға болмайды әкесін сыйламаған адамдар қояды
@user-bp7yc4jo3q5 ай бұрын
Бос сөз. Манас батырдың әкесі сексен тоқсанға келген. Сонда Манас батыр қырық жасында кырма бет болмаған.
@user-cl2lz7bm1r4 ай бұрын
Раахмеет,айналайын!👍👍👍👏👏👏Айнакул.Жанакорган.
@user-wd4xu3vj4m5 ай бұрын
Мипалау деген кейін шыққан салт болу керек.Палау өзбек тағамы
@user-pm8uk7um5e5 ай бұрын
👍🏻🇰🇿
@era1635 ай бұрын
Ас болсын!
@user-ro1pv2ws8q4 ай бұрын
Батыста, Сарыарқада, Оңтүстікте бас тарту рәсімі әр түрлі.
@Qangigaly4 ай бұрын
Өте рақмет сізге, Алла және Аруақтар сізге разы болсын!
@user-ye6zv1de9k3 ай бұрын
Әкесі тірі жігіт бас ұстамайды,бас әкесі тірі болсын деп,әкесі жоқ болса ала береді,өйткені өзі сол үйдің басы
@kendendi69794 ай бұрын
Супер
@user-cs2gr9gp3y5 ай бұрын
Шебер бол деп те айтады таңдайды.
@bakytkarabaeva26114 ай бұрын
Бізде таңдайды көбіне жас балаға,қыз балаға береді,сөзге шешен не таңдайы тақылдаған әнші болсын деп
@user-qx2zb2jk4t4 ай бұрын
Бәрі дұрыс қой.тек ауыздағы асты жеп.жұтықаннан соң сөйлегенде мәдениеттірек болатын еді.Сосын екі көзді бір адамға беру дұрыс емес.бір көзді екі адамға бөліп бесе алакөз болады деп.бөлмей береді.