ИманЖүсіптің әні (Иманжүсіп).

  Рет қаралды 51,462

Дінисламбек Жайлаубай

Дінисламбек Жайлаубай

3 жыл бұрын

Пікірлер: 75
@muratsanat9517
@muratsanat9517 2 жыл бұрын
Мен жасымда, жігіттер, топтан астым, Менменсіген талайдың көңілін бастым. Қасыма ерген жігіттерге олжа салып, Бір түнде сегіз қызды алып қаштым. Абылай аспас Арқаның сары-ай белі, Қуандық пен Сүйіндік жайлайды елі. Қырық мың жылқы су ішсе лайланбас, Нияздың Аюлыда Қара-ай көлі. Бұғылы мен Тағылы бүркіт салған, Ұйпалақтап қып-қызыл түлкіңді алғам. Есіл, Нұра, Ереймен, Қарақойтас, Көзімнен бұл-бұл ұшты дүние жалған. Абылай аспас Арқаның сары-ай белі, Қуандық пен Сүйіндік жайлайды елі. Қырық мың жылқы су ішсе лайланбас, Нияздың Аюлыда Қара-ай көлі. Мен жасымда, жігіттер, топтан астым, Менменсіген талайдың көңілін бастым. Қасыма ерген жігіттерге олжа салып, Бір түнде сегіз қызды алып қаштым. Екі жағы дарияның қалың шұбар, Көкмойынға үкілеп тақтым тұмар. Бір түстеніп аттанған ауылымның, Қыздары болушы еді маған құмар. Қысырақтың үйірі жирен ала, Орыс, қазақ байлары жапты жала. Ерейменді бетке алып шыққанымда, Алдымнан көрінуші ең Ботақара. Нем бар еді иесіз көлге барып, Дұшпаннан кек алмадым сайран салып. Барамын іш құса боп, амал бар ма, Теңбіл көк пен ақсауыт үйде қалып. Күйгенжарды ауылым жанай қонған, Әкем Құтпан кешегі қандай болған. Қазы-қарта жемейтін қайран басым, Түрменің қара наны балдай болған. Мен қалайша жалғанға тұрақтайын, Өрт тиіп лаулап жанған құрақтайын. Ауызы түкті кәпірдің талайларын, Бақыртып сабаушы едім лақтайын. Ішім өлген, дүние-ай құр сыртым сау, Маған десең көз жасым жаңбыр боп жау. Бүркіт ұстап басыңа бір шығайын, Көзіме бір көрінші, Ерейментау! Бұғылы мен Тағылы бүркіт салған, Ұйпалақтап қып-қызыл түлкіңді алғам. Есіл, Нұра, Ереймен, Қарақойтас, Көзімнен бұл-бұл ұшты дүние жалған. Қатар-қатар өрілген тастарың-ай, Мұнарланып көрінген бастарың-ай. Сол бір жерлер есіме түскен кезде, Көзімнен парлап аққан жастарым-ай. Асыл тұқым алдырдым Қызылжардан, Өңшең жүйрік шал құйрық, қызыл нардан. Таң мезгілі болғанда тас буынып, Ауылына болыстардың салғам ойран. Тумай жатып өш болды маған болыс, Аударылды сол үшін талай қоныс. Сатырлатып сабаушы ем шеттерінен, Мынау ояз демеуші ем, мынау болыс. Несібімді жазыпты менің түзден, Қойыпты күдер үзіп ел-жұрт бізден. Қайран ел, оқта-текке еске түссең, Шымырлап жас шығады екі көзден. Қош, аман бол, Сарыарқа өскен жерім, Кір жуып, кіндігімді кескен жерім. Ертелі-кеш тартысып ұлықтармен, Шұбыртып маңдайымнан аққан терім. Күйгенжарға ауылым қона алмайды, Кері кеткен тірлігім оңа алмайды. Қырық мың қатын қыпшақтан ұл туса да, Бірі де Иманжүсіп бола алмайды, ах-ау-ей
@user-mj8zl3vr5i
@user-mj8zl3vr5i 3 жыл бұрын
Па, шіркін! Қандай керемет. Шіркін-ай қазақтың Иманжүсібі қандай
@besikbeklerbek6833
@besikbeklerbek6833 3 жыл бұрын
Бүкіл әлем Нағыз Қазақы Әннің қандай екенін білмейді ғой! Қос ішекті Домбыра менен Қазақтың Қоңыр Дауысы Қазақи Ырғақты қалыптастырды. Біз, Қазақтар - Ұлы Халықпыз, негізінде. Осыны білмейтін Қазақтар бар және де бұл туралы тіпті ойланбайтын Қазақтар бар...
@user-yc9eb7wl9d
@user-yc9eb7wl9d 3 жыл бұрын
Рахмет рас айтасыз
@user-kp1uw7zp4w
@user-kp1uw7zp4w Жыл бұрын
Бауырымау кандай дауыс, түнімен тыңдадым. Керемет. Рахмет, Алланын сүйікті пендесі бол.
@user-yc9eb7wl9d
@user-yc9eb7wl9d Жыл бұрын
Әмин рахмет Алланың берекесі болсын
@sharipamalikkizi8399
@sharipamalikkizi8399 3 жыл бұрын
Әлһәмдулиләһ арқа мен солтұстық шығыс қазақ даласында қазақи ұлтық рухымыз дүркіреп оянып келеді иншаллах оң болғай, елдің рухын оятып кележатқан осындай ұл қыздарымыз ғұмырлы болғай, азаматың атқа қонды деген осы қазағым. Тіфәй тіфәй тіл көзім тасқа, ғұмырлы болсын.
@lotuslotus4608
@lotuslotus4608 Жыл бұрын
керемет Тамаша орындау,ан де аншi де🙏👍👍👏👏🌸🌸🇰🇿🇰🇿🇰🇿КZ 24/7
@serikbesen7714
@serikbesen7714 8 ай бұрын
Түууу шіркін! Недеген шырыгдаған дауыс! Жәрайсың бауырым👍👍👍👏👏👏👏👏
@user-zb3rw1wr6k
@user-zb3rw1wr6k 3 жыл бұрын
Тамаша нағыз қазақ Ни то что уш төр т жігіт ыңылдап ыңырсып тар шалбарларын киіп өз денелерін өздері қыздар сияқты сипап айтатындар жолда қалады шаңында іліеспей мына жігіт тің👍👍👍
@user-rn3kj7wk7n
@user-rn3kj7wk7n 2 жыл бұрын
Керемет аға Басынан аяғына дейін көзімді алмай 3рет тыңдадым.Тамаша орындау😍 Қаным денемде жүгіргендей болды🤗рахмет сізге🙏 Орындағаннан кейін осылай орындау кереккой😎
@user-zj2gu4nt4e
@user-zj2gu4nt4e 3 жыл бұрын
Керемет дауыс тындай бергин келеди. Фанерщиктер шанында калып кояды. Динисламбектин касында оларда аншимиз деп ширик кокиректеринде нан писип жур гой. Даусынан айналайын балам дунйе турганша тур казахтын мандайына биткен талантты жигит, асыл азамат.
@user-tr2ed1mh3d
@user-tr2ed1mh3d Жыл бұрын
Керемет!!! Ғажап орындадың,мың рахмет!!!Бүкіл қазақтың басындағы қасырет,тарихқой,әтең өмір-ай Қайран асыл текті қазағымай.👏👍😔😩😪
@user-ft8qn3gj1b
@user-ft8qn3gj1b Жыл бұрын
Керемеееееет ,ширкин биздин балалар кайталанбайды гой жер бетинде
@user-pr9uu5dr7i
@user-pr9uu5dr7i 3 жыл бұрын
Бауырым Дінисламбек, Жаяу Мұсаның "Шорманның Мұстафасы атымды алып, атандым сол себептен Жаяу Мұса деген әнін айтқансыз ба? Айтпасаңыз айтып көріңізші, апам сұрап көрші деп еді, ол кісі сіздің әндеріңізді өте жақсы көріп тыңдайды, тек ол кісі емес үй ішімізбен тыңдаймыз күніге, қайта қайта! Алла тағалам өмір берсін Сізге!
@user-ji8xw3yz7g
@user-ji8xw3yz7g Жыл бұрын
Ж
@user-vo5ip8ik8u
@user-vo5ip8ik8u 3 жыл бұрын
Керемет. Дауыс диапозоны өте зор. Біздер қазақтын әндеріне шөлдеп жүрген пендеміз ғой. Тындаған сайын рахаттанып бір масайраймыз. Бұрын Бекболаттын жас кезін тындайшы едім одан Ерлан Рысқалиды таптым. Өткенде Дінислам интернетті жарды ғой сонда білдім осындай талантты әнші барын. Қол босаған кезде жиі тындайтын болдым.
@zhenisbaimagambetova5680
@zhenisbaimagambetova5680 3 жыл бұрын
Қалқам өнерің өрге домалай берсін, керемет👍🤗
@user-fw6tk8mh9h
@user-fw6tk8mh9h 3 жыл бұрын
Мен казак радиосында жасасам сиздин олендерди косар едим кайта кайта
@user-ot3pr8mz2m
@user-ot3pr8mz2m 3 жыл бұрын
Жарайсың бауырым рахмет керемет орындайсың өнерің өрге бассын оңтүстік жетісайдан жалынды сəлем
@user-yc9eb7wl9d
@user-yc9eb7wl9d 3 жыл бұрын
Рахмет Аман болыңыз. Алла бақ берсін сізге
@user-wn4ww9iy8f
@user-wn4ww9iy8f 3 жыл бұрын
Шіркін АРҚАНЫҢ әндері-ай!. Бауырым өнерің өрге жүзсін!
@user-do4bg9oe8n
@user-do4bg9oe8n 3 жыл бұрын
Қайран Иманжүсіп сендей батыр əрі сері жан жоққой.
@user-tj4lc1lw5t
@user-tj4lc1lw5t 3 жыл бұрын
Керемет....Иманжүсіптің өзінде осындай-ақ орындаған болар....
@nurlanbekkabysh4657
@nurlanbekkabysh4657 Жыл бұрын
Керемет орындау! Рахмет бауырым, аман болсақ өзіңе кездесіп ән салдыратын күнде болар ,әлі талай!!!
@user-ss3uw3tj9q
@user-ss3uw3tj9q 3 жыл бұрын
Керемет әнші екен
@user-rj9uo3xd4o
@user-rj9uo3xd4o 2 жыл бұрын
Тамаша қазағыңды әнмен
@user-ig8lu5vq5y
@user-ig8lu5vq5y 3 жыл бұрын
Керемет👍👍👍
@EBAVlog777
@EBAVlog777 2 жыл бұрын
Entertaining music
@user-mv3qi8hr2u
@user-mv3qi8hr2u Жыл бұрын
Беу шіркін
@user-pr9uu5dr7i
@user-pr9uu5dr7i 3 жыл бұрын
Домбыраны оң қолменде тарта береді екен бауырымыз! Керемет орындау, қазақтың маңдайына біткен жұлдызы ғой!
@serikbesen7714
@serikbesen7714 9 ай бұрын
Әәәй шіркін бауырым, тамағыңа дерт бермесін!👍👍👍👏👏👏👏
@user-jt8dr5gy9n
@user-jt8dr5gy9n 10 ай бұрын
Тағылы мен Бұғылыдан салем . керемет рахмет
@user-dn3th2iu1t
@user-dn3th2iu1t 3 жыл бұрын
Керемет жасай бер
@miraomirbekova8875
@miraomirbekova8875 3 жыл бұрын
Даусынан айналайын!!!
@YoungFarmer..
@YoungFarmer.. Жыл бұрын
Керемет👍
@user-kd7mm9uj9t
@user-kd7mm9uj9t 3 жыл бұрын
Ассалаумағалейкүм керемет 👍👍👍
@Redmi-rd5xg
@Redmi-rd5xg Жыл бұрын
Керемет бауырым
@user-yl8pe8dq8y
@user-yl8pe8dq8y 3 жыл бұрын
Қайран Иманжүсіп
@user-fk3vg2cf1u
@user-fk3vg2cf1u 3 жыл бұрын
Керемет бала кезiмiзде радиодан тыңтайтын едiк соңғы кезде жоқ болып кетті
@besikbeklerbek6833
@besikbeklerbek6833 3 жыл бұрын
Дінисламбек Аға Ассалаумағалейкүм! Дарыныңызға тәнті болдым! Аллаһ жар болсын сізге! Расында да кезінде Иманжүсіп Құтпанұлы Қасқырдың ішіндегі Нағыз Арлан іспеттес болған!
@user-gy4ux6rw9z
@user-gy4ux6rw9z 3 жыл бұрын
ЖӘРӘЙСӘҢ 👏👏👏👏👏👏👏👏👏
@user-gg3kd4mh7j
@user-gg3kd4mh7j Жыл бұрын
Жарайсың Дінислвм бауырым! Осы өлеңді тыңдасам рухым көтеріледі. Қанатың талмасын.
@user-xo4wh8xu3l
@user-xo4wh8xu3l 3 жыл бұрын
Аман бол бауырым жасың ұзақ болғай
@CR-gt8zj
@CR-gt8zj 2 жыл бұрын
Дауысыныз керемет!!!
@user-no1lb4ym7m
@user-no1lb4ym7m 3 жыл бұрын
Не деген керемет дауыс! Өнерің өрге бассын! Туып өскен жерім Ереймен болған соң жүрек тебіреніп қайта, қайта тыңдаудамын.
@user-eb5nx7ig7x
@user-eb5nx7ig7x 3 жыл бұрын
Керемет!!! Тамаша!!!
@user-vr5me5vo5i
@user-vr5me5vo5i 3 жыл бұрын
Әйбәт әкен
@user-dk5jk8yq2f
@user-dk5jk8yq2f Жыл бұрын
Пашыркын айзн қандырып орндадын керемет
@user-we2kf2tz1o
@user-we2kf2tz1o 2 жыл бұрын
Алла разы болсын ага
@user-qm6cw7ip6w
@user-qm6cw7ip6w 3 жыл бұрын
Ассалаумағалайкум аға Қасым Аманжол "Өзім туралы"толығымен салсаңыз?
@user-dn8cj6jm5e
@user-dn8cj6jm5e Жыл бұрын
Керемет күнде тыңдаймын
@berikpaluan9928
@berikpaluan9928 3 жыл бұрын
Мықты. Сөз жоқ!!!
@user-lk2hg8sq2l
@user-lk2hg8sq2l 5 ай бұрын
Жылатасыңңой Діннисламбек ❤❤❤
@user-wv1ui2fh1x
@user-wv1ui2fh1x 3 жыл бұрын
Інішек,әнді керемет айтады екенсің.Сәкеннің Тау ішінде әнің өте жоғары деңгейде айттын.Игілік Омаров ағамыздан кейінгі Тау ішінде керемет айтқан сенсің.Рахмет бауырым, өркенің өссін!!! Сәлеммен Жаңаарқадан
@user-fb6ox9kl1b
@user-fb6ox9kl1b 3 жыл бұрын
Ассалаумағалейкүм бауырым керемет өнерің өрлей берсін .Алтайдың әндерінен айтсаң
@samgarmellat3935
@samgarmellat3935 Жыл бұрын
Керемет! 👍👍
@user-gr8yz6tz6s
@user-gr8yz6tz6s 3 жыл бұрын
Саф алтын.өнер деп осыны айт.Теледидардан неге көрінбейді.
@user-fk3vg2cf1u
@user-fk3vg2cf1u 3 жыл бұрын
Ән айтқанда тарихын қоса айта кетсе жақсы болар едi
@user-kk7eb4rm6p
@user-kk7eb4rm6p 3 жыл бұрын
Керемет
@user-fw6tk8mh9h
@user-fw6tk8mh9h 3 жыл бұрын
Ау де агасы
@user-xd7hc1yb8u
@user-xd7hc1yb8u 9 ай бұрын
👍👍👍
@merekeiskakov1414
@merekeiskakov1414 Жыл бұрын
бакыртып,сабау шедим лактайын👆2:21
@dhoniff7154
@dhoniff7154 3 жыл бұрын
ТАМАША
@nartaikali3134
@nartaikali3134 3 жыл бұрын
🔥👏
@user-bj9pu3of2g
@user-bj9pu3of2g 3 жыл бұрын
Беруде
@user-jt1wk2og5x
@user-jt1wk2og5x 2 жыл бұрын
40 қатыны қыпшақтың деп айтыңыз Бәрекелді
@mirasqusaiyn5762
@mirasqusaiyn5762 3 жыл бұрын
Оңақайсыз ба, солақайсыз ба?
@user-oh4kz1on5v
@user-oh4kz1on5v Жыл бұрын
Абылаи аспас арканын кара бели ...
@sssss-BMV-700
@sssss-BMV-700 Жыл бұрын
Бөлексің палуан
@user-js2qt8pd4y
@user-js2qt8pd4y Жыл бұрын
Видеоны теріс салған сондықтан домбыра солақай көрініп тұр..
@adminchannel6283
@adminchannel6283 11 ай бұрын
Әннің орындалуы реті, сөздерінің реті басқаша. Бұл әннің бірнеше үлгісі барма? Бекболат Тілеухан айтқан өленде басқаша. Кімдікі дұрыс сонда. Сіздікі маған жағымды.
@user-rn3kj7wk7n
@user-rn3kj7wk7n 2 жыл бұрын
Керемет аға Басынан аяғына дейін көзімді алмай 3рет тыңдадым.Тамаша орындау😍 Қаным денемде жүгіргендей болды🤗рахмет сізге🙏 Орындағаннан кейін осылай орындау кереккой😎
@user-kk7eb4rm6p
@user-kk7eb4rm6p 3 жыл бұрын
👍👍👍
Үш қара ( Мәди)
6:51
Дінисламбек Жайлаубай
Рет қаралды 13 М.
Беймәлім дерек. Иманжүсіп Құтпанұлы
20:03
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 22 М.
格斗裁判暴力执法!#fighting #shorts
00:15
武林之巅
Рет қаралды 89 МЛН
顔面水槽をカラフルにしたらキモ過ぎたwwwww
00:59
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 37 МЛН
КАК СПРЯТАТЬ КОНФЕТЫ
00:59
123 GO! Shorts Russian
Рет қаралды 2,9 МЛН
100❤️ #shorts #construction #mizumayuuki
00:18
MY💝No War🤝
Рет қаралды 20 МЛН
Тау ішінде (Сәкен Сейфуллин).
4:28
Дінисламбек Жайлаубай
Рет қаралды 232 М.
А Байтұрсыновтың өз дауысы
16:57
Dosmuhambetov mektebi
Рет қаралды 410 М.
THE BEST KAZAKH MUSIC
26:31
Көңіл толқыны
Рет қаралды 129 М.
ЖАНСАЯНЫҢ ОТТЫ ШУМАҚТАРЫ
24:08
RAUAN TASTANBEKOV
Рет қаралды 104 М.
"Өмір жолы" - Иманжүсіп (09) 02.03.16
30:02
Bilim Madeniet
Рет қаралды 30 М.
Мақтымқұл термесі, орындаған - Дінисламбек Жайлаубай
3:09
Дінисламбек Жайлаубай
Рет қаралды 39 М.
格斗裁判暴力执法!#fighting #shorts
00:15
武林之巅
Рет қаралды 89 МЛН