«Вице-премьер Жұманғарин қашып жүр» | Ресей мен Қытай шекарасын бір аптаға жапса, қазақтар аш қалады

  Рет қаралды 44,126

NE BOLDY

NE BOLDY

Күн бұрын

«Не болды?!» ютуб арнасында жаңа сұхбат. Спикер - Алмасбек Садырбай. Қазақ шаруаларының құқығын республикалық деңгейде қорғап жүрген экономист Ресей демпингі әбден титықтатып бітті дейді. Сондықтан жаңа Үкіметке бірқатар өз ұсынысын да жасауда. Миллионер қойшы енді аграрлық партия құрып, шаруаларға арналған банк ашу үшін барын салып жүр. Бірақ жолын кесетін лоббистер көп. Соның кесірінен жылқыға емес, субсидия шошқа бағатындарға беріліп жатыр. «Тіпті салаға жауапты вице-премьер Серік Жұманғарин менен қашып жүр» дейді. Тыңдап көруге шақырамыз.
#АлмасбакСадырбай #Миллионерқойшы #Ресейдіңқорасы
Көруге ыңғайлы болуы үшін:
00:00 Анонс
01:30 Амандасу. Спикер - Алмасбек Садырбай
03:41 Мал бағып, егін егіп бай болуға бола ма?
05:24 Бұйырса бір 15 жылдан кейін мұнайымыз бітеді. Одан кейін...
06:08 Министрлер «Әлеке, қалай мал ұстаймыз?» деп сұрайды. Мал ұстау - қазақи философия
07:29 Қазақстың жері бидайға арналмаған. Қазақ топырағы Канадамен бірдей емес
11:49 «ҚазАгроны» құрту. Ауыл шаруашылығында агро банк болуы керек
15:19 Парламент пен Үкіметтің текетіресінен шаруалар зардап шегеді
16:58 Агро саланың белсенділерін неге Парламент жиындарына кіргізбейді?
18:43 Енді жерді кез келген адам ала алмайды: ИП, ТОО, КХ бары ғана алады - конституцияға қарсы заң қабылданып жатыр
20:19 Шаруалардың құқығын қорғамайтын «Ауыл» партиясы Парламентте не үшін отыр?
21:58 Аграрлық-индустриалдық партия құру жөнінде 16 рет өтініш бердік, 16 рет «отказ» алдық
28:42 Шешімім қате болған шығар - шақырған партияларға бармадым
31:39 Жаңа Қазақстанға жаңа аграрлық партия керек емес екен
32:59 9 министр ауысты - Қазір вице-премьер Жұманғарин жұмысын дұрыс атқармайды
37:21 Назарбаевтың импортқа қатысты саясаты дұрыс еді
41:27 Жылына шаруаларға 200 млрд теңге несие беріліп тұруы керек
42:40 Әкімдердің шаруаға жаны ашымайды
45:01 Қолымды сілтеп кетіп қалғым келеді. Бірақ менің миссиям бар - 55 жасқа дейін елге қызмет ету
47:06 Агро салаға ең зияны көп тиген министр - Асылжан Мамытбеков
50:09 Саланы дамытуға тырысқан министр кім?
51:14 Қазіргі министр Айдарбек Сапаров шошқа өсіретіндерге неге субсидияны көбейтті?
53:41 Мен министр болсам...
57:55 Миллионер қойшы Алмасбектің қанша отар қойы бар?
58:48 Қазақтың қойын құртқан кім?
01:00:49 Ресейдің демпингіне ұшырамаған бір-ақ сала бар. Ол - қой шаруашылығы
01:02:45 Қазақ ет пен картоптан гөрі, тауықты көп жеп кетті
01:04:23 Тоқаевқа не айтар едіңіз?
01:05:29 Алмасбектен, қазаққа өтініш: «Ұлттық өнімді ғана алып жүріңіздерші!»

Пікірлер: 195
@neboldy
@neboldy 2 ай бұрын
Қалай мал бағып миллионер болу керек?
@Amannur11
@Amannur11 2 ай бұрын
Мал бағып миллионер болу үшін миллиондарын болу керек. Ал жақсы өмір сүру үшін ерінбей енбек ету керек. ҚҰРАЛАЙ Алмасбек лоббистін нағыз өзі ғой.Латифундистердін сөзін сөйлеп жер сатамыз деп ұрандатқан жоқпа.
@user-fw1uq4sb5i
@user-fw1uq4sb5i 2 ай бұрын
Пвүвүвүпвүаүвпүпһһһһһө ​@@Amannur11
@Kalel.Iliasov-th4kh
@Kalel.Iliasov-th4kh 2 ай бұрын
Мәселе калай емес кандай мал? егер халыкты малға санап тонап жеп әрине Казакстанда милионер боласың😂
@alidinmukhammed7582
@alidinmukhammed7582 2 ай бұрын
@@Amannur11, БҰЛ СӨЗІҢНІҢ РАС- ӨТІРІГІН ДӘЛЕЛДЕУДІҢ БІР- АҚ ЖОЛЫ БАР- ОЛ АЛМАСБЕКТІ А/Ш МІНІСТІРІ ҚЫЛУ:- МҮМКІНДІК БЕРІП КӨРУ КЕРЕК....!!!!
@Amannur11
@Amannur11 2 ай бұрын
@@alidinmukhammed7582 Қазақтын жерін сатуға 2021 жылы 5 жылға мораторий жарияланды. 2026 жер сатылсын дегендер женсе,жер онды солды сатылып кете барады.Ал Алмасбек "әр қазаққа жер "- деген жалған ұранмен жер сатылсын деп жүрген қу. АЛИ өзін ойлап көрші қарапайым шаруанын,кредиттен көз ашпай жүрген жер сатып алуға шамасы жетеме? Алмасбек қазақ жеріндегі монополист,феодалдардын жыртысын жыртып жүрген адам ғой. Алмасбек өте әдемі сөйлейді,алданып қалып жүрмендер.
@user-lm2vx1fu2y
@user-lm2vx1fu2y 2 ай бұрын
Алмасбек ауылшаруашылық министірі болу керек өте сауатты жігіт
@user-ce3sw6uj7q
@user-ce3sw6uj7q 2 ай бұрын
Осы Алмасбекті министр ауылшаруасын басқарса қазақтың көзі ашылар еді осі кісі шырылдап жүр обратите внимание пример министр
@user-fc5zk1hn6d
@user-fc5zk1hn6d 2 ай бұрын
Алмасбек бауырымыз нағыз ауыл шаруашылығы министрі болуы керек! Ауыл шаруашылығын басқардым деген Жигули депутат Алмасбектің тырнағына тұрмайды.
@user-dq6ji1qr1o
@user-dq6ji1qr1o 2 ай бұрын
Сол Жигулиден сұрау керек өзі басқарған колхоздарға не істегенін, қалай банкрот болғанын. Ауыл шаруашылығында бір күн істемеген адамдар ауыл шаруашылығы министрі болып отыр,олар қойды көрсе қоян дейтіндер. Ауыл шаруашылық министріне нағыз лайықты адам осы АЛМАСБЕК бауырымыз.
@sadiksadik4774
@sadiksadik4774 2 ай бұрын
Осындаи өзінің білімімен идиасы бар жігіттер ауыл шаруашылық міністірлігінде жумыс істеу керек, жоғарыда отырған арамтамақтарды сыпырып тастаған жөн.
@user-zy9cx6eg4n
@user-zy9cx6eg4n 2 ай бұрын
Осы тулганы ауылшаруашылык министрiне лайыкты колдайык!
@user-be1mp6ge2t
@user-be1mp6ge2t 2 ай бұрын
Халық оянғанда арамтамақтарға қоқымда қалмайды күш бірлікте
@user-vm2ni6hp7i
@user-vm2ni6hp7i 2 ай бұрын
Алмасбек Ауыл шаруашылык Министир болу керек Казагым колдаймыз Алмасбек
@user-fr9vi9ju2o
@user-fr9vi9ju2o 2 ай бұрын
Жұманғарин кетпеи қазақ елі тоналабереді. Тонап бітірді Нуриктің адамдары кетпеи
@Rext1818
@Rext1818 2 ай бұрын
Биліктің сұрқия саясаты, елді қанап бітті. Жастардың болашағы бұлынғыр.
@user-fr9on5fw6l
@user-fr9on5fw6l 2 ай бұрын
Ауыл шаруашылығы минстрі болатын азамат!Һ
@user-en7uy9hs3d
@user-en7uy9hs3d 2 ай бұрын
Алмасбек бауырымды көптен бері сұхбаттарын.тыңдаймын.білгір.білімді өте өжет.өз ойыннан қайтпайтын азамат
@user-oi7wh6nv5l
@user-oi7wh6nv5l 2 ай бұрын
Осындай жигиттер ел басқару керек
@user-hy7sk4jc2q
@user-hy7sk4jc2q 2 ай бұрын
Алмаспек накты призидент болуга уте лайык азамат уте былымды Алла жар бола кур мен даусымды Алмасбеке беремын уте лайык.
@user-ih1to3yv6i
@user-ih1to3yv6i 2 ай бұрын
Бауырым ден-саулығың мықты болсын!!!Ауылға үкіметтен көмек жоқ екени анық.
@user-tg7sg8xw6c
@user-tg7sg8xw6c 2 ай бұрын
Алмасбек мырза өте ризамыз сізге, нағыз А.Ш. министрі болатын адамсыз, бір құдайым көмек берсін сізге, ниетіңізге жетіңіз.
@user-vw6gw9xv8b
@user-vw6gw9xv8b 2 ай бұрын
Алма сбнкте туркыстанда сатлып кетты аузы майланды гап
@mshiturman9450
@mshiturman9450 2 ай бұрын
Енді не істейміз. 30-жыл халықты қанау саясаты жоспар жүріп жатыр
@user-cs5bf1di6b
@user-cs5bf1di6b 2 ай бұрын
Нағыз Минстр болатын азаматсын . Бізге женіл өнеркәсіп ашыу керек Тері жүн өндеитін кәсіп керек . Аитуын дұрыс
@user-fr9on5fw6l
@user-fr9on5fw6l 2 ай бұрын
Тоқаев мырза, халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлетін болсаңыз АТА-БАБАМЫЗдың ата кәсібі малшаруашылығын дамытуға күш салыңыз. АЛ ОНЫҢ МИНСТРІ САДЫРБАЙ БОЛСА КӨСЕГЕМІЗДІҢ КӨГЕРЕТІНІ СӨЗСІЗ.жазған әже
@Bari_Osinda_kaz
@Bari_Osinda_kaz 2 ай бұрын
Дұрыс өте дұрыс
@user-mo6cw6ej6o
@user-mo6cw6ej6o 2 ай бұрын
Отте керемет азамат билимди ари ар созинин жаны бар
@k.alax7524
@k.alax7524 2 ай бұрын
Өте дұрыс айтады! Ауыл шаруашылық министрі болтын азамат! Біздің билік азық-түлік қауіпсіздігінің мемелектің қауіпсіздігі екенін мүлде түсінген емес! Осы бетімен кете берсе Қазақстанға үлкен қасірет әкеледі! бұл тақырыпты мемелекеттік деңгейде тез ардада , шұғыл түрде шешпесе болмайды! ‼️‼️‼️
@user-wx3ur3pu5f
@user-wx3ur3pu5f 2 ай бұрын
Журналистка СУПЕР!!!! Қонақ СУПЕР!!!!!!
@user-ez3zt5hc3h
@user-ez3zt5hc3h 2 ай бұрын
❤❤❤❤❤❤❤Мыкты.Азамат.Алмасбек.Министр.болсагой.арманым.мен.коремсем.Баларарым.Немерелерим.корсин..
@user-jt9dd9lt1j
@user-jt9dd9lt1j 2 ай бұрын
Аталарымыз малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы дейді. Ар ілімін көтермей, қазақтың көсегесі көгермейді. Ақылдының мал табуға септігі жоқ, ақымақтың мал табуға кемдігі жоқ. Мал табамыз деп отыз жыл жүгіргенде не таптық, дым да тапқан жоқпыз. Өмірдің мәні мал табу емес, ар табу. Мал табамыз деп, қуыс кеуде болып біттік. Алдымен кеудемізді құндылыққа толтырайқ.
@user-sh9ew4gr3y
@user-sh9ew4gr3y 2 ай бұрын
Қазақша падкастар көп боп кеткеніне қуанамын, Алла разы болсын
@user-ml1ej7mi5g
@user-ml1ej7mi5g 2 ай бұрын
Өте дурыс айтасың Алмасбек.Біздің ел Ресейдің қорасы болып кетті .
@user-mj8td1qv8q
@user-mj8td1qv8q 2 ай бұрын
Осы кісіні ауыл шаруашылық министр қылып қою керек
@user-rc4kt6xj9d
@user-rc4kt6xj9d 2 ай бұрын
Азаматсың
@gulnaraiskakova43
@gulnaraiskakova43 2 ай бұрын
Дурыс айтат баурым
@user-yi8do6my8t
@user-yi8do6my8t 2 ай бұрын
Өте дұрыс айтып отыр пайдалы.ақыл
@user-pi5rb1te6u
@user-pi5rb1te6u 2 ай бұрын
Ассалаумағалейкум Алмасбек Садырбаев Алға қойған Мақсатқа Қадам Басабер Мен Қолдаймын
@Nazira-uf6wv
@Nazira-uf6wv 2 ай бұрын
Алмасбектей асыл азаматтарымыз аман болсын, Алла разы болсын 🤲
@user-ug4tl4ky6n
@user-ug4tl4ky6n 2 ай бұрын
Өте дұрысы айтасыз інім
@user-vf3ok6pw7t
@user-vf3ok6pw7t 2 ай бұрын
Кыскасы,билк халыктын мудесн оиламаиды,парламентте,Презедентте.
@khairimanap5211
@khairimanap5211 2 ай бұрын
Бәрі шындық Алла разы болсын сізге Алмасбек
@welcamxshop6182
@welcamxshop6182 2 ай бұрын
Алмасу сияқты ақылды жігіттер билікке керек емес.Ол жерге ұры,қаралар,жемқорлар керек.Билікке сондай адамдар тиімді.Ақылды адамдар келсе,отыз жыл тонағандардың арты ашылып қалады.
@user-nl8dt3ef2i
@user-nl8dt3ef2i 2 ай бұрын
Алмасбек,ассалаумалейкум.5койды жеу ушин багам.Прибыли нет,но мясо своё экологически чистое ХАЛАЛ,и это хватаёт.Я сам городской,но душа в СТЕПИ,АУЛДА❤🤲🙏🤝
@user-yr3xv7yk8i
@user-yr3xv7yk8i 2 ай бұрын
АЛГА ЖАНА КАЗАГЫМ
@saulezhumagulova8132
@saulezhumagulova8132 2 ай бұрын
Алмасбек мырзаның өте білімді екендігі көрініп тұр. Нағыз ауыл шаруашылығын жандандыратын жан. Нағыз ауылшаруашылығы министрі болатын адам.
@user-wu4fg2xu9x
@user-wu4fg2xu9x 2 ай бұрын
Аман болыңыз.
@usermed6793
@usermed6793 21 күн бұрын
Жарайсың бауырым, осындай азаматтар отырса өкіметте, жағдайымыз жақсарып, елдің шаруашылығы көркейер еді, ал қазіргі отырған топас, жемқор чиновниктерден ешқандай жақсылық елімізге келмейді.
@user-tu3fr7hi6z
@user-tu3fr7hi6z 2 ай бұрын
Депутат болсаңыз сізге жарасады, халыққа өте керексіз аға.
@user-sl4iy9sr9i
@user-sl4iy9sr9i 6 күн бұрын
Алмасбек сізге денсаулык табыстілеимін министрге кеңесші Болатын адамсыз Ауыл партисына коссагои сізді
@user-tv8mw5lz2b
@user-tv8mw5lz2b 2 ай бұрын
Өте дұрыс ой пікір айтылуда, Ата кәсіптен Қазағым алыстағаннан боп, ғарыштап дамып кетпес.
@user-gk8sy9gn1d
@user-gk8sy9gn1d 2 ай бұрын
Тап қазіргі үкімет болсын мнистірлерің болсын халықты оилап отырған адам жоқ ол бесенеден белгілі..Негізі осындаи азаматтар болу керек мнистірлер..
@user-go1jh3vq6g
@user-go1jh3vq6g 2 ай бұрын
Жарайсың Алмаспек!йдеяаңа толытай келісем.
@user-ng1bx6nj8f
@user-ng1bx6nj8f 2 ай бұрын
Айналайын Алмасбек бауырым! Ия,ауыл еңбектерінің еңбегі іріп шіріп жатыр.Еңбек еш боп тұр.Үкіметтен қолдау керек .Кооператив құрамыз дейді,техникалардың бәрі ескі құсқы металломға дайын тұр.Кооператив құру үшін,жаңа техникалар керек емеспа?
@user-lm2vx1fu2y
@user-lm2vx1fu2y 2 ай бұрын
Жұгері не болды қаида кетті шіріп кеттіме обал болды 😂
@user-jj8rl5wt9e
@user-jj8rl5wt9e 2 ай бұрын
Алмасбек! Аман- есен болыңыз! Ісіңіз алға бассын! Қазақтың батыр ұлы, үміт күттірер азаматы сәтті болсын әр қадамыңыз!
@user-gk8sy9gn1d
@user-gk8sy9gn1d 2 ай бұрын
Міне ауылшаруашылық. Мнистірі болатын азамат қолдаимыз.Әи бірақ біздің билік осындаи азаматарды жүмыс істетпеидіау.
@user-fr9vi9ju2o
@user-fr9vi9ju2o 2 ай бұрын
Қазақ Халқын улап бітірді кола гарила мен балалардың 100паиызы сахыр не масқара бұл ұлыттық тамақ өнер кəсібі жоқ деген сөз қолдамаиды
@user-vl3ru2pp8z
@user-vl3ru2pp8z 2 ай бұрын
Жоғарыда отырғандардың əрекеті , тура Африкадағы гиена сыяқты .
@baltabayvaliyev5001
@baltabayvaliyev5001 2 ай бұрын
Өз еліміздегі өнімді шіріту керек. Сонда басқа. Елден арзанға алып қымбатқа сатамыз арасында. Паида. Б. А. Р !!!!!!
@user-yl3uu6oc2o
@user-yl3uu6oc2o 2 ай бұрын
жумангарин деген адамнын жумысстепатканы корынбейды , казакша солемейды , журналистерге дурыс жауап бермейды , тек ашиен отырган адам сиякты , калыка жаны ашып стеватканы корынбейды
@user-ml4bu7wf8j
@user-ml4bu7wf8j 2 ай бұрын
Өте дұрыс айтады,қаланың ақшасы тікелей шаруаға туссе ,қалаға да шаруаға да тиімді болар еді,әитпесе ортадағы саудагерлер шаруадан арзан алады,қалаға қымбат өткізеді
@user-wv9ks6hx4n
@user-wv9ks6hx4n 2 ай бұрын
Жарайсың Алмасбек бауырым , АЛЛА тағала қолдасын сені.....
@user-dm4bq5wb4j
@user-dm4bq5wb4j 2 ай бұрын
Ауылшаруашылық министрі болуға лайықты адам👍👍👍👍👍
@user-tv8im9ol2x
@user-tv8im9ol2x 2 ай бұрын
Казакстандагы бидай тукымы Саратовская 29 деген ,тек нан пысыруге жарайтын ,ол анау Костанай ,Торгай даласында шыгатын ,сондыктан мына спикер мырза кателеседы ,мал осыру ушын оган азык керек ,жалгыз кой ,жылкы етымен элемдык нарыкка ылесе алмайсын ,ыры кара осыру керек ,сут керек ,май керек ,ал ыры карага жем керек ,сондыктан ауылшаруашылык дегенымыз ол улкен аукымды мжселе ,тек кой мен дылкы емес ,сондыктан бул мэселе оте курделы жене аукымды ,быз шетелге шыгуымыз керек ,вшкы нарыкты толтыру керек
@SKD19595
@SKD19595 2 ай бұрын
Тыңдадым келеді.
@AbzalNuruldaev
@AbzalNuruldaev 2 ай бұрын
Алмасты қолдау керек
@user-jj8rl5wt9e
@user-jj8rl5wt9e 2 ай бұрын
Үкімет басындағылар осындай сауатты, қолынан іс келетін жігіттердің басын қосып, неге қазақ елінің өмірін жақсартуға ұмтылыс жасамайды екен?
@user-jj8rl5wt9e
@user-jj8rl5wt9e 2 ай бұрын
9- км. жолға зар болды. Өйткені, ауырып сырқаса 130км. жерге жету мүмкін емес. Әйтпесе өз отынын, туып өскен жерін кім қиып кетер!?
@user-cs8ti6ew6s
@user-cs8ti6ew6s Ай бұрын
Қазақстан Қазақ қалқым елім жұртым Қазақ АТА кәсібі өмір бақи Қазақстан Қазақ Ешкімнен кем қылма. Алмасбек Шырылдап жүресің Мақсатына жет.
@user-sr7cq3ni9v
@user-sr7cq3ni9v 2 ай бұрын
Қазақтың төл кәсібі төрт түлік мал деп түсінңу керек ата бабамыз қазақ мал мен күн көрген осыны түсініу керек.
@user-rg2fm3ri1u
@user-rg2fm3ri1u 2 ай бұрын
Біз ауылда тұрамыз, мен білетін қанша от басында тышқақ лағы жоқ үйлер бар.Мен өтірік шынын білмеймін. Өзбекстанда өз халқына бір-екі қой сауын ешкі тауық таратып беріпті деп есткенмін. Сол кезде Қазақстанның қойларын Өзбекстан сатып алып жатты.
@xiaomiredmi7790
@xiaomiredmi7790 2 ай бұрын
Надан казахтар мынаны да👍 баса алмайды. Неге алга умтылмаймыз, калгып, мулгип кой сиякты бир орында тура беремиз😅
@user-ic2ul5fl3n
@user-ic2ul5fl3n 2 ай бұрын
Жараисын Алмаспек жаксы сукпат болды омир жасын узак болсын
@user-vi7io1kr1n
@user-vi7io1kr1n 2 ай бұрын
ҚҰДАЙ ҚОЛДАСЫН!
@user-jj8rl5wt9e
@user-jj8rl5wt9e 2 ай бұрын
Журналист қызға көп рахмет!
@user-wf2ul8vn3m
@user-wf2ul8vn3m 2 ай бұрын
Керемет
@user-zx7vg2dl3c
@user-zx7vg2dl3c 2 ай бұрын
❤осы адам неге укиметте емес?
@user-rg2fm3ri1u
@user-rg2fm3ri1u 2 ай бұрын
Алмасбек бауырым ды ауыл шаруашылығы министрі етіп сайлауымыз қажет.
@user-tv5zt8gq2n
@user-tv5zt8gq2n 2 ай бұрын
Осы жігітті ауылшаруашылық министр болса
@Altynorda-fk4yw
@Altynorda-fk4yw 2 ай бұрын
. Керемет АЛМАСБЕК.
@user-zy4xi1cp3l
@user-zy4xi1cp3l 2 ай бұрын
Шошқаға берген көмек қаражат не үшін төрт түлік малдан неше есе жоғары?
@almasmagzomov8974
@almasmagzomov8974 2 ай бұрын
Oсы братты билikтен коргiм келедi.
@user-ll2cx4mx3i
@user-ll2cx4mx3i 2 ай бұрын
өте сауатты, керемет Азамат. Шіркін осы әңгіме Тоқаевтың құлағына жетсе не болар еді,Әлде баяғы Орысына жалтақтай ма?
@user-fi6im8tp7r
@user-fi6im8tp7r 2 ай бұрын
Осындай білімді жігіттердіүкіметке апару керек анау уәде бергіш назарбаевтардың күштерін құрту керек
@user-ic8wi3nm7o
@user-ic8wi3nm7o 2 ай бұрын
Технология деп химикаттап жіберме малды жерді улап, адам, табиғат, жануарлар қысым көруде
@user-oh1iy1sb3v
@user-oh1iy1sb3v 2 ай бұрын
Малды бағуға көмекшіге ешкім барғысы келмейдіғо мал шарушылығы қайдан дамиды
@baltabayvaliyev5001
@baltabayvaliyev5001 2 ай бұрын
Кеңес үкіметінің. Кезінде.мен бір мал шаруашылығын көрмедім дататсиясыз өмірсүргенін
@user-jj8gx9mf4s
@user-jj8gx9mf4s 2 ай бұрын
Тоқаевқа тура барып барынды айту керек
@user-gi9kf4fk1x
@user-gi9kf4fk1x 2 ай бұрын
Алмасбек өте халкын елын суиетын азамат .анык министр болатын азамат.
@user-tv8im9ol2x
@user-tv8im9ol2x 2 ай бұрын
Естерынызде болсын ,анау алып Советтер кезынде ,Казакстанда мунаймен ешкашанда жаркырамаган, быз аргарлык мемлекетпыз, сондыктан мынандай улан байтак жерымызде малмен ,егынмен алга шыкканбыз ,букыл 15 мемлекеттерды етпен ,сутпен ,ен бастысы бидаймен камтамасыз екембыз ,эрине бул сала шыгынды коп кездеседы ,бырэк кырысыдк улан гасыр ,ен бастысы елге жумыс болар еды ,ешкымге тэуелсыз болмас едык ,сол дайын турган саланы Назарбаев бытшыт кылдыгой,
@user-mz5lh7gr5c
@user-mz5lh7gr5c 2 ай бұрын
Қазақстанды тек мал шаруашылығы аграрлы ел қылады. Қазіргі нарық заманында астықты барлық жерде өсіру тиімділік бермейді ол өтірік большевиктердің ертегісі ғой.
@asylbekasyl1510
@asylbekasyl1510 2 ай бұрын
Азык тулк кауыпсыздігі кытай мен Ресей ге тіреледі ол деген саиасатка тіреледі ғой
@user-jj8rl5wt9e
@user-jj8rl5wt9e 2 ай бұрын
Қойдың жүні қайда кетіп жатыр? Бұрын ауылдан жүн жинап әкетуші еді. Алматының кілем фабрикасы болып еді, мәнері қандай керемет еді. Меринос қойдың жүні керемет. Иіретін станоктар болса, неге жылы тоқыма киімдер жасамасқа. Семейде жүн жіптен спорт формалары болушы. Жүн носкилерді Монғолиядан әкеліп сатып жатыр.
@user-ho5dx3oz8y
@user-ho5dx3oz8y 2 ай бұрын
Рахмет
@user-iv7ts7jd8l
@user-iv7ts7jd8l 2 ай бұрын
Ауыл шаруашылығын дамытамыз десек,байлардың заңсыз алған жерлерін тартып алып қайтадан ауыл тұрғындарына ауыл шаруасымен айналысатын шаруаларға тарату керек ,мұғалімге доктора шиновникке емес тек шаруаларға жерді беру керек ,әйтпесе жерді шиновниктер жалға беріп қойып ақша тауып азық түліктің өзіндік құнын арттырып отыра береді....
@user-jj8rl5wt9e
@user-jj8rl5wt9e 2 ай бұрын
Журналист қыз сауатты екен. Сұрақтары шпаргалкасыз, еркін сөйлесіп отыр! Кейбіреулер сұхбат алғанда телефонына жалтақтап, тыңдамайды!
@user-kt6zm9ln6f
@user-kt6zm9ln6f 2 ай бұрын
❤❤❤❤🎉🎉🎉🎉🤲🤲🤲☝️
@user-kt2kp8dn3e
@user-kt2kp8dn3e 2 ай бұрын
Осы жигиттин партиясын тиркемей отырған биликтегилер нағыз халық жауы ғой,будан артык не керек барин дәлелдеп,тусиндирип отыр,ауыл шаруашылығы министри болатын жигит,молынан ештеңе келмейтіндер биликте отырса калай Казакстан дамиды?
@user-di7iz1tx9t
@user-di7iz1tx9t Ай бұрын
Пуууууу Алеке, Мамытбеков есенгиреп турган казак шаруасынын тобесин ойып кетти десе болады.Оте орынды Алеке
@gulnaraydylbaeva7809
@gulnaraydylbaeva7809 2 ай бұрын
Алла, жасап жүрген жұмыстарына береке берсін!
@baytursynkarimbaev5949
@baytursynkarimbaev5949 2 ай бұрын
Бәрінде ақша бар малсызда малдивте дем алады.ұл қыздары европада оқиды.ал шаруалардың жұмысы әрине өте қиын.
@user-kh1jq7ed4t
@user-kh1jq7ed4t 2 ай бұрын
Неге биз онбейтин дауды даулай бергенше алдынгы катарлы елдердин тажирибесин колданып зан шыгармаска занды жылда озгерте бергенше
@user-ex3ii9qh5z
@user-ex3ii9qh5z 2 ай бұрын
Ауылшарушылығының министрі Алмасбек болуы керек
@baltabayvaliyev5001
@baltabayvaliyev5001 2 ай бұрын
Ой көке бос жатқан жер жоққой босқа әурешілік. М. А. Қ. А. У. Л. А. Р. Өлдім бермеидіғой
@user-lt6rf7sb1j
@user-lt6rf7sb1j 2 ай бұрын
Ассалаумағалейкүм, Алмасбек минсельхоз болмай не істер жүрсің ?
@user-dp7zx4tl8q
@user-dp7zx4tl8q 2 ай бұрын
Призиденіт Болатын. Азамат Қалықтың Қолдаитын. Пкірі
@user-ku2dq7pz9d
@user-ku2dq7pz9d 2 ай бұрын
Байган сон баринде Бир Максат билликке келу .
@user-yx1cf6ux3i
@user-yx1cf6ux3i 2 ай бұрын
Алмасбектей азаматтарды билik депутаттыкка да министрликкеде жолатпайды
@user-jj8rl5wt9e
@user-jj8rl5wt9e 2 ай бұрын
Орысша " временщики"- деген орыстың сөзі бар. Уақытша жүрген министірлер, бір креслодан екінші креслоға ауысып жүре береді!
@asylzatabdihalyk6197
@asylzatabdihalyk6197 2 ай бұрын
Айтқанға күлкінішті емес, айтқанға күлкілі деген дұрыс болар.
0% Respect Moments 😥
00:27
LE FOOT EN VIDÉO
Рет қаралды 33 МЛН
ФОКУС С ЧИПСАМИ (секрет)
00:44
Masomka
Рет қаралды 4 МЛН
Duck sushi
00:54
Alina Saito / 斎藤アリーナ
Рет қаралды 35 МЛН
Алмасбектен қытай тракторына обзор
12:18
Almasbekkz agroexpert-agroblog
Рет қаралды 79 М.
Қазақ жалқау емес, пысық🔥
36:19
Almasbekkz agroexpert-agroblog
Рет қаралды 37 М.
Жаңа Қазақстанға осындай міністір лайық па?
8:32
Almasbekkz agroexpert-agroblog
Рет қаралды 710 М.