Рет қаралды 4,978
♦️Бүгінгі кейіпкеріміз: ВЛАДИМИР РОЗМЕТОВ - Қазақстанның Еңбек Ері.
📍Еткен еңбегі үшін еленген ерлерге Қазақстанда берілетін ең үлкен марапат «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы. 2008 жылы 1 желтоқсанда Мемлекеттік наградалар туралы заңнамаға өзгеріс енгізіліп «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бекітілді.
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға айрықша белгі - Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады. Бұл атақ Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамуына аса айрықша үлес қосқан азаматтарға беріледі. Ең маңызды тұсы «Қазақстанның Еңбек ері» атағы Президент Жарлығымен табысталады.
Әділетті қоғамның тірегі - адал еңбек, терең білім. Біз бүгінгі жас ұрпаққа осыны ұғындыруымыз керек. Тоғышарлық, масылдық, енжарлық, мансапқорлық секілді жағымсыз қасиеттер кең етек жайғанда еңбек етуге деген, білім алуға деген, ғылыммен айналысуға деген ынта мен жігер азайып, жұмыс өнімділігі төмендей түседі.
Бүгінгі күнге дейін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған азаматтардың саны 50-ге жуықтады. Оларды қоғамға насихаттау, өскелең ұрпаққа таныстыру, еңбек еткен адам ел алдында сыйлы болады деген түсінікпен табыстыру заман талабы. Сондықтан «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған азаматтарды тек салтанатты шарада елге көрсетумен шектелмей олардың жүріп өткен жолын, бастан өткерген қияметтерін, адал еңбекпен қол жеткізген жетістіктерін көпке үлгі қылып көрсету міндет.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек - арлы адамның ісі» деген. Ал, арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. Ендеше, Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс. Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз Адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге, жас ұрпақты Адал азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жасалуға тиіс» - деді. Бұл деректі фильмдердің негізгі идеологиялық ұстанымы болады.