Достар, біз подкаст жазу барысында байқаусызда микрофоннан алыстау отырып қалыппыз. Сол үшін кейде дыбыста ақаулар болуы мүмкін. Келесі жолы олай жасамаймыз :) Айтпақшы, тайм-кодтар видеоның түсіндірмесінде тұр. Көп рақмет 🤍
@anarbaiseitova1192 жыл бұрын
Оте керемет рахмет жасай берениз
@МуратКашкинбаев-е6с2 жыл бұрын
Керемет. Еңлік жақсы сөйледі. Бақытты бол! Өнерің өрге жүзсін!
@Azharka84 Жыл бұрын
Тереңнен ойлайтын, саналы қыз екен. Риза болып отырмын. Мұгалімдер туралы өте керемет айтты! Өзім де мұғалім болғанмын, балаларға беретінім жеткіліксіз болған соң, жұмыстан кетіп қалдым. Балалардың обалына қалмайын деп. Әр мұгалім өз жұмысына жауапкершілікпен қараса екен. Материалдық дүниені емес, ар- ұятты жоғары қою кк
@КаламкасИзимова-ж9я Жыл бұрын
"Отбасы" түсінігінің арзандағаны рас! Оның себебі, сол қоғамдағы қысымнан секілді. Жасың келді, отырып қалдың, қашан балалы боласың деген сұрақтарды жиі қояды. Сол қысымнан құтылу мақсатында үйленетін жастар қазір көп. "Бас екеу болмай, мал екеу болмайды", "Өзің жөндеп аласың", "Өзім тәрбиелеп аламын" деген әңгімелер айтылады. Осындай қысым мен әңгімелер, сұрақтар шынайы өмірлік серігіңді табуда шатастыратын секілді. Мақсат тек қана үйленсем, балалы-шағалы болсам дегенмен шектелген. Мен осы таңдаған адамыммен "Өмір бойы бірге жүремін, бір жастықта қартаямыз" деген ойлар жоқ секілді көрінеді. Әйтеуір бар ма, бар деген галочка қойылатын тізімдегі жәй ғана іс секілді қарайды.
@yelpatsalimzhan71472 жыл бұрын
Еңлік басқа қыздарға ұқсамайды. өте өзгеше жан!!! бойында қазақи нәзіктік бар, биязылықты бойына жинаған ақылды , парасатты .... нағыз қазақ қызы!!!!!!!!!!!!!!!!!
@ЖупарАманжолова-й3з2 жыл бұрын
Нағыз зиялы жастардың әнгімесі. Көздері ашық, ойлары терең, беретіндері көп екен тек өз замандастарына ғана емес, тіпті үлкен жастағыларға да. Жарайсыңдар айналайындар. Аллаһ қолдап сендерді, осындай ой түйсіндеріңді еститін жастар коп болсын, арттарыңа ілесіп, оз жолдарын тауып, дамып, өссін деп тілеймін!
@altyn585 Жыл бұрын
Қандай ақылды, білімді, тіпті, зиялы қыз екен деп отырған қазақтың балаларына таң қалып отырмын. Қазіргі жастардың білімдері, ой-өрісі, тіл байлықтары сонша төмен бе?!😢
@ЛизаСереева Жыл бұрын
Ма шаа Алла!!! Қазіргі жастар жан-жақты және өте сауатты!
@yelizcakar63252 жыл бұрын
бир бирин сыйлайтын,ести алатын ,мадениетти,рухани бай сухбаттасушы мен сухбат беруши😻билимге куштар,омирге куштар жастардын бары болашакка сеним билдиреди! алгысым шексиз🙏🏻🙌🏻🤗Нарикби сизге саттилик
@Dina-rb1lh2 жыл бұрын
Осы подкасттың ортасында сторителлингтегі "need and want " деген концепция есіме түсті. Сен қалаған заттар (want) саған керек (need) болмауы мүмкін. Және керісінше. Мысалы, "өзімді бақытты сезіну үшін мен мына заттарды қалаймын : ...." деп айтамыз, бірақ шын мәнінде бізге мүлде басқа зат керек болуы мүмкін. Бұл концепцияны кинолардан көруге болады. Қазір көбі өздеріне шын мәнінде не керек екендігін білмейтін сияқты. Подкаст үшін үлкен рахмет.
@tumarym.collection2 жыл бұрын
Мен жастарға сенемін беген аталарымыздың сенімін ақтайтын замандас, қатарластарыма қарап қатты риза болам және шабыт аламын♥️ тек алға
@ШугылаМинажат2 жыл бұрын
Көзді ашып жұмғанша уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалдым, осындай керемет дүние жасап жатқандарыңызға көп алғыс. Еңліктің айтқандары жүректен шықса керек жүрекке жетті. Осындай қиын жағдайда жүргенде ешкім мұңыңды түсінбейтіндей көрінеді, өмірде тек сен ғана қиналып қалғандай сезімде боласын. Дегенмен бұл өтпелі кезең екен. Ұсынған кітаптарыңызды енді оқу керек. Сіздің білім беру жайлы айтқан ойларыңызбен толықтай келісемін, білім беретін адам әрқашан даму үстінде болу керек. Сіз сияқты ойлайтын жастар көбейсе болашағымыз жарқын болмақ. Шығармашылығыңызға табыс тілеймін.
@dinakanatkyzy96692 жыл бұрын
Керемет подкаст! Тегін тренинг сияқты. Өте пайдалы-информативно өтті. Еңлік ханымға, Нарикби лайфқа көп рақмет
@DatNN2 жыл бұрын
Маркетинг кез келген нәрсені біздің мақсатымыз секілді етіп сатады. Машина сыйлау, үй салу ата анаға ол да маркетинг, 100 пайыз келісемін. Ешкім ажырасамын деп үйленбейді, Еңлік ханым тұрмыс құрмағаннан кейін, ажырасу темасы дұрыс таңдалмаған деп ойлаймын. Әйелді ұру, сүт ақ түс деген стяқты анық нәрсе. Нарикби аға мың сырлы және әр эфир сайын өзін жан жақтан ашатын сияқты👏👏👏 Жаңа эфирдеріңізді күтеміз
@shugylazharylkassym_2 жыл бұрын
Ең қызығы соңғы кезде тереңірек ойланып жүрген амбиция, фокус мәселелерінен жақсы дүниелерді саралап алдым өзіме! Сосын мына сөз қатты ұнады: "Кейде жеңіс үшін жеңілісті де тат" деген Еңлік әпкенің анасының сөзі. Айтсам наңғысыз болар, себепші болып келдіңіздер-ау алдыма, мына подкастпен әр тақырып ойымда жүрген әр дүниені әрі қарай дамыта түскендей! 😁 Алла разы болсын! 🙌🏻🤲🏻
@nurlansaparov21132 жыл бұрын
Жалпы Еңіліктің тек өлеңін тыңдап жүргендер көрсе куда я попал деп қалатынтшығар!))) А так прям өтті қатты қатты ұнады Толығымен ұнады, Ұнамаған жері болмады!!! Алғыс білдірем Нәрікби мырза, іске сәт! Берекетімен болсын!
@yessenbaktybay88412 жыл бұрын
Өте керемет подкаст, өзіміздің қазақ жас азаматтарымыздың ой бөлісіп пікірлескеніне қуаныштымын! Қыз-келіншек, әйелдер - әңгімесіне оралсақ, жалпы әйелдің жаратылысы - ол кәмілет жасқа толғанда, күйге шығып, бала перзентті болу, денсаулығы жарап қаншалықты көп перзентті болса, соншалықты әйел адам заты бахытты болады және онымен теңейтің әлемде еш бір зат, жетістік, дәреже, бизнес, проект және т.б. қалай аталса да жоқ. Оны жасы келген жалғыз бір балалы, карьера деп өмір бойы карьераның артынан қуып жүрген немесе бизнестің артынан жүрген кез-келген әлемдегі мұсылман, басқа діндегі, тіпті атеист әйел кісілерден сұрасаң - жауабы бір, кезінде тұрмыс құрып балалы болмаппын немесе бірақ бала туып уақытымды өткізіп алдым деген оқиғалармен мысалдар кез-келген жерден түрткілесен тауып аласың және алысқа бармай туыстарымызбен, достарымыздың арасында көп ондай мысалдар - себебі Жаратушы Аллаһ әйел миссиясын бұл әлемде солай жаратып қойған және оған ешкім қарсы келе алмайды, қаншама бұрмаласада түбі - сол бір қағидаға келеді. Және бір айта кететін жайт, Аллаһ әйелдерге бұйырған "Күйелеріңе мойынсыныңдар" деп - бір ауыз сөздің мағынасы өте терең және оны түсінген әйел еш қашан ажырасу деген ұғымды есінеде алмайды, түбі бахытты жан-ұя бола алады. Жалпы бізде қазір тренд болып кетті, орыс саясатының понятиларын әбдең майын шығарып, одан бөлек енді анау алыстан дорбалатып - батыстың поянтиясын пехать етіп тастадық өмірімізге), жақындағы ата-бабамыздың дорбасын ұмытып! Жалпы терең ойланған жанға, Алланың хақ жолымен және ата-бабамыздың аманат қылып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп қалдырған салт-дәстүрі бізге толығымен бахытты өмір сүруге жеткілікті. Онда психологияда жатыр, онда денсаулық мәселесі жатыр, онда тәлім-тәрбиеде жатыр, береке де жатыр керек болса ұрпақтан ұрпаққа домаланатын бизнес көздері де жатыр. Баяғыда күйге шыққан қыз әке-шешесін өмірінде бір үлкен той жиындарда көрсе көрді, көрмесе көрмегең, онда өте үлкен ғибрат жатыр. Хадис те бар "Бір күйеуге шыққан әйелдің әкесі қайтыс болды деп хабар келеді, сонда әйелі, баруға рұқсат алуға күйеуін күткен". Қазір жанұяда кішкентай проблема болса болды, шешесіне телефонмен өсектеп береді, артынан шешесі жетіп келіп разборка ұйымдастырады, менің қызымды таптадыңдар, өлтірдіңдер деп. Керек болса үйіне жетеолеп алып кектеді. Әрине жас қатын (Қатын - араб тілінде хатун "таң нұры", жұбайым) содан дух жинап, үйдегі ұрыс керістің көкесі содан басталады. Марқұм анам кезінде - жеңгем жаңадан келін болып түскенде, ауырып қалып құдағиымыз ойбай қызым үйге кел емдеймін деп шақырып алады, сонда арада бір апта өтпес анам құдағиына қоңырау шалып, әй құдеке қызыңды алып қала сал дегенде, сол күні ұшаққа билет алып отырғызып жібереді, дәл сол уақыттан бері екі жаққада жеңгеңнем артық жан жоқ, қазір 5 бала, егіз десең егіз, ұл десең ұл, қыз десең қыз, үй-жай, не киемін, не ішемін, шет-ел короче жағдайы бесқой Аллаға шүкір, Құдалармен жақын туыстан жақынбыз, жеңгеміздің анасы үйге келгенде бір шайын ішіп алады да, ыдыс аяқты жуып кетедіғой - оған незападло түсінген адамға, ол сыйластық, а так қызметте жүрген кісіғой жалпы. Содан отырып қалжындасып әңгімені жібереміз. "Әйел бір қолымен бесікті тербетіп, бір қолымен әлемді тербетеді" - соны біліп көбісінің ақылдары, тәрбиесі жетпеген соң бұрыс пайдаланадығой. Тұрмысқа әлі шықпаған және шыққандарға - өте үлкен ұсынысым шаңырақ құрған отбасыңызда қандай жағдай болмасын, аналарыңызға ешқашан айтпаңыз! 100% гарантия беремін бұл әлемде сізден бахытты әйел болмайды. Шетке басқа жаққа шығарып тастаңыз, желді шығарып, жарылып кетпейтіндей, болды. Балаңды аясан - аяма деген. Жёстко но факт! Ия, шет елдік білім алу керек жан-жақты болу керек. Бірақ Еңлік өзің айтпақшы - уақытысында ПАУЗА-ға баса білу және не маңызды екенін түсінуді сезіне алу. Вообщем айта берсең темада көп, әңгіме де көп! Жалпы қысқасы, тоқ етері - біздей саны аз халықта: кең байтақ жер, байлық десең байлық, табиғаттың қандай түрі десең түрі. Әлемде еш бір елде жоқ дүние, анау Европаны немесе Жапонияны ал быжынап 100 млндап титтай жерде орналасқан. Соның бәрі ата-бабамыздың осылай бізге сақтап, амант қылып калдырғаны өте үлкен шеберлік, сол шеберлікті үйренсек ешқандай MBA-да қажет емес. Байқасаңыздар шетелдіктер бізге өте қатты қызығады. Амантты жоғалтып алмай ұрпақтарымызға жеткізейік, сол тілерім. А так, сендерден красавчик адам жоққой бауырларым! Сэндвичтің темасы кетті ма ...)
Қайырлы күн, Нәрікби мырза! Подкаст үшін үлкен рақмет. Еңлік ханымның ой-толғауы, сөз саптауы, қарапайым тілде жеткізуі барлығы керемет. Өзім үшін түртіп алардай біраз заттар алдым. Адам саналы түрде биіктеген сайын, өте қарапайым келеді дейді. Соның айқын мысалының бірі - Еңлік. Болашақта тек қана эстрада да ғана емес, білім саласында, рухани даму жолында өз замандастарына және артынан келе жатқан жас буынға пайдалы дүниелер бере алады деп айта аламын. Мудрость, сдержанность, нәзіктік бір адамның бойынан көрініп тұр. Алла тіл-көзден сақтасын. Шабытыңыз таусылмасын, бақытты болыңыз! П.С. Narikbi Live подкастын бірінші рет тыңдап , көріп жатырмын. Ұнады.
@ЖібекАманкулова-б9у2 жыл бұрын
Жүргізушінің де Еңліктің ле ойлары өте керемет, құнды . Айтып отырған информациялары көп пайла тигізді десемде болады. Тағы подкаст күтеміз . Өте керемет😍😍😍😍
@Pilatubaa2 жыл бұрын
Жалпы подкасттың осындай видео форматта шығып жатырғанына мың алғыс. Еңлік мықты жан.
@АйдынШыршыкбай2 жыл бұрын
Еңлік ханымның айтқан фишкаларын маған дәл қажет кезінде естіп, ой түйіп, әрекет етуге ниет етіп отырғаныма қуанып, шүкіршілік айтып отырмын. Нәрікби мырза Еңлік ханымды шақырғаныңызға рақмет! Мен қазір қиындық яғни тоқырау кезінде жүрмін, шынымен де Еңлік ханымның тоқырау кезінен қалай шығу керек, қалай қабылдау керек, не істеу керек туралы айтылған фишка, ой, ақыл-кеңестерін пайдаланытын боламын, бұйырса тағы бір адамның тоқырау кезінен өзін тауып шығуына көмегің тигізетін болады. Қазіргі состояниемнің ең күшті кездер екенін түсіндім, 2 есе күшпен өз- өзімді шыңдайтын боламын. Детокс, білімділік, тереңділік басқалар байқамаған затты байқау, оқшаулану, өз-өзіңді толықтырып, жан- жақты болу керек деген кеңестер үшін рақмет!!! Подкаст үшін көп рақмет, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!
@NarikbiLIVE2 жыл бұрын
Ғажап. Алла разы болсын!
@s.g.27072 жыл бұрын
👍👍👍 Еңлік, мен үшін - заманауи, бірақ ұлттық кодын сақтаған қазақ қызының бейнесі
@gumaxanym2 жыл бұрын
Біздің қазақтың ең бір жаман қасиеті, сәл танымал болса жұлдыз ауруға ұшырайды. Содан амал бол айналайын! Жүрегінде тарының қауызындай тәкаппарлығы бар адам, жәннаттың иісін де иіскемейді!
@aspiretoinspire50622 жыл бұрын
Тыңдағаннан бөлек , көргенде тіпті күшті екен!!! РАҚМЕЕЕТ ,Нәрікби ағай Сәттілік , келесі шығарылымдарды асыға күтеміз🙌🏻
@esbolatsapargaliev2 жыл бұрын
Еңлік өте ақылды, жақсы, оң саналы қыз екен. Дегенмен бұрыннан да білетін едім бүгін жақынырақ таныдым. Айтар ойлары көп екені көрініп тұр. Әлі де жас қой талай сұхбаттар болар алда. Жалпы осындай қыздар көп болса жақсы ғой. Өзін дамыта отырып, айналама пайда әкелемін деп жүрген. Жалпы сұхбат ұнады Наке рахмет сізге де👍🏼
@gulzakira_1channel2 жыл бұрын
3 күнге бөліп тыңдадым-ау, есте сақтауға жақсы жаттығу болды, кешегі әңгіменің басын еске түсіріп😅✔️күшті, рахмет! 🌱🌷
@МақсатІлясов2 жыл бұрын
Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Құрметті жамағат, әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж бауырымызға көмек қажет болып тұр! Жалдамалы жұмыс жасайтын бауырымыз қазіргі уақытта денсаулығы сыр беріп, жұмысқа шыға алмай отыр. Өмірлік жары да еңбекке жарамсыз. Ал тұрып жатқан үйлері апатты жағдайда екен! Екінші бір бауырымыз, құрығы ұзын азаматтардың қысымымен, қорқытуымен, айла-шарғысымен қиын жағдайға тап болған. Қазіргі уақытта, ағайын-туысынан және үйін кепілдікке қойып қыруар қаржы алып, қарыздары қысуда. Қазіргі жағдайда, өзіне тиесілі болған 40 шаршы метр үйінен айырылу қаупі туындап отырған көрінеді. Оның үстіне қарыз иелері де қысып жатқаны ақиқат. Күнделікті тапқан табысы, отбасының ас-ауқатынан артпай отыр. Бауырларымызға көмек қолын созу мақсатында шот ашып отырмыз! Ешкімге салық салайын деген ойымыз жоқ, әркім мүмкіндігіне қарай (1000, 500, 200, 100 теңге бола ма әркімнің өз қалауы) қол ұшын созса деген ой біздікі. Каспи Голд: 4400 4301 3841 4682 “Жасырын не ашық түрде көп садақа беріңдер, ризықтарың көбейеді. Көмекке ашық болыңдар, дұғаларың қабыл болады!” ...Ибн Мажә....
@Адекватвнеадеквате2 жыл бұрын
Еңлік атына сай, нәзік сүйкімді болып отырымын ай😍 Ойлары күшті. Әсіресе "энергияңды босқа кетірме" дегені. Әсіресе негативке ) Осы интервьюды үлкендерге твңдату керек. "Үлкендермен күреспеу керек, тек қабылдай білейік" дегені де. Жарайсың ♡
@kymbatkusmanbek23942 жыл бұрын
Өте керемет шығарылым! Қазіргі жастардың қазақилық пен заманауи толқынын қатар алып жүрген өкілінің өте жарқын үлгісі. Ойлары ойға қонымды, жүйелі. Шығармашылық адам екен көрініп тұр. Қарапайымдылығы пен қазақилығы көптеген жастарға үлгі боларлық. Рахмет Нарикби. Сіздің қонақтарыңызды асыға күтеміз.
@bekzhanturdybek45822 жыл бұрын
Жалпы қызық негізі,🙂 мен СДУ студентімін, былтыр күзде Еңлік ханым университетімізге келген еді концертке, сол кезде ол кім деген едім, әрине,"Доп" деген өлеңін білгем, бірақ, аса тындап, ұнатпайтынмын, сосын осы подкастты көрген кез жалпы қызық болды, бір 4 күндей болды күнде "Доп"-ты тыңдап жүргеніме😄, Еңлік ханым шынымен өзін іздеген екен, ал іздеген адам табады демекші, ол кісі де тапқандай өз ісін, ондай кісілерге үлкен респект. Менің өмірім де қазір Еңлік ханымдікіне ұқсайтын сияқты, қазір жасым 18-де, өзімді іздеп жүрмін, кеше ғана гэллап тапсырдым😁, мен де осындай сенімдемін, біраз уақыттан соң өзіме дұрыс дамитын жол табамын. Жалпы подкаст керемет, жеке өмір, кайдзен сияқты тақырыптардан, мұғалімдік, бала тәрбиесі деген тақырыптарға шейін қамтыды, жалпы өзім бала тәрбиесі, таланттарды дамыту тақырыбына қатты қызығамын, әсәресе, бутерброд техникасы ұнады, алдағы уақытта қолданамын деген ойдамын. Сіздің подкассарыңызды көріп жүргеніме біраз болды, әр подкастта біршама пайдалы материал бар, тек соны түсініп, игеру керек. Телеграм каналыңызда да mind-broken информациялар жазып тұрасыз, ол күшті👍. Бір күні өзіңізбен кездесіп, подкастыңыздың қонағы болғым келеді. Бірақ, әлі ерте екенін де түсініп тұрамын. Подкаст қонағы Еңлік ханымға үлкен рахмет және сәттілік, сізге де!🙂
@esbolbozan5282 жыл бұрын
Интелегектуалды қыздар көп боянбайды )) өте сүйкімді қыз
@Krastafito2 жыл бұрын
Еңбектеріңіз үшін мың алғыс! Narikbi live number one✨💗 Yenlik құшақтадым🫂❤️✨ Әдемі эмоция,шынайлық, білгендеріңізбен бөліскендеріңіз үшін рақмет🪄❤️
@samatamina644210 ай бұрын
Әрбір бала жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет демей ме, сол сияқты Нәрікби мырза әрбір қонақты мықты ашасыз, шынайы ашасыз, рахмет.
@gaukhar428 Жыл бұрын
Нәрікби, тарих пен әдебиетті қатар оқыту керек деуіңіз қисынға соғады. Менің осыдан 20-25 жылдай бұрын қазақ тілі және әдебиетінен берген мұғаліміміз бізге бір шығарманы таныстыруды бастамастан бұрын, оған негіз болған тарихи оқиғаны, кезеңді баяндап, түсіндіріп беретін. Сосын сол шығарманың не айтқысы келгенін, сол кезеңдегі қоғамдағы орын тауып отырған тенденцияларды айтып беретін. Қазақ әдебиеті сабағында сол кезде 5-6 сыныптың оқушылары, біздер, тып-тыныш отырып, ұйып отырып тыңдайтынбыз. Тіпті, бұзық балалар да дыбыс шығармайтын. Жалпы, тарих пен қазақ әдебиетін қатар оқытпай, әдебиетті осылайша оқытқан тиімдірек секілді.
@saginishbekishov42752 жыл бұрын
Өте пайдалы подкаст
@Анар-р8з2 жыл бұрын
Ёёё оте керемт подкасттардын бири десем болады, осы подкас аркылы жаксы ой туйдим🤯😻🔥 Ен керек нарсен ар нукте утирине дейн туртип алдым. Негизы ен аукымды такырыптын бири, жастардын казиргы келешекке деген, казирги саттегы ситуацияларын ен онтайлы, карапайым тилмен ашык турде жеткизгенге не жетесин респект🔥🔥🔥🔥 Маган оте катты унады🤩🔥💥 Осындай жас тулга адамдарды кенестирин болисуге шакырып турынызшы🤗
@Shaiqor2 жыл бұрын
Bir kem dunie)
@ШадиярМуратулы2 жыл бұрын
Өте сапалы сурактар 👍👍👍👍👍
@sayanauryzbay2 жыл бұрын
Өте сапалы шыққан) көп нәрсені өзіме түртіп алу үшін қайта тыңдаймын) Еңлік молодец, мудрая! Нәрікби, көп рақмет!
@zamiraomarova72392 жыл бұрын
Өте пайдалы эфир, рахмет. Недеген ақылды қыз , көзтимесін
@guldanasarbayeva38262 жыл бұрын
Керемет подкаст болды😍. Еңлік ханым менің ойымда жүрген ойларды керемет жеткізді! Алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес... Рақмет керемет подкаст үшін🤗
@hleb9322 жыл бұрын
Еңлік әрқашан мощьный мощьный заттар айтады. Соған көп рахмет. Кереемет адам❤❤❤😘🔥
@yernuradilov45362 жыл бұрын
Енді елестетіп отырмын, осыған дейінгі подкасттардың барлығы осылай видео форматындағы болғанда, мәәәә. Жаратын еді мына подкаст.
@Н.Ж-м9д2 жыл бұрын
Жастардың осындай терең әңгіме айтатындары қандай керемет!
@asemkazybay73412 жыл бұрын
детокс, сыни ойлау, рефлексия анау-мынау ойларды қарапайым тілде жақсы жеткіздіңіздер Рахмет!
@РауанЖумагали-я4т2 жыл бұрын
Еңлік маған қатты ұнады😘
@m.bakhytzhanuly2 жыл бұрын
Подкаст үшін рақмет!
@aidana262 жыл бұрын
wooooow, керремет подкаст болды, тағы да қайталап көретін боламын. үлкен рақмет🤗
@Bonny-Nonny2 жыл бұрын
💯% пайдалы подкаст болды. Мен негізі бір подкастты бастап, ортасынан тоқтатып қоятын жағдай болса, ары қарай қарағым келмейтін. Бірақ сіздердің подкасттарыңызды 4 бөліп тыңдасам да, бір деммен тыңдап шықтым🤩 Білім туралы да күшті ой толғау болды. Еңлік ханымның шығармашылығына сәттілік💐, Нәрікби мырза, шабытыңыз таусылмасын🤲🏻 Барлық қазақ халқына кереметтей, пайдалы контент жасап жүрсіз, Аллам жар болсын
@bibigulabdyraimova89152 жыл бұрын
Өте мағыналы, терең подкаст болды. Бірәз нәрсені ойландырды. Тек қыздарға емес, ер балаларға да тыңдау керек сияқты. Рақмет!
@НурболКуанышбай-с4с Жыл бұрын
Қандай кушті подкаст болды
@nurmukhammed.assanuly2 жыл бұрын
Өте пайдалы подкаст🙌
@ювх Жыл бұрын
Мыктысын Енлик конкретно ❤
@ШайзатРайсова2 жыл бұрын
Ма ша Аллах, қандай сүйкімді қыз♥
@gulnarabdilda66742 жыл бұрын
Нарикби, Рахмет сизге, Алла разы болсын. Очень много полезного было, Машаллах. Прям с языка сняли некоторые моменты. Хочется всегда с кем-то делится с мыслями и чувствами и то что взрослое поколение нельзя изменить, мы и не должны пытаться, нам нужно принять это, ведь они наше старшее поколение.
@muramuarata43722 жыл бұрын
Казакша podcast алакааааааааааааааааай! Ениреп жылагым келеди, казакша тус корип, казакша ойлайтындар бар екен мен сиякты
@АйданаИзахан2 жыл бұрын
Еңлікті бірінші рет көріп тұрмын, осы подкасттан кейін әндерін тыңдадым керемет👍 Өте әдемі сұхбат, шынайы ой жәнеде ойланарлықтай әңгіме айтылды. Еңліктің салмақты, шынайы жауаптары көңілді жылытты. Ұстаз жұмысынан өзінің қабілеті жетпегендігінен кеткені мен үшін ерекше әсер қалдырды. Өте дұрыс ой және шешім деп санаймын. Жауапты жұмыс жәнеде нәтижелі болуы керек ұстаздық қызмет. Себебі болашақ балаларда, балалардың білімі ұстаздарда👍👍👍
@zuzu-rc9we2 жыл бұрын
Еңлік қандай керемет жансыз!
@aruzhanperiodista76762 жыл бұрын
Рақмет,ұнады. Сілтеме керек Кино айтылды,кітаптар айтылды,бір сілтеме жетіспейді или визуалды түрде көргің келеді тіпті кинодағы сол моментті.
@muramuarata43722 жыл бұрын
IT саласын кобирек насихаттасаныз, кушти болар еди. Кенес берсениз оте тамаша болар еди. Желидеги Сyber корганыс жайлы, шынайы акпаратты жалган акпараттан айыру жайлы. Оз басыныздан откен окигалар болса, яки, шет елдеги кандастарымыздын тарихы жайлы. Алдын ала ракмет
@AmangulShapiykkyzy4 ай бұрын
Жастар 🎉👍
@Sanazarovaaaa2 жыл бұрын
Рақмет
@simukka2 жыл бұрын
2 сағатқа жуық уақыт ішінде өзіме көп ақпарат алдым. көп рақмеет!!!!
@birew2 жыл бұрын
Әп-бәрекелді!
@bekbeast2 жыл бұрын
Лучшая ❤️
@АйТлек2 жыл бұрын
Керемет подкаст! Көптеген инсайттар алдым. Рахмеет сіздерге😍💗
@user-linda.junisova Жыл бұрын
Қайта оқығыңыз келетіні жақсы екен. Мен де оқығым келеді.
@aid7n_kz2 жыл бұрын
Ооо керемет қонақ.
@tarazıy.agai_05 Жыл бұрын
"Сөзіңізді бөліп жібердім бе , кешіріңіз" деген сөзі үшін ❤
@maralesen71802 жыл бұрын
Шынайы, таза, жылы әңгіме. Рақмет🌷
@kamo52732 жыл бұрын
Керемет подкаст😍
@almabek_ibraiymov2 жыл бұрын
Өте жақсы подкаст. 2-3 күн қатарынан асықпай тыңдадым. Еңлікті жеке тұлға ретінде таныдым. Өзіндік пікірі мен ойы ерекше ұнады…
@akbayan_ashirbek9 ай бұрын
мәәә мықты қыз екен саналы әдепті нәзііік!!!❤❤❤❤
@didartv55908 ай бұрын
Дыбыс өте сапасыз
@Отбасым-с8р2 жыл бұрын
Керемет подкаст рахмет👍👍👍❤❤❤
@madinamenbirge2 жыл бұрын
Жаным сол🤍
@darigasakenova54592 жыл бұрын
Рахмет😍
@wqood232 жыл бұрын
Еңлік тәтем қазаққа жаны ашып, мұғалімдікті тастап, әнші болып жастарға өзінің ақыл кеңесін айту үшін жарып тастаған сияқты😄.
@yerke6544 Жыл бұрын
Қашан тұрмыс құрасың дегенді сұрайтындарға мән бермеу керек, күреспеу керек дегенмен келісе алмайм толық.. оны сұрау дұрыс емес екені айтылу ең құрығанда,өйткені ол сұрақтың жалғасы “қашан балалы боласың?”деген сияқты жалғаса береді.Біреу бірге-бір сұраса, басқасы дүйім жұрттың арасында үстел басында сұрай салады,қосамша сұрақ қойып талқыға салады.Кейбіреулер қал сұраған сайын тоқтаусыз сұрап тұрады, бұның барлығы психологиялық қысым көрсету, жай боп көрінгенмен.
@meruert.rahymhan62 жыл бұрын
Еңлік жағымды 😚💗,айтқан ақылдары ұнады,келістім и сұхбатта мен секілді күшті сөздерді таба алмай қалады екен😁👍🤗
@НурмухасанАмзе-к9л2 жыл бұрын
Тамаша подкаст прям паузаға қоймай тыңдаған алғашқы подкастым болды
@abrahamjunior58502 жыл бұрын
Керемет!
@rakhatsatypaldy81412 жыл бұрын
Подкасттарыңыз жарық жылдамдығымен шығып жатырма әлде мен көріп үлгермей жатырмын ба😅 өте пайдалы болып жатыр. Қазақстанға келіп шабыттанып кетіпсіз рахмет 🙌🤗
@АйданаАбилаким2 жыл бұрын
Сол сол
@ҚызбалаӘуелхан2 жыл бұрын
Өте қызықты подкаст, көп рахмет! 😍😍😍
@gulnaznurlanovna40842 жыл бұрын
Өте керемет, Алла разы болсын, ақпараттан тазалық дегенге өзімнің көзім жетті, инстаграм өшіргелі уақытымның көп екенін түсіндім, бірақ инстаграм болмаса осы подкастты көрмес едім🤪, просто баланс ұстап үйрену керек сияқты
@alisherkussaiyn35372 жыл бұрын
Енлик топчик!!!
@nazerkeyershoraeva19192 жыл бұрын
Еңліктің өмірге келу миссиясы, адамдарға пайдалы білім беру сияқты. Қазір ән арқылы пайдалы ой беріп жатыр, кейін педагогикаға болса да басқа бағытқа кетсе де адамдарға беру (білім беру) миссиясын жалғастырса ✅болатын шығар
@МаксатБизнесмен2 жыл бұрын
Шариғатқа ұстанып жүрген кезде, Алланы сүйіп. Сол кезде от басыларында бірлік бақыт болады. Айел баланың жәннаты еркек. Еркектің жәннаты анасы. Пайғамбарымыз с.а.с. ерте үйлену керектігін айтып кеткен.
@akmaralsaktagan73282 жыл бұрын
шығармашыл адам екі есе даму керек, қиындық аркылы шыңдалу, жеңу үшін кейде женілу керек🤍🤍🤍🤍
@gulbanuabdullaeva53702 жыл бұрын
Бастамай жатып 👍🏻💎
@aibektorri2 жыл бұрын
қызықты инсайттарға толы, ұзаақ болса да 😃👍
@ansarberikbol60942 жыл бұрын
Нәрікби сен базар жоқсың)))
@kanykeiomurbekova82342 жыл бұрын
👍👍👍👍
@ДинараДүйсен-ю9ь2 жыл бұрын
Керемет шығарылым болды! 👍🏻 Біраз сұраққа жауап алдым😁 Тек микрофондар тым алыс тұрған сияқты😁
@miras.serikuly2 жыл бұрын
Жүргізушіге де қонаққа да микрофонды жақынырақ ұстау керек. Дауысыңыздың жәй және сапасыз шығып тұр, микрофоныңыздың екеуі де Роуд болса да. Сосын таймкодтар керек. Ал жалпы еңбектеріңізге рақмет.
@NarikbiLIVE2 жыл бұрын
Кері байланысыңызға рақмет. Келесі жолы дұрыстауға тырысамыз.
@haiyrlysuhbat2 жыл бұрын
Нормально
@bagibori0072 жыл бұрын
тап менин ойымды жазыпсыз, баска бари керемет 👍
@abrahamjunior58502 жыл бұрын
Дауыс жақсы шығып тұр, тіпті қаттырақ па деп қалдым
Еңлік жәй ғана өз өмірін ұйқаспен музыка қылып айтатын қыз. Тек музыкант философиядан, әдебиеттен түк білімі жоқ. Шиза деген боскеудемен коллаб жасағанын көріп вапше сөздеріне сенуден қалдым.