No video

Ықшамдалған таухид кітабы. 17-бап.Ұстаз: Омар Теміртас

  Рет қаралды 4,614

al-Istiqoma

al-Istiqoma

Жыл бұрын

17. Алла Тағаланың {Олар Алланың нығметін біледі, содан соң оны
мойындамайды. Олардың көпшілігі кәпір} сөзі жайлы.
Мужәһид (р.) бұл аяттың мағынасын келесі сөздермен түсіндірген:
«Бұған адамның мынадай сөздерді айтуы жатады: “Бұл менің малмүлкім, мен оны ата-бабаларымнан мұрагерлікке алғанмын”».
Аун ибн Абдулла (р.) бұл аятты былай түсіндірген: «Олар былай деп
айтады “Анау болмағанда, былай болмас еді”».
Әбу Аббас (ибн Таймия), Зейд ибн Халидтың хадисінен кейін “Менің
Құлдарымның арасында Маған иман келтіргені мен кәпір болғаны
бар...”, былай деп айтқан: «Бұл құран мен сүннетте жиі кездеседі. Пәк
Алла Өзінің нығметін басқа біреуге қосарлайтындарды әрі осылайша серік қосатындарды айыптаған».
Кейбір сәләфтар бұл жайлы былай деген: «Бұған “Бұл нәрсе желдің
жағымды болуынан, теңізшінің шеберлігінен” және осыған ұқсас қазіргі кезде көптің ауызында жүретін сөздер жатады» Алла Тағала сөзінде: {Ал егер, оған қандай бір бәле-қиыншылық жеткенінен соң Біз Өз жағымыздан болған рақымды таттырсақ, әлбетте, ол: «Бұл маған (әлде өзімнің)...», - дейді.} (Фуссилат, 50).Мужәһид (р.) бұл аяттағы {Бұл маған} деген сөзі турасында былай деген: «Мен мұны өз еңбегіммен таптым әрі осыған лайықпын».Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «“Менің өзімнен” дегенді білдіреді».
Алла Тағала сөзінде: {Бұл маған менің білімнің арқасында берілді}
(Қасас, 78).Қатада (р.) бұл аяттың түсіндірмесін келесі сөздермен баяндаған: «Менің табыс көздерін білуімнің арқасында».
Басқалар бұл аятты былайша түсіндірген: «Алла менің бұған лайықты екенімді білгендіктен берген».Әбу Һурайра (р.а.) Алланың елшісі صلى الله عليه وسلم мына сөздерді айтқандығын естіген: «Расында Алла Исрайл ұлдарынан үшеуін: алапесті, таз (қотырды) және соқырды сынамақшы болып оларға періштені жібереді. Ол періште алапеске келіп: «Саған ең сүйікті нәрсе не?», - деп сұрайды. Ол: «Көрікті бейне мен көрікті тері, адамдарды менен жиіркендіретін нәрсенің жоқ болғандығы», - деп жауап қайтарады. Періште оны
сипап, жиіркенішті нәрсесі жоқ болып кетеді әрі оған көрікті бейне
мен көрікті тері беріледі. Содан кейін періште: «Саған мал-мүліктің
қандай түрі ең сүйікті болып табылады?», - деп айтады. Ол: «Түйе
немесе сиыр», - деп жауап берді. Сонда оған он айлық буаз түйе беріледі. Періште оған: «Алла саған осының берекесін берсін», - дейді.Пайғамбар صلى الله عليه وسلم сөзін жалғастырып, былай деді: «Содан соң періште таз адамға келіп: «Саған ең сүйікті нәрсе не?», - деп сұрайды. Ол: «Көрікті шаш және адамдарды менен жиіркендіретін нәрсенің жоқ болғандығы», - деп жауап қайтарады. Періште оны сипап еді, жиіркенішті нәрсесі жоқ болып кетеді әрі оған көрікті шаш беріледі. Содан кейін періште: «Саған мал-мүліктің қандай түрі ең сүйікті?», -деп айтады. Ол: «Сиыр немесе түйе», - деп жауап береді. Оған буаз сиыр беріледі. Періште оған: «Алла саған осының берекесін берсін», -дейді.Содан кейін періште соқырға келіп: «Саған ең сүйікті нәрсе не?», деп сұрайды. Ол: «Маған Алла көруімді қайтарғаны әрі сол арқылы адамдарды көретін болсам ғой», - деп жауап қайтарады. Періште оны сипап, Алла оған көру қабылетін қайтарып береді. Содан кейін періште: «Саған мал-мүліктің қандай түрі ең сүйікті?», - деп айтады. Ол: «Қой», - деп жауап берді. Оған бір буаз қой беріледі. Кейіннен жануарлар төлдейді де, олардың біреуінде бір үйір түйе, екіншісінде бір табын сиыр, және үшіншісінде бір отар қой пайда болады».Пайғамбар صلى الله عليه وسلم сөзін жалғастырды. «Содан соң періште алапеске дәл өзінің бұрынғы бейнесі мен қалпында келіп, былай дейді: «Мен бейшара адаммын, менің сапарымды жалғастырар шарқым жоқ. Бүгін мен, Алла, содан соң сен болмасаң, барар жеріме жете алмаспын, саған көрікті бейне мен көрікті тері, мал сыйлағанның атымен сенен бір түйе беруіңді сұраймын. Сапарымның ауырлығын соған артып барар жеріме жетіп алайын». Бұл адам: «Менің атқаратын міндеттерім көп », - деп жауап береді. Сонда періште оған: «Мен сені танып тұрғандаймын, сен емес пе алапес болған, сен кедей болғанда адамдар сенен жиіркенетін, ал Ұлы Құдіретті Алла саған мал-мүлік бермеп пе еді?», - дейді. Ол: «Жоқ, мен бұл мал-мүлікті мирас етіп алдым», - деп жауап қайтарады. Сонда періште: «Егер өтірікші болсаң, онда Алла сені бұрынғы қалпыңа қайтарсын», - дейді.Содан кейін таз адамға дәл оның бұрынғы бейнесінде келіп, біріншісіне айтқан сөзді айтады. Ол болса, алдыңғы адам сияқты жауап қайтарады. Оған да періште: «Егер өтірікші болсаң, онда Алла сені бұрынғы қалпыңа қайтарсын», - деп айтады.Періште соқыр адамға оның бұрынғы кейпінде келіп былай айтады: «Мен бейшара адаммын әрі жолаушымын, сапарымды жалғастырар менің шарқым жоқ. Бүгін мен, Алла, содан соң сен болмасаң барар жеріме жете алмаспын, саған көзіңнің көруіңді қайтарғанның атымен сенен бір қойды беруіңді сұраймын.
Сапарымның ауырлығын жеңілдетіп жетіп алайын. Сонда бұл адам:
«Мен соқыр болғанмын, Алла маған көру қабілетімді қайта берді
сондықтан қалағаныңды ал да, қалағаныңды қалдыр. Алланың атымен ант етемін, бүгін мен Алла үшін алған нәрсеңді қайтаруыңа мазалап әуреге салмаймын», - деді

Пікірлер: 10
@Duytrrfghjuy
@Duytrrfghjuy Жыл бұрын
СубханаЛлах ,АльхамдулиЛлях,Аллаху акбар
@maktubun
@maktubun Жыл бұрын
بارك الله فيكم
@user-zj4dz1oe9d
@user-zj4dz1oe9d Жыл бұрын
Джазака Аллаһу хайрон
@user-uc1dx5pc4r
@user-uc1dx5pc4r Жыл бұрын
👍👍👍
@cbeta8421
@cbeta8421 Жыл бұрын
Алла́га.шукир
@user-re6of4cn8u
@user-re6of4cn8u Жыл бұрын
СубханалЛах. АльхамдулилЛях. Аллаху Акбар.
@Atyrau84
@Atyrau84 Жыл бұрын
Ма ша Аллах
@abat1992
@abat1992 Жыл бұрын
17:40
@user-rr7mk9py1d
@user-rr7mk9py1d Жыл бұрын
48:30 Аллага шукрди калай кыламыз
@humeyra.qz_
@humeyra.qz_ 8 ай бұрын
16:44
Идеально повторил? Хотите вторую часть?
00:13
⚡️КАН АНДРЕЙ⚡️
Рет қаралды 17 МЛН
Can A Seed Grow In Your Nose? 🤔
00:33
Zack D. Films
Рет қаралды 32 МЛН
小宇宙竟然尿裤子!#小丑#家庭#搞笑
00:26
家庭搞笑日记
Рет қаралды 32 МЛН
Нұрсұлтан ұстаздың Мадина қаласындағы әсерлі уағызы!
53:05
Идеально повторил? Хотите вторую часть?
00:13
⚡️КАН АНДРЕЙ⚡️
Рет қаралды 17 МЛН