No video

Ықшамдалған таухид кітабы. 2-бап. Кімде-кім таухидті тахқиқ қылса жәннатқа есеп-қисапсыз кіреді.

  Рет қаралды 20,535

al-Istiqoma

al-Istiqoma

Жыл бұрын

2. Кімде-кім таухидті тахқиқ қылса,жәннатқа есеп-қисапсыз кіреді.
Алла Тағала сөзінде: {Расында Ибраһим Аллаға бойұсынушы, тура
жолдан таймаған бір жолбасшы - имам болды және ол мушриктерден
емес еді} (Нахл, 120).
Алла Тағала сөзінде: {Олар Раббыларына серік қоспайды}
(Му`минун, 59).
Хусайн ибн Абдурахманнан (р.а.), ол былай деді: «Мен Сағид ибн
Жубейрмен (р.а.) бірге болғанымда, ол: «Сендердің қайсыбірің кеше түнде
ағып бара жатқан жұлдызды көрді?», - деді. Мен: «Мен көрдім», - дедім.
Одан кейін мен: «Мен сол уақытта намазда болған жоқпын, бірақ мені бір
нәрсе шағып алған еді», - дедім. Ол: «Сен оған қарсы не істедің?» - деп
сұрады. Мен: «Дем салдырдым», - дедім. Ол: «Оған сені не итермеледі?» -
деді. Мен: «Бұны істеуге итермелеген пайғамбарымыздың ﷺ Шағби
жеткізген хадисі», - дедім. Ол: «Ол сендерге не деп айтқан еді?» - деді.
Мен: «Ол Бурайда ибн Хусайбтан бізге риуаят етіп, былай деді: «Дем салу
тек көз тию мен шаққанға ғана қарсы болады», - дедім. Сағид:
«Естігенде тиылған адам нендей жақсы амал істеді!» - деді. Бірақ Ибн
Аббас пайғамбарымыздан ﷺ риуаят етіп, былай деді: «Маған үмметтер
көрсетілді. Сонда мен қасында бір топ адамдар бар пайғамбарды
көрдім. Тағы да қасында бір, не екі адам бар пайғамбарды көрдім, және
қасында ешбір адам жоқ пайғамбарды көрдім. Кенеттен менің
алдымнан қара құрым топ көрінді. Мен оларды өзімнің қауымым деп
ойладым, бірақ маған: «Бұл Муса және оның қауымы», - делінді. Содан
кейін қарап едім, алдымнан қара құрым топ көрінді. Сонда маған: «Бұл
сенің қауымың және олардың қасында есепке тартылмай, азап шекпей
жәннатқа кіретін жетпіс мың адам бар», - делінді». Содан кейін
пайғамбар ﷺ тұрды да үйіне кіріп кетті. Ал жұрт болса солар (жетпіс
мың) жайлы талдауға кірісіп кетті. Кейбіреулері: «Мүмкін бұлар Алла
елшісінің ﷺ сахабалары шығар», - деді. Тағы біреулері: «Мүмкін бұлар
Исламда туылып, Аллаға еш нәрсені серік қоспағандар шығар», - деді.
Тағы да басқа нәрселерді айтты. Алла елшісі ﷺ үйінен шыққан кезде, оған
ﷺ (араларында болған дау-дамай туралы) айтып берді. Сонда пайғамбар
ﷺ : «Олар дем салдыруды сұрамайды, күйдірумен емделмейді, еш нәрсені
ырымға жорымайды және Раббыларына тәуекел етеді», - деп айтты.
Сонда Укка́ша ибн Ми́хсан тұрып: «Иә, Алланың елшісі! Алла мені
солардан қылсын деп дұға етші», - деді. Пайғамбар: «Сен солардансың»,
- деді. Содан кейін тағы бір кісі тұрып: «Алла мені солардан қылсын деп
дұға етші», - деді. Пайғамбар: «Ол жағынан сенен Укка́ша озды», - деді».

Пікірлер: 58
@adai1991
@adai1991 Жыл бұрын
Қиамет күні есеп қисаптағы мұсылмандардың хәлдері: 1. Есеп қисапсыз жаннатқа кіретіндер. 2. Есеп қисаптан жеңіл өтетіндер 3. Есеп қисаптан қиналып өтетіндер 4. Есеп қисаптан өте алмай тозаққа түсіп, кейін шығып жаннатқа кіретіндер.
@adai1991
@adai1991 Жыл бұрын
Таухидті тахқиқ қылудың уаджб және мустахаб дәрежесі бар: Мустахаб дәрежесі ол: (уаджб бірге мустахаб түрін жасау) ( Мустахаб дәреже мұсылманды есеп-хисапсыз жаннатка бірден кіргізеді) 1. Уаджб амалдарды жасап болғаннан кейін, мустахабтарды тастамау. 2. Макрух амалдарды жасамау. 3. Күманды амалдарды тастау 4. Мубах амалдардың рұқсат етілгенін шеттен шығып жасамау. 5. Мақлұқтарға мұқтаждығын тастау. (5:20)
@user-yh8ct5nz7x
@user-yh8ct5nz7x Жыл бұрын
Омар Теміртас жаксы айтады екен ма ша Аллаһ
@birbes5599
@birbes5599 Жыл бұрын
Руқия - түрлері. 35:35 минуттан бастап. 1) өзіне руқия ету (рұқсат етілген, 70 мың қатарынан шықпайсың) 2) біреу сенен сұрамай келіп оқу, (рұқсат етілген, 70 мың қатарынан шықпайсың) 3) басқа біреу үшін сұрау (басқа бір бауырға руқия оқып жіберші деу, рұқсат етілген) 4) өзіне талап ету, (70 мың қатарынан шығып қаласың)
@adai1991
@adai1991 Жыл бұрын
Тахқиқ қылу- ол толық орындау, шыңына жеткізу, кемелдендіру. Таухидты тахқиқ қылған мұсылмандарға қиамет күні есеп-қисап болмайды, сұрақтар қойылмайды, тікелей жаннатқа кіреді.
@AppleFlow-ee4wn
@AppleFlow-ee4wn Жыл бұрын
Аминь аминь ин шаа Алла
@user-oj9do3tw3j
@user-oj9do3tw3j 7 ай бұрын
​@@AppleFlow-ee4wnас саляму алейкум. Дуга еткенде инщаАллах деп айтуга болмайды. Хадис бар сондай.
@asylbek1986
@asylbek1986 Жыл бұрын
(2:15) Таухидті тахқих қылудың уәджіптігінің төрт шарты бар. Олар : Бірінші. Уаджб құлшылық амалдарды тастамау. Екінші. Кіші ширктен пәк болу керек. Үшінші. Бидағаттың барлық түрін тастау. Төртінші. Күнәларды қайта-қайта жасамау.
@user-lc3fy8um5e
@user-lc3fy8um5e 2 ай бұрын
Таухидти тахких кылудын уажиптигинин торт шарты бар дегенге Кандай далел куран суннеттен и галымдардын создеринен бар
@solihanetalina9024
@solihanetalina9024 Жыл бұрын
Хусайн ибн Абдуррахманның хадисі. Өте пайдалы хадис 16:47
@almodir68
@almodir68 Жыл бұрын
Это то что в чём мы нуждаемся больше всего !!!
@muslimka90
@muslimka90 Жыл бұрын
Маща Аллаһ барокаАллаһу фикум 👍🏻👍🏻👍🏻
@user-sm8bv2kz6m
@user-sm8bv2kz6m Жыл бұрын
Аллаһ Тағала жамандықтардан сақтасын
@almodir68
@almodir68 Жыл бұрын
Аллахума аминь
@solihanetalina9024
@solihanetalina9024 Жыл бұрын
Жаннатқа есе-хисапсыз кіретіндердің сипаттары 30:20
@user-pr2pb6ng8y
@user-pr2pb6ng8y 2 ай бұрын
Әссәләмуаләйкум уә рохматуллаһи уә барокатуһу машааллаһ ұстаз джазакаллаһойрон
@user-uc3mt4ld3i
@user-uc3mt4ld3i Жыл бұрын
Алхамдулиллах, барак Аллаһу фикум, бауырым
@user-re6of4cn8u
@user-re6of4cn8u Жыл бұрын
БарокалЛаху фикум.
@Atyrau84
@Atyrau84 Жыл бұрын
Жақсы пайдалар алдым.Аллах разы болсын сізге
@Iskako
@Iskako Жыл бұрын
машааАллах баракаАллаху фикум
@nurgisa-89
@nurgisa-89 Жыл бұрын
Маа шаа Аллах барака Аллаху фикум
@user-pr2pb6ng8y
@user-pr2pb6ng8y 2 ай бұрын
👍👍👍
@user-sd6rr1vy5j
@user-sd6rr1vy5j Жыл бұрын
Аллах береке берсін
@user-zj4dz1oe9d
@user-zj4dz1oe9d Жыл бұрын
Ассаламу ьалайкум уа рохматуллахи уа баракатуку джазака Аллаху хойрон
@user-wg3oz4wo8r
@user-wg3oz4wo8r 2 ай бұрын
@user-ne7ne4eu2d
@user-ne7ne4eu2d Жыл бұрын
БарокАЛЛАһу фикум.
@user-ds5sq8cm9o
@user-ds5sq8cm9o Жыл бұрын
Баракааллаху фикум
@user-dc5ns9tz4m
@user-dc5ns9tz4m Жыл бұрын
زادك الله علما نافعا
@nurzhanaikyn9127
@nurzhanaikyn9127 Жыл бұрын
БаракаАллаху фикум бауырым
@xamzaxudoyorov5220
@xamzaxudoyorov5220 Жыл бұрын
Машааллаһ
@user-br8vg5nr7y
@user-br8vg5nr7y Жыл бұрын
БаракАллаху фикум.
@user-lr3pq4ic4e
@user-lr3pq4ic4e 3 ай бұрын
☝️👍
@user-rf5jl1hz8c
@user-rf5jl1hz8c Жыл бұрын
Ма ша Аллаһ
@adai1991
@adai1991 Жыл бұрын
1-ші Дәлел. Бұл аятта Иброхим ғ.с таухидтің тахқиқынан жеткені жайында айтылды. "Расында Ибраһим үммет, әрі Аллаға қонит, әрі ол ханиф және ол мушриктерден емес еді" Нахл-120 Үммет- Ибраһим ғ.с жалғыз өзі үмметтің амалын жасаған, сол себепті оны үммет деді. Қонит- ол Аллаға әрдайым бойұсынушы. Ханиф дегеніміз, ол Аллаға бойұсынып, ширктерден бет бұру. Мушриктерден емес- Иброһим ғ.с ширктің ешбірін істемеді (11:22)
@user-rf5jl1hz8c
@user-rf5jl1hz8c Жыл бұрын
Аллаһу Акбар
@Fudailibnfulan
@Fudailibnfulan Жыл бұрын
Имрон ибн Хусейн( Сахаба ) 31:39
@user-qn2dp1fe7c
@user-qn2dp1fe7c Жыл бұрын
Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух. Отбасы жайлы айтсаңыздар. Әйелді ұр деген деп ,көк ала қылып сабап жүрген бауырлар бар. Куйеуіне бағынбай жүрген әпке-қарындастарғада насихат айтсаңыздар.
@jabakoveldar64
@jabakoveldar64 Жыл бұрын
Машаллах
@user-ro6qz5ts4e
@user-ro6qz5ts4e Жыл бұрын
42 👍
@Fudailibnfulan
@Fudailibnfulan Жыл бұрын
35:37 Рукъя
@jani086ahi
@jani086ahi Жыл бұрын
Ассаләму алейкум Омар. Аллаһ біліміңізді пайдалы қылсын. Сұрағым бар еді: қазір отпен емдеу деген бар, от массасажы қытай массажы деп аталады. Осы күйдіруге жата ма екен? Джазакаллаһу хайран
@user-mo8bz7yo5h
@user-mo8bz7yo5h 8 ай бұрын
Ассаляму аляйкум. Осы сұрақтың жауабы керек еді маған да
@Ahlusunna1413
@Ahlusunna1413 6 ай бұрын
Жауабын таптыңызба?
@jani086ahi
@jani086ahi 6 ай бұрын
@@Ahlusunna1413 йә.күйдіруге жатпайды екен. Бұл жердегі күйдіру жарақаттарға байланысты екен
@Ahlusunna1413
@Ahlusunna1413 Жыл бұрын
Басында басталатын дыбысты алып тастау керек екен. Наушникпен тыңдап отыр едім, қорқып кеттімғо)) бужжж дегенде
@Awer435
@Awer435 Жыл бұрын
السلام عليكم ورحمة الله وبركاته! Таухидтің уәжіп тахқиқ түрінің 4-ші шарты- күнәні әрдайым жасама. Осыған қатысты сұрақ бар еді. Пайғамбарымыздың ﷺ :”Жұмамен жұманың арасындағы, умрамен умарның арасындағы, азаншының артынан азан қайталағанның күнәсі кешіріледі”-деген және т.б осындай мағынада келген хадистерін естіп жүрміз. Бұндай хадистерден түсінетініміз адам баласы күнәдан қашып құтылмайды және күнә бір түрлі емес, әр-түрлі кішкентай күнәлар болуы мүмкін. Сұрақ: Таухидтті тахқиқ қылудағы уәжіп түрінің 4-ші шартымен осы хадистерді қалай байланыстырамыз?
@Istiqoma22
@Istiqoma22 Жыл бұрын
Алла Тағала сізді таухидті тахқиқ қылғандардан қылсын! Әмин! Жауабы: сол үшін кіші күнәны ӘР ДАЙЫМ жасамау керек делінді, ал анда сонда жасаса, ол таухидінің тахқиқына зиян емес. Мысалы: адам күнде темекі тартса, әлде күнде харам нәрсе қараса, әлде күнде өлең тыңдаса, онда ол таухидті тахқиқ қылмағаны. Ал егер ол анда сонда темекі шегіп қойса, әлде анда сонда харамға қарап қойса, немесе кейбір кезде өлең тыңдап қойса, онда ол таухидті тахқиқ қылғандардың тізімінен шықпайды. Міне сол кезде банағы сіз келтірген хадистерге кіреді. Сондықтан ғұламалар айтады: Тақуалы адам (яғни, пасық емес) ол - үлкен күнә жасамайтын және кіші күнәны ӘР ДАЙЫМ жасамайтын адам. Бір белгілі кіші күнәні ӘР ДАЙЫМ, ҚАЙТА ҚАЙТА жасау ол пасықтық. Ал кейде, анда сонда жасау, одан ешкім аман қалған емес.
@Awer435
@Awer435 Жыл бұрын
@@Istiqoma22 آمين. جزاك الله خيرا
@Ahlusunna1413
@Ahlusunna1413 Жыл бұрын
Руқияны қалай саламыз, не оқимыз? Фатиха тек тіл көзбен бір нәрсе шағып алғанда оқитын болса, басқа қай сүрені оқимыз????
@user-rr1bo1nt3f
@user-rr1bo1nt3f Жыл бұрын
6:55 бір нәрсеге күмәндәнсаң не істеу керек екені айтылған
@Ahlusunna1413
@Ahlusunna1413 Жыл бұрын
Дәрі қолдану қалай болады екен?
@user-lc3fy8um5e
@user-lc3fy8um5e 2 ай бұрын
Сурак Менде Сизге кимнын шархы бул
@kazakkazak4072
@kazakkazak4072 Жыл бұрын
Мұсылманның мұсылманға қылған дұғасы қабыл болады деген хадис барма еді?
@Ahlusunna1413
@Ahlusunna1413 Жыл бұрын
Бауырыңа дұға қылсаң періштелер әмин сағанда солай болсын деп дұға қылады деген хадис бар. Бірақ кімнен келетінін білмейм, жалпы көп келтіреді осы хадисті. Осы хадистен шығарады пайданы. Періштелер әмин дегені ол қабыл болады, және дұға қылды сағанда деп ,ал періштелердің дұғасы қабыл болады. Аллаһ жақсырақ білуші
@user-wv6mn9wq1c
@user-wv6mn9wq1c 5 ай бұрын
Мухақиқ деген кім
@Istiqoma22
@Istiqoma22 5 ай бұрын
Таухидті толық меңгерген адам
@user-wv6mn9wq1c
@user-wv6mn9wq1c 5 ай бұрын
БаракалЛаху фикум
Fast and Furious: New Zealand 🚗
00:29
How Ridiculous
Рет қаралды 48 МЛН
艾莎撒娇得到王子的原谅#艾莎
00:24
在逃的公主
Рет қаралды 41 МЛН
7 Fatiha 7 Ayetel Kürsi 7 İhlas 7 Felak 7 Nas Kur'an-ı Kerim Rukye
24:23
fussilet Kuran Merkezi
Рет қаралды 78 МЛН
Қалай сабырлы боламыз | Ұстаз Ерлан Ақатаев ᴴᴰ
29:11
Ұстаз Ерлан Ақатаев
Рет қаралды 283 М.
Fast and Furious: New Zealand 🚗
00:29
How Ridiculous
Рет қаралды 48 МЛН