"Ғылым таппай мақтанба" Абай Құнанбайұлы

  Рет қаралды 2,145

поэзия

поэзия

7 ай бұрын

"Ғылым таппай мақтанба"
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты -
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл - мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге.ерме.
Сізге айтамын, хаупім - бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі - тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл -
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл - гүл.
#Абай Құнанбайұлы
#абай құнанбаев
#Ғылым таппай мақтанба
#Поэзия
#Абай ғылым таппай мақтанба
#Адам болам десеңіз Абай
#Абай Адам болам десеңіз
#абай құнанбайұлы
#Ғылым таппай мақтанба Абай
#Поэзия әлемі
#поэзия
#Ғылым таппай мақтанба өлеңі
#Абай өлеңдері
#өтірік мақтаншақ
#Орын таппай баптанба
• "Сенбе жұртқа"Абай Құн...

Пікірлер: 3
@Laura-94
@Laura-94 7 ай бұрын
Керемет өлең,қалай жақсы айтқан
@user-ur4er1nl8l
@user-ur4er1nl8l 7 ай бұрын
Даусыңыз жағымды екен
@poetry_34
@poetry_34 7 ай бұрын
Рахмет 😊
CAN YOU HELP ME? (ROAD TO 100 MLN!) #shorts
00:26
PANDA BOI
Рет қаралды 36 МЛН
Did you find it?! 🤔✨✍️ #funnyart
00:11
Artistomg
Рет қаралды 122 МЛН
21 қара сөз
2:23
Oilan Kazak
Рет қаралды 31
Күз - Абай Құнанбайұлы [аудио]
1:46
МҰНАРА ТВ
Рет қаралды 157 М.
"Ресей мен НАТО соғысады"
7:19
Ойтүрткі
Рет қаралды 46 М.
ДУА ДЛЯ ТОРГОВЛИ - Дуа ДЛЯ БИЗНЕСА ДЛЯ РЫНКА ДЛЯ СВОЕГО ДЕЛА
3:32:20
Я люблю Ислам أحالإسلامب I love Islam
Рет қаралды 781 М.
CAN YOU HELP ME? (ROAD TO 100 MLN!) #shorts
00:26
PANDA BOI
Рет қаралды 36 МЛН