“Шым ораулы ши”

  Рет қаралды 23

Санибаш Қиясқызы

Санибаш Қиясқызы

15 күн бұрын

Ши тоқу (орау)- бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен Орта Азия халықтары арасында кеңінен тараған өнер. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажеті үшін тоқылған ши қазірге дейін кеңінен пайдаланып келеді. Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үй ішіндегі ыдыс-аяқ, ошақ басын қоршай қоюға, киіз үйдің есігіне ұстауға, әр түрлі үй шаруашылық мүддесіне (мәселен, киіз басу жұмыстарына, жаюлы киіз-сырмақтың асты ылғал тартып, бүлінбеуі үшін солардың астына төсеуге, сонымен бірге құрт жаю, тары сүзу т. б.) кеңінен пайдаланылады.
Қазақ халқының қолөнері саласында ши тоқу, оған боялған түрлі-түсті жүн орап, өрнектеп безендіру ісі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши болып үш топқа бөлінеді. Олардың әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Атап айтқанда, қабығынан тазартылған аң ши ді көбінесе құрт, ірімшік т. б. жаю үшін қолданылатын болса, ұзына бойы әр түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһаздарының бірі болып табылады.
Қазақтың ұлттық қолөнерінің ерекше бір түрі - шым ши тоқу. Шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылыстың маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданыл жүрген қазіргі барлық ою түрлері композициялық жағынан: жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық ою, екі жақты ұзындық ою болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының ішіндегі жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын «шаршы ою» деп те атайды. Шым ши тоқуда геометриялық ою элементтері ромбы, төрт бұрыш, шаршыдағы жұлдыз, үш бұрыш, көп бұрышты немесе сүйірлі бұрыштанып келген крест тәрізді болып келеді. Өрнектеп ши тоқу өнерін де қазақ шеберлері қолданған. Олардың ши бетіне салған түрлері «жүзіктеу» деп аталады. Алты шаршылан кейін, оның екі жағынан шыбық ши, одан кейін алақан ши жалғасады. Алақан шиге түр салынбайды. Көшіп-қойғанда түр салынған жағы түтіліп, тез тозып қалмау үшін алақан ши шым шидің екі жағынан салынады. Кереге сыртынан бір босағадан екінші босағаға дейін иінді айналдыра тұтулы - ши ұстау деп атайды. Ши тарту, оны артып орау, жүн орап тоқу - ауыл азаматтарының бәріне ортақ жұмыстар. Жалпы ши тоқу өнерімен кең түрде әйелдер айналысқан, осы өнерді білетін шеберлер шиден өздеріне керекті күнделікті тұрмысқа пайдаланатын заттарды тоқып алған. Ал шиді тарту, оны көлікке тиеп, түсіру ауыр жұмыстарын ер азаматтар атқарған. Тоқылатын шилі мал баспаған жерден ши өсіп жетілген кезінде тартып (суырып) алады. Шиді таңертең немесе жаңбырдан кейін тартады, мұндай кезде шидің түбі жібіп суырылғыш болады. Тартып әкелген шидің бәрі түгелдей тоқуға жарамайды, сондықтан олардың жарамдысын іріктеп алады, қабығын аршиды, содан кейін көлеңке жерге қойып келтіреді.

Пікірлер
it takes two to tango 💃🏻🕺🏻
00:18
Zach King
Рет қаралды 30 МЛН
Be kind🤝
00:22
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 20 МЛН
100😭🎉 #thankyou
00:28
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 33 МЛН
Ажан 40нан шығару
3:45
Айдана Мейрбек
Рет қаралды 647
Белгісіз жан
3:06
Орда - Topic
Рет қаралды 958 М.
Mochi Family Funny video Special Live 😂😂😂
Mochi.ch1
Рет қаралды 2,4 М.
Қабдол жарған арнау
11:06
ТОЙ ЖАСАЙ ҚАЛСАҢЫЗ
Рет қаралды 1,8 МЛН
15-may, 2024
3:28
Yorqinoy Karimova
Рет қаралды 2,4 М.