Рет қаралды 23,493
Семинардың екінші жартысында келесідей мәселелер тілге тиек етіледі:
Алаяқ па әлде шынайы жын шығаратын маман ба? Білікті жын шығарушыны анықтаудың тәсілдері.
Көз тиюдің хақтығы.
Әлеуметтік желілерге жүктейтін фото-видеоларыңыз көз тиюге себеп болады ма?
Шейхтың баласына көз тигенде ол қай сүренің аяттарын оқып емдегенің баяндайды.
Көз тию тек адамға ғана қатысты ма әлде мал-мүлікке де көз тиеді ме?
Жын тиді деп күдіксеңіз алдымен кімге бару керектігін баяндайды. Дәрігерге ме әлде молдаға ма?
Депрессияның себептері туралы. Оны қалай емдеу туралы бағыт-бағдар береді.
Депрессиядан шығу жолдары.
Жақыныңыз депрессияға түскен болса, оған қалай көмек беру керектігі туралы.
___
Құрметті көрермен, ағайын!
Видео ұнаса лүпіл басып, ұнамаса диз-лүпіл басыңыз :)
Жындарға қатысты сұрақтарыңыз болса, жаза кетіңіздер. Ерінбей бірнеше коммент қалдырыңыз, сонда бұл видеоны көпшіліктің көруіне себеп боласыз. Сондай-ақ, видеоның сілтемесін ватсапта жамағаттағы бауырларыңызбен, жақындарыңызбен бөлісе отырыңыздар. Қараңғы бөлмеге кіруге қорқатын іні-қарындастарыңызға міндетті түрде жіберіңіз!
Пайдасы тиеді, ин шә Аллаһ. Алла баршаңызға мол сауаптан жазсын!
Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Аллаға ант етейін, сенің себепкерлігіңмен бір кісінің болса да тура жолға келуі жер беті толған қызыл түйені Алла жолында беруіңнен де артық» деген.
(Бұхари, Муслим)