Сөйле, тілім Алаңдама, тартынба Найзағайдай шындықты айтып жарқылда! Қалай ғана өмір сүрдім дей алам, Бір ауыз сөз қалмаған соң артымда?!Заман қалай, адам қалай өзгерді, Өзгергенді шүкір, қазір көз көрді. Арың менен ақиқаттың алдында Шындықты айтып, Шыңғыратын кез келді. Айтса нанар аңғал халық едік қой, Аңғалдықтан талай таяқ жедік қой. Халқымыздың қамын жеген ұлдарын О, ғаламат, «Халық жауы» дедік қой! Күні болған қазағымның сорлаған, Қасіреттің қара бұлты торлаған. Ешқашанда тарихымда даламның, Кешегідей бұрыс кету болмаған! Сеніп өскен халық едік малына, Малын алса, Қайтсін халық налымай?! Америка, Түркия, Қытайға, Жетіскеннен шашылды ма тарыдай? Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз, Ағайыннан алыс кетті арамыз. Үш миллион Аштан өлген бабамыз, Қалғанымыз қайда кетіп барамыз? Шұбарала болып кетті тілдерің, Айтатұғын келді бүгін күндерің. Тілің кетсе, Күнің қоса кетерін Қайран елім, Қалай ғана білмедің? Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық?! Өсер балаң, Байтақ далаң тұрғанда, Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!!! Ауруың бірте - бірте асқынған, Қара ниет асып кетті қасқырдан. Қай бабаңның дәстүрінде бар еді, Ата - анасын бөтен қолға тапсырған. Өкініштен өксігімді баса алмай, Айту қиын ойлы көзге жас алмай. Бір ақсақал бір ауылды билеуші ед, Қазір қалдық бір келіннен аса алмай. Азаматтар қол бастайтын қаһарман, Алкогольдың арбауына шатылған, Бұл заманның Қобыланды мен Қамбары, Оқ тимей - ақ шығып жатыр қатардан. Бабамыздың биігінен аспадық, Құдай, Дінді таза жауып тастадық. Маскүнем боп ұлың түгіл қыздарың, Ол аз болса наша шеге бастадық. Сәл кідіріп, ойлаңдаршы әріден, Қанша сәби өлді улы дәріден. Қыздарымыз үйде отырып жүкті боп, Тірі жетім көбейді ғой бәрінен. Қайдасыңдар, Азаматым, арысым, Қайда кетті, қасиетті намысың? Адам түгіл шырылдаған торғайда, Жанын пида етуші еді бала үшін. Алған кезде бұл тоқырау алқымнан, Жұрдай болдық Қайран баба салтыңнан. Қасиетті қыздарымның қылығы, Бейне Арал, Балқаш болып сарқылған! Миымызға өрмекші тор құрған ба?! Көр соқыр қып құдай таза ұрған ба?! Қара көздер кімге ғашық болдыңдар, Өз батырың, Өз арысың тұрғанда! Намыс қайда, ұят қайда, ар қайда? Оның бәрі қалғаны ма шалғайда. Бұл бетімен кете берсе ұрпағың, Шала естілеу, Мәңгүрт болып қалмай ма? Дұрыс болмай замананың жетегі, Еңіреген ердің толды етегі. Осылардың бәрін ойлап қарасам, Бас айналып, Көз бұлдырып кетеді. Күнім туды ағымнан бір жарылар, Қайран елім, Сорың енді арылар. Шыдаушы еңдер, Шыдаңдаршы шырылдап, Шындық жайлы айтатыным әлі бар. Туған елдің қазынасының бәрін ап, Ұрпағымыз кейін немен жарымақ?! Полигон боп Абай, Мұхтар жүрген жер, Атом неге тек Семейде жарылад?! Бұл сөзіме түсінер - ау есі бар, Кімнің қандай ала - алмаған өші бар? Талай елсіз Тундралар жатқанда, Сары алтындай Сарыөзекте несі бар? Мәз болмайық арқамыздан қаққанға, Мәз болмайық жұлдыз әкеп таққанға, Кімге керек жал мен жая жегенің, Бауырларың қылтамақ боп жатқанда. Бауырларым, Жанымыз бір кемеде, Уық сынып, қирап жатыр кереге. Өз дауысын көтермесе өз елім, Өзгелерге Абай, Семей немене. Бауырларым, Жанымыз бір кемеде, Мен ешкімге жүрген жоқпын сене де! Лермонтов пен Пушкинді айтқан жандарға, Абай мен Сәкен деген немене?! Қайран далам, Өр төсіңе - нұр тұнған, Қырандайсың, қанатынан қырқылған. Мал өрісің, Аң мен құсың жоқ болды, Миллион гектар жырым - жырым жыртылған! Кереку мен Қызылжар еді мақтаным, Ұмыттық қой Ақмоланың аттарын. Өзге тілде қойып алдық аттарын, Байқайсың ба қайда бара жатқанын? Оқымаған биікте тұр бабамыз, Оқыдық қой: Неге саяз санамыз? Асқынды ғой, Асқынды ғой жарамыз. Ей, бауырлар, Қайда кетіп барамыз? Асқар тауым - ақыл, Ойым - қорғаным, Есіңді жый, Ешкімге жем болмағын. Есіл ерлер ертеңді де ойлаңдар, Кімге керек бес күн жақсы болғаның. Айтатұғын атты бүгін ақ таңдар, Бәрін біреу береді деп жатпаңдар. Бір қазақты үшке бөліп бүлінбей, Қайран елім, Бірлігіңді сақтаңдар!..
@user-fq3nm8wz4d2 жыл бұрын
Цqr
@user-ig7pc5eq4z2 жыл бұрын
Осы әннің сөзін тауа алмай жүрген едім. Рахмет
@user-il8jn3mx1z2 жыл бұрын
Красава брат
@user-vs9wt4tz6x2 жыл бұрын
Респект
@erbolusipbekov7615 Жыл бұрын
Жарайсың бауырым
@user-fg5ob5sn7n4 жыл бұрын
Әттең ай, халқымды ойласам осы өлең кеудедегі жүректі жарып жібере жаздайды, өңеште бір ауыр кетпен тұрғандай жылағым келеді. О Аллам жар бола көр🤲🙏 қазағымның басына бақытты заман орнауға жазсын. Онсыз да атам заманнан бері сорлағанымыз аз емес қой
@nazarbai-dx2pe Жыл бұрын
Жарайсың балам! Өте керемет! Ащы болса да-нағыз шындық! Қазақ елі жасасын!
Даусы жақсы мағынасы бар ән сахнаға шығару керек мына баланы👍👍
@sabinaalieva34076 жыл бұрын
Иншаллах барин дурыс айтасы
@user-fo8ew9zo8i5 жыл бұрын
Керемет орындау Алланын нуры жаусын
@user-tr4mc9zk4j3 жыл бұрын
Х
@user-il4bu4wd3s7 жыл бұрын
керемет буырым, əрбір ҚАЗАҚ домбырамен терме тартса жаман болмаймыз бауырлар
@user-xy5ud5cs8c7 жыл бұрын
Жума Мадиар красава базар жок
@serewedsewrtsa40365 жыл бұрын
5
@aisulusyrlybaeva29394 жыл бұрын
Күші ❤️❤️❤️✨✨✨🤩🤩🌹🤗🤗
@user-dz7su1vr8m4 жыл бұрын
Ага кушти казагым манги жасасын казагым салтымызды умытпайык?
@user-lt2pp9uj3d4 жыл бұрын
Келсем
@user-db1uj8us5y6 жыл бұрын
Жақсы бауырим әр қазаққа рух пен жигер берсин осыны естип
@skakashi67882 жыл бұрын
Салем бердик барине копжмасндаршыБаурлар
@baratkonisbaev02857 жыл бұрын
Жарайсың бауырым!!! Өнерің алға баса берсін,
@user-mg4dr9ko1e5 жыл бұрын
АЛЛА ТЛКОЗДЕН АМАН КЫЛСЫН БАУЫРЫМ
@user-gk1lp8hb2k6 жыл бұрын
керемет. рух беретин терме. жасай бер
@balnurnurbol97704 жыл бұрын
Жаксы
@user-yg7rg1wn3i7 жыл бұрын
керемет інім өмір жасың узақ болсын
@user-eh8vv8km4y2 жыл бұрын
керемет
@rustemturganbaev2002 Жыл бұрын
Жарайсың бауырым жас кезімде көп тыңдайтын едім өнерің өрге бассын керемет тамаша
@user-ss7qq7yo6b3 жыл бұрын
Әй жарайсың бауырым Алла жар болсын , басына бак консын
@user-fw8ud4yt8s6 жыл бұрын
Базар жок казагым!
@user-fm8uo3hj8n7 жыл бұрын
Алла разы болсын бауырым!!!! кокиреги ояу кози ашык жандарды тебирентпей коймайды. озин айтпакшы пушкин мен лермонтовты окып журген казакка урып турып тындату керек.
@user-wo9hi5yg9d6 жыл бұрын
Нуртас
@medina_jisoo_20186 жыл бұрын
Ынтымак Ниязбеклв
@jazirajazira29625 жыл бұрын
Пушкин Толстойларды кезинде Абай да суйсинип окыган. Адам ой орисин кенейтуге аркашан тырысу керек
Керемет! Сөздері, орындалуы. Балам, бақытты бол. Өзіңдей азаматтар билесін халықты. Еліне, жеріне жаны ашып, қамқор бола білетін.
@jenisdekdalabaev98636 жыл бұрын
Жаксы брат
@user-sx8yx3zb5s7 жыл бұрын
Шынболаттыкі
@user-mb8jz3hw8j4 жыл бұрын
😢 тыңдап жылап алдым.Бәрі дұрыс керемет аға жарайсың.Қазағым аман болсыншы.Алла жар болсыншы.
@user-qo6oc5ov8n2 жыл бұрын
Жарайсын бауырым шап шап. Жамбыл атанын аруагы колдай берсин
@user-fg5jl6jf5y7 жыл бұрын
Еркек 👍 болем талдыкорганнан салем
@user-od7dz7ec3r6 жыл бұрын
Рахмет.керемет
@pokapoka74614 жыл бұрын
Ассалаумағалейкум. Бауырларым Шынболат агамыздын иманды болсын ози олгенимен куии олмеиди осы куиди орындаган казак жигити рыйзамын менин журегиме катты тиди жаса казагым😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢👍👍👍👍👍👍
@huaweigdjd966 Жыл бұрын
Наскййсбарма
@syrgakulnurmahanbetova34013 жыл бұрын
Барлық шындықты айтып шықты. Жарадың жігіттің!
@user-nz1zy1gx7x7 жыл бұрын
Жеримди алды алдымен суынды алды. Данышпандар таусылып куын калды. Арак наша темеки ауан тутин. енди кандай ишпеген у ын калды. Айтқанына орыстың сенбениздер. Биз намыстан жаралган елдениздер. Сонгы казак калганша жер бетинде. Ултарактай жеринди бермениздер. .....-деген олен жолдары бар терменин толық нускасы барма ?
@user-vs4zl1qb8x6 жыл бұрын
жарайсың бауырым
@user-xz7hd9db3m3 жыл бұрын
Жасайсың баламала Ала разы болсын
@user-xz1ho2or4p6 жыл бұрын
Ассалауму алейкум рахматуллахи баракатух бес каланын казактарынан бауырлар козимен Алматы да коргенмин уйгыр кыздарына уйленген кытайды азаматыкты алып журген сол кузде ойлаганмын мына шаяандар арадан уакыт откенде бир бале истейтинин казагым оздеринди колга алып кумасаныздар оте кйын Алла жар болсын сиздерге Аллаху Акбар
@user-fi7pc1bf5m7 жыл бұрын
Асхат Ауелбеков Аллах разы болсын брат. на FACEBOOK нашел твое видео
@user-xe8hp4sq9z5 жыл бұрын
Шыңболат. Мустафа. Шоқай ауылының тумасы бул терменің шыққанына 35 жылдай болды. Марқум шырылдап шындықты сол кезде айтып кетті
Шыныменен шындык айтылган жарайсын жырлайбер Ташауыз туркменистан
@Daurlion5 жыл бұрын
Рахмет бауырым көз жасымды тамшылатып жүрегіме батырдың ! Нұрсұлтанға хаттама. Уа, Әбіш-ұлы Нұрсұлтан!, келібедің қазағымның төресіне, Елімізді әкелем деп, нұр төріне. Саветтенде кетіп едік уайымдамай, сендіғой саған сонда, қазағымай. Байлыққа әкелем деп айтып едің, қолыңнан не келгенін бәрін бердің саттыңңау атом қару Ресейіңе, жол аштың қытайыңның бір беліне. Оғанда келістіғой момын қазақ, жарайды, уә тәуба тыныш болсақ, алдымыз жақсы болар біз шыдасақ, сендіғой саған елім жауыз қалмақ. Не білсін кінәсі жоқ қазағымда, жүрдіғой сеніп сонда бір Аллаға, мақтанып айтып жүрген елім бар деп, жүрдікқой қазағымда байлық жетет сендіғой патшамыздың айтқанына, жылады байқұс қазақ артжағында. Отыз жыл тақта болып не бітірдің?, елімді қарызға тығып не тіледің? Қайда сол берген уәдең қазағыма?, жауап бер қайуан қалмақ сұрағыма. Кәсепкер һалықымның азаматын, кәсібін тартып алып қудаладың, не жетпес жетпегірге жауыз надан жерінен қайда кетер жалғыз адам? Тараттың қазақ жерін жауларыма, байыдың қазағымның мұнайына, мыс, күміс, алтын, темір бәрін бердің, сен кімсің үлестіріп оның бәрін?, жетедіғой ішкен қанын қазағымның, ұрлыққа неге сонша тоймай қалдың? Қытайдан бір миллиард неге алдың?, кімнен алад сол миллард ақша құнын? Оданша, бер елімнен ұрланғанын, қайтар елге мұнай, алтын ақшаларын! байлықтан қазағымның қолыңды тарт, сен емес ол байлықты көтерген ат! Батыста елім шықты айтам деген, Жаңа-өзенде аттыңғой оларды сен, марқұм болып бауырым жатыр жерде, олардың қан кінәсі бәрі сенде. Астанада бес сәбимен ел қоштасты, һалықым шулап саған көзіңді ашты, анасы бес сәбиге іздеп тамақ, түнде жүр тыйын тауп жұмыс жасап, сен берген қарызынан құтыла алмай тастады сәбилерін амал таппай ! Айтарым әңгімем көп, тоқтатылсын, жылаған жасым елге, ұят болмасын, Алжыған шалды қуу мақсат болсын, Қазақ елім әлде қайда алда жүрсін. АЛҒА ҚАЗАҚ ЕЛІМ !
@user-ts3fk6hy5d3 ай бұрын
Өзіңіз шығардыңызба?
@user-ts3fk6hy5d3 ай бұрын
Жарыска терме ретінде алсам рұқсат па
@user-mm3ly2vd9w6 жыл бұрын
Сайгуликтин куйрык жалы таралган Уа жарандар.......тб сози осы ангой
@user-vs5mp2um8j2 жыл бұрын
Рахмет айналайын, кушти олен!
@user-uw5rj7vt3w4 жыл бұрын
КЕРЕМЕТ 👍Нағыз Ер Азамат. Намыс деген осы ғой. Жас болсанда үлкен-кіші ні жетектеп бииктен қазақты көрсетіп, ісімен дәлелдейтің жансын👍
@nurlataxmetov23136 жыл бұрын
рахмет брат дурыс айттын
@user-qh3xw8pe4s6 жыл бұрын
Nurlat Axmetov Өте жақсы айтылған терме рахмет
@user-uc3wh7qf6h7 жыл бұрын
казактын кара баласы
@user-xf6hr6uf1y Жыл бұрын
Керемет.Кушти .
@deil_pubg17735 жыл бұрын
Жарайсын😘😘😘🤤🤤🤤🤤😱😱😱😱керемет айттын 😱😱😱😱😱😱😱😱😱😱🤤🤤
@user-ho1in8vc4i6 жыл бұрын
Алла жар болсын, бидерге
@muratismatov61203 жыл бұрын
Өте.жақсы.тəңрім.жар болсын сізге Абдулла беріш
@user-di8vd5ux7j6 жыл бұрын
Керемет..Сөз жоқ.. 21 ғасырдың ащы шындығы.
@user-fl2tm6us5u3 жыл бұрын
Эээ
@user-pt6hy5qo7f3 жыл бұрын
@@user-fl2tm6us5u я ччс ччвччяЯ
@user-up9ge1nt2e3 жыл бұрын
Асет
@user-mt7mh5ik1s3 жыл бұрын
@@user-fl2tm6us5u эжжжжжжп
@bahashow71873 жыл бұрын
@@user-pt6hy5qo7f й1ф1
@nazikokopeeva54623 жыл бұрын
Жарайсың бауырым👍
@konflikt14132 жыл бұрын
Осер балан байтак далан турганда КАЗАК тили жасау керек мангилик 👆🇰🇿❤️