Өлгенін күтпе. Қазір қоңырау шал.

  Рет қаралды 175

Zan Zangary - құқықтық компания

Zan Zangary - құқықтық компания

Күн бұрын

Ассаламу әлейкум!
Жұма қабыл болсын.
Бізге жақын адамдар болады. Қасымызда жүрген жандар бар Күнделікті күйбіңнен олардың жақындығын сезіне бермейміз.
Бірақ солар дүниеден өтсе бар күшімізді салып онымен қоштасуға асығамыз. Қиыны онымен емес оның санамыздағы елесімен сөйлесіп, соны сағынып, қамығамыз.
Өксікке тұншығып, көзі тірісінде неге кездеспедім, неге қауқылдасып, сөйлеспедім. Кем дегенде қоңырау шалып сөйлеспедім ғой - деп қатты өкінеміз.
Мен ағама қайық сыйлағым келген.
Уақыты келсін деп келешекке қалдырдым. Аңшылық дүкендерге көзім түсіп, сыртындағы қайықтарды оймен сатып алып, апырып беріп жаттым. Оның қуанғанын көріп, қызығатынмын.
Астанадамын. Түнде қоңырау шалып ағамның дүниеден өткенін естіртті. Селсоқ болып қалдым. Ішім алай-дүлей. Өртеніп барады.
Көз алдымнан ағаммен өтпей қалған кездесулер, әзілдесу, шүйіркелесулер, қайықты апарып беріп қуантқан сәттер бұлдырап ағып жатты. Сағыныш тұншығып ішімнің астан кестеңін шығарды.
Ол енді менің қызықтарымды көре алмайды. Мен онымен кездесе алмаймын. Рахаттанып отырып, жеңгемді әзілмен шымшылап отырып бірге шәй іше алмаймыз.
Досым ше...
Ылғи Астанаға барғанда кездесіп бейқам отырып өткен күнді еске түсірсек қой деп жүретінмін. Күнделікті жұмыстармен естен шығып, қоңырауда шалмайтынмын. Ол да. Мен де.
Кітапты көп оқитын. Соларды талқылап қызу айтысатынбыз.
Оның да өмірден өткенін естіртті...
Осылай жүріп бәрі өтіп жатыр...
Ертеңге қалдырма. Қазір хабарлас анаңа, әкеңе, бауырыңа, ағайынға, досыңа...
Елесі алыстаса да жүрегіңді жылытатын адамдарға кем дегенде қоңырау шалып жаныңа жақын тұт.
Сыйлық жасағың келсе ертеңге қалдырмашы.
Қазір істе. Барынша дереу сыйла...
Бірімізді біріміз сағынамыз...
Кездесуге кедергі жоқ.
Ол өлгенін күтпе. Қазір қоңырау шал.
Қазір бар. Кездес!

Пікірлер: 4
@aktolkinesenova8851
@aktolkinesenova8851 4 ай бұрын
Дурыс айтасыз 🥺🥺
@Ramo87y
@Ramo87y 4 ай бұрын
Өте дұрыс
@ГульзадаРысметова
@ГульзадаРысметова 4 ай бұрын
Ия,өте дұрыс😢😢🙏
Поветкин заставил себя уважать!
01:00
МИНУС БАЛЛ
Рет қаралды 6 МЛН
iPhone or Chocolate??
00:16
Hungry FAM
Рет қаралды 30 МЛН
Amazing Parenting Hacks! 👶✨ #ParentingTips #LifeHacks
00:18
Snack Chat
Рет қаралды 21 МЛН
Пышақ кезенген перзент/Алғадай Абылқазыұлы.
17:10
Иманғали мен Досғали
Рет қаралды 22 М.
Оңбогон Онкология | Улукбек Карыбек уулу
1:35:13
Улукбек Карыбек уулу
Рет қаралды 171 М.
Айтарым бар тыңдаушы болса Сәуледен 2
27:27
Ата жолы ғылым мектебі
Рет қаралды 63 М.
Мемлекеттік сот орындаушымын - Коллектор😱
14:38
Zan Zangary - құқықтық компания
Рет қаралды 174 М.