О, менiң Маңғыстауым, Маңғыстауым Марқайып мақтанарым, алға ұстарым. Өзiңде бар махаббат, бар құштарым. Жыр болып құйылады алғыстарым. Есiмiң естiлсе де қай жағымнан кiм болсын селк етедi айбарыңнан. Аппақ бiр нұр құйылып маңдайыңнан, жел есiп тұр ғой қазiр айдарыңнан. Тiрек пен мақтан болған баршамызға бөлекше орның сенiң картамызда. Маңғыстау деген кезде әруақтанып жал бiтiп кетедi ғой арқамызға. Тамсанар ол өзiне тамсанғанға, жар салар ол өзiне жар салғанға. Дүние қақ айырылып бара жатар күй тартып, Маңғыстауым ән салғанда. Өзiңнен маған осы жыр сiңген бе?! Өзiңнен маған осы нұр сiңген бе?! Жүрегiм қақ айырылар аспан құсап кей кезде Маңғыстауым күрсiнгенде! Көрiнiп берекеттiң белесiнен. Шықпастай болып тұр ол ел есiнен. Алапат қуат сезем Маңғыстаудың қым-қиғаш темiр буған денесiнен. Нұрланам шабыт шамым маздағанда. Не келiп, не кетпеген боз даламда. Бар жерi тебiренер қазағымның Маңғыстау - Ойсылқарам боздағанда. Сол үндi бiздер ендi ұғыналық. Қансызсың ұғынбасаң, мұным анық! Жатқандай Қамбар менен Шопан атам қостарын осы жерге тiгiп алып. Маңғыстау десем болды жасарамын, Маңғыстау десем болды жасанамын. Сен десем қабiрiнде аунап түсер Абылым, Мұрын Жырау, Қашағаным. Маңғыстау сенiң қанша батты күнiң, Маңғыстау сенiң қанша атты күнiң. Жата алмай кетедi ғой қабiрiнде сен десем Есiр менен Сәттiғұлың. Қызық қой бұрқырап бiр құбылғаның, бурадай бүлiк салып «жын ұрғаның» Сен десем кетедi ғой тебiренiп Құлшарым, Өскiнбайым, Нұрымдарым. Жүретiн әрбiр сөзi аңыз болып, тұнатын әрбiр сөзi маңыз болып. Сен десе кетушi едi Алшын атам қазiргi замандағы Абыз болып. Тұратын қарсы қарап сұрапылға қуат бар тау мен жота қыратыңда! Сен десем ойға батып Есбол ағам, күй болып құйылады Мұратым да! Бүгiнде жүрегiмнiң байтақ әнi. Айбарың кiмдi болсын қайтарады. Сен десем Фариза ақын отқа айналып, кемедей Кекiлбаев шайқалады. Жарқ еткен жүрегiмнiң жыры сөнбе, щырақ боп жанады олар дұрыс елде. Сен десе бүгiнде мен құлақ тосам Сержан-күй, Iзбасар-жыр, Күрiш-әнге. Сен десе тебiренiп атырабым, өзiмдi теңiз етiп сапырамын. Бiздердi желеп-жебеп жата бершi Маңғыстау, әулиелi топырағым.
@СандугашАхметова-ь9б Жыл бұрын
❤❤❤зз. Т т мотоош
@rayana73912 жыл бұрын
бір деммен қарап шықтым! інім жалпы жақсы идея!
@АДЫРОВМЛАДШИЙ2 жыл бұрын
Аллаһ береке берсін бауырым! Шынымен де жақсы өнім керемет дүние. Бір риза болдым. Табысың мол болсын, Алла арттыра берсін.
@kamysbai.meiram2 жыл бұрын
Мықты Бастама Жоба Алға Жігіттер
@abylay79502 жыл бұрын
Өте мықты выпуск Асеке 🔥🔥🔥тағы күтеміз
@ДастанКисыков2 жыл бұрын
Асеке, еңбегің алға бассын🤲
@ЕрболатАхметулы-п4т2 жыл бұрын
Жанаозенимди корип бир куанып калдым! Аманкелди Жакау агамызды биздин мактанышымызды корип воще куандымго 😊😊😊
@harveyspecter76842 жыл бұрын
Өте керемет 🔥🔥🔥
@БегалиЖумагелдиев2 жыл бұрын
Я КеРеМеТ Бопты . БеРеКеЛi Болгай ) ) ) !!!
@Pubgbeine2 жыл бұрын
Дұрыс дұрыс жолдарыңыз болсын
@АйжанБермаганбетова2 жыл бұрын
Күшті 😄🤙🏻
@ЕрадилНурберген2 жыл бұрын
👏🏻👏🏻👏🏻👍🏻
@ainur.zhaken2 жыл бұрын
🔥🔥🔥👍🏻👍🏻👍🏻
@Отец-ы6е2 жыл бұрын
Мунай шыгатын каланын тури осы бауырым
@ЕрнарАдилов-щ7ж2 жыл бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻
@Beckhamchik232 жыл бұрын
👍👍👍👏🏻👏🏻
@Inkarok20202 жыл бұрын
👍👍👍
@bari_bar42252 жыл бұрын
🔥🔥🔥
@РедмиРедми-ч7п2 жыл бұрын
иншАллах жетистикти айткан дурыс гой бирак прблемаларды да айта керек баурларым.Менин туып оскен жерим Бейнеу кишкентай кезимде ауыл шетине дейн тульпа шыгатын казир карасаныз кур жерден баска ештеме жок сол экологиялык ахуалдын кандай екенин корсететин бир дэлел.Халкымыз кандай кедей адамнын Бари мугалим емес нефтяник емес жумыссызы канша ,ер аламдарга тас карьерден баска жер,табатыны тиын ,такси болатын барин машинасы жок,эйелдерге коше сыпырудан жумыс жок,алушыдан сатушы коп,халыкка егин егейн мал багайн десе Су жок,Аллахтын Берген жер байлыгынын пайдасын ким корип отыр.Сондыктан жастардан елинин болашагын ойлайтын жогын жоктайтындар неге жок.
@БекзатЖолдасов-п6й2 жыл бұрын
Маңғыстау жұртым аман болыңдар ❤❤❤ Жақсы жоба екен іске сәт
@kamysbai.meiram2 жыл бұрын
Қырау апа😂😂
@Акылбек-щ4в2 жыл бұрын
Мыкты
@NEWUZEN122 жыл бұрын
14:30 Қарақия!
@akyltonio2 жыл бұрын
Алла берекесін берсін!
@kamysbai.meiram2 жыл бұрын
Ал сендерге кино түсуру қалды болды👍🏼👍🏼
@UAK01_062 жыл бұрын
👍🏽👍🏽👍🏽👍🏽
@jadiraaldabergenova Жыл бұрын
Даом Швлв
@АманбайЖумагалиев2 жыл бұрын
🤞✌✌✌✌👑
@kainarbeknariman36732 жыл бұрын
Атыраудан видео шыға ма
@РедмиРедми-ч7п2 жыл бұрын
Эне Аллах арабтарга берип жатыр себеби бергенди акылмен орнына жумсайды.Соны неге ойламаймыз кандай улкен ауылмыз бир мешит сонда акшанын бари Кайда кетеди бир мешит сала алмаймыз ал бюджетке коп пайда келтиретин облыстардын катарындаыз.