Рет қаралды 17,547
Ер адам келді.
Бір бөлшегі судың бірінші қабатында екен. Ол частичкасы - Акулаға ұқсайды))).
Жолдама айтты.
“Су 7 қабаттан тұрады. Біз 1-ші қабатындамыз. Әлі 6 қабаттан келіп ақпарат айтады. Күтіңдер!
Сонымен! Ғаламда қандай өзгеріс болып жатыр, су астында да дәл солай өзгерістер болуда.
1 ақпарат. Акуланы сендер жыртқыш балық ретінде білесіңдер. Негізінде акула, кит, дельфин - Судың Өкпесі сияқты қызмет атқарады.
2 ақпарат. Атлант мұхитының түбінде Атлантиданың пирамидасы бар. 1-2 жылдықтың төңірегінде ол Пирамида жоғары көтеріледі. Алдымен Жердің эфирлі қабатында пайда болады, кейін қатты қабатта қайталанады. Ол бөлек құрлық болады.
3 ақпарат. Бермуд үшбұрышының бір бұрышы - Осы Атлант мұхитындағы пирамидаға тиесілі. Екінші бұрышы - Астана жерімен байланысып тұр. Үшінші бұрышы - Египеттің жерінің астында.
Бұл пирамида төңкеріліп тұрады. Жақында активация жасалады.
4 ақпарат. Бұл пирамида арқылы баяғыда басқа өлшемге портал ашылатын. Ол портал - астралдың төменгі қабаты еді. Ұшақ, кемелер сол порталға тап болғанда - жоқ боп кететін.
5 ақпарат. Ұшақтағы, кемедегі көп адам - төменгі астралға өтіп кетуге Рухтары әу баста өздері келісіп келетін. Әлем бойынша жан-жақтан адамдар бір ұшаққа жиналып, сөйтіп төменгі қабатқа өтіп кететін. Зерттеу үшін керек болды.
6 ақпарат; су астында да тоқтаусыз Сілкініс болуда, сол себепті Атлант мұхиты суының құрамы өзгерді, тұзы шамадан тыс көп. Әлемдік экологтар түсінбей зерттеу жасауда. Олар - тылсымнан гөрі, логикаға сенетін жандар, жанталасып жүре берсін. Себебін логикамен, шала ілімдерімен Құпия сырын таппайды.
7 ақпарат. Атлант мұхиты мен Тынық мұхитының ортасынан құрлықтар пайда болғанда - ЖЕРДЕ ҚАРА ЭНЕРГИЯ ТОЛЫҚ ЖОЙЫЛАДЫ. Лемурлықтар мен атлантидалықтар туралы ақпаратты толық білесіңдер, әрі сол кездегі қасиеттерің оралады.