Өзыңе қара өзгеріс барма иманда. ұстаз Абдуғаппар Сманов

  Рет қаралды 814

iman nur_kz

iman nur_kz

Ай бұрын

Дін - адам баласына екі дүние бақытына апаратын тура жолды көрсетеді. Адамның барлық іс‑әрекетін қайырымдылық пен ізгілікке бағыттайды.
Дін - пайғамбарлар арқылы адамдарға жеткізілген Алланың бұйрықтары мен тыйымдарынан тұратындықтан тек уахиға* ғана сүйенеді. Діннің ең басты ерекшелігі осы уахи арқылы келуінде. Басқалай болған жағдайда, яғни діннің негізі уахиге сүйенбесе, Алла құзырында иләһи (құдайлық) дін болып саналмайды. Ондай дін «жасанды дін» деп аталады.
Алла Тағала адамды Өзін танып, құлшылық ету үшін жаратқандықтан дін жіберді. Бұл діннің негізі «Таухид» (Алланы бір деп танудан) сенімінен тұрады. Ислам дініне дейін Алла өзінің шынайы, дара жолын үйрету үшін әрбір қауымға, тайпаға, ұлтқа елшілер арқылы дін жібергенін қасиетті Құранда баян етеді.
Адам Ұлы Жаратушының бар екеніне сенгенімен, Оған қалай құлшылық ету керектігін ақылымен шеше алмайды. Сол үшін діни әмір мен тыйымдар пайғамбарлар арқылы жетіп тұрды. Өйткені адам әртүрлі сылтау мен желеу айтпау үшін әрбір қауымға жеке-жеке елші мен шариғат заңы жіберілді. Құранда бұл жайында:
رُسُلا مُبَشِّرِينَ وَمُنْذِرِينَ لِئَلا يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَى اللَّهِ حُجَّةٌ بَعْدَ الرُّسُلِ وَكَانَ اللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمًا
«Бұрынғы пайғамбарлардан кейінгі адамдарға (пайғамбар келсе, біз тәубе етер едік деп) сылтау айтпауы үшін (ізгі жандарды жұмақпен) сүйіншілеуші және (астамшылық еткендерді) ескертуші етіп, тағы да пайғамбарлар жібердік. Алла аса үстем, хикмет иесі», - деп айтылған («Ниса» сүресі, 165-аят).
Елші келмеген, дін жіберілмеген ешбір қауымның жоқ екендігін Құран былайша баян етеді:
إِنَّا أَرْسَلْنَاكَ بِالْحَقِّ بَشِيرًا وَنَذِيرًا وَإِنْ مِنْ أُمَّةٍ إِلا خَلا فِيهَا نَذِيرٌ
«Шындығында Біз сені ақиқатпен (мүминдерге) қуанышты хабар жеткізуші, (кәпірлерді) қорқытушы етіп жібердік. Қауымдардың қайсысына болса да елші жіберілген» («Фатыр» сүресі, 24-аят).
وَلِكُلِّ أُمَّةٍ رَسُولٌ
«Әрбір үмметтің бір пайғамбары бар» («Юнус» сүресі, 47-аят).
Алла қайсы бір қауымға пайғамбар мен шариғат жібермесе, онда ол қауымды ақыретте жазаламайды. Өйткені Алла Өзін танытатын елші мен діни үкімдер жібермесе, адамдар Аллаға қалай құлшылық ету керектігін ақылымен шеше алмай, құлшылық жасаймын деп, Аллаға серік қосуы немесе күпірлік етіп қоюы әбден мүмкін. Сол себепті Құранда:
وَمَا كُنَّا مُعَذِّبِينَ حَتَّى نَبْعَثَ رَسُولا
«Пайғамбар жібермейінше біз ешкімді жазаламаймыз», - деп анық ескертілген («Исра» сүресі, 15-аят)
Демек, Ұлы Жаратушы өзінің дінін жібере отырып, соңында исламмен тәмамдаған. Ал исламнан кейін қияметке дейін ешқандай иләһи дін келмейтіні әмбеге аян.
Қоғам өмірі мен рухани болмысы жайында ғылыми зерттеулер жүргізген философтар, әлеуметтанушылар мен дінтанушылар алғашқы діни жүйелер жайында түрлі тұжырымдар айтқан. Әр ғалым өзінің зерттеу нысанының шеңберінде дінге түрлі түсінік берген. Нәтижесінде, алғашқы діни жүйе ретінде ғалымдар анимизм, тотемизм, натуризм, магия, фетишизм, паганизмдерді бөле-жара атайды. Ал ислам бұл пікірмен келіспейді.
Ислам діні бойынша адамзаттың алғашқы діні - Таухид*. Себебі, Адам ата адамзаттың алғашқысы, әрі бірінші пайғамбары. Ол Алланың әмірімен таухид (бірлік) дінін уағыздаған. Алла Тағала оған 10 парақтан тұратын Өзінің діни заңдылықтар топтамасын түсірді. Хазіреті Адам (ғ.с.) өзіне жүктелген пайғамбарлық қызметті балалары мен немерелеріне айтып жеткізді. Осылайша жер бетіндегі алғашқы дін - Таухид пайда болды. Хазіреті Адам дүниеден өткен соң оның ұрпақтары сауатсыздықтан, пендешілікке салынып таухид дінінен ауытқи бастады. Мұның түбі түрлі діни сенімдер мен діндердің пайда болуына әкеп соқты. Адамдар таухид дінінен шығып, өзге нәрселерге табына бастағанда Алла екінші бір елшісін, пайғамбарын жіберіп, пенделерін адасушылықтан тура жолға шақырды.
Ислам - Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген соңғы иләһи дін. Ислам өзінен алдыңғы иләһи шариғаттардың бәрін толықтырушы әрі кәміл дін болғандықтан, Алла Исламнан өзге дінді қабыл етпейтінін мына бір аятта баян етеді:
إِنَّ الدِّينَ عِنْدَ اللَّهِ الإسْلامُ
«Күмәнсіз Алланың құзырындағы шынайы дін - Ислам» («Әли Имран» сүресі, 19-аят).
Ислам ғұламалары діндерді екі топқа бөліп қарастырады:
Алла тарапынан жіберілген сәмәуи (көктен түскен) діндер (иудаизм, христиан, ислам)
Алла тарапынан жіберілмеген жасанды діндер (анимизм, натуризм, тотемизм, буддизм, индуизм т.б.).

Пікірлер: 5
@user-vh6lw4zl4l
@user-vh6lw4zl4l 29 күн бұрын
Аль-хамду ли-Ллях Аллаху акбар Субхан Аллах
@musulmandar
@musulmandar 29 күн бұрын
Аллаһу Акбар Астағфируллаһ Сүбханаллаһ Әлһамдулиллаһ ❤️❤️❤️ Аллаһ Тағала ұстазға разы болсын!
@user-ne8fu7pw9p
@user-ne8fu7pw9p 29 күн бұрын
Жаним сагындым устаз Абдугаппар Сманов ❤ дауысын суйектен откизып жаксылыкка шакыратын о Алла🙏
@user-vh6lw4zl4l
@user-vh6lw4zl4l 29 күн бұрын
Ля хауля ва ля куввата илля биЛлях Инна ли-Лляхи ва инна иляйхи раджи’ун Баракя-Ллаху фик
@user-uj9it6yu3q
@user-uj9it6yu3q 28 күн бұрын
Ислам діні жұмсак дін ол мінезде көріну керек
She ruined my dominos! 😭 Cool train tool helps me #gadget
00:40
Go Gizmo!
Рет қаралды 55 МЛН
Haha😂 Power💪 #trending #funny #viral #shorts
00:18
Reaction Station TV
Рет қаралды 8 МЛН
TRY NOT TO LAUGH 😂
00:56
Feinxy
Рет қаралды 18 МЛН
Qiyomat alomati "malhamatul-kubro" zamoni | Ustoz Abdulloh Zufar
13:30
ЖАҢА УАҒЫЗ. Ұстаз Нұралы Бақытұлы.
1:07:18