Өріс ашқан сан кеме, сан қайыққа Біздің сонау айтолқын Ақжайықта Кета деген балық бар. Уылдырық шашар кезде сол балық. Қос жанары тұмандана толғанып, Пәленбай күн жол жүріп, Әбден шаршап болдырып, Құлшына, жанып іштен, Жан жүйесін сыздатқан сағынышпен, Ұрпағына сенімді орын тапқанша, Ешқайда қайырылмастан, Бастапқы бағытынан айрылмастан, Көзінде тек аналық арман ойнап, Жүзеді екен үмітін алға байлап. Ол анық сезінеді: Табиғаттың тамаша кезеңінде Сонау іңкәр Ақжайық өзенінде. Жылдағыдай секіріп ойнамайтынын, Жем іздеп шарламайтынын, Жанарында жаз көркі жайнамайтынын. Тереңге тепсіне бойламайтынын. Амал қайсы бәрін де көрі керек, Ұрпағы үшін оған да көну керек, Кеталардың тағдыры қандай қатал, Уылдырық шашқан соң өлу керек! Бұл балық шынында да дара батыр, Әне, оған жақын тұр заман ақыр. Соның бәрін біледі ол, Біле тұра, Уылдырық шашуға бара жатыр. Қалса бопты ұрпағы жалғасы боп, Жалғасы боп, Тірліктің арнасы боп, Өзі өлген соң денесін шортан жесін, Мұнда оның инедей шаруасы жоқ... Әттең, шіркін, мүсінші болсам-ау мен, Ұзақ түн кірпі кілмей толғатар ем. Ұрпағы үшін жүрегі жырлап өткен, Ұрпағы үшін өмірін құрбан еткен Осындай алыптарға Ғажайып бір ескерткіш орнатар ем... Өмір мынау, толған дау, толған егес, Ұрпақ жоқта тарланың тарлан емес, Арманың арман емес. Өйткені ұрпақ тағдырынан маңызды Бізге дейін ештеңе болған емес, Және бізден кейін де болмақ емес!!!
@АкмаралКубаева6 ай бұрын
Текст барма
@Asem-eo1br6 ай бұрын
Жартысын тастап кетті ғо
@РыстымЛисовицкая-д1ч6 ай бұрын
Керемет!!!❤❤❤
@AizhanAimenbet8 ай бұрын
Текст керек еді
@bantan711110 ай бұрын
Артындагы музыканын аты кандай?
@ЖанияНургали-ф4ю10 ай бұрын
Қандай музыка??
@НазеркеРахметова-ы2в11 ай бұрын
Фон музыка қайдан алдыныздар
@ДанаДосмайыл11 ай бұрын
Жарайсыңдар әсерлі❤
@ЖанеркеАйдарбек-л6й11 ай бұрын
Осының сценарийі барма
@ӘдеміҚобланды Жыл бұрын
Сөздерін беріңіздерші
@ӘдеміҚобланды Жыл бұрын
Сөздерін беріңіздерші
@ӘдеміҚобланды Жыл бұрын
Сөздерін бере аласыздарма
@ГулмираАкшалова-ж4м Жыл бұрын
Ар жагында ойнап турган музыкасы керек еди
@ЖансаяБекет-ь3о11 ай бұрын
Таптыңызба мағанда керек еді өтінңш
@nazummukatova Жыл бұрын
Осынын тексін қайдан алуға болады
@Kpop_Army02 Жыл бұрын
Текст берініздерші
@GulnurSerik-u1v Жыл бұрын
Күй аты қандай
@ЖанаруЗакиркожа Жыл бұрын
Текс жазып кете аласыз ба өтініш
@Kpop_Army02 Жыл бұрын
Сөзін жіберініздерщі көктегі қыздын
@ІңкәрЕркінбек-ж9п Жыл бұрын
Күйдің аты кандай
@TilektesDaniyarkyzy Жыл бұрын
Музыкасының атын аита аласыздарма
@merey007 Жыл бұрын
Қашаңғы осылай деген соң не айтылғанын білесізбе?
@TilektesDaniyarkyzy Жыл бұрын
@@merey007 иа қашанғы осылаи салтанат құрам дисіңдер деліген осы жер ме
Фондағы музыкалардың аты қалай айтып жіберіңіздерші керек еді
@Kiriiiiiiiiiiiiiii2 жыл бұрын
Күшті
@ЛайлаБакыткызы2 жыл бұрын
Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң, Анау жерде құрбылармен алысқам. Анау жерде құрбыжанмен табысқам, Жолдар анау шұбатылып, шаңы ұшқан. Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң. Қайырмасы: Айналайын, атамекен, ақ мекен, Қандай қазақ іздеп сені тапты екен. Айналайын, атамекен, ақ мекен, Туған өлке тәтті екен ғой, тәтті екен. Шабындықтар, егістіктер, тоғайлар, Төбелердің төбесінде көк айдар. Ақша бұлтпен араласып аулаққа, Сағым болып бара жатыр көп ойлар. Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң.
@МеруертТолебай-т8б2 жыл бұрын
Фондағы музыка калай аты?
@zhansayaasanqz70712 жыл бұрын
Ойнатылып жатқан муз қандай? Білсеңіздер айтып жіберіңіздерші өтініш. Күні ертең бізде осы көріністі көрсетеміз. Осы муз керек еді. Білсеңіздер айтып жібересіздерме өтінем!!!!!!