2024 Ж + СУ БАСҚЫНЫ ЖӨНІНДЕ ҮНДЕУ+31 наурыз

  Рет қаралды 17,455

ELSANA

ELSANA

3 ай бұрын

ЕЛГЕ ҚОЛАЙЛЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМ ҚАЖЕТ!
СУ БАСҚЫНЫ БОЙЫНША ҮНДЕУ
Құрметті ағайын!
Елдегі су басқынының зардабын шеккен халқымыздың жағдайына жайбарақат шыдау мүмкін емес. Осыған орай Қазақстанның азаматы ретінде мынаны мәлімдеймін.
Елдегі су басқынына бірнеше себеп бар.
Оның бастылары:
1. ғаламдық өзгерістер мен Жердің экологиялық тозу мәселесі;
2. елдің әкімшілік-аумақтық құрылымының ескі иерархия форматында қалуы;
3. жемқорлық, ұры-қарлық, қабылетсіздік...
Осылардың ішіндегі 2-себеп біз үшін маңызды. Өйткені, басқа себептерге барынша тойтарыс беретін, келеңсіздікті жоятын - бірден бір ел басқарудың әкімшілік жүйесі.
Жылдың төрт мезгіліндегі төрт дүлейге дайын болмау мен қырсыздық, қауқарсыздық, қыруар қаржының тиімсіз жұмсалуына осы себеп қана жауап береді.
Мәселе - шлюздердің ашылмай қалуында емес, саланы басқаратын Склярда емес!
КСРОдан қалған әкімшілік-аумақтық формат жаңа жағдайдағы мемлекетті басқаруға икемсіз.
Бұрынғы тоталитарлық-авторитарлық әкімшілік-аумақтық жүйе әлі жаңарған жоқ. Әсіресе, мемлекетті тігінен және көлденеңінен басқарудың әкімшілік жүйесі советтік иерархияның форматында қалып отыр.
Елдің қыруар әлеуеті мен ресурсы соның кесірінен оңды-солды рәсуә болып, тиімсіздік абыройсыздыққа ұласуда.
Қазыр жергілікті әлеует пен мемлекеттік ресурс әрі-сәрі, кімнің нені басқарып, не істеп отырғаны түсініксіз. Орталық пен өңірлердің арасында тығыз шешімтал қатынас жоқ. Үшдеңгейлі ескі советтік қазақстандық әкімшілік иерархия өзін ақтай алмай, халқымыз соның кесірінен жапа шегуде.
ҚЫСҚАСЫ, ЖЕР АУМАҒЫ ОРАСАН, ХАЛҚЫ АЗ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН,
Ел басқарудың әкімшілік тетігін қосдеңгейлі форматқа көшіру керек, атап айтқанда: қалыптасқан тоталитарлық әкімшілікті ығыстыратын, жергілікті өзін өзі басқару мен жоғарғы-мемлекеттік деңгейдегі қоссатылы аумақтық-әкімшілік ФОРМАТЫ қажет.
Ортаңғы ОБЛЫСТЫҚ әкімшілік жүйені жауапсыз, икемсіз, қауқарсыз,қырсыз, бойына бүкіл субъектив себептер мен кеселдерді жинаған звено ретінде мүлдем жою керек.
17 облыстық әкімшіліктің орнына ежелгі төрктердің жүйесіне (АҚ,КӨК,ҚЫЗЫЛ,ҚАРА,САРЫ) салып, 5 аймақтық министрлік құрып, сол аймақтарға мемлекеттік ресурс пен билікті әділ түрде тарату керек те, жергілікті әкімшілік жүйені түгелімен Халыққа тапсыру қажет: барлық әкімдер мен мәслихаттарды халық ШЫНАЙЫ сайласын, өз бюджетін өзі жасақтап, өзі жұмсап, өзі бақыласын!
Бұл әкімшілік формат ең алдымен Жергілікті қолда бар ресурсты Халықтың өз өміріне тиімді жұмсауына керек. Халық кәзіргідей жаутаңдап тентіреп қалмау үшін қажет!
Жергілікті жұртшылық өз қамын өзі ойлап, өз мәселесін өзі шешуге қажет ресурсты тиімді пайдалануға қолжетер биліктің көзі халықта болуы тиіс.
Сонымен бірге өңірмен тығыз қатынаста болатын әрі мәселені мемлекеттік деңгейде шешетін жоғарғы мемлекеттік әкімшілік құрылымы да сәйкесінше құзырлы мемлекеттік орган болуы қажет.
Іріленген әрі толық құзыры бар 200 ауданның есебінен құрылған 5 аймақтағы 5 министрлік тікелей Үкімет құрамына кіріп, жоғары билікке есеп беруге және Үкіметтің өзі аймақтағы мемлекеттік міндеттерді атқаруға осы министрліктер арқылы тікелей араласуға мәжбүр әрі жауапты болар еді.
Бұл аймақтық министрлер Парламенттің бекітуімен тағайындалғаны абзал.
Қоссатылы бұл басқару форматы көктемде су апатынан, жазда от апатынан, күзгі өнімнің рәсуә болып, қыста қарлы боранның құрсауынан құтқару үшін ғана емес, елдің өмірін тыңғылықты басқаруға тиімді мемлекеттік әкімшілік жүйеге айналатыны сөзсіз.
Халықты әкімшілік құрылымның былығынан құтқаратын уақыт келді, ағайын. Тағы да айтам, мәселе ашылмай қалған шлюз бен саланы басқаратын Склярда емес... Әкімшілік басқару жүйесінде!
Билік пен халықтың назарын осыған аударғым келді.
Апаттан аман болайық!
Құрметпен: Серік Ерғали, 90-жылдардағы Азаматтық «Азат» қозғалысының негізін салушылардың бірі, 1992 жылы әзірленген «Көсеге қайтсе көгерер?» саяси тұжырымдаманың авторы.
31 наурыз 2024 жыл.

Пікірлер: 109
@user-ts3gu4cb6w
@user-ts3gu4cb6w 3 ай бұрын
Зейнет жасына келген соң орынды жастарға беру керек.
@user-ql9gs5yl8z
@user-ql9gs5yl8z 3 ай бұрын
Скляр ең ауыр жазамен жазалану керрек.Адам шығыны,мал шығыны,қарапайым халықты-қазақ ұлтын кемсіткені үшін.Қазақ халқының ақысын жегені үшін,ресей фашизімін қолдағаны үшін Тоқаевімен бірге ең ауыр жазаға тартылсын.
@user-gj2dk2vv3z
@user-gj2dk2vv3z 3 ай бұрын
Скляр өзінің кім екенін көрсетті, қазаққа жаны ашымайтын, орыстардың жансызы. Жауап берсін, соттаңдар!!!.
@user-gj2dk2vv3z
@user-gj2dk2vv3z 3 ай бұрын
Билікте, елін қорғай алмады, апат айтып келмейді, дайындық болмаған, қаражат желге ұшты. Бозымбаевта белгісіз қалай болады??? Тегінің де мағнасы, таза ана тілінде клісімсіз. Көреміз елге қалай болады, уақыт көрсетер. Үміт үзбейік, асығыстау тағайындалған емеспе???
@kadyr2408
@kadyr2408 3 ай бұрын
Апат айтып келмейді дейік, ал қыс ішінде жарылып жатқан құбырларше, Екібастұз тағы басқа қалалар, 30 жыл тек қазынаны тонаудан қолдары тимеді.
@dimashdiko7327
@dimashdiko7327 3 ай бұрын
МЫҢ РЕТ ҮНДЕУ МЫҢ РЕТ ЖАН АЙҚАЙЫҢДЫ ТОҚАЕВТА ЖЕМХОР ҮКІМЕТТЕ КӨТІНЕ ҚЫСТЫРМАЙДЫ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ОЯНЫП ТҰРАТЫН КЕЗІҢ КЕЛДІ. ҚИМЫЛДА КҮРЕСПЕЙ ТЕПЕ ТЕҢДІК ЖОҚ. ЕЗІЛІП ИТ КӨЗІ ТҮТІН ТАНЫМАС ҚҰЛДЫҚ ӨМІРДЕН ҚҰТЫЛ. БИЛІКИІ ҚОЛЫҢА АЛ.! ! !
@algakazakhstan
@algakazakhstan 3 ай бұрын
🖖👍👍👍👍🏽👍🏽👍🏽💯💯💯 ӨТЕ ОРЫНДЫ ЖАРАЙСЫЗ
@user-mb8rs5ij3q
@user-mb8rs5ij3q 3 ай бұрын
Оте.орынды.аитуыныз.
@user-hz8bp5wk3h
@user-hz8bp5wk3h 2 ай бұрын
Бұндай үндеулеріңді биліктегі малдар көтінеде қыстырмайдығой оларды тек үйме үй іздеп жүріп ату керек сатқындарды. Кім митингіге шықпай отса ол адамда билікті жақтағаны болып табылады яғни сатқын деген сөз сондай адамдардан қорқу керек
@AmangazyZeitov-le3et
@AmangazyZeitov-le3et 3 ай бұрын
Серік бауырым мақау билікті кетірмей көз ашылар түрі жоқ
@kenzebaiaibanvekov
@kenzebaiaibanvekov 3 ай бұрын
Токаевты кетиру керек оян елим
@56wowrita
@56wowrita 3 ай бұрын
Басшылық тамырымен алыну керек.
@user-nr1kp3im1n
@user-nr1kp3im1n 3 ай бұрын
Халық Бір-Біріне Көмектесіп Жатыр Үкімет Еш Нәрсе Істемей Отыр Алла Жазаларын Мың Мәрте Берсін Амин.
@user-vd3mf3rh2k
@user-vd3mf3rh2k 3 ай бұрын
Өте. Дұрыс. Пікіріңіз. Қолдаймын. Жетеді. Тағы бір пәлеге. Ұрынбай. Тұрып үлкен. Шешім. Қабылдау керек. Склярдың. Міндеті өңірлердің. Жағдайын білу соған. Орай. Жұмыс жасау
@algakazakhstan
@algakazakhstan 3 ай бұрын
ТОПАС
@user-cb5uj2rw7q
@user-cb5uj2rw7q 3 ай бұрын
Жаңа басқару жүйе порматыңызға толық қосыламын қазақ елі осы ұсыңызға 200 пацыз қосылады деп сенемін Биліктің көзі халық өз қолыңа алуыңа тиіс
@user-gj2dk2vv3z
@user-gj2dk2vv3z 3 ай бұрын
Ел басқару жүйесі бітті, бетімен кетті. Экономика тұралады. Жаңа билік, жаңа басқару жүйесі қаралу керек. Халықтан алшақтау, ұйымдастыру артта қалды, алі жеке баю жемқорлық күрес жоқ!!!
@user-cf3mf1uw3t
@user-cf3mf1uw3t 3 ай бұрын
Жүйе толығымен өзгеру керек
@user-hy7sk4jc2q
@user-hy7sk4jc2q 3 ай бұрын
Скляр Токаев орындарынды босатсында кетындер халыка не жаксылык жасадындар Халык уз уздерыне кумек берып жатыр урлыктарынды догарындар.
@user-ps2pv2wk3z
@user-ps2pv2wk3z 3 ай бұрын
Жүйе тазармай ештеңе өзгермейді, жай ғана қатаң сөгіспен жүре береді.
@user-lb2qx9ee4s
@user-lb2qx9ee4s 3 ай бұрын
Жемқор жүйесі кетуіерек
@user-ll8zu9fm8d
@user-ll8zu9fm8d 2 ай бұрын
Серік ағамыз өте дұрыс айтады .
@user-vd3mf3rh2k
@user-vd3mf3rh2k 3 ай бұрын
Склярды ақтау. Орынсыз
@user-it1fb7pz1n
@user-it1fb7pz1n 3 ай бұрын
Жемқорлар тойымсыздар тонау , қашан жойылады , Тоқай , Әкімсымақтар кетіңдер , елді басқаратын шындыққа бейімді адам болу керек, оян Қазақ елім
@user-cj2st8wi8k
@user-cj2st8wi8k 3 ай бұрын
Өте дұрыс айтады
@user-mz8os7jq9m
@user-mz8os7jq9m 3 ай бұрын
Скляр кар суымен агып кетсин . Жемкор укимет .жасанды омир сурип кеттик .Токаевта ,Бектеновте Казахтын менталитетин ,табигатын тусинбейди ,
@user-gb7ut8wf5m
@user-gb7ut8wf5m 3 ай бұрын
Президенттің құлағына алтын сырға
@kurmangazyaitmyrza9241
@kurmangazyaitmyrza9241 3 ай бұрын
Өте дұрыс қолдаймыз!
@user-xw3xc7ko2v
@user-xw3xc7ko2v 3 ай бұрын
Оте кереметттт
@user-qx6fm9vq5u
@user-qx6fm9vq5u 3 ай бұрын
Ең бірінші қатал заң құру керек. Ату жазасын кіргізу керек. Қытайларға неге қарамайсыңдар, миллиардный халқын тырп еткізбей отыр.Заң қатал болса бәрі қорқады, ақша жегенін қояды. Сонда бәрі орнына келеді. Неге қайта-қайта Склярды жақтап отырсыз. Оның өте үлкен кінәсі бар болып тұр ғой.
@Play-gz7er
@Play-gz7er 3 ай бұрын
Серик- Сакен сиякты Ел мунын ашык ундеуимен батыл айтып Республика денгейнде ашык шыгып журген батыл айбынды Тулга!! Ахметбек НУРСИЛА сиякты Тайжан,Сарсенбай,Шораев,,А.Турсынбай т б азаматтарымыз биригу керек!!!
@user-kp5nd4mc4b
@user-kp5nd4mc4b 3 ай бұрын
әкімдерді халық сайлау керек сол әкімлер ай сайын бөлінген ақшалар қайда кетті есеп беріп отыру керек тиынна дейін
@user-ld2ko6pq9w
@user-ld2ko6pq9w 3 ай бұрын
Солтүстікте бүкіл әкім, басшылар өзге ұлт өкілдері болады. Сол кезде сен жауап бересіңбе? Нағыз сепаратизм сонда болады. Ойланып сөйлеңдер. Қазір обл әкімдерін сайлауға болмайды.
@d.kipchak1011
@d.kipchak1011 3 ай бұрын
Облыстық әкім қажет емес тікелей Халқпен үкімет арасында жауап беретін жергілікті әкім болу керекдеп айтып жатыр емеспе,оны Халқ өзі сайлау керекдеп
@user-hy7sk4jc2q
@user-hy7sk4jc2q 3 ай бұрын
уте дурыс айтасыз Скларды уте уте акыр жазамен жазалау керек. Акмдердын барын Халык узы сайласын укметтын барын Тарту керек Сайлау адлетты Уту керек осы халыктын талабы.орындалсын.
@user-fl2fm8hs5r
@user-fl2fm8hs5r 3 ай бұрын
Керемет
@user-fl2xl8vv1k
@user-fl2xl8vv1k 3 ай бұрын
Дұрыс айтасыз! 👍👍
@user-ye5yi2hx5l
@user-ye5yi2hx5l 3 ай бұрын
Жоғарыға осындаи жақсы тиымды оиға қонымды жағын аитсаң жақпаи қалар .терарис не уахабис деп тырнақ асты кір іздеп қамаи салу әдетке аиналдығои қазағым аман болсын лаиым жақсылық болсын
@user-yq6ke6do5l
@user-yq6ke6do5l 3 ай бұрын
Той тойлаудан қол тимей жатыр Су тасқыны былай тұрсын
@user-md7sv2or6e
@user-md7sv2or6e 3 ай бұрын
Су басты қытаймен орыс басты
@user-pt1ki5hj3w
@user-pt1ki5hj3w 3 ай бұрын
Сiздiң ұсынысыңыз орынды, бiрақ оған аймақ дайын емес. Оның келесi жағы келеңсiздiкке әкеледi... Ол - рушылдық... Мен жеке өз басымды республиканың бiрнеше аймағында экспериментке салып көргенмiн...). Тiлмен жеткiзе алмаймын, адалдықты ыңғайсыз адам ретiнде қабылдайды, өте қиын. Өкiнiшке орай жүзшiлдiк пен рушылдыққа бүйрек бұру қалыпты жағдай және одан арылуға шипа таппай келемiз. Оның зардабы бүгiнгi күнгiден де күрделi болып кетедi... Менiң анам құлқыны таза адамдар ғана қоғамды тазартатынын айтып отыратын едi... Ал ондайлар тек құлқыны таза отбасынан шығатынын ескеру керек болар. Иә, дұрыс айтасыз дәл қазiргi сын-қатердi еңсеру керек, қалайда халықтың бiрлiгi қажет болып тұр.
@user-cp1vq8pq5p
@user-cp1vq8pq5p 3 ай бұрын
ҚЫРУАР ҚАРЖЫ ҚАЛТАҒА КЕТСЕ ҚАЙДАН
@user-vd7qh9ns3m
@user-vd7qh9ns3m 3 ай бұрын
АМИН. АИТҚАНЫҢ КЕЛСІН.БАСШЫЛАРЫҢ ОСЫНЫ САНАСЫНА ҚОНДВРСА ЕКЕН
@user-ky1yv6dm6d
@user-ky1yv6dm6d 3 ай бұрын
БАСЕКЕ МЫЛЖЫНДАГЫМ КЕЛlП КЕТТl ДЕМЕИСlНБЕ!
@user-fm3il9bd2n
@user-fm3il9bd2n 3 ай бұрын
👍🙌🙌🙌
@user-lp7oc1ex7n
@user-lp7oc1ex7n 3 ай бұрын
Жемқорлықты жоймай, ештеңе өзгермейді. Жемқорлық жайлаған мемлекетте қандай реформа болсын, жемқорлықтың инструментіне айналады.
@zkihamen8134
@zkihamen8134 3 ай бұрын
Дұрыс жемқорлық ақша көрмеген көргенсіз , ашық қаннан құныққан жаман деген ата бабамыз
@user-vk9vv3xs4d
@user-vk9vv3xs4d 2 ай бұрын
Осы ғой көптен айтылып келе жатқан.Билікті ауыстыру керек(партократизм) сосын системаны түбегейлі өзгерту керек.
@acer3767
@acer3767 3 ай бұрын
Халық әкімді сайлағанда да, туыстарын тағайындап, келеңсіздік жасайды. Әбден іріктеу кк іс әрекетіне қарап.
@user-oi7wh6nv5l
@user-oi7wh6nv5l 3 ай бұрын
Ең бірінші отырған әкімдер сауатсыз оқыиаған
@user-xx4tx1gp7f
@user-xx4tx1gp7f 3 ай бұрын
Ауыл аймақтардан канал салып улкен су қоймасын салу керек
@user-bf9kr3vb8e
@user-bf9kr3vb8e 3 ай бұрын
Советтік басқару кезінде әркім өз ісіне жауап берді
@user-pn1hb3ls3u
@user-pn1hb3ls3u 2 ай бұрын
Өте дүрыс .
@user-dx1er1cr4c
@user-dx1er1cr4c 3 ай бұрын
Так ағайын аңшы боламызба әлде жемтік боламызба қай жағына шығамыз.
@user-tx8hb3dr5u
@user-tx8hb3dr5u 3 ай бұрын
Бул билыкты аустырмай ештенеде жаксармайды Елымызде.
@gulshatespolova1435
@gulshatespolova1435 3 ай бұрын
Өзін өзіі басқару дегенмен басқарсын
@user-kt2kp8dn3e
@user-kt2kp8dn3e 3 ай бұрын
Ең бастысы жемкорлыкпен сауатсыздык,акимшилик жумыс жасамайды,кара басының қамын ойлайды
@alanalandauuly2949
@alanalandauuly2949 3 ай бұрын
Айтып отырғаныңыз парламенттік басқару жүйесін құру,қосыламын .
@acer3767
@acer3767 3 ай бұрын
Үндеу айтып шенеуліктердің намысын келтіріп отырсыз, бастықтың баласы бастық болып, байлықта өмір сүргендер, ел ішінде болып жатқан мәселелерді ешқашан түсінбейді, шешпейді, қарағысы да келмейді. Мүлдем іс жүргізуге қабілетсіз, бірақ креслодан айрылмауды біледі.
@user-zc3zo7dq6b
@user-zc3zo7dq6b 3 ай бұрын
Скдэлярды ж әне шарлапаевты жақтау дұрыс емес бүкіл үкіметті басқару органдарын өзгерту керек.
@user-de5mb5vt1k
@user-de5mb5vt1k 3 ай бұрын
Тоңқайды биліктен аластатса сіз айтқан проблемалар шішіледі
@user-mn2rh7cj8f
@user-mn2rh7cj8f 2 ай бұрын
Ауылда , одақ кезінде водхоз болған, дәл сол саланы қайта қайта тексеретін, арық қалай тазаладыңдар, қамыс шабылды ма, келген су қайда ағады .... Деп,30 жылда құрыды, енди маман да жоқ мекемеде жоқ, быт шыт болып жатырмыз. Абай обл. Сәлем.
@jaiyqermekbai4605
@jaiyqermekbai4605 3 ай бұрын
1993 jylğy ata zañdy qaitaru kerek aldymen onsyz bärı bos söz uaqyt sozumen qūldyrau ğana... Ädıldık joq elde ädılet te bolaşaqta joq ekenın körsetıp keledı būl bylyq bilık jüiesımen auyspaiynşa eşteñe özgermeidı...
@user-vo1dx5td8h
@user-vo1dx5td8h 3 ай бұрын
Жүйенің шірігені
@user-pu6jv4tt7x
@user-pu6jv4tt7x 3 ай бұрын
Айтпаныз жемкор сколько можно воровать
@user-bs5se7up1w
@user-bs5se7up1w 3 ай бұрын
Қолдаймын
@user-ls9tf8bj9v
@user-ls9tf8bj9v 3 ай бұрын
Жемкорлык 1111111.шии
@user-vu1du1pp1l
@user-vu1du1pp1l 3 ай бұрын
Склярдын адвокаты емесписин ауели склярды сол сияктыларды каурту керек
@user-jq1nv4up3h
@user-jq1nv4up3h 3 ай бұрын
Әліі советік жүиені сынаумен жүрсіз 33жыл болдығои
@user-pg9xy4jj6x
@user-pg9xy4jj6x 2 ай бұрын
Бір мекемеде 30дай пенсйонерлер жүр Алды75_80,😮шамаларында Арты енді шыққандар быжып жүр 4:52
@ahathasder3831
@ahathasder3831 3 ай бұрын
Сіздің мына оиыңыз өтте тың ои екен. Қолдаұға татырлық. Тоқаиов не дерекен?
@user-sx3vh3vc6o
@user-sx3vh3vc6o 3 ай бұрын
Жерг әкімдіктен емес, билікте бар мәселе
@user-ep8ih4yj7z
@user-ep8ih4yj7z 3 ай бұрын
Ассалаумагаликум ага Токаиыв кетпи ештене озгермиди
@user-kx3fy8vd4e
@user-kx3fy8vd4e 3 ай бұрын
Сол су саркырап кайда́н келди колмен жасалган сиякты .
@bmwrufat888
@bmwrufat888 3 ай бұрын
судын басыуы биринши марте емес, жылда суу басатын жердинг денгейин томен тусирип канал казып Аралга жиберинг.Афганларда улкен канал казып жатыр , экскаватор жок болса кытайдан комек суранг!!!
@user-sg5jj8kv5g
@user-sg5jj8kv5g 2 ай бұрын
Кыстай зарладыго калык су алатдеп соны акимдер естип корип отырго ешактар
@user-bk8wl4oj8w
@user-bk8wl4oj8w 3 ай бұрын
Айтып айтып қашан іске көшеміз бастайықшы бір тыңғылықты іс.шешейік тезірек əйтпесе құритын болдық қой.
@user-sg3cv4yt7l
@user-sg3cv4yt7l 2 ай бұрын
Армысыздар, қате бес аймақтық өзін өзі басқару деген. Жирма аумақ болуы тиіс , қазақтың рулық жүйесіне байланысты яғни әр ру өзіне берілген жерге жауапты болу керек .
@user-vt7bu6ex5p
@user-vt7bu6ex5p 3 ай бұрын
Құдай мен істерың барма, ауадан, келгенды кім тоқтатады.Аллаға шүкір деңдер, алладан кешірім сұраңдар, біріңнің еттерің жей бермей!!!
@user-th8rm7ux6i
@user-th8rm7ux6i 3 ай бұрын
Комунистер Олимп бипей Казакстан оналмайды жемкор акимдерди ату жазасын беру керек
@dimashdiko7327
@dimashdiko7327 3 ай бұрын
МЫҢ РЕТ ҮНДЕУ МЫҢ РЕТ ЖАН АЙҚАЙЫҢДЫ ТОҚАЕВТА ЖЕМХОР ҮКІМЕТТЕ КӨТІНЕ ҚЫСТЫРМАЙДЫ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ОЯНЫП ТҰРАТЫН КЕЗІҢ КЕЛДІ. ҚИМЫЛДА КҮРЕСПЕЙ ТЕПЕ ТЕҢДІК ЖОҚ. ЕЗІЛІП ИТ КӨЗІ ТҮТІН ТАНЫМАС ҚҰЛДЫҚ ӨМІРДЕН ҚҰТЫЛ. БИЛІКИІ ҚОЛЫҢА АЛ.! ! !
Final muy inesperado 🥹
00:48
Juan De Dios Pantoja
Рет қаралды 19 МЛН
OMG😳 #tiktok #shorts #potapova_blog
00:58
Potapova_blog
Рет қаралды 3,8 МЛН
Khó thế mà cũng làm được || How did the police do that? #shorts
01:00
A pack of chips with a surprise 🤣😍❤️ #demariki
00:14
Demariki
Рет қаралды 55 МЛН
ҚАЗАҚСТАНДЫ РЕСЕЙГЕ ҚОСУДЫ КӨКСЕГЕНДЕРДІҢ АРТЫНДА КІМДЕР ТҰР? / Әлем тынысы 02.04.2023
44:41
ОРАЗАДА ӘКІМДЕР ІШІП ЖҮР
5:39
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 364 М.
Мариупольдағы әскерлер бағынды ма?
7:47
Ойтүрткі
Рет қаралды 45 М.
тауекел кузембаев
7:29
Nagima Jakipova
Рет қаралды 16 М.
Апшыр-Ата айылы Кулатов, Кок-Жар СЕЛ
6:33
ТелеКабар
Рет қаралды 208 М.
Соңғы эфир 2 бөлім Бір Болайық! 29.06.24
22:26
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 73 М.
Final muy inesperado 🥹
00:48
Juan De Dios Pantoja
Рет қаралды 19 МЛН