23 жыл бойы қоқыс тазалап, қар күреп, көше сыпырып жүрген ана - Ғайни Есмағамбетова | Еңбек адамы

  Рет қаралды 45,729

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

Жыл бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #Еңбекадамы
"Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 20 фильм, 1 деректі фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз - Ғайни Есмағамбетова. 1999 жылдан бері Астананың көшелерін сыпырады, қыста қарын күрейді, қоқысын тазалайды. Оған ешқашан арланған емес. Адал еңбекпен нанын тауып келеді. Балалары мен немерелері бар. Күн сайын таңғы сағат 3-те жұмысқа шығады, кешкі сағат 18:00-де үйіне қайтады. Қажымайды, өмірге юмормен қарайды. Өкініштісі, әлі күнге баспанасы жоқ. Құрқылтайдың ұясындай қылып жер үй салып алған, бірақ құжаты жоқ, ала алмай жүр. Бір күні шенділер келіп қуып шыға ма деп қорқады. Ескеретін жайт, Ғайни апайдың жұбайы да көше тазалаушы. Ол да осы салада оншақты жыл еңбек етіп зейнетке шыққан. Еңбекқор ана туралы, "Еңбек адамы" туралы еңбегімізді көріңіздер. Рахмет, көрермен. Жылап та алдық, күліп те алдық өзіміз. Ғайни апай, сіз мықтысыз.
Инстаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 481
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli Жыл бұрын
"Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 20 фильм, 1 деректі фильм жарыққа шығады. Көріңіздер! Біздің бүгінгі кейіпкеріміз - Ғайни Есмағамбетова. 1999 жылдан бері Астананың көшелерін сыпырады, қыста қарын күрейді, қоқысын тазалайды. Оған ешқашан арланған емес. Адал еңбекпен нанын тауып келеді. Балалары мен немерелері бар. Күн сайын таңғы сағат 3-те жұмысқа шығады, кешкі сағат 18:00-де үйіне қайтады. Қажымайды, өмірге юмормен қарайды. Өкініштісі, әлі күнге баспанасы жоқ. Құрқылтайдың ұясындай қылып жер үй салып алған, бірақ құжаты жоқ, ала алмай жүр. Бір күні шенділер келіп қуып шыға ма деп қорқады. Ескеретін жайт, Ғайни апайдың жұбайы да көше тазалаушы. Ол да осы салада оншақты жыл еңбек етіп зейнетке шыққан. Еңбекқор ана туралы, "Еңбек адамы" туралы еңбегімізді көріңіздер. Рахмет, көрермен. Жылап та алдық, күліп те алдық өзіміз. Ғайни апай, сіз мықтысыз.
@user-lx2sz2xk7o
@user-lx2sz2xk7o Жыл бұрын
Керемет 👍
@user-vc8pd4xp2i
@user-vc8pd4xp2i Жыл бұрын
Салематсыңба балам осы еңбек адамы туралы фильмдерің көңілге жақын келді жəне жалғасы көп болғай аман жүр балам😊
@zaimollailias3227
@zaimollailias3227 Жыл бұрын
Қккқкуікқыкы4ыуыіфффАФ⅖й то что
@user-fq5gk1bf7z
@user-fq5gk1bf7z Жыл бұрын
Үште тұрады азанда шенеуніктер бәлен миллион алады айлықтарын көтеру керек. Күзетші,еден жуатын ,көше сыпырушы осылардың айлықтарын үш жүзмыңға көтеру керек.Нағыз еңбек осы кісілердікі.Бір танысым көше сыпырушы алматыда істеген демалыс бермейді екі аптада кезекпен демалады қар жауғанда тіптен демалмайды.Өйткені айлық көп бергісі келмегесін адам аз алады сондықтан демалыс аз аптасына алты ,жеті күн істейді. Частный клиникада танысым еден жуады айлық аз пенсионныйға ақша 6 мың салады официально 60 мың айлық көрсетеді негізі айлық 100 мың.онмың аударғысы келмейді.Айлық көтерілмейді частниктарды кім тексереді жұмысшыларына условие жасамайды...
@user-gt7xd7pm6m
@user-gt7xd7pm6m Жыл бұрын
Сәлеметсіз бе.Арнайы балабақша қызыметкерлерінде түсыріңіздерші
@user-lu7dh1ld3o
@user-lu7dh1ld3o Жыл бұрын
Осы кісілердің арқасында қаламыз таза, қар жинаулы тұр. Сіздерге рақмет
@user-lu7dh1ld3o
@user-lu7dh1ld3o Жыл бұрын
Кең жүректі, қоғамның жанашырлары, аппақ жүректеріңіз, адал екбектеріңіз Алланың алдында көріне берсін
@user-ps3wr4xk2f
@user-ps3wr4xk2f Жыл бұрын
Нартай Аралбайұлы сізге рақмет! Анамыздың еңбегің бағалап жатқандарыңызға! Бұл кісі біздің анамыз(менің енем). Өте керемет адам!
@user-gi7ik4pu7g
@user-gi7ik4pu7g Жыл бұрын
Қарап отырып көзіме еріксіз жас келді 😢 Керемет проект.👍 Нанын адал еңбекпен тауып жүрген әулие адамдар.❤️
@user-qz5oi5sh2l
@user-qz5oi5sh2l Жыл бұрын
Презтдент осыларды кабылдау керекко
@user-qz5oi5sh2l
@user-qz5oi5sh2l Жыл бұрын
Аманатын котерсин 300 ге акшасын
@user-bj2re4cu7s
@user-bj2re4cu7s Жыл бұрын
ЖУМЫСТАРЫ.АДАЛ.АЙЛЫКТАРЫН.КОТЕРЫНДЕР.ЖУМЫСТАРЫ.КИЫН.АЙЛЫГЫ.АЗ.
@yu8fy202
@yu8fy202 Жыл бұрын
Нағыз маңдаи терімен нанын теріп жеген адам. Жұмаққа бірінші кіретін адамдар.
@user-cc9tm6hl9k
@user-cc9tm6hl9k Жыл бұрын
Вот Герои нашего времени, а не эти чиновники лодыри, дормоеды, воры коррупционеры и т.д.
@user-di2bo4jy8x
@user-di2bo4jy8x Жыл бұрын
Дурыс адал енбек ко
@user-tt9yw3ot7l
@user-tt9yw3ot7l Жыл бұрын
Осы жандардын аилытарын котеру керек,канша алсада бул жандарга барине лаиык. Астананын аязы, жели деген миынды тесип жибереди.Аязда киын Алла жар болсын !Деннин саулыгын берсин,енбектериниз багалансын.🤲🏽♥️💰
@user-lu7dh1ld3o
@user-lu7dh1ld3o Жыл бұрын
Біреудің артын жинап, тазалау оңай жұмыс емес. Әсіресе үлкен кісілерге. Керісінше біздің қарт ата-әжелеріміз деп сыйлап, қолдан келсе көмектесуіміз керек!
@aibekjakypbaev2103
@aibekjakypbaev2103 Жыл бұрын
Нартай бауырым жүректі жылыттың. Алла разы болсын. Нағыз адал жандар ғой. Түсініңдерші бізге керек емес жылтырыған көйлектер, қарны қампиған байлар. Қарапайым халықты ұмытпаңдаршы.
@korkemsuleimenova5469
@korkemsuleimenova5469 Жыл бұрын
Умыту, ,ушин ,оилану ,керек ,ал бул бок карындар ,оиланбаиды гои , олардын оилау ,кабилеттери ,дамымаи ,калган гои ,,,,,,,
@user-ks2xz5bu6v
@user-ks2xz5bu6v Жыл бұрын
Нартаи еңбек адамдарды құрмет көрсеткеніңе. Рахмет солаи жалғаса берсін әмин
@user-ns3ll2ts9w
@user-ns3ll2ts9w Жыл бұрын
Нартай бауырым жарайсың. Осындай фильмдерің көп болсын
@lionkz5737
@lionkz5737 Жыл бұрын
Нартай осыны телевизордан көбірек көрсетілсе!!! Осындай еңбек адамдарын,
@user-lu7dh1ld3o
@user-lu7dh1ld3o Жыл бұрын
Отбасыңызға амандық, жұмысыңызға табыс тілейміз
@user-bb2kg1jt6w
@user-bb2kg1jt6w Жыл бұрын
Дәл осы тектес қызметтердегі жандарды "зейнетке" ертерек шығару керек! Соны айтыңызшы Нартай аға!
@sandygul5059
@sandygul5059 Жыл бұрын
Нартай, Сізге Рахмет осындай еңбек адамдарының еңбегін елеп, құрмет көрсетіп, елге көрсетіп отырған! Енді осы адамдардың бәрі ЕҢБЕКҚОР ӨЗ ҚАЗАҒЫМЫЗ ғой, осы кісілердің құжаттарын реттеуге депутаттар, министрлер көмек берсе екен: Естідіңіз ғой, алаяқтарға жем болып қалған кездері болған. Құжаттарын ЗАҢДЫ ТҮРДЕ ЦОН арқылы, яғни Халыққа Қызмет Көрсету Орталықтары арқылы реттеп алса екен! Алматының да көшесін тазалап жүрген еңбек адамдарының еңбегін бағалап, мұң - мұқтажын депутаттарға жеткізсеңіз екен. Адал еңбек етіп бала - шағасын оқытып, тәрбиелеп жүрген осы кісілер аман болсын! Дендері сау болсын! Таза еңбекпен барлық қиындықтарын жеңіп жүрген Қазағым аман болсын! ✊✊✊🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@alisherodakbayev
@alisherodakbayev Жыл бұрын
Жаңа бағдарлама құтты болсың ! Нартай ағамыз 100 жасасың ! Бұндай фильмдерді баяғыдан көрсету керек еді халыққа? Әңшілерді қайта -қайта көрсеткенше ! Өте дұрыс қолдаймың You Tube бағдарламаның ғұмыры ұзақ болсың халық білу,көру керек ! ❤👍👏🏻👏🏻👏🏻🇰🇿🙏
@user-wm8hc7hx6f
@user-wm8hc7hx6f Жыл бұрын
Қайсысы болмасын өз еңбегінің жемісін көрсін деп тілейік.Қай мамандық болса да.Бізге бір мезгіл дем алып,жүрекке нұр сыйлайтын ән де керек. Әсіресе ,өз қазағымыздың әні.🇰🇿🇰🇿🇰🇿🤲🤲
@nurzhamal_kasimova
@nurzhamal_kasimova Жыл бұрын
Дұрыс осылай қарапайым адамдарды да бір мезгіл көтеру керек таза еңбек освлардыкі👍💪🤲
@user-jx8bk4te7e
@user-jx8bk4te7e Жыл бұрын
Denderingiz, saw, otbastarengez, aman, bolsen, halek, sizderge, erza.
@user-lu7dh1ld3o
@user-lu7dh1ld3o Жыл бұрын
Нартай аға бастаған жобаңыз адалынан болып, халықтың көңілнен шығып, рейтингісі жоғары каналға айналсын😍
@user-lv7du7ks4p
@user-lv7du7ks4p Жыл бұрын
Кеңестік кезеңде көше сыпыра- тыңдарға ,бала санына қарай квартира беретін.Ал қазір айлығын шайлығына жеткізбейтін ақша төлейді.
@user-cq8nv5nl3v
@user-cq8nv5nl3v Жыл бұрын
Айтпаңыз, рас.
@user-wm8hc7hx6f
@user-wm8hc7hx6f Жыл бұрын
Естімептім кеңес заманында үй берді дегенді.Ешқашан жастар ,отбасы барлардың үй алғанын көрмеген де,естімеген де екенмін.Білетінім отбасы құрғандар жиырма,отыз жыл дегенде үйге қолдары әзер жетіп жататынын көретінбіз,өмір бой үй ала алмай бұл өмірден өткендер қанша ,қалада тұрған жандардың. Ол заманда үйсіз жүретін қазақтар.Осы кезде бір қуантатын қалада көп қазақ отбастары үйлі болып жатқандары нұр үстіне нұр.Қара жұмысты істеп жүрген жандар ,ойласың бар тіршілікті ұстап тұр ғой,саналы адамға бәрі көрніп тұр емеспе.Үйлерді салатын,теміржол ,егін шаруашылығы , көше сыпыру,еден жуу, дәретхана тазалау т.б.көптеп жетеді.Осындай жұмыс атқаратын жандардың арқасында бар жақсылықты көреміз.Алла оларға денсаулық, ұзақ ғұмыр,жасап жатқан еңбектері бағаланып, үкіметте ең басты орында тұрулары керек.Нартай сауаптан болсын саған, Алланың разылығы болсын!
@user-fp3ve6pi5z
@user-fp3ve6pi5z Жыл бұрын
Нартай бауырым өте керемет түсірілім. Осындай қарапайым халықтың еңбегін бағалап жүргеніңізге көп көп рахмееет. Әрдайым сіздің жаңалығыңызды сүйсініп көремін. Жемқор биліктен гөрі,осындай қарапайым халқымыздың еңбегі мың есе артық. Таза еңбегімен бала шағасын асырап отыр. Әрдайым осындай адамдардың еңбегін жоғарыға жеткізе беріңіз. Сіз сияқты халыққа жаны ашитын адамдар көбейе берсе екен.
@user-cz4ou4hq3g
@user-cz4ou4hq3g Жыл бұрын
Көзіме еріксіз жас алдым осы кісілердің еңбектері бағаланып тек аман-есен жүрсе екен!квартирада қаңғымай өз үйлері болса екен!Қоғам асқан құрметпен қараса екен🙏🏻
@user-lg1zv1ru9i
@user-lg1zv1ru9i Жыл бұрын
Ғайни апайға барлық қазақ аз аздан болсын ақша салсақ, көп көрім жиналар еді, сөйтіп үйін кеңейтіп, құжаттарын жөндеп алушы еді, осы екі апа мен атаға қатты көңілім ауып, көмек бергім келіп кетті. Нартай бауырым, сенің сұқбаттарыңды үзбей тыңдап, көп мәселені біліп отырамын, ер азамат сендей ақ болсын жарығым, еңбегің еселенсін, аға-әпкелерің риза боп отырамыз өзіңе! Қазақтың қамын өздерің сияқты журналистер жария салмаса, биліктен көңіл қалғалы қашан.
@maksateraliev8460
@maksateraliev8460 Жыл бұрын
Осы адамдарга Рахмет осыларга сойлейтин адамдар тарбиесиз адамдар депутаттардын жалакысын осыларга толку керек Алла разы болсын сендерге
@user-xf2bq2en3m
@user-xf2bq2en3m Жыл бұрын
тəрбиесіз емес надан адамдар
@user-re6up6mn5o
@user-re6up6mn5o Жыл бұрын
Ғайни апай өте керемет жан жұмысшыларының тілін табады менде сол апайдың бригадасында жұмыс жасадым үй жағдайында адам болмай шықтым әліде сол жерде жұмыстануға құштармын .Ол сол Ғайни апайдың еңбегі.
@user-re6up6mn5o
@user-re6up6mn5o Жыл бұрын
Осы жұмысшылардың еңбегі бағаланып жалақылары көтерілсін.
@mixiao155
@mixiao155 Жыл бұрын
Жандарым сол. Таза адал. Еңбек түбі береке.
@accresp6345
@accresp6345 Жыл бұрын
Бұл кісілер таза еңбек адамы! Кейбір кісілер үйден шығырған қоқысын есіктің алдындағы кішкентай қоқыс жәшігіне сала салады. Сол тастайтын өзіміздің ұлтымыз қазақ,мәдениеттілік отбасынан басталады соны біз ата аналар үйретуіміз керек балаларға. Үйінде дұрыстап қоқысын шығармаған тәрбие көрмеген ұрпақ не істейді көшеде жеп келе жатқан тамағын,қағазын далаға тастай салады Біз зейнеткерлер үлкен қоқыс жәшігіне таяқпен жүрсекте апарып саламыз неге біздің қоқысымызды біреу төгуге тиіс. Кеудемізді қағамыз осындай еңбек адамдарын менсінбей өзіміз сол кісілердің тырнағына тұрмаймыз. Осындай еңбек адамдары болмағанда үйімізден қаламызға дейін сасып кетер еді. Сондықтан текке кеуде қақпай мәдениеттілікке үйренуіміз керек! Нартай,қарағым рахмет саған үкіметті жемей,парақорлықпен айналыспай таза еңбегімен күнін көріп жүрген адамдар туралы фильміңе! Еңбекақыларын әрине көтергені дұрыс! Тазалық компаниясына бір есепшімен бір бастық жетеді басқалары түк бітірмейді қайта ол штаттың ақшасын осы кісілерге берсін үстеме ақы ретінде.
@rozakurmanova3119
@rozakurmanova3119 Жыл бұрын
Нанын маңдай терімен тауып жүрген нағыз еңбек адамдары! Осы кісілердің еңбегін еш етпей, қоқысты кез-келген жерге тастамай, арттарыңызды жинап жүруді өзіңізде үйреніңіз, балаларыңызға да біреудің жасағанын еш етпеуге үйретіңіз, адамдар!
@user-wm8hc7hx6f
@user-wm8hc7hx6f Жыл бұрын
Өте дұрыс айтасыз!Баланы жастан тазалыққа тәрбиелеу керек.Кейде ойлаймын,осы бізде бақша,мектепте бір сөз айтылама екен тазалық туралы деп.Жеп келе жатқан балмұздақ,сусынын т.б.толып жатыр ештеңе ге қарамай лактырып жүре береді.Қоқыс деген жетерлік.Сондықтан мән бергеніміз дұрыс болар тазалыққа.
@alexsandraborisovna4193
@alexsandraborisovna4193 Жыл бұрын
Осындай фильм шыгаргандарын рахмет,озимде коше тазаладым ,еден жудым айлык аз арине ещё адамга санамайд сол журекке тиед,ундеми стим уйткени балашаганы котеру керек .
@nagimasarmurzina9374
@nagimasarmurzina9374 Жыл бұрын
Еңбекқор, жүрегі ақ, адал қарапайыме еңбек адамдарын құрметтеу парызымыз. Еңбек ақыларын көтеріп, қамқорлық жасалуына тілектеспіз!
@user-zo8my3ls8h
@user-zo8my3ls8h Жыл бұрын
Еңбектерін бағалап жалақыларын көтеру керек. Маңдай термен тапқан адал еңбек .Көзге көрініп тұр өте қиын жұмыс.Еңбектерін бағалау керек .
@user-es1cj8pg6f
@user-es1cj8pg6f Жыл бұрын
Жұмыс жоқ деп жүрген бауырларға айтарым осы кісілерден үлгі алсын Екі қолға бір күрек табылады істеймін деген адамға
@user-lu7dh1ld3o
@user-lu7dh1ld3o Жыл бұрын
Дұрыс, еңбегі бағаланбай жүрген, халық біле бермейтін еңбек адамдары өте көп! Соларды экранға шығарып отырған мына сізге Алла разы болсын!!!
@user-dj7ww5pp7x
@user-dj7ww5pp7x Жыл бұрын
Оте керемет үлкендерді құрметтеп еңбектерін бағалау керек.үлкен апа аталар болашақты оилаиды жастар пайданы оилаитын заманда жастарымыз жақсы мирмді болсын . Қаламызды таза ұстаиық
@ananbaevau.4243
@ananbaevau.4243 Жыл бұрын
Какая молодец..какие труженики им здоровья и удачи в новом году
@kumbatbolat2816
@kumbatbolat2816 Жыл бұрын
Нартай аға ең бірінші сіздің ұжымға алғысымды білдіргім келеді. Көп рақмет. Жұмыстарыныздың жемісін көрініздер 🤲. ✊✊✊💪💪💪🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@georgiystal3258
@georgiystal3258 Жыл бұрын
чистота города держится на этих прекрасных людей. надо поднимать им зарплату и поднять статус.
@user-jt1ic4on6q
@user-jt1ic4on6q Жыл бұрын
Нартай бауырым жұмысың жемісті болғай!!! Менің ойым осы адамдарды үй кезегіне бірінші болып қою керек және квартираға ақша төлеу керек. Бұларда әскерилерден еш кемі жоқ жұмыс жасап жүрген адамдар. Осы айтылғандар жасалса жастарда барар еді.
@user-kz6cq2jd7h
@user-kz6cq2jd7h Жыл бұрын
Нағыз еңбек етіп жүрген кісілер, аман есен болсын, рахмет осы кісілер туралы түсіргеніне
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Жыл бұрын
Осындай аналарға құрмет жасау керек
@user-hn5rx7eb3k
@user-hn5rx7eb3k Жыл бұрын
Қайран, Қазағым-ай! “Алтын сандық үстінде жалаңбұт отырмыз!” - деп, марқұм Шерхан Мұртаза атамыз айтпақшы! Не деген сорлы болдық, осындай жағыдайға дейін түсетіндей!? Әкім, депутаттардың жалақысын төмендетіп, осы Кісілердікін көтеру керек! Халық ол арамтамақтарды асыруға міндетті емес!!!
@user-yk7qr9tq1s
@user-yk7qr9tq1s Жыл бұрын
Ең көп жалақыны,осы көше тазалайтын,сыпыратын адамдарға беруберу керек,анық немелерінің қасында отыратын шағында,мына өкіметіміз көшеде қаңғыртып,үлкен кісілерімізді,жеткен жетістігіміз осы,көше тазалайтындарға көңіл бөліп ақшаларын көбейтіп,үй кезегіне тұрғызсса жоғарыдағылар
@user-zc4be4wg3q
@user-zc4be4wg3q Жыл бұрын
Еңбектері жана берсін, көп рахмет. Бас иіп алғыс айтам. Өз басым ештеңе тастамаймын, бей берекет ештеңе тастамау керек деп ойлаймын. Әй қайдам осы фильмді саналы санаулы адамдар қарап, санасы таяз адамдар қарай қоймайды-ау. Алғысқа бөленіп жүре беріңіздер. Денсаулықтарыңыз мықты болсын.
@user-ck7he6mo7s
@user-ck7he6mo7s Жыл бұрын
Қақаған аязда дірдектеп жүріп жұмыс істеп жүрген жандарды көргенде жүрегім қан жылайды.Амалым қанша қолымнан келер көмегім жоқ,үндемей қастарына өтіп бара жатып іштей жаратқаннан осы жандарға көмегімді бере гөр деп тілеу тілеймін.
@wertyex3687
@wertyex3687 Жыл бұрын
Сіздерге үлкен алғыс. Аман болыңыз дар, өз маңдай терлеріңізбен тапқан нәпақаларыңыз үшін мақтан тұтыңыздар. Сіздермен қала көркем!
@user-ws7cd7mm2b
@user-ws7cd7mm2b Жыл бұрын
Дурыс Нартаи бауырым Алллах разы болсын саган, аитпесе бары бизнесмендерды, аншылерды, корсетып кетты карапаим когамга паида акелып жаткан адамдарды умытып кетты, бары бизнесмен, аншы, блогер болса кошены кым тазалаиды, мусорды кым шыгарад осындаи ага апкелерге коп Рахмет баккытты болсын
@nurzadabeissen9209
@nurzadabeissen9209 Жыл бұрын
Нартай 👍 молодец! Кейіпкерлер молодцы, ең бастысы жүректері таза, табыстары ақ адал!
@user-ns3ll2ts9w
@user-ns3ll2ts9w Жыл бұрын
Нартай осындай фильмлерің көп болсын
@akmaralvalieva1988
@akmaralvalieva1988 Жыл бұрын
Денсаулық берсін алла,күлкіңізден айналдық апау.😍😍😍
@user-zv7mf7eu2v
@user-zv7mf7eu2v Жыл бұрын
Міне нагыз қазақтың шынайы омір
@nurzhamal_kasimova
@nurzhamal_kasimova Жыл бұрын
Барлық мақтау мадақтау марапат осылардікі 👍💪👋🌹
@user-lu7dh1ld3o
@user-lu7dh1ld3o Жыл бұрын
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсыншы
@user-fu9uu4vw4s
@user-fu9uu4vw4s Жыл бұрын
Өте дұрыс тақырып қорғапсыз, еңбектері еленіп осы кісілерге марапатты беру керек
@user-lu7dh1ld3o
@user-lu7dh1ld3o Жыл бұрын
Осы бағдарламаны жасауда көптеген күш кеткені анық. Артында тұрған шығармашылық топқа да айтар алғысымыз шексіз!
@user-sy6nv7cx5c
@user-sy6nv7cx5c Жыл бұрын
Нартай Аралбайұлы Сізге алғысым шексіз, осындай адамдар өте көп еңбектері елеусіз қалмасын.
@user-ky6du5lp8v
@user-ky6du5lp8v Жыл бұрын
Жарайсыз Нартай мырза. Ия бул кисилердин енбеги багаланбай келди. Елимиздын басшысы Токаевка рахмет. Енбек адамын багалап жаткан. Енди осы кисилерди уймен, болмаса жатаханамен камтамасыз етсе жаксы болар еди. Енбеги еленбей журген каншама адамдар бар гой. Сол кисилердин енбегин дариптеп шыгара бериниздер. Халык сиздермен бирге👍👍👍
@user-yd6kq9vp1p
@user-yd6kq9vp1p Жыл бұрын
Мен азанда 4 те тұрам манты рулет донор пиражки сасиска пысырып маназинге өткыземын.тәтты етып көбірек салып жасаймын картошка өзымдыкы асқабақ өзымдыкы салаттар өзымдыкы қуанамын өтпей қалды деп маған қайтарған емес,қуанамын бұйыртып жегызсын деп халқыма риза боламын рақмет аяғым дұрыс ыстемейды пенсия жоқ жұмыс жоқ жасым 56да Енбек етсең қарның тоқ.Жаздай жыгытым екеуміз бақша егемыз 20жыл машинист болып жұмыс жасады 55 мыңмен пенсияға шығарды өкыметке не дейсің
@user-wk8ot1hd3s
@user-wk8ot1hd3s Жыл бұрын
Ең көп жалақыны мисыз депутаттар емес осы тазалықшыларға беру керек
@makostamakos695
@makostamakos695 Жыл бұрын
Осы кисилердин жалакысын 10 есе кобейтсин осы кисилерге берсин комекти ауыр жумыстары меним кызым истеп корди бул жумысты шыдамай шыкты майда балдарымен исте алмады ойткени сагат 4 шыгады ерте жумыскаНартай саган рахмет былшыйган депутаттар негып отыр креслога осы кисилер отыруга лайыкты Енбектери мандай термин табады аз акшалары берсин айлыкты осы кисилерге Айяктары шылкып су су боп журеди онай болса бари истер едигой багаласын жумыстарын
@user-ns1xz6fw5d
@user-ns1xz6fw5d Жыл бұрын
ЖЕМҚОР ҰРЫ ШЕНЕУНІКТЕР.
@alexsandraborisovna4193
@alexsandraborisovna4193 Жыл бұрын
Алла тагала куш куат берсин осы кисилерге, айлыктарын еки есе болсын🤲
@user-bf1xd8ih7k
@user-bf1xd8ih7k Жыл бұрын
Қарапайым еңбек адамдары жасасын!!!! Олардың алған ақшасы адал?осы кісілердің еңбегінің арқасында астана алматы тағы басқада қалаларымыз...таптаза жарқырап тұр....аман болыңыздар қажырлы еңбек адамдары????
@user-sc6lw4sr8e
@user-sc6lw4sr8e Жыл бұрын
Керемет видео. Кайдагы жок тик ток коргенше осындай видео корип енбек етуге мотивация алу керек жастарга
@kazanat45
@kazanat45 Жыл бұрын
Ақылыңнан айналдым
@user-fg4eu3vb6d
@user-fg4eu3vb6d Жыл бұрын
Нартай сізге алғысым шексіз ,еңбегіңізге жеміс тілеймін.
@Qwerty-xb3fp
@Qwerty-xb3fp Жыл бұрын
Керемет проект👍 Коше тазартып, Астанамызды тазалап журген кысылерге РАХМЕТ 🙏🙏🙏
@user-hx4ji4mu9y
@user-hx4ji4mu9y Жыл бұрын
Қазіргі үлкендерді сыйлау деген жоқ,айлықтары аз,көтермей ме айлықтарын осындай кісілердің, суықта да ыстықта далада жүреді, еңбектерін бағаласын.
@user-wn8ob3ig5u
@user-wn8ob3ig5u Жыл бұрын
Нартай бауырыма рахмет Осы Апамызға рахмет Алла разы болсын
@user-ns9kz8ws9u
@user-ns9kz8ws9u Жыл бұрын
Енбек багаланыу керек бари озимиздин казактар кудай бак бере кор
@user-ns3ll2ts9w
@user-ns3ll2ts9w Жыл бұрын
Көзіме жас келді көріп отырып. Мусор тастама десем сендер сол үшін ақша алып отырсың дегені.
@amezimezica
@amezimezica Жыл бұрын
Солардын басын жару керек солай айткан ушин мамалатып
@user-ks2xz5bu6v
@user-ks2xz5bu6v Жыл бұрын
Жоғарыда креслода отырғандар қарапаиым еңбек адамдарының арқасы еңбек шілерді құрмет көрсету керек
@user-pj6vn6es2v
@user-pj6vn6es2v Жыл бұрын
Адал еңбек сіздерге денсаулық берсін 👍👍👍
@user-hq1of6pw7z
@user-hq1of6pw7z Жыл бұрын
Керемет сухбат осындай адамдар алу кереккой медалдыда адгыс хаттыда
@user-zl8or4eg9e
@user-zl8or4eg9e Жыл бұрын
Нартай Алла разы болсын, еңбек ерлерін көрсетіп, халыққа мәртебесін көтердіңіз, тамаша түсірілім.
@user-qj3id7fk5s
@user-qj3id7fk5s Жыл бұрын
Нағыз еңбек адамдары, осы адамдардың айлығын жоғары қылып, зейнетке ерте шығару керек сияқты.
@user-qn6uq3ur4l
@user-qn6uq3ur4l Жыл бұрын
Нағыз еңбек . Осындай қарапайым жұмыскерлерді жиі көрсету керек . Бұл кісілердің еңбегі зор .
@user-uj9oj4bj2t
@user-uj9oj4bj2t Жыл бұрын
Мыңда бір рахмет осы кісілерге. Алла күш қуат берсін. Мынаны теледидардан жиі көрсетіп тұру керек. Адамдар ойлансын.
@aikazharylgasina6893
@aikazharylgasina6893 Жыл бұрын
Нартай бауырым, ісің берекелі болсын. Қарапайым адамдар елеусіз қалмасын деген ойың ел ағаларының құлағына шалынсын.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Жыл бұрын
Қандай тамаша жүрегі ақ адал жандар еліне
@umitzhumadilova326
@umitzhumadilova326 Жыл бұрын
Менің ағаларым да осындай еңбек жасап, балаларын ел қатарына қосып кетті, иманы жолдас болсын. Мына кісілерге бас иемін. Адал еңбектеріңіз ақтала берсін, жандарым
@user-xq1uc6nj3i
@user-xq1uc6nj3i Жыл бұрын
Сіздерді жақсы көрем. Алла жар болсын . Жолды тазартқанда байқап жүріңіздер.
@bakhachannel7527
@bakhachannel7527 Жыл бұрын
Өте керемет деректі фильм болыпты нағыз адал еңбек сіңірген адамдар, үйлерінің құжаттарын реттеуге көмектессеңіздер
@aimanomirbekova6059
@aimanomirbekova6059 Жыл бұрын
Осындай еңбек еткен адамды бағалау керек, нағыз еңбек осы кісілердікі бұл кісілер көше тазаласада адал еңбекпен тапақ табыс қой, қаншама жастар намыстанып мұндай жұмысқа бармайды, жалған намыстың керегі не жұмыстың арланатыны жоқ,өзімде пол жуып балашағамды жеткіздім ,адал еңбекпен тапқан нәпахамыз аллаға шүкір, еңбек адамның еңбек ақысын көбейтіп ,еңбектері еленсін, үймен қамтамасыз етілсін,Нартай еңбек адамдарының жұмысын, қиындығын көрсеткеніңе мың алғыс,осы кісілердің еңбегі қаланың таза болыуы отбастарына амандық, дендеріне саулық тілейміз мың алғыс.
@alisherodakbayev
@alisherodakbayev Жыл бұрын
Өте Тамаша Керемет айтарға сөз жоқ! Осындай жобалар керек бізге !
@user-cc1by9tj2k
@user-cc1by9tj2k Жыл бұрын
Нартай айналайын осындай қарапайым жұмысшылардың еңбегін бағалап халыққа таныстырғаныңа рахмет.Тазалық сақтау өте қиын жұмыс, Алла Тағала өздеріңе күш қуат берсін, отбасында амандық ырыс несібе мол болсын деп тілейік.🤲🙏
@jumagulkaldygulova772
@jumagulkaldygulova772 Жыл бұрын
Тек кана астанага емес бале болды гой сиздерге Алла мыкты денсаулык берсин оте аянышты
@zaureboranbaeva9513
@zaureboranbaeva9513 Жыл бұрын
Осындай адал адамдар жайында көп айту керек. Сонда жастарымыз тәрбиелі,адал болар еді. Ертеңгі болашақтары жарқын, рухани жандүниелері таза болар еді. Нартай керемет жансыз. Сізді қатты сыйлаймын. Әсіресе осындай қарапайым жандар жайында көбірек фильм шығанса нұр үстіне нұр. Сынып сағаттарында мектепте міне осы жандарды көрсетсе нағыз тәрбие ғой.
@user-zf1rn3qv6h
@user-zf1rn3qv6h Жыл бұрын
Ғайниға отанымыздың жақсы мәртебесі ң беруге турарлық жан! Еңбегінің жемісін көр👍👏
@user-iu7ce5fr4s
@user-iu7ce5fr4s Жыл бұрын
Елімізде,нағыз,осындай,ауыр,қара--жұмысты,істеп,қақаған,аязына, шыжыған,ыстығына, төзіп, жүрген, Ғайни, анамызға, оның, жұмысшыларына Алланың, нұры, жаусын! Ауыр еңбектеріңіздің, жемісін, берекесімен, мол, ризықтарыңыз, жан--ұыяларыңызға, бақыт, пен, қуаныш, əкелсін.Жалақыларыңызды, үкімет,əкімсымақ,басшы, болып, дымды, бітірмей ,жүрген, қарынбайлардың, жалақысын, осындай, нағыз,қарапайым, адал, еңбек, адамдарына, беру,керек, деп,ойлаймын.
@user-xe7xz1xm1k
@user-xe7xz1xm1k Жыл бұрын
Дұрыс жасадың Нартай бауырым осындай кісілерді танытып.бұл салада жұмыс жасайтындарға құрмет артады
@alimuly2399
@alimuly2399 Жыл бұрын
Жарайсыз бауырым. Рахмет. Алла разы болсын. ниеті таза адал.күлкісі шынайы кісілер.
@user-ns3ll2ts9w
@user-ns3ll2ts9w Жыл бұрын
Мықты
@user-bf1lz3sg4j
@user-bf1lz3sg4j Жыл бұрын
Енбектерыныз жемысты болсын.Барлыгына. Рахмет.🙏👍
@tursinaymarat5252
@tursinaymarat5252 Жыл бұрын
Журналистке рахмет нағыз еңбекқор адамдардан хабар дайындаған! Жүректері таза, ақ көңіл жандар, Еңбегіңіздің жемісін көріңіздер!
@user-xv2en5tb1k
@user-xv2en5tb1k Жыл бұрын
Осындай еңбек адамдарын көбірек көрсету керек....
@bagdatmunlasbayev4705
@bagdatmunlasbayev4705 Жыл бұрын
Алла разы болсын! Басшысыз біраз өмір сүруге болады, ал тазалықшысыз бір өмір сүру қиын.
@user-fn2zo1pp8o
@user-fn2zo1pp8o Жыл бұрын
Міне ,нағыз еңбек осы кісілердікі. Осы кісілерді көрсеткендеріңізге қуанып отырмын ,зарплаталары аз .
@gulyatattibaeva339
@gulyatattibaeva339 Жыл бұрын
Бейнетіңіздің зейнетін көріңіз Ғайни апай. Денсаулығыңыз зор болсын. Нартай бауырымыз бастамаңыз керемет. Алла разы болсын.
@kulashmyrzagaliyeva582
@kulashmyrzagaliyeva582 Жыл бұрын
Нартай журналист! Мынау бір өзгеше түсірілім болған екен! Алла разы болсын! Қандай қарапайым, қандай сабырлы жандар еді! Енді селт етпейтін қауым, енді селт етпейтін басшы болса, онда төмендегеніміз- ақ... Нағыз адал еңбектің, күнделікті бейнеттің иелері ғой бұл жандар! Шіркін, еңбекақыларын ойлағандай көтерсе,үй берілсе, жыл сайын тегін санаторийге жіберсе. Моральдық жағынан да, физикалық жағынан да өте ауыр жұмыс қой. Үкімет естісе...
@user-nr7on6zr3s
@user-nr7on6zr3s Жыл бұрын
Алла разы болсын, нағыз адал еңбек! Осындай жанды жадыратар қарапайым дүниелер көңіліңді көтереді!
@talgatabdolla895
@talgatabdolla895 Жыл бұрын
Алла разы болсын осы кісілерге еңбектері өте адал
@user-co2ue4oc1g
@user-co2ue4oc1g Жыл бұрын
Үлкен еңбек сіздерге үлкен рахмет.
@user-yh3tu7lr1d
@user-yh3tu7lr1d Жыл бұрын
Керемет Нартаи!
@user-lu7dh1ld3o
@user-lu7dh1ld3o Жыл бұрын
От шығарылым болды🔥Енді айтылған нәрселер шешімсіз қалмаса екен
@user-oy9nf3dj5x
@user-oy9nf3dj5x Жыл бұрын
Көп тәрбие беретін шығарылым екен, рақмет🙏🏻
@orakassymbekova4782
@orakassymbekova4782 Жыл бұрын
Керемет фильм! Коруге турарлык фильм! Рахмет елимизди баска ракурстан корсетип жатканынызга!
@user-yh5xo9gp4r
@user-yh5xo9gp4r Жыл бұрын
Саламатсызбе, Нартай, сыздын передачанызды коп караймын, Сизге коп Рахмет, Аркашанда аман больныз!Казыр шындыкты коп айту керек ,Бул казырдын оте катал проблемасы, Барлык жумыстарды аркашанда , жай карапайым адамдар ыстейды , адам жай келмейды бул жагдайга , тек адамдардын енбегын дурыс багалау керек, оларга уй берып , тамактарын акелып берып, акырын дурыс есептеу керек кой, адамдарды аяу керек кой, Осы аламдардын жауап беретын аламдары бар гой , Олар ештене истемейды гой, Жауап беретын адамдардын ияты жок!Калалардын тазалыгы , омыр бойы осы жумысшылардын аркасында, кала таза , адемы болса куанамыз , сондыктан жагдайын жасау керекОте аянышты.
@Erkesh85
@Erkesh85 Жыл бұрын
Аллаһ Та'ала отбасыңызға береке берсін! Енді осы видеоның монетизациядан түскен қаражатты осы апамызға берсең, тіпті керемет болушы еді!!!! Нартай! Сен НАР адамсыңғо! Осындай мәрттік жаса! Біреудің ақшасын санап кеткен дейсің😁
@asemabiyeva9967
@asemabiyeva9967 Жыл бұрын
Улкен жүректі, еңбекқор,өмірге құштар адамдар өз үлестерін қосып,қолдарынан келгенін жасауда,өте керемет.
@user-we3sp8ds5y
@user-we3sp8ds5y Жыл бұрын
Нартай айналайын, осындай қарапайым еңбекқор жандар туралы фильмдерің көп болып, ұрлық, қарлық жасамай маңдай терімен кез келген жұмысты қолға алып, қыстың аязы, жаздың ыстығында еңбек етіп жүрген осындай жандар жайлы елге беріп жатқаныңа рахмет
@wertyex3687
@wertyex3687 Жыл бұрын
Сіздер осы заманның батырысысыздар! еңбектің үлкен кішісі болмайды, Алла жар болсын!
Құрылтай Кенесары хан
48:53
ATALAR OSIETI
Рет қаралды 10 М.
1❤️#thankyou #shorts
00:21
あみか部
Рет қаралды 81 МЛН
When Steve And His Dog Don'T Give Away To Each Other 😂️
00:21
BigSchool
Рет қаралды 17 МЛН
Жетімнен қыз алма...
3:50
Имангалиев Думан
Рет қаралды 249 М.
Ерсін Әміре: Аллаға Тәуекел Ету
47:09
Құран қазақша
Рет қаралды 1,8 М.
Көше тазалаушылар жұмысқа шықпай қойды
3:16
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 10 М.
Нан қалдығын кәдеге жаратқан ағайынды кәсіпкерлер
3:31
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 42 М.
Эдуарда сырғалым атанды!
1:24:11
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 260 М.
Аким города Сатпаева Аскар Идрисов | Акимы
10:30
1❤️#thankyou #shorts
00:21
あみか部
Рет қаралды 81 МЛН