29 января 2024 г.

  Рет қаралды 11,039

yer_bura

yer_bura

3 ай бұрын

Біреу білсе, біреу білмес. «Қыз Жібек» фильмінде Бекежен батырдың жазықсыз айыпталғандығы туралы айтсам деп едім. Сәбит Жолдасов (тарих ғылымдары-ның докторы), жазушы Мұқадес Есләмғалиұлы, Бауыржан Ғұбайдуллин т.б. еңбектерін оқысақ Бекежан батыр томенгі жағдайда жазықсыз жауыз болып көрсетіліпті.
Кезінде «Қыз Жібек» жырының ауызша нұсқасын Жүсіпбек Шайқыисламұлы өзінше “өңдеп-жөндеп” қағазға түсіргенде Төлегенді қапыда атып өлтірген Кескентерек атты қарақшының орнына Бекежан батырдың атын жазып жіберген. Себебі Кескентерек Шайқыисламұлының өзі шыққан қожа руынан екен. Сөйтіп, рушылдық ауруына шалынған адамның кесірінен тарихи қателік орын алған.
Негізінде, Бекежан Айбекұлы - өмiрде болған адам. Шектi руынан шыққан. Бекежан - Қыз Жiбекке бесiншi атадан барып қосылатын, қыз алыспайтын туысы екен. Кескентерек Қыз Жiбектi Төлегеннен қызғанған, бiрақ Бекежан батырдан батпаған. Бірде Бекежан Зұлфия атты сұлуды алу үшiн жолаушы кеткенде ол Төлегеннiң келетiнiн бiлiп, алдынан шығып, Қособада атып өлтiрген.
Бекежанның Қайрақ, Байрақ, Тайлақ атты үш ұлы Нұргүл атты бiр қызы болыпты. Үш ұлы да кезiнде танымал батыр болған. Тайлақ 1729 жылы «Аңырақай шайқасында» Кiшi жүздiң жасағын басқарса, Байрақ пен Қайрақ мыңбасы болған екен.

Пікірлер: 23
@user-uy8se5lq4v
@user-uy8se5lq4v 14 сағат бұрын
Ай бәрекелді Ағажан! Дұрыс болды. Көбісі білмейді ғой шындықты.
@user-ix8xn4cs8d
@user-ix8xn4cs8d 2 ай бұрын
Кайран гана казагым олтурбогон адамды олтурду деп ар дайым тарыхты бурмалап келесинер Бегижандын жаткан жери жайлуу болсун
@ars7aksu8
@ars7aksu8 22 күн бұрын
Өздерінді жөндеп алындар,Қопарса сендердінде тарихшыларын ссср кезінде көп нәрсені бұрмалады.
@user-bg1uk1qh1f
@user-bg1uk1qh1f 2 ай бұрын
Бұл киноны қайтадан шығару керек қпзақта сатқын дар көп
@toregaliyqurbanaliev-fw8iw
@toregaliyqurbanaliev-fw8iw 3 ай бұрын
Толегенды бекежан олтырмеген, толегенды олтырген, кожа рулы адам.,
@yer_bura
@yer_bura 3 ай бұрын
Дұрыс, сол Кескентерек деген жауыз ғой…
@user-kv7en6ns9g
@user-kv7en6ns9g 2 ай бұрын
осы *Қыз Жібек " фильмі шыққанда, Әлімнің (Шекті) Ақсақалдары улап-шулап ьарған екен Қонаевқа :ау, бұларың қалай!!?! . . Бекежан батырымызды *қарақшы" қылып ;деп. . .
@user-ud3xc9oj9p
@user-ud3xc9oj9p Ай бұрын
Дым естілмейді домбыра ның дауысынан
@user-lg1se9kq7i
@user-lg1se9kq7i 2 ай бұрын
Түкте естілмейді домбрадан.
@user-yq3bo2lv3j
@user-yq3bo2lv3j Ай бұрын
Бұл тарих өзі қай жылдарда болған. Нақты. ?
@user-nq7sp5vz8q
@user-nq7sp5vz8q 6 күн бұрын
Иә қиын жағдай....
@user-bh4vp1ss6q
@user-bh4vp1ss6q 5 күн бұрын
Осындай батыр бабаларымыз қаншама, өз қазағымыз жазушы тарихшыларымыз халыққа бұрыс ақпарат таратқан,қазақ десек өзіміге келеді қашан дұрысталпды екенбіз, кіші жүздің Сартай батырын жастай қазатаптврып қойғандары, мыңбаладан кейін талай батырлық жасаған бабамыз 70-жасын қарағанда барып қазаболады емес ба.
@user-yz6qx8xl1e
@user-yz6qx8xl1e 5 күн бұрын
Таилақ.батырда шатақтарың болмасын Әбіш Кекілбаидың Үркерін оқы Ертегіңді сосын құрастыр
@user-md5nz7gc7c
@user-md5nz7gc7c 10 күн бұрын
Рас киноның көп жері қате Төлеген өлгеннен кейін Қыз жібек Сансызбайға тұрмысқа шыққан дейді үлкендер рас болса
@user-tb2bx7kf5i
@user-tb2bx7kf5i 16 күн бұрын
Бұл Төлеген руы Жаңабай болған. Өте жақсы кино
@patriot07719
@patriot07719 4 күн бұрын
жанабай емес ЖАҒАЛБАЙЛЫ
@user-ds8db8go4r
@user-ds8db8go4r 7 күн бұрын
Тарихты бұрмалау көп, өтірік жазу көбейген, ӘЛІМДЕР нағыз батыр халық, орыстың саясатына бағынбаған!!!
@user-ng7pl6pg6s
@user-ng7pl6pg6s 3 ай бұрын
Бекежанның тарихтағы орны осы ғана ма. Әлде - бар ма екен.
@yer_bura
@yer_bura 3 ай бұрын
Орнды сұрақ. Сегіз сері ақын Бекежан мен Кескентерек туралы былай жырлаған: «Бас болған елдің бұзық наданына, Мәз болған айласы мен амалына. Қожадан ел тонаушы сотқар шыққан, Бекежан Айбекұлы заманында. Есімі тонаушының - Кескентерек, Тыңдамай ата-анасын жүрген бөлек. Ұрлыққа бала кезден болған әуес, Қан төккіш, мейірімсіз, қара жүрек...» Көбірек деректер С.Жолдасоа, Б.Ғубайдуллин т.б. еңбектерінде бар.
@yer_bura
@yer_bura 3 ай бұрын
«Бекежан Айбекұлы деп атанған, Қалмаққа Еділ бойы ойран салған. Қасына мың жарымдай сарбаз ертіп, Кәпірдің мықты елінен барымта алған. Құс салып тазы ерткен аңға құмар, Көрген жау айбатына емес шыдар. Кіші жүз Әлімұлы алты шекті…"
@user-ng7pl6pg6s
@user-ng7pl6pg6s 3 ай бұрын
Өте көп - көп алғыс Сізге ! Қыз Жібек - Төлегеннің , Бекежанның жатқан жерлері көп айтылмайды қазіргі тарихта.
@user-zn2kv7qq3w
@user-zn2kv7qq3w 5 күн бұрын
​​@@yer_buraРақмет бауырым. Мен әжеме, әкем мен анама(ертеректе эпос: Алпамыс, Қобыланды батыр, Қыз Жібек т.б күйтабақ (пластинкалар) болатын дүкендерде, бәрін домбырамен айтады, арасында жүргізуші сөйлеп тұрады) соларды әдейі сатып алып тыңдаттыратын едім үшеуіне(нән 4 аяқты радиопроигрователь болатын үйде). Тыңдап, арасында аянышты жерлерінде әжем мен анам екеуінің босап, көздерінен жасты көретінмін. Сонда Бекежан мен Жібектің алты Ата Әлімұлынан шекті руынан екені, Төлегеннің Жағалыбай руынан екені және Төлеген қайтыс болғаннан кейін оның інісі Сансызбайға тұрмысқа шыққаны айтылады. Ал киносында басқаша.
@user-rx9fo8gh6b
@user-rx9fo8gh6b 7 күн бұрын
Бекежан нагыз казактын батыры болган киносында корсетеди калын жаумен бир ози шайкасканын толеген батыр емес ол тек байдын баласы аузы кисык болсада бай соцлесин деген макал бар
Бекежан Төлегенді өлтірмеген…#әңгімелер жинағы
8:21
Normal vs Smokers !! 😱😱😱
00:12
Tibo InShape
Рет қаралды 9 МЛН
Useful Gadget for Smart Parents 🌟
00:29
Meow-some! Reacts
Рет қаралды 9 МЛН
Баба Түкті Шашты Әзіз
4:53
Дамира
Рет қаралды 21 М.
Мәди Бәпиұлының қырғыздан жүйрік әкелуі
45:17
Қызықты әңгімелер
Рет қаралды 55 М.
КӨКШҰНАҚ әнгіме. Төкен Бекімұлы аудиокітап. Жаңа әнгіме
35:25
Аудиокітап. Аудиокнига 🥰
Рет қаралды 8 М.