Бекежан Төлегенді өлтірмеген…

  Рет қаралды 28,275

Әңгімелер жинағы

Әңгімелер жинағы

4 ай бұрын

Бекежан батыр Төлегенді өлтірмеген.
Қазақтың тарихында айтулы батырлар аз болмаған. Бекежан мен оның ұрпақтары да сол сияқты елді сырттан келген жаудан қорғаған мықты батырлар болған екен. Оның ерлік істері жөнінде ел аузында сақталыпты. Әйгілі Қожаберген жыраудың ұрпағы, қазақ серілік өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі, кезінде елге келген басқыншыларға, орыс отарлаушыларына қарсы күрескен жауынгер-ақын Сегіз сері XVIII ғасырда «Қыз Жібек» дастанын жазған екен. Сол жырда Бекежан батыр «Қыз Жібек» фильміндегідей емес, мүлде басқа қырынан сипатталыпты. Төлеген батыр жау қолынан қаза тапқан соң оның қалыңдығы Қыз Жібек сұлу әмеңгерлік жолмен оның інісі Сансызбаймен отау құрған екен. Осы тойға Бекежан батыр Қыз Жібектің туыс ағасы ретінде шекті руы жағынан бас құда болып қатысыпты. Ал Қыз Жібек пен Сансызбайдан туған Төс есімді бала кейін аты шыққан батыр болыпты. Оның ерлік істері жөнінде кезінде Сегіз серінің атасы Қожаберген жырау: «Жағалбайлы Төс батыр, Қалмақтарға өш батыр. Сансызбайдың өзіндей, Көрсеткен жауға күш батыр. Үзгентте болған шайқаста, Қамал бұзған гүж батыр», - деп жырлаған екен. Ал Төлеген батырды Қыз Жібектің әкесінің төңірегінде қызметте жүрген Кескентерек атты төлеңгіт өлтірген екен. Сегіз серінің «Қыз Жібек» дастанында осылай делініпті. Онда Бекежанның Қыз Жібекті өзінің туыс қарындасы ретінде қорғап жүргені, оның Төлегенге айттырылуын шын мәнінде қолдағаны жөнінде жырланыпты. Кескентерек Төлегенді өлтіргеннен кейін Бекежанға барып, одан өзінің Қыз Жібекті әйелдікке алуына жәрдемдесуін сұрапты, оған Төлегеннің тұлпарын тарту етпек болыпты. Бұған қатты нала болған Бекежан батыр Кескентеректі шекті руының жерінен қуып жіберген, енді қайтып көзіне түсетін болса, өлтіретінін ескерткен. Сол Кескентеректі кейін Қыз Жібектің ағалары ұстап алып, дарға асқан екен. Ал Бекежан батырдың өзіне келер болсақ, оның жоңғарларға қарсы шайқастарда аты шыққан. Халық арасында сақталған аңыздарға қарағанда, ол шамамен 1667 жылдары қазіргі Ақтөбе облысының жерінде, Мұғалжар тауларының төңірегінде өмірге келген екен. Кіші жүз - Әлімұлының шекті руынан тарайды. Оның әкесі Айбек бүкіл Әлімұлы жасағының қолбасы болыпты. Айбектің үлкен ұлы Бекежан жастайынан өте мерген садақшылығымен көзге түсіпті, қылышты шебер қолданатындықтан «Қылыштың перісі» деген лақап атқа ие болыпты. Ол 1730 жылдары түркімендермен болған бір шайқаста ауыр жараланып, қаза тапқан екен. Сүйегі қазіргі Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында, Шідерті өзені бойындағы «Тайлақ қорымы» деп аталатын мазаратқа қойылыпты. Бекежаннан Қайрақ, Байрақ, Тайлақ есімді үш ұл тарайды екен. Бұл үшеуі де аты шыққан батырлар болыпты. Олар қазақ-жоңғар соғысының көптеген шайқастарына қатысқан. Әйгілі «Аңырақай» шайқасына Қайрақ пен Байрақ мыңбасылар болып қатысқан, Тайлақ бүкіл Кіші жүз қолын басқарған екен. Бекежанның кенже ұлы Тайлақтың даңқы басқаларынан жоғарырақ болыпты. Ол Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың жақын, сенімді серігі болған. 1726 жылы үш жүздің басы қосылған Ордабасы құрылтайында Әбілқайыр хан қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланғанда ол Тайлақты Кіші жүздің қолбасы етіп бекіткен. Қысқасы, Бекежан батыр мен оның ұрпақтары елді жаудан қорғауға ерен еңбек сіңірген қаһармандар болыпты. Бұл жөнінде «АК-79» арнасында «Қазақстанда жасалған» деген атпен видеоролик жарияланды. Осы бейнероликте автор 1972 жылы жарыққа шыққан «Қыз Жібек» фильмінде Бекежан неге Төлегенді өлтірген сатқын, жағымсыз кейіпкер ретінде суреттелген деген сұрақ төңірегінде әңгімелей келіп, былай дейді: «Қыз Жібек» жырындағы кейіпкерлердің бәрі де өмірде болған адамдар. Мұны кезінде әйгілі ғалымдар Әлкей Марғұлан мен Мұхтар Әуезов те білген. «Қыз Жібек» жырының түпнұсқасы халықтың аузынан жиналған аңыздар мен батыр ұрпақтарының естеліктері негізінде жазылған. Ол қазір Мұхтар Әуезов атындағы ұлттық әдебиет институтында сақтаулы тұр. Бірақ «Қыз Жібек» фильмінің сценарийін жазғанда әйгілі жазушы Ғабит Мүсірепов жырдың түпнұсқасын емес, көпшілікке белгісіз Жүсіпбек Шайқисламовтың жазып, 1920 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған нұсқасын пайдаланған. #әсерлі #қазақша #ғибратты youtube.com/@AidaAida-ez4hf?s... #қаңтар оқиғасы #Қазақша әңгіме #қазақша әңгімелер #ғибратты әңгімелер жинағы #әсерлі әңгіме #қазақша әңгімелер жинағы #болған оқиға #аудио кітап #әсерлі әңгімелер -#болған оқиға желісімен #болған оқиғалар #қызықты әңгімелер

Пікірлер: 104
@user-dk9vi9yo8p
@user-dk9vi9yo8p 4 ай бұрын
Каракалпакстаннан Казак туысканларга жалынлы салем.Бармысызлар аманбысызлар бауырларым.Кызжибекти бала уактымда кызыгып коретин едим,сонда Бекежанды жаман корип ызаланып журетугын едик.Мына видеонызды еситип хайран калдым.Дурыс шынлыкты айтканыныз жон болыпты.
@redminote197
@redminote197 4 ай бұрын
Толық зерттеу керек.Ешкім көріп тұрған жоқ.Бала кезімізден осы жырды естіп өстік үлкендерден.Онда Бекежан өлтіреді, Сансызбай Қыз Жібекке үйленеді.Ал киноның идеасы махаббат сиволы болуы керек болған.Сондықтан Жібек өледі.Ал анау батыр, мынау батыр болған екен деп, оның ұрпағына той жасап,атапөту,құлыптас қоя берудің қажеті жоқ.Ондайды тере берсе,жер бетіне белгілер сыймай кетер
@user-ts6iq1zh3s
@user-ts6iq1zh3s 3 ай бұрын
Тарихты бұрмалау аруактарды корлау. Ол кешірілмейтын күнә. 60-70 ж. қариялар айтып отыратын, болашаққа қауіпті деп
@user-lh1zc2mq9t
@user-lh1zc2mq9t 4 ай бұрын
Киноны түсіргенде тарыихты бұзып тұрғанын неғып білмеді екен! Тариыхха қиянат елге қиянат
@user-nu2mk3bz9g
@user-nu2mk3bz9g 4 ай бұрын
Тарихты жоғалтыу қазақ халықын жоғалтумен бір жарайсыздар алла қолдасын әмин
@user-ey3cj6sl1q
@user-ey3cj6sl1q 3 ай бұрын
әңгіменің сужеті осылай өрбісе тіпті тартымды болады екен
@kuralbeksagynai5724
@kuralbeksagynai5724 3 ай бұрын
Бәрі тамаша! Сізге көп-көп рахмет! Айтар бір өтініш:Тексті дұрыстап оқыңызшы. Өйткені,жүздеген-мыңдаған тыңдарман сізді тыңдап отыр. Жауапкершілікті сезініңіз!🙏🏻
@user-on8cl2il6p
@user-on8cl2il6p 4 ай бұрын
ҚАЗАҚҚА ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ ҒАНА АШИДЫ,ҚАЗАҚТЫ ҚАЛАЙ ОҚЫСАҢДА ҚАЗАҚ, ҰМЫТПАЙЫҚ ҰРПАҚТАРЫМЫЗҒА ӘРДАЙЫМ АЙТЫП ЖҮРЕЙІК АҒАЙЫН БАУЫРЛАРЫМ
@user-qx3rh7pt7n
@user-qx3rh7pt7n 3 ай бұрын
Дұрыс,Бекежан батыр жақсы адам болған деп айтып отыратын бала кезімізде,ата әжелеріміз,тарих бұрмаланған болу керек,бұлда кеңес үкіметінің саясаты болу керек
@user-di8ye3pn6i
@user-di8ye3pn6i 4 ай бұрын
ЖАНЫ БАР ӘҢГІМЕ. БЕКЕЖАН ДА ЖІБЕК ТЕ ШЕКТІ. ОЛ КЕЗДЕ ӘР РУЛАР БӨЛЕК ҚОНЫСТАНҒАН. АҒАСЫ ҚАРЫНДАСЫНА КӨЗ САЛМАЙДЫ. ИДЕОЛОГИЯ , СОВЕТ, ПАРТИЯ ҚАЗАҚТЫ АЗДЫРУ ҮШІН ТАРИХТЫ ӨЗГЕРТКЕН.
@user-lh1zc2mq9t
@user-lh1zc2mq9t 4 ай бұрын
Дұрыс аитасың
@tranberisabilkaziev
@tranberisabilkaziev 3 ай бұрын
КЫЗЖІБЕК ЖЫРЫНЫҢ ЖИЫРМАДАН АСТАМ ВАРИЯНТЫ БОЛҒАН ДЕСЕДІ ҮЛКЕНДЕР. СОНЫҢ БІРІ ЖЫРШЫ ЖҮСІПБЕК ҚОЖАНЫҢ ВАРИЯНТЫ БОЛҒАН ФИЛЬМГЕ СОЛ ВАРИЯНТПЕН ТҮСІРІЛГЕН.
@user-ey3cj6sl1q
@user-ey3cj6sl1q 3 ай бұрын
төлеген жібек хикаясы осылай өрбісе тіпті керемет тіпті тартымды болар еді бұл әбден мүмкін орыс ұкметі қазақты қорлау үшін не сұмдыққа бармады деисің қазақ тарихын бұрмалау ғои болмаса қазақ текті халық бекежан сол шекті руы жағынан ғои өз қарындасы ретінде қараған болуы мүмкін
@user-vk1lt6mf8c
@user-vk1lt6mf8c 4 ай бұрын
Бекежан еш уақытта өз қарындасы қыз Жібекке ұруы Шекті болса ғашық болуы мүмкін емес, өйткені ол заманда қазақта жеті атасы өз шежіресіне қарап, қазақ салт дәстүріне қарап үйленуі керек, егер қазақ салт дәстүрін бұзып өз қарындасына үйленсе, оның жазасы өлім. Ал түсірілген қыз Жібек филімі ғашықтық образын орындаған мен еш қандай қазақ салт дәстүріне, қазақ тарихына жанаспайды.
@user-lh1zc2mq9t
@user-lh1zc2mq9t 4 ай бұрын
Дұрыс аитасың
@user-dk9vi9yo8p
@user-dk9vi9yo8p 4 ай бұрын
Дуппа дурыс,казах калхында да каракалпак калхында бундай дастур жок.еле де болмайды.
@kushtijuzkushtijuz6954
@kushtijuzkushtijuz6954 3 ай бұрын
Бекежан ТӨРТҚАРА БОЛҒАН
@user-vk1lt6mf8c
@user-vk1lt6mf8c 3 ай бұрын
Төрт қара, төрт қарадан жеті атасы рұқсат еткен төртқарадан қыз алысқаны мен, жеті атасы жақын төртқарадан қарындасын алмайтын шығар, әңгіме Бекежанның қазақи салт дәстүрі тәрбиесінде болып жатыр, руында емес.
@toregaliyqurbanaliev-fw8iw
@toregaliyqurbanaliev-fw8iw 3 ай бұрын
😅😅брат каи тарихты окыдын ​@@kushtijuzkushtijuz6954
@user-ud7no4qr4n
@user-ud7no4qr4n 4 ай бұрын
Мүмкін иә , Кескен терек ті қорғау мақсатын да Төлеген ді өлтірген Бекежан қылған шығар ! Енді бәрін қайта түзетіп жаңа зеріттеулер жүргізіп , жаңа сценари жазуға болмас па ? Енді ру руға бөлінбейік , біз Қазақ сол рулардан құралған бір халықпыз ! Тіпті киноның соңында да бірлікті насихаттаған жөн ақ ! Біз үшін Бекежан да , Сансызбай да , Төлеген мен Қыз жібек те ,Кескен терек те қымбат жагдар ! Олар тарихи тұлғалар , мейлі уақиғаны бұрмаламай қалай болды солай жазу керек деп түсінемін . Құдайдың алдында тұрғанымызды ұмытпайық ! Тағдырды болған уақиғаны бұрмалап көрсеткеніміз үшін де ертең Тәңірдің алдында мойнымыз кесіліп жүрмесін ! Кескен терек Төлегенді өлтірген болса , қалай болды солай жазылуы шарт . Ол тарих . Жағымсыз кейіпкер де біздің Батырымыз ! Оныңда жақсы жағын Ерлігін неге баяндамасқа ! Қалай болды солай жасау керек .
@user-wo6cm4vq2r
@user-wo6cm4vq2r 3 ай бұрын
Кезінде батырлар жыры деген кітап болатын Алпамыс Кобыланды Кыз жібек Ер Тарғын епостарын оқып остік сол кітаптарды неге шыгармаиды
@Almas-zu1ci
@Almas-zu1ci 3 ай бұрын
Осыдан 30 жыл бұрын аздап естіген едім осы туралы
@alataualatau357
@alataualatau357 3 ай бұрын
1984жылыҚазақ әдебиеті газетінде жарияланған осы деректер. Елге танымал болған бір байдың ұлы әкесіне ас бергенде Сегіз Сері ақын жырлаған екен. Байдың ұлы ақынды астан соң арнайы күтіп өз үйінде, ақынның өз аузынан жазып алған екен. Сол қолжазба Алматыда мұрағатта сақтаулы тұр делінген сол газетте. Тарихтың көмескіленген беттерін ашу керек, шындықты жарыққа шығару керек!
@user-te3yn3hf3z
@user-te3yn3hf3z 3 ай бұрын
Енді бұл тарихты таз ғалымдар телевизордан ашық жария жасап мектеп оқулығына ендірмейма. Сонша ел қорғаған батырды қорлауғой біздікі
@user-rd7cv3dx3p
@user-rd7cv3dx3p 4 ай бұрын
Дұрыс менде бір жерде естігенмін Төлегенді Кескентерек деген жауыз өлтіріп жаласы Бекежанда қалған Бұл енді қиянат Қыз Жібектің анасының аты Мəн деген кісі екен Ал енді киноны не істеу керек Шындық қайда
@user-zt9gn7oc6u
@user-zt9gn7oc6u 3 ай бұрын
Осы сөзді марқұм менің атам айтып берген. Төлегенді Бекежан өлтірген жоқ, ол жалғыз басты жігіт болған, осын оған жала жабылған деп. Атамыздың руы Жақайым, ал бұл кісінің арғы шешесі Қыз Жібектің әкесінің қарындасы болған екен.
@galymzhankaukanov6013
@galymzhankaukanov6013 3 ай бұрын
Бекежан батыр арғын руынан делінеді. Қыз жібек дастанында.
@user-nz3di9co1s
@user-nz3di9co1s 3 ай бұрын
Бекежан Шекти киши жуз Алимулунан тарайды Кыз жибекте сондай Шекти
@galymzhankaukanov6013
@galymzhankaukanov6013 3 ай бұрын
@@user-nz3di9co1s Нақты дерек солай болса,өзіміздің кіші жүз екен ғой.Мен дастанда солай оқығам, сол ғой жазғаным.
@user-nz3di9co1s
@user-nz3di9co1s 3 ай бұрын
@@galymzhankaukanov6013 мен озим шектиминго кыз жибектер маган нагашы болып келеди
@user-fi4bn4fn3f
@user-fi4bn4fn3f 4 ай бұрын
Неге Бекежанын атын каралайды режисер😮
@toregaliyqurbanaliev-fw8iw
@toregaliyqurbanaliev-fw8iw 3 ай бұрын
Бекежан Алым шекты руынан, ол толегенды олтырмеген, бекежан мен кыз жыбек агаинды, керсынше, толеген жау тарептен келгенсон коргап журген ал толегенды олтырген кожа руынын адамы, сенари кате жазган, бекежан нын уш улыда елге белгылы батырлар
@user-mp5nn9kh6w
@user-mp5nn9kh6w 4 ай бұрын
👍👍👍👍👍👍
@user-ln9lp2wz2s
@user-ln9lp2wz2s 3 ай бұрын
Толық мазмұнын жазу керек қой. Қыз жібекті. ТАРИХТА оқу керек
@nabyasissekeshova6718
@nabyasissekeshova6718 3 ай бұрын
Өте жақсы дерек тек оқу сапасы мүлдем нашар бұл деректі менде білемін енем айтып отырушы еді
@user-jw2sf2yh5f
@user-jw2sf2yh5f 4 ай бұрын
Төлегенді қарақшы өлтірген, ия есімі Кескентерек болуы мүмкін қарақшының.
@user-tc3dd5dx1b
@user-tc3dd5dx1b 2 ай бұрын
Кескен терек ол жоңғардың тыңшысы болуы мүмкін.
@kushtijuzkushtijuz6954
@kushtijuzkushtijuz6954 3 ай бұрын
ҚЫЗ ЖІБЕК КИНОНЫ ҚАЙТА ТҮСІРУ КЕРЕК
@ahjusanappah6817
@ahjusanappah6817 4 ай бұрын
Мәссаған! ! ! Қазіргі өмірде тура солай қайталанып жатыр. Әркім өз пайдасы үшін білгенін істеп, аузына не келсе соны айтып . Ғажайып! ! ?
@user-xt9it4yd6r
@user-xt9it4yd6r 23 сағат бұрын
Қайтып түсірсе Қыз Жібекті өнерге қиянат болады ғой өйткені Қожықовтай режиссер Құмандай Төлеген Меруерттей Жібекті қайталай алмайды Олардың шеберлігі керемет
@user-tw1pd2kl2m
@user-tw1pd2kl2m 3 ай бұрын
Кезінде осы дастанның 8 варианты бар деп оқығанмын. Расында Бекежан батыр болған болған, ол жайында естіген едім, 8 варианттың қайсысы ақиқат екен деп ойлап жүр едім
@user-yv5lr7ln7y
@user-yv5lr7ln7y 4 ай бұрын
Тарихтың. Беті. Ашылды. Фильмді. Қайтадан. Жасап. Шығару. Керек. Бекежанның. Аруағын. Қаншама. Адамға. Жексұрын қылып. Көрсетті. Бұл. Деген. Қиянат. Болды. Бәрін. Қайтадан. Бастау. Керек. Бұрынғы. Фильмді. Архивтен. Алып. Тастау. Керек
@gulute9904
@gulute9904 3 ай бұрын
Кинода Бекежанның бір сөзі бар, Төлеген ге айтатын Шектінің қызы басыңды айналдырған екен деген. Жібек Шектінің қызы , егер Бекежан Жібектің руласы болса онда руы Шекті болуы әбден мумкін. Тарих дұрыс жеткізмейді ғой. Біз Совет укіметі кезінде тусірілгесін кино есімізде қалды.Ол кезде қазақ фильмдер тусіру оңай емес, осылай жеткізгені не рахмет айтамыз
@user-kd3dv8gt1r
@user-kd3dv8gt1r 3 ай бұрын
Қайтадан түсіру керек бұл киноны
@user-jr3el6mp5s
@user-jr3el6mp5s 3 ай бұрын
Мен шекти тлеу кабакпын толеген тама бекежан табын
@user-eq1xb5vn4m
@user-eq1xb5vn4m 4 ай бұрын
Сол кескен терегiн Каи рудан екен кiмнiн баласы екен
@user-dk9vi9yo8p
@user-dk9vi9yo8p 4 ай бұрын
Соны айтаман да.
@user-oz1es3tx5g
@user-oz1es3tx5g 4 ай бұрын
Қожа
@alataualatau357
@alataualatau357 3 ай бұрын
1984немесе1986жылғы қазақ әдебиеті газетінде қожа деп жазылған
@user-pz4no2wo6c
@user-pz4no2wo6c 4 ай бұрын
Е қазағымай,кімге сенуге қалдыққой,бір алла білер анығың
@user-nb8ro8gs2q
@user-nb8ro8gs2q 3 ай бұрын
Бекежан Қызжібектің ағасы болған.Кинода көп бұрмалау болған.
@user-ej7hs9on8b
@user-ej7hs9on8b 3 ай бұрын
Ия бул рас тарихта бар Муны озгерткен режисердин идеясы деп окыгам Онын себеби бул махаббат жайында тусирилген фильм гой
@user-bv4jj2tw2b
@user-bv4jj2tw2b 3 ай бұрын
Ол заманды кояиык😅 КАЗИР не боп жатыр
@user-rg5om8bg4j
@user-rg5om8bg4j 3 ай бұрын
Тарихта өтірікте кездеседі екен, қазақтың қиалилығы ашылған ғой.Әй ақымақ қазақтар ай.
@user-sp9cq7xh4c
@user-sp9cq7xh4c 3 ай бұрын
Шекті бірнеше тайпа руға юөлінеді мен білетіндерім құрманай құттық асан үсен жинней жолшара т.т қыз алысады осы кезде бірақ сол заманда қыз алыспайтын шығар
@ALIHAN-cl5ll
@ALIHAN-cl5ll 3 ай бұрын
А. Әшімов атамыз бұған қандай пікір айтар екен? Бұйырықты орындадым дермекен?
@user-mf1pb7dv7f
@user-mf1pb7dv7f 3 ай бұрын
Қайта тусірсе енді қызығы жоқ
@user-hp6hb7wc3v
@user-hp6hb7wc3v 3 ай бұрын
Кинода әбтен солай түсінікпен көрдік ғоой😂.
@kz1726
@kz1726 3 ай бұрын
Қыз Жібек тарихи деректі фильм емес, жай ғана көркем фильм ғой. Мұндағы кейіпкерлердің тарихта болған батырларға ешқандай қатысы жоқ.
@user-em6td6jw2m
@user-em6td6jw2m 4 ай бұрын
Иа Кеңес үкіметінің саясаты әрі идеологиясына қайшы келмес үшін шын тарихты өзгертуге тура келген. Оның үстіне кино шығарушылар сценарий жазғанда 'драма' болу үшін кей жерлерді ойдан қосады немесе бұрмалайды.
@user-zq8mj5fb8y
@user-zq8mj5fb8y 4 ай бұрын
Кинода Бекежанның руы тама ма табынбасияқты еді
@user-rc7ye8su9x
@user-rc7ye8su9x 3 ай бұрын
Қайтадан түсіру керек
@user-ip2gn3td7x
@user-ip2gn3td7x 4 ай бұрын
Осы сөзди мен естигенмин әжемнен,мина кино өтирик деп айтатын бірдей,Кызжибек 90жасында кәртеип кайтис болған
@nurahmetj2123
@nurahmetj2123 3 ай бұрын
Қазақта Бекежан деген бірақ адам ба, жақсылап тыңдасаңыздаршы қиссаны, " Атаңа нәлет Бекежан, Арғыннан шыққан қу екен , әккі болған сұм екен деген жолы бар, демек Шектіден шыққан Бекежан туралы емес ғои әңгіме, ол кезде де Бекежан деген аттар біраз болған шығар, бұл күндегі Нұрсұлтан,Нұрлан,Мейрам дегендер де аз емес ғои
@user-vb7so4xs7t
@user-vb7so4xs7t 3 ай бұрын
Осы кыздын окып отрганы дурыс анамыз аитып отратын еди толеген олгеннен кеин толегеннин иниси сансызбаига шыгады содан картаиып олген деп
@user-eh2mg3xx1u
@user-eh2mg3xx1u 3 ай бұрын
Дұрыс оқысаңызшы
@user-qn7qj3kf7z
@user-qn7qj3kf7z 3 ай бұрын
Қайтып түсіру керек
@zhzhk8665
@zhzhk8665 4 ай бұрын
Бар шаруа бітіп енді Төлегенмен Бекежан қалды ма? Ел жағдайын ойлайтын қазақ қалды ма жоқ па?
@Siko.784
@Siko.784 3 ай бұрын
Бекежан фильмынын сонында конил куйди тусирдингой артан атканын жаман болды
@user-us7by2pn7s
@user-us7by2pn7s 3 ай бұрын
Тарихшылар куп кеткенба о замандарда
@wertyugjs5590
@wertyugjs5590 3 ай бұрын
әдебиет тарихты бұрмалап жіберген
@user-lx5jd9oo5d
@user-lx5jd9oo5d 3 ай бұрын
Бекежан шекті емес арғын деп еститін едік
@user-lz1xj4pq7l
@user-lz1xj4pq7l 3 ай бұрын
Аргындар кайдан жур кiшi жуз арасында кошып конып
@user-np2le8uh4x
@user-np2le8uh4x 3 ай бұрын
Кіші хүз Ордабасыдағы шайқасқа қатыспаған .
@user-qi4rd2dt6s
@user-qi4rd2dt6s 3 ай бұрын
Бережно олтрген мен сол ктапты окыгамын
@user-ts5dg7me7j
@user-ts5dg7me7j 3 ай бұрын
Кескентерек НАН-нын адамы десей.
@JanuzakBegaydar
@JanuzakBegaydar 3 ай бұрын
Ң,әріпін,айту,қиын,ба,
@azamatuni2394
@azamatuni2394 4 ай бұрын
Filim ksro nıń rwhany qajetine qaray jasaldı ǵoy. Biraq qazaq salt dástúrine salǵan zalalı ólcewsiz. Filimdi tek ǵaxıq ǵasireti retinde túsingen jón...
@user-qm7hp1il8z
@user-qm7hp1il8z 4 ай бұрын
Димаш Кудайберген аталарыгой алимдер.
@user-cb9cs4np2s
@user-cb9cs4np2s 3 ай бұрын
Окуган кыз тантырактады го!
@user-xd1ht5ur8m
@user-xd1ht5ur8m 3 ай бұрын
Совет үкіметінің тапсырмасы гоц
@user-ki5du6fi1t
@user-ki5du6fi1t 3 ай бұрын
КЕСКЕНТЕРЕКТІҢ РУЫ КІМ БОЛДЫ СОНДА???
@user-vg7yw7kx5e
@user-vg7yw7kx5e 3 ай бұрын
Кескентерек жүзге кірмейді төлеңгіт деген жокпа .төлеңгіт тер кім екенін білгің келсе гугл дан қарап ал
@user-bv4jj2tw2b
@user-bv4jj2tw2b 3 ай бұрын
Издеп барасынба😅,
@user-tc3dd5dx1b
@user-tc3dd5dx1b 2 ай бұрын
​@@user-vg7yw7kx5eқалмақтар
@user-wi1pd1ht8d
@user-wi1pd1ht8d 4 ай бұрын
Шекти шектини ала береди. Ал Ким кимди олтирди, Бир кудай биледи, совет окиметине жала жаба бермеу керек.
@user-lw4yn7vw9e
@user-lw4yn7vw9e 3 ай бұрын
Оттамаатеис сатқын
@user-ii7jw3bb7u
@user-ii7jw3bb7u 3 ай бұрын
Совет өкіметінің шешесін пәлен қылайын!
@user-fn8xr1cm8q
@user-fn8xr1cm8q 3 ай бұрын
Ң,ңңңң.
@user-ps5zj2no1f
@user-ps5zj2no1f 3 ай бұрын
Бекежан Толегенди олтирмеген Толеген ози каранавирустан олген де
@user-ts5dg7me7j
@user-ts5dg7me7j 3 ай бұрын
Халыкты алдап коранавирус Жана шыккан дерт деп. Сонда коранавирус ерте заманда болган болды гой. Мине шындык кайда жатыр.
@user-bv4jj2tw2b
@user-bv4jj2tw2b 3 ай бұрын
😂😂😂
Банды Амангали жане улы Нагым
25:19
Ерболат Агатай
Рет қаралды 34 М.
Do you have a friend like this? 🤣#shorts
00:12
dednahype
Рет қаралды 23 МЛН
Шыңғысханның қабірі ашылды..
5:38
KYZYK EKEN
Рет қаралды 308 М.
Түн жамылып қашқан қыз. #аудиокітап
23:27
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 24 М.
Тарихтағы тұлғалар Жаркент өңірінің батырлары
13:31
Жетісу телеарнасы
Рет қаралды 26 М.
Ғарифолла Есім. Таңсұлу
37:20
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 612 М.