35. Абайдың отыз бесінші қарасөзі

  Рет қаралды 352

MAULEN QAZAQ

MAULEN QAZAQ

4 жыл бұрын

ОТЫЗ БЕСІНШІ СӨЗ
#абай175 #Abai175 #абайдыңқарасөздері
Махшарға58 барғанда құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт - соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат59 үшін, сый құрмет алмақ үшін қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт60 болғандарды бір бөлек қояр дейді. Ақиретке бола, бір ғана құдай тағаланың разылығын таппақ үшін болғандарды бір бөлек қояр дейді.
Дүние үшін болғандарға айтар дейді: „Сендер дүниеде қажеке, молдеке, сопеке, мырзеке, батыреке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер, ол дүниең мұнда жоқ. Сендердің ол қызықты дүниең харап болған, сонымен қылған өнерлерің де бітті. Енді мұнда құрмет алмақ түгіл, сұрау беріңдер! Мал бердім, өмір бердім, не үшін сол малдарыңды, өмірлеріңді, бетіңе ақиретті ұстап, дін ниетің дүниеде тұрып, жұртты алдамақ үшін сарып қылдыңдар?" деп.
Ана шын ниетіменен орнын тауып, бір құдайдың разылығы үшін өнер қылғандарға айтар дейді: „Сендер бір ғана менің разылығымды іздеп малдарыңды, өмірлеріңді сарп қылып едіңдер, мен разы болдым. Сіздерге лайықты құрметті орным бар, дайын, кіріңдер! Һәм ол разылықтарыңнан басқа осы махшар ішінде, сендердің осы қылғаныңа өзі қылмаса да, іші еріп, ынтық болған достарың табылса, шафағат61 қылыңдар!"- деп айтар дейді.

Пікірлер
Абайдың қара сөздері. 15-ші қара сөз. Абай Қүнанбаев
3:02
Толеугайша Койбасарова
Рет қаралды 129
I Need Your Help..
00:33
Stokes Twins
Рет қаралды 146 МЛН
Omega Boy Past 3 #funny #viral #comedy
00:22
CRAZY GREAPA
Рет қаралды 34 МЛН
1 класс vs 11 класс (неаккуратность)
01:00
БЕРТ
Рет қаралды 4,9 МЛН
Шүкір нығметтің артуына себеп
1:45
MAULEN QAZAQ
Рет қаралды 220
Қазақ  хандары
3:11
Тарих, қоғамтану видео сабақтар
Рет қаралды 4,4 М.
Делай всё что хочешь, но только с одним условием
14:47
Садхгуру — официальный канал на русском
Рет қаралды 989 М.
Лев Толстой Письмо царю Николаю II
18:32
Волшебные пули
Рет қаралды 34 М.
Иша крийя - направленная медитация с Садхгуру
19:13
Садхгуру — официальный канал на русском
Рет қаралды 3 МЛН
I Need Your Help..
00:33
Stokes Twins
Рет қаралды 146 МЛН