39. Абайдың отыз тоғызыншы қарасөзі

  Рет қаралды 551

MAULEN QAZAQ

MAULEN QAZAQ

4 жыл бұрын

ОТЫЗ ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ
#абай175 #Abai175 #абайдыңқарасөздері
Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуір ісін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік. Сол екі мінез жоқ болған соң, әлгі үйренген өнеріміздің бәрі де адамшылыққа ұқсамайды, шайтандыққа тартып барады. Жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың бір үлкен себебі сол көрінеді.
Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі - ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көш-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен. Ол ел басы мен топ басылары қалай қалса, қалай бітірсе, халықта оны сынамақ, бірден бірге жүргізбек болмайды екен. „Қой асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса, сақа қой", „Бас-басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің" деп мақал айтып, тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?
Екінші мінезі - намысқорлық екен. Ат аталып аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен, „Өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады" деп, „Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер" деп, „Ағайынның азары болса да, безері болмайды", „Алтау ала болса, ауыздығы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" десіп, „Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге жолығар" десіп. Кәнеки, енді осы екі мінез қайда бар? Бұлар да арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді. Бұлардан айырылдық. Ендігілердің достығы - пейіл емес, алдау, дұшпандығы - кейіс емес, не күндестік, не тыныш отыра алмағандық.

Пікірлер
Шәкәрім Құдайбердіұлы"Ақыл құсы адаспай аспандаса"
2:13
Аймаганбетова Илмира
Рет қаралды 900
Bro be careful where you drop the ball  #learnfromkhaby  #comedy
00:19
Khaby. Lame
Рет қаралды 16 МЛН
Последний Закат Кота Макса...
00:21
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 3,8 МЛН
Kitten has a slime in her diaper?! 🙀 #cat #kitten #cute
00:28
В ДЕНЬ НИКОЛАЯ НЕ ВЗДУМАЙ ПРОПУСТИТЬ-ПОТОМ БУДЕШЬ ЖАЛЕТЬ! МОЛИТВА НИКОЛАЮ ЧУДОТВОРЦУ
МОЛИТВЕННЫЙ ЩИТ О ЗДРАВИИ И УПОКОЕНИИ.СИЛА МОЛИТВЫ
Рет қаралды 102
Мәнді сөздер, Шәкәрім Құдайбердіұлы
8:55
Абайдың қара сөздері. 16-шы қара сөз. Аудиокітап
1:00
Толеугайша Койбасарова
Рет қаралды 92
Абай атамыздың нақыл сөздері.
1:14
Бибигуль Мухамедкалиева
Рет қаралды 103
Tiri Kitap(KitapBooking) жобасы
0:40
MAULEN QAZAQ
Рет қаралды 415
Bro be careful where you drop the ball  #learnfromkhaby  #comedy
00:19
Khaby. Lame
Рет қаралды 16 МЛН