Рет қаралды 909
Авторы Сайын Мұратбеков. Жабайы алма кітабының “Күз бен қыс” бөлімінде оқиға соғыстан қайтып келген Ырысбектің төңірегінде өрбиді. Соғыста неше түрлі жауыздықты, қараң өшкір қу пәшисті көріп, солардың қолдарынан жараланып, өкпесін оқ тесіп, қайтып келген Ырысбек ауылда бүкіл балаларды жинап, есі ауысқан адамша оларға біресе мейірбан болып еркелетіп, біресе жауыздықпен көк шыбықпен ұрып, теуіп жазалауды шағарады. Өзін Басқолбасшы деп тағайындап, Нұғыман басшының айтқанына көнбей, ауылдағы, қырмандағы жұмысқа араласпай қоюының себебі неде? Бір қызығы, осыдан бірнеше ай бұрын Ырысбек қаза болды деген қаралы қағаз келіп, әйелі Дүрия, Көлбай кереңді өз бәйбішесінен ажыратып, солардың үйіне кіріп алған болатын. Енді Ырысбек келгенде Дүрияның жағдайы не болмақ? Ал Көлбай керең Дүрияны өз әйелі санап, бәйбішесі Апышты үйінен қуып жібергені қалай болды? Ырысбектің досы Темірбектің әйелі жесір қалған Зибаш Ырысбекпен қалай араласып кетті? Осының барлығын аудиокітаптан тыңдай аласыздар.
Құрметті кітапсүйер қауым! Көлікпен ұзақ жолға шыққанда немесе жұмыс жасап жүріп, үйде, әрдайым ыңғайлы уақытта аудиокітапты тыңдай аласыздар. Қазақ жазушыларына деген құрмет пен олардың кітаптарына деген махаббатарыңыздың ашылуына тілекшімін. Менің дыбыстап оқыған аудиожазбама лайк басып, пікір қалдырып, Миллион кітап каналыма жазыла кетіңіздер💕🙏
#қазақшааудиокітап #кітап #Жабайыалма
#сайынмұратбеков #миллионкітап #миллион #аудиокнига #тоқтарменназира #ырысбек #күзбенқыс #күз #соғысжылдары #соғыскезіндегікітап #ербол #махаббат #махаббатқызықмолжылдар