4 айлық бала күтімі. Баланың дұрыс дамуыОйындар

  Рет қаралды 4,770

payda_kz

payda_kz

Жыл бұрын

4 айлық баланың енді сүйікті ашық түсті ойыншығы бар. Сәлем бақуатты көрермен, сіздермен payda_kz арнасы. Өткен видеода уәде бергендей бүгін 4 айлық баланың күтімі мен дамуын қолдауға ойындар айтатын боламыз, видео басталмас бұрын каналға тіркеліп, қоңыраушаны баса кетіңіз.
4 айлық балаға қажет 10 түрлі кеңесімізді бастаймыз:
1ші. Балаңыздың ойлау қабілетін жақсарту үшін онымен "Ойыншық қайда?" Ойынын ойнаңыз.
Балаңызға жарқын өзі жақсы көретін ойыншықты көрсетіңіз, мысалы, ішінде шырылдағыш дөңгелегі бар жартылай жұмсақ машина, содан кейін оны қағаздың немесе жаялықтың астына жасырыңыз, бірақ нәрестенің көз алдында. Ойыншық қайда деп сұраңыз? Содан кейін оны нәрестеге келесі сөздермен көрсетіңіз: міне ойыншық!
Ойнау барысында күшті эмоциялар мен жесттер қосыңыз, балаңызға эмоционалды қолдау беріңіз, бұл баланың үлкендермен қарым қатынасын жақсартады.
2-ші ойын. Күрделі фигуралар ойыны
Нәрестенің алдында жарқын ойыншықтармен күрделірек бейнені ауада салыңыз: шеңбер, шаршы, ромб. Бұл ойын көздің бұлшық еттерін нығайтуға және айқын көруді қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар балаңызға осындай фигуралардан жұмсақ ойыншық қолына беріңіз, бұл оның тактильді сезінуін дамытады.
3-ші Қолдар мен аяқтардың шырылдауы
Балаңызға қолдары мен аяқтарына кезек-кезек қоңыраулары бар жарқын білезіктерді кигііңіз. 4 айда бала қолдарымен және аяқтарымен ойнағанды ​​ұнатады.
4-ші. Сәбидің қолдары мен аяқтарына ауада ұшып тұратын шардың лентасын кезек кезек байлап беріп ойнатуға болады, бақылап қарасаңыз, балаңыз байланған шары бар қолына қарай аунауға тырысады, тіптен аунап та бастайды. Бұл ойын балаңыздың есту, көру қабылетін жақсартып қана қоймай, сонымен қатар тезрнк аунауға үйреніп кетуіне пайдалы.
5-ші. Дәл осы 4айда балаңыздың тісі шығуға дайындалады, жаңа шығып келе жатқан тіс орны қышып балаңыз мазасызданады, осы процессті жеңілдету үшін балаңызға әртүрлі ашық түсті прорезывательдер алып беріңіз. Оның жұмсақ болуы, және үшкір емес болуы қадағалаңыз, қауіпсіз болғаны дұрыс.
6-шы балаңыз өзін тануы үшін оны ішімен жатқызған халде, немесе өзіңіз көтеріп тұрған түрде қауіпсіз айнаға қаратыңыз,
Балаңыз ақырындап айнадан өзін көріп, эмоция бере бастайды.
7-ші. Балаңызбен қарым қатынасты күшейтетін
Бер-Мә ойыны
Бер-Мә ойнауды бастайтын кез келді. Ол үшін балаңыздың кішкентай қолдарына ұстауға ыңғайлы ойыншықтарды пайдаланыңыз. Кейінірек нәресте сіздің өтінішіңіз бойынша ойыншықтарды береді. Бұл ойын баланың қол бұлшықеттерін жаттықтырып қана қоймай, миының дамуына үлкен әсер етеді.
8-ші балаңыздың көруін жақсартуға үлкен үлкен суреттері бар кітапшалар,
Отбасылық суреттер пайдаланыңыз. Суретті көрсетіп, онымен таныстырыңыз. Кешкілік суреттерден ертегі құрастырып айтып беруді әдетке айналдырсаңыз тіптен керемет. Бұл болашақта балаңыздың оқу-білімге деген ынтасын ашады.
9-шы. Анаммен жасырынбақ
«Ку-кук» ойнаңыз! Кішкентай балалар оны жақсы көреді! Енді сіз памперстің артына жасыра аласыз немесе алақандарыңызбен бетіңізді жабуға болады. Балаңыздың эмоциямен, күлкімен жауап бергенін міндетті түрде көресіз.
10-шы сергіту жаттығулары, ауа ванналарын күнделікті 10-15 минут ұйымдастырып тұрыңыз, сергіту жаттығуларын таңғы уақытта ұйқыдан тұрған соң, жәймен жасап бастаңыз, балаңыз кішігірім массаж алғандай әсер алатын болады.
Ал ауа ваннасы баланы бір уақыт подгузниктен демалып, сыртқы ортамен байланысын арттыратынын аллыңғы бала күтімі видеосында айтқанымды өздеріңіз де жақсы білесіздер.
Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз, ән айтыңыз, көтеріңіз, көп эмоция беріңіз, оған қарап күлімдеңіз, құшақтаңыз. Және сіздің онымен қарым-қатынасыңыз баланың өсуі мен дамуында ең үлкен құрал екенін ұмытпаңыз.
Сіздермен бірге болған payda_kz арнасы. Ақпаратым пайдалы болса, видеоға лайк басып, комментарии қалдыра кетіңіз. Назарларыңызға рахмеет!
4 айлық бала күтіміТөрт айлық баланың дамуыТорт айлық бала қандайТөрт айлық бала қандай болады4 айлык бала дамуы4 айлык балага косымша тамак4 айлык балага кошумча тамакБаланың дұрыс тамақтануыБаланың дұрыс дамуыБала тарбиесіӘңгімелерОйындарОйыншықтарЕртегіМассаждетские песни4 айлык баланын режимі
#4айлықбала #4айлыкбала
#анаменбала
#баланыңдұрысдамуы #дети

Пікірлер: 9
@user-bg7gj4pd8j
@user-bg7gj4pd8j 3 ай бұрын
@maksattilegen6938
@maksattilegen6938 Жыл бұрын
Керемет👏🏻
@user-yf8hq1jc1n
@user-yf8hq1jc1n Жыл бұрын
Рахмет коп коп
@vlogvi606
@vlogvi606 Жыл бұрын
Пайдалы ақпарат үшін рахмет 🎉
@qazaudiokitap
@qazaudiokitap Жыл бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻
@user-tg5he1qz6u
@user-tg5he1qz6u Жыл бұрын
🙂
@kalzhankapaeva7373
@kalzhankapaeva7373 5 ай бұрын
🫶🫶🫶🫶
@user-cl8bp4df9s
@user-cl8bp4df9s 3 ай бұрын
Айнаға қарасы тілі кеш шығады диді ғой?
@payda_kz
@payda_kz 3 ай бұрын
Сәлеметсізбе, ол жәй ырым сөз.
Now THIS is entertainment! 🤣
00:59
America's Got Talent
Рет қаралды 39 МЛН
Каха и суп
00:39
К-Media
Рет қаралды 6 МЛН
Does size matter? BEACH EDITION
00:32
Mini Katana
Рет қаралды 20 МЛН
Happy 4th of July 😂
00:12
Alyssa's Ways
Рет қаралды 67 МЛН
Бес айлық баланың дамуы.
3:42
payda_kz
Рет қаралды 456
4 айлық баланың дамуы
3:41
Доктор Нурулла Айзада
Рет қаралды 16 М.
Now THIS is entertainment! 🤣
00:59
America's Got Talent
Рет қаралды 39 МЛН