500 Мың Қытай Басып Кірді

  Рет қаралды 235,374

BILGEN DURYS

BILGEN DURYS

4 жыл бұрын

Бәріңізге Ассалаумағалейкум
Еркегі ат жалында ұйықтап, қатыны түйенің қомында босанған көшпенді мемлекеттің қытай династиясын талқандап, Ұлы қытай қорғанын салдырғанына сенесіз бе? Бір кездері бүкіл еуропаны бұтына тыштырып, корольдарына табанын жалатқан, Қазақ даласында Түрік қағанатын құруға алғышарт жасаған ұлы көшпенді мемлекет жайлы сізге Білген дұрыс!
Біздің заманымыздан бұрынғы 200-жылдың соңғы айлары. Мөде хан сонау құмырсқадай быжынаған шырақтарға қарап ой үстінде отырған еді. Ерінбей санап та шықты. Әр шырақтың басында төрт-бес адамнан отырғанның өзінде, әскердің санын 400 мың деп жорамалдады. Бұл санап отырғанының бәрі қытай әскері еді. Осылай сарапқа салып отырған кезде, жанындағы кеңесшісі ойын бөліп жіберді:
-Уа, тақсыр ием. Оларға сонша тесіле қарағаныңыз қалай? Ертеңгі соғыс ауыр болады деп уайымдап отырсыз ба? деді.
Сонда Мөде хан кеңесшісіне күлімсіреп қарап:
- Ол жағын уайымдасам да бір сәрі еді ғой. Осынау сорлы қытайдың барлығын қай жерге көмеміз деп қорқып отырмын. деген екен. Осы соғыста ғұндардың саны қытайлықтардан 2 жарым есе аз болды. Мөде хан үлкен стратегиялық тәсілдерді пайдаланып шегіне жүріп соғысты. Соғыстың қызығына түскен ақымақ император, ғұндардың төрт жақтан қаумалаған қоршауына түсіп қалды. Мұрнын аспанға шүйіріп келген шүршіттер қынадай қырылды. Масқара жеңіліске душар болған қытай боғдыханы бітім сұрап, тәубесіне келген болатын. Осы жорықтан кейін қытайлар ғұн шекарасына 50 жыл бойы аяғын аттап баспады. Ғұн әскерлері қазіргі қаласы Пекин жеріне дейін тырқырата қуып, Ұлы Қытай Қорғанын тұрғызуға мәжбүр етті.
Ия, Мөде ханның кезінде Ғұн мемлекеті Шығыстағы теңдесі жоқ ұлы далалық империя деген атауға ие болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 209-жылы әкесі Тұманды өлтірген Мөде бар болғаны 18-19 жасында таққа отырды. Қытайларға алым-салық төлеп, әбден жүдеген халықтың жыртығын жамады. Шартарапқа шашылған дала тағыларын бір орталыққа бағындыра бастады. Ол жас болса да, үлкен реформалар жасай білді. Кешегі Шыңғысханның мыңбасы, жүзбасы дегендері, арғы бабасы ғұндардан алынған тәртіптік жүйенің бір бөлігі еді. Ғұн мемлекетін батыс және шығыс деп екі орталыққа бөлді. Оларды кіші хандар басқарсын деп бұйрық берді. Мемлекет жерін 24 әкімшілік аймаққа топтастырды. Оларды басқаруға түменбасыларын сайлады. Өстіп ғұн мемлекеті ішкі саяси жағдайын қалыптастырып алған соң, сыртқы жауларын шайнамай жұтуға кірісті. Бұл кезеңдерде Тұман ханның жасықтығын пайдаланып келген Дунхулар Ғұндарды көтіне де сүртпейтіндей дәрежеге жеткен еді. Мөденің жас болғанын пайдаланып тағы да қоқан-лоққы көрсетпекші болды. Ақырында біздің заманымыздан бұрынғы 204-жылы ызаға булыққан Мөде, Дунху мемлекетінің тас талқанын шығарды. Оқиғаның желісі мынандай аңыз-әңгімелермен баяндалады:
Ғұн ордасы мен Дунху елінің аралығында шөп те өспейтін, суы да жоқ пұшпақ жер жатқан болатын. Көп замандардан бері бұл жерде ешкім мекен етпеген, шекара дәл осы арадан өтетін еді. Әмірші Мөдеге Дунхудың патшасы осы жерлерді сұрап елші аттандырды:
- Біздің шекарамызда ешкімге қажетсіз жер жатыр. Ғұндар, бұл сендерге мүлдем керексіз. Бізге сол жерді беріңдер.
Мөде кеңесшілерін жиып, олардан не істеймін деп ақыл сұрады. Кейбіреулер оның сұрағына былай деп жауап қатты:
- Бұл бос жатқан жерді беруге де болады, бермеуге де болады. Одан бәрібір ешқандай пайда жоқ. Осы арада Мөденің төзімі сарқылды:
- Мен әміршінің екі талабын орындадым, себебі, ат та, әйел де өзімдікі болатын. Ал, жер жақсы болса да, жаман болса да халықтікі! Біз оны басқаларға қалайша сыйға тартпақпыз?
Ол жерді жалға беру керек дегендерді дарға асуға бұйырып, өзі қол бастап, жауға қарсы жорыққа аттанады. Осы уақыттарда ғұндар мен Дунху елі арасында тарихта қайталана бермейтін қан майдан басталды. Бұл соғыста Мөде жау әскерін тас-талқан етіп жеңіп, оларды көп шығынға ұшыратты. Осы соғыста Дунхулықтардың 150 мың әскері опат болған болатын.
Мөде хан б.з.б 203-201-жылы Саян Алтайы мен Енисей бойын жайлаған қырғыздарды да басып алды.
Ғұн империясында билік тізгінін 35 жыл уысында ұстаған Мөде қаған б. з. б 174 жылы қайтыс болғаннан кейін де, кезегімен билік басына келген оның ұрпақтары ол орнатқан ел басқару тәртібі мен заңдылықтарды қатаң сақтап, жарты әлемді жалпағынан басқан алып мемлекеттің үш ғасыр бойы өмір сүруін қамтамасыз ете алды.
Өкінішті. Әр мемлекеттің шарықтау шегі мен құлдырау кезеңі де қатар жүретінін тарих қаншама рет дәлелдей білді. Соның бірі Ғұндардың деградацияға ұшырау дәуірі еді. Б.З.Б 71-жылы қу түлкідей Қытай мемлекеті Үйсін тайпасын Ғұндарға қарсы айдап салды. Ғұн мемлекеті Үйсіндермен жаулыққа барғысы келмеді. Тіпті өз қыздарын Үйсін гуньмоларына ұзатып та берді. Алайда, Қытаймен қарым-қатынас орнатып үлгерген Үйсіндердің қателігін кешірмеді. Қаншама мың жылдар үзеңгілес болса да Үйсіндердің бұл сатқындығына, қанмен жауап қайтармақшы болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 70-жылы Ғұндар Үйсіндерге қарсы жаңа шабуыл бастады. Толығырақ Видеода...

Пікірлер: 505
@shyntaskz527
@shyntaskz527 4 жыл бұрын
Осы адамнын дауысы базар жок
@user-jf6si9bx1d
@user-jf6si9bx1d 4 жыл бұрын
Базар Жоқ Журналис қой Дауыс депазоны-"баритон дауыс"жұмыртқа ішіп қазы қарта жесе базар жоқ сөйлей береді......
@user-ll2jx1yc6i
@user-ll2jx1yc6i 4 жыл бұрын
Жігіттер жарайсыңдар!Осылай жалғастыра беріңдер!Қандай ұлы халық екенімізді әрбір қазақ білуі қажет!!
@user-ji2nr8ft2y
@user-ji2nr8ft2y 4 жыл бұрын
Жигиттер жарайсындар осылай жалгастыра бериндер
@user-im3co2zp9p
@user-im3co2zp9p 4 жыл бұрын
Ассаламалейкум. Мөде қаған қытайға жерді жалға берейік дегендерді дарға асқан екен қазір қазақстанның жерін жалға беріп жатқан министр депутат тағы басқа ешектарты дарға асу керек Мөде қаған сияқты.
@user-xl7rx6zo7i
@user-xl7rx6zo7i 4 жыл бұрын
Бәріде басшыға байланысты
@user-nm9tv2bq4y
@user-nm9tv2bq4y 4 жыл бұрын
@@user-xl7rx6zo7i Ее бауырым.Қазір қытайға жалға жер бермейміз, деген азаматтар сотталып, қытайлықтардың көтіне кіріп жүрген малдар орден , медаль алып жатыр.Анау педофиль болат назарбаевқа '' Қалық ҚАҺАРМАНЫ ,, орденін беріпті.Бұған күлесің бе , жылайсың ба? Халық қашан еңсесін көтереді екен, алам сияқты.
@user-sp6zz8os8m
@user-sp6zz8os8m 4 жыл бұрын
@@user-nm9tv2bq4y мәссаған керек болса, позор! Болат не істеді екен" Халық һақарманы болатындай😛Ұят-ай! Елдә тонап жеп жатқаны үшін бе екен?!🤔
@tophtop44
@tophtop44 4 жыл бұрын
Мөде қаған емес, шаньюй. Қаған деп түркі билеушісін атаған. Қазақ хандығына дейін Түрік қағанаты болдық, ал Түрік қағанатының билеушісі ҚАҒАН болды. Қайталап айтамын, Мөде қаған емес, шаньюй
@user-hf8ql4jb7o
@user-hf8ql4jb7o 3 жыл бұрын
Министра надо пасодит тюрьму они ворует разрушает Казахстане всех верхушки правительства еврейской моссонски правление посадить всех
@user-kf3sg1yh7u
@user-kf3sg1yh7u 4 жыл бұрын
Казак мыкты халык ала биздин жакта аумин
@user-qj6gl5jh8w
@user-qj6gl5jh8w 4 жыл бұрын
пиши имя Аллаха с большой буквы и правильно брат
@loveblackpinkblink1800
@loveblackpinkblink1800 4 жыл бұрын
АБАЙ ЖАМАНБАЙ Аллах ДЕП ЖАЗСАН ҚОЛЫН СЫНАДЫ МА ?!!! АЛЛАХ ЖАЗАЛАСЫН СЕНІ
@user-qc3xu1ym1y
@user-qc3xu1ym1y 4 жыл бұрын
Оқымаған қараңғы сауатсыз болсаң, жазып үйрен ешқашан кеш емес, сені кормесе де қалың ел, сауатсыз екенің айдай анық көрініп тұр.
@loveblackpinkblink1800
@loveblackpinkblink1800 4 жыл бұрын
@@user-qc3xu1ym1y соны айтам
@daniyar.sultanov.
@daniyar.sultanov. 4 жыл бұрын
@@loveblackpinkblink1800 Аллах емес Алла деп сөйле
@user-ic8mv2kh5x
@user-ic8mv2kh5x 4 жыл бұрын
Көк-Тәңірім Қазағыма жар болшы!
@TheKazakhstill
@TheKazakhstill Жыл бұрын
Қайдағы көк тәңірі Аллах Тұрғанда
@Dauren1970
@Dauren1970 4 жыл бұрын
Осындай тарихи деректерді шығара берініздер. Дами берейік
@user-mp9td9cu5g
@user-mp9td9cu5g 4 жыл бұрын
Жасасын Алаш Халкы! Мен Казахпын, мын олип мын тирилген!
@user-og9oz6zf4l
@user-og9oz6zf4l 4 жыл бұрын
Шіркін қайран бабаларымыз ай.
@Nurbolat91919
@Nurbolat91919 4 жыл бұрын
Айдос Оразалинге ризамын дауысына базар жоқ айтасын екен 👍👍👍👍
@user-bm5ky1ic6f
@user-bm5ky1ic6f 4 жыл бұрын
Кытаиды куып Пекинге тыккан ата бабама риза болдым.
@user-uq3wt8ju2g
@user-uq3wt8ju2g 4 жыл бұрын
Оларды Пекинге куганы керек пе алтын бергесин тимеген. Биздин казактарды алдап кеткен, казыр кытайлар бизди айамайды.
@user-kw3hz7wx2g
@user-kw3hz7wx2g 4 жыл бұрын
Айдеке, шексіз ризамын еңбегің ө!!!! Сенің өзің еңбегің бір үлкен бір ТАУ болдың, рахмет анаңа рахмет осындай ұлды өсірген!!!
@user-ok6yy7pz2x
@user-ok6yy7pz2x 3 жыл бұрын
@@user-uq3wt8ju2g уайымдама қазақ ешқашан құламаған елміз
@user-oi2gp7xr9u
@user-oi2gp7xr9u 3 жыл бұрын
@@user-uq3wt8ju2g кытаилар. Каншама жоиылып каиттан курылган. Оздеры мысык сиакты хан империсы хуион сим шин торт емпериа жоиылсада каиттан курылды саган Ратша болу онай корынеды негызы киын
@joniff4022
@joniff4022 3 жыл бұрын
Енді жерімізді қорғамасақ, қазақтардың күйі болмайды
@Animalkz0105
@Animalkz0105 4 жыл бұрын
Керемет😍👌
@gggttt9552
@gggttt9552 4 жыл бұрын
Ата бабамыздың қанымен маңдай терімен келген жеримизди қорғап калайык, ағайын. Қытайға жол жоқ. Елимиздин халқымыздың балаларымыздын болашағы үшін алға Қазақ елі алға ДВК.
@user-sy7iw3lp4j
@user-sy7iw3lp4j 4 жыл бұрын
Осы өткенде бір автобус Қара Қыдайды 5 Қазақ батыры шырылдатып сабадығой және ол Қытайлардың қолында арматура болған . Ал енді Семей жақта 200 Қазақ батырлары 800 қара Қыдайды қуып жүріп сабасына келтірген ол бұдан бірәз жыл бұрын ол Ақиқат . Сонымен Қазақтар еш қашан ер жүрек намысшыл болғанына қазірге дейін дәлелдеп отырмыз . Сондықтан соны Қытай біледі де сезеді
@user-qw8rn5gz3c
@user-qw8rn5gz3c 4 жыл бұрын
Керемет...Рахмет..👍👍👍
@marlenkalkoz8449
@marlenkalkoz8449 4 жыл бұрын
Осы тарихты каита жалгастырсаныз зор болар еды
@user-ik3vg7gb1o
@user-ik3vg7gb1o 4 жыл бұрын
Кушти
@user-hj4vj1fx7b
@user-hj4vj1fx7b 4 жыл бұрын
Кызын кырымда.улын римде болсын деген казак бабам.
@user-ol3ui1sn2m
@user-ol3ui1sn2m 3 жыл бұрын
Тарихтан сыр шертіп, халықты рухтандыра білдіңіз. Рахмет. Енді, мына қазаққа тағы бір - Еділ патша керек. Алла қаласа, ел тілегі қабыл болар.
@user-xd5qb4ko5m
@user-xd5qb4ko5m 4 жыл бұрын
Маладец бауырым, сен дамисын корыкпа, ойткени даусын жалынды, созiн отiмдi. Кара создер жаксы, не деген создер мынау коке-ау
@ersultankaldibai9576
@ersultankaldibai9576 4 жыл бұрын
Ассалаумағалейкүм..барлық кінəні өзгеден көре бергенше, бір сəт өзімізгеде көңіл аударайық. Себебі біздің ауызымызға арақты да, арам тамақты да, арам ойды да күштеп ешкім сала қоймас... Барлық күш ықыласымызбен арам ойымыз бен əділетсіздіктің барлығына төтеп күрессек бізге ешкім қарсы шыға алмайды. Куш бірлікте, əділдікте, сенім мен білімде ... Білім- сөз бен амалдан бұрын... Мақсатымыз ды келешек ұрпағымызға болашақ еліміз үшін ғана жасауымыз керек
@user-yf2xi9hi7m
@user-yf2xi9hi7m 4 жыл бұрын
Па шіркін керемет 🤘маған
@user-lt6cx6fj4x
@user-lt6cx6fj4x 4 жыл бұрын
Өте керемет!!!
@onikekazakhplayer2158
@onikekazakhplayer2158 4 жыл бұрын
Біз ежелден шешен болған, сөз түсінген, тілі бай дана халық болғанбыз ғой! Қадір Мырза Әлі ағамыз: "Қызыл шоқтай қарығын, Қазаққа тіл дарыған."-деген осы шығар. Біз дана халықпыз. Қазір құлдық санада қалып, ұрпағымызды дұрыс тәрбиелей алмаудамыз.Намысы асхақ,рухы өр,өзі дана халықты ешкім жаулай алмайды. Біз сол дәрежедеміз деген ойдамын. Біз еліктеуді қойып өзіміздің мәдениетімізді мойындатып, елдігіміз дәлелдетуіміз керек.
@maganamebmm4166
@maganamebmm4166 4 жыл бұрын
Ия дұрыс айтасын.ең алдымен өзімізден бастап оны ұрпағымызға дарытуымыз керек
@user-xp1ez1tg8c
@user-xp1ez1tg8c 3 жыл бұрын
Ол ушин даналык тек бабаларымыз танирликке бас иген,табигатпен бир тутас деп санаган, Таңирлик илим,су жер ағаш, табиғат барлығын адамзатпен байланысты деп караган, аспан таңирлигине сиынып омир кешкен
@user-rf4bz2qn7o
@user-rf4bz2qn7o 4 жыл бұрын
Мне орыс патшайымы казактар Ата бабаларынын ким болганын билсе дуние жузие жаулап алады деп корыкган
@ruslansarybay773
@ruslansarybay773 4 жыл бұрын
Экатермна 2 аитқан осыны
@user-tf6zo6fs5m
@user-tf6zo6fs5m 4 жыл бұрын
꧁༺ĶĄƷĂХ༻꧂ kz 😂😂👍 казргы жастар солай боп кетты майдаланып шетелге елестеп
@maganamebmm4166
@maganamebmm4166 4 жыл бұрын
@@user-tf6zo6fs5m жоқ бармыз 😄✊💪
@maganamebmm4166
@maganamebmm4166 4 жыл бұрын
@@user-tf6zo6fs5m елестемейм Алла сақтасын
@user-tf6zo6fs5m
@user-tf6zo6fs5m 4 жыл бұрын
Ruslan Sarybay ия сол жалеп кой айткан
@user-yj9xn2gz1h
@user-yj9xn2gz1h 3 жыл бұрын
Əр халықтың бір қасиеті бар, біздің аталарымыз жауынгер болған бірақ бір біріне қасқырша қарап ақыры өзіне бодан болған халықтарға басыбайлы болып қалды. Бір бірімізге қасқырша қарамайық бауырдан жылы қарайық сонда біздің болшағымыз жарқын болады.
@user-yj5xu2go3n
@user-yj5xu2go3n 4 жыл бұрын
Казак елым жерым казак халкым аман болсын согыстан аулак болсын аумин
@SnickersKz-ni3bt
@SnickersKz-ni3bt 4 жыл бұрын
Даусын зор екен мәтін унады маган
@user-yl2zb8dn3s
@user-yl2zb8dn3s 4 жыл бұрын
Осындай тарихи оқиғаларды апатасына 2 рет шығара аласыздарма халыққа осындай тарихи оқиғаларға негізделген видеолар ұнайды жарайсыңбар топ канал
@dr.bolatbekovich
@dr.bolatbekovich 4 жыл бұрын
Керемет
@kuatzhumabaev8917
@kuatzhumabaev8917 4 жыл бұрын
Осы дауыспен жалғастыра беріңдер бауырлар Алдыңғы дубляж да жақсы бірақ баста осы дауыспен басталып көп видеоларды жасағаннан кейін осы дауыс бізге жақын
@BILGENDURYSKZ
@BILGENDURYSKZ 4 жыл бұрын
Өкінішке орай Айдос Оразай іс сапарда Самат Құдайберген жалғастыру мүмкін
@abduprokz
@abduprokz 4 жыл бұрын
ИншаАлла жалғастырамыз
@loveblackpinkblink1800
@loveblackpinkblink1800 4 жыл бұрын
@@BILGENDURYSKZ УРААААА!!!!
@user-er1of5kb4e
@user-er1of5kb4e 3 жыл бұрын
Ғұн түркідері - Эвропа шапқанда - Эвропаның Мықты Имперяларының масқасы шешілген екенгой ))
@bektas7775
@bektas7775 4 жыл бұрын
Еліміз аман болсын
@jokermarch5942
@jokermarch5942 4 жыл бұрын
Осы бауырыма алла разы болсын Тарихты бізге білмегенімізді естіртіп жүр Алла разы болсын саған бауырым
@user-tx6sj9xm8y
@user-tx6sj9xm8y 3 жыл бұрын
Кыргыздар алга 🇰🇬🇰🇬🇰🇬
@user-qu5ip1dw4d
@user-qu5ip1dw4d 4 жыл бұрын
енді түркі қағанаты жайлы видео шықса екен
@user-if5hs9ho9l
@user-if5hs9ho9l 4 жыл бұрын
1.5миллиард қытайды қайда көмеміз қырып тастасақ?!
@tutorialkz1410
@tutorialkz1410 4 жыл бұрын
Өз еліне көмеміз
@user-if5hs9ho9l
@user-if5hs9ho9l 4 жыл бұрын
Ол малдар көмсен жер көп алады, өртесен экологияны құртады
@user-xl7rx6zo7i
@user-xl7rx6zo7i 4 жыл бұрын
Фарш қылып иттерге беру керек
@nurnur377
@nurnur377 4 жыл бұрын
Қытай ары барса 500млн !!!
@user-oe9kn7gr7b
@user-oe9kn7gr7b 3 жыл бұрын
КЫТАЙЛАР ОЗДОРУ ЭЛЕ ЧОН ПЕЧКАЛАРГА ЖАГЫП ЖОК КЫЛАТ ЖЕ ЖЕП ЖОК КЫЛАТ ОЗДОРУ
@user-sf7qn3vo2p
@user-sf7qn3vo2p 4 жыл бұрын
Қазақтар қазақ тілін қолға алайық дүние жүзі өз тілін сөйлейді біз ше келіңдер Қостанай рудный ға
@bayanabubakr959
@bayanabubakr959 3 жыл бұрын
тек Қазақтар емес бүкіл Түркілер бірігіңдер. біздің күшіміз бірлікте. руға бөлгеннің рухы өлсін жүзге бөлгеннің жүзі құрысын. бірлік іздегеннің дегені болсын !!!! амин !!!
@user-rz3kp1ym6o
@user-rz3kp1ym6o 4 жыл бұрын
Кытайдын бирин калдырмай кырып тастау керек еди сол кезде. Енди откенге мактанудын кереги не. Казир Кытай озимизди тиридей жеп кою дайын тур.
@nur-alemkanati597
@nur-alemkanati597 4 жыл бұрын
жаксы тарих
@user-qd2bo9er5j
@user-qd2bo9er5j 3 жыл бұрын
Керемет империя иегерлери арыстандар
@atabaman2223
@atabaman2223 4 жыл бұрын
Биздын Казак солай гой ози, Кореалмайт.ыштарлык, Империя болатын мемлекетпизго..
@valdemartupin9740
@valdemartupin9740 4 жыл бұрын
Империя болу үшін қазақтың санын көбейту керек, сол кезде держава боламыз.
@kazakstan3121
@kazakstan3121 4 жыл бұрын
Гундар римды кираткангой кытаи не турады
@umbrella3951
@umbrella3951 4 жыл бұрын
Герман таипалармен жане Ағылшындық Кельтармен бырыгып женген римді
@user-bc8ls7zt3w
@user-bc8ls7zt3w 4 жыл бұрын
@@umbrella3951 *қайда тұрасың*
@umbrella3951
@umbrella3951 4 жыл бұрын
@@user-bc8ls7zt3w м жайма оны нестеин деп едің
@umbrella3951
@umbrella3951 4 жыл бұрын
@@user-bc8ls7zt3wАмерикаға кегеніме бір жыл болды брақ әлі Қазақстан гражданствасы бар
@umbrella3951
@umbrella3951 4 жыл бұрын
@@user-me5kw6nl8t Батыс римді Атилла Жартлай құлаты ал түгел Герман таипасы Вандалдар Құлатып тонап кетті соның озне пнрезагруска жасап Свешены Римски империя деген Католиктік рим паида болды ол одан кеиін ыдырап Сецелия жане Венеция болып болніп соғысты одан соң Венеция жеңіп Италияндықтармыз біз деп ощын атады Венецияны Османың Барбарос Бастаған флоты Венеция флотын жоиып Аилдерін күң етіп алып кетіп отырды мысалы Кюсем Сұлтан жартлай венецияндық болды сонымен қатар Абдулхамидың Аиелі Софие Ханым тағы екі уш аиелдер венецияндық болды ал Шығыс рим Негізі Селджуктарсыз оның алдында Гректер Басып алды Византияны Политикасына Қарап Римға теңеді брақ Олар Таза қанды римдіктер болған жоқ таза қанды римдіктер тіліде Дастүріде жане Қаныда қалған ол Италияндықтар Венецияндықтар Венецияндық 500 мыңға жуық қыздар Осман импнриясына сатылды Туріктердеде Римдік Қан бар Брақ Канстантинопалдіктерде емес Ал Батыста Вандал деп атаитын ол Уш Гермен Таипасы Готар жане Фракиялықтар жане ушіншісі Келтер таипасының Ince таипасының бірігуі арқылы пайда болған тайпалар Кельтер казыргі Ағылшын или Америка сияқты елдердің Арғы Атасы Римніе астанасын Тонап кеткен Вандалдар олар жай тонап кетті Барын қырып кеткен жоқ
@user-ew6um1mo4f
@user-ew6um1mo4f 3 жыл бұрын
Керемет мын олеп мын терелде дегеносы
@user-cl2rc2yf8x
@user-cl2rc2yf8x 3 жыл бұрын
Ассаламуағалейкум. Сізге рахмет айта отырып жаман сөздерді пайдаланбасаңызекен.
@JSK-MEDIA
@JSK-MEDIA 4 жыл бұрын
👍👍👍👍жарайсың
@maikermakan4471
@maikermakan4471 4 жыл бұрын
одан кейін түрктер шықты ғұндардың жалғасы болған
@user-mw1iu3pi2v
@user-mw1iu3pi2v 3 жыл бұрын
Одан кейин монголдар шыкты. Таза гундардын урпагы
@jenisabiev3873
@jenisabiev3873 3 жыл бұрын
Рахмет
@Qanagattandyrganbek
@Qanagattandyrganbek 3 жыл бұрын
Бабаларым менің мықтығо💪
@user-oi4gz7kl6o
@user-oi4gz7kl6o 4 жыл бұрын
Сонша халык туылған екенда 600мың әскер деген қайда жатқан нарсе ия қан төгілми кіріс кирмидгой
@user-nm2to7tz7n
@user-nm2to7tz7n 4 жыл бұрын
Ассалаумағалейкум сізден өтініш мүмкіндік болса осы видеодағы музиканың қалай аталатынын айтып жібересізба
@user-ks1yd3hs5v
@user-ks1yd3hs5v 3 жыл бұрын
Тарихты басынан оқы Каталаун шайқасында Ғұндар жеңілген жоқ жеңді тек көп шығынға ұшырады Римдіктер жеңіліп бүкіл әскерінен айырылды император қолға түсіп басы шабылды бірақ Ғұндардың көп әскері қаза болды осылай жазылған барлық дернкте
@user-ch7mq5xs1k
@user-ch7mq5xs1k 3 жыл бұрын
Тарихты таразылайтын кез келді.Халык болмаса мемлекет болмайды.Тулпар шапса туягы тозатын,Сункар ушса канаты талатын ,кең байтак жерді Ата- Аналарымыз Улы Казак ултын,елін,жерін ,салт- дәстүрін ,урпагына мәңгілікке аманаттап кетті.
@user-li6zy6ut1f
@user-li6zy6ut1f 4 жыл бұрын
Базар жоқ 💓
@user-gf2sn1pc6i
@user-gf2sn1pc6i 4 жыл бұрын
Жер үшін ел үшін осылаи бізде шығамыз, қорқаудың заманы өтті.
@user-wf9sx7pi8k
@user-wf9sx7pi8k 3 жыл бұрын
Аты өткір Айдаһар
@user-ne5ys9sy6d
@user-ne5ys9sy6d 4 жыл бұрын
Қазіргі біздің жоғарыда биліктегіерді коса алғанда Мөде мен Еділ секілды ұлы тұлғалардың тырнағына да татымайды екен ғой.
@Altynorda-fk4yw
@Altynorda-fk4yw 3 жыл бұрын
РАХМЕТ ОТЕ КЕРЕМЕТ СОЗ.
@user-hf8ql4jb7o
@user-hf8ql4jb7o 3 жыл бұрын
Имам Махди келеди сосын китайга коресини корсетемиз ишки жауды озимиз соттау ымыз керек
@user-iu6gr9bg8c
@user-iu6gr9bg8c 4 жыл бұрын
ҚАЗАҚ ҚЫТАЙДЫ ҚУЫП ТЫҚҚАН ДЕГЕНГЕ СЕНБЕЙМІН, КЕРІСІНШЕ БОЛҒАНЫНА СЕНЕМІН. ҚАЗАҚ БІЗ МАҚТАНШАҚПЫЗ, КЕУДЕМІЗДІ ҚАҒЫП. БІР ҚАЛМАҚҚА ШАМАЛАРЫҢ ЖЕТПЕЙ ОТЫР. КҮЛКІМДІ КЕЛТІРМЕҢДЕРШІ.
@user-zr7js1px7q
@user-zr7js1px7q 4 жыл бұрын
Ғұндардың ұрпағы Арғын (Ар Ғұн) Ар деген таза деген мағына береді таза Ғұн Арғын
@user-nz8pl5vd8c
@user-nz8pl5vd8c 4 жыл бұрын
Жауға төтеп беру үшін АЛЛАХ РИЗАШЫЛЫҒЫ ҮШіН БІР Бірі Мізді ЖАҚСЫ Көру КЕРЕКПІЗ, қолмен тілмен ишарамен зәбур көрсетпеуіміз керек Өлімді жақсы көріп Өмірді сынақ деп білсек Жақсылыққа шақырып жаманшылықтан тыйсақ сонда шынайы қазақ боламыз Қазір жузден астам тәпсір бар ҚАЗАҚ деген атымызға Біз білетін ҚАЗАҚ арабтың екі сөзінен турады ҚАЗА-ХАҚ өлім шындык Қарағанит әулеті кезінде бір кунде жуз алпыс мың адам иман келтірді сол сәттен Жауға шапқанда ұран болды ӨлІм шындық ҚАЗА-ХАҚ смерть истина Жақсылыққа шақырып жаманшылықтан тыиған сол жолда жанын уақытын дүние мүлкін салғанды ҚАЗАҚ дейді ол биік мәртебе атақ болған Отаншыл мемлекетіне дініне тіліне адамгершілікке ат салысқанды ҚАЗАҚ ДЕИТІН осы бізге АЛЛАХ нәсіп еткен мәртебеге лаиықты болайық АҒАЙЫН
@user-ol9zp5ho6g
@user-ol9zp5ho6g Жыл бұрын
Рахмет сізге бабалар аманаты ретінде жер!м!зд!,ел!м!эд! шексіз сүюге тәрбиелеу, патриоттық рухты оятатын тарихи деректер.Осындай деректер неге теледидардан берілмейді?
@user-yw6ob1no5v
@user-yw6ob1no5v 4 жыл бұрын
Шіркін-ай десеңші! Не деген жүректі болған!
@user-kk3qb9zf7g
@user-kk3qb9zf7g 3 жыл бұрын
Фантастика фантастика.
@user-br7qg6qy2g
@user-br7qg6qy2g 3 жыл бұрын
АССАЛАУМАҒАЛЕЙКҮМ, ТАҚЫРЫП ДҰРЫС ЕМЕС, МӨДЕ ҚАҒАН, КҮЛТЕГІН, ТОМИРИС, ШЫҢҒЫСХАН, ЖОШЫХАН, БАТУХАН, КЕРЕЙХАН, ЖƏНІБЕКХАН, ТƏУЕКЕЛХАН,ЕСІМХАН, ҚАСЫМХАН,АБЫЛАЙХАН, КЕНЕСАРЫ ХАНҒА ДЕЙІН ҚАНШАМА ХАНДАР ҰЛЫ ИМПЕРИЯ ҚҰРЫП СОНЫ САҚТАП ҚАЛУ ҮШІН КҮРЕСТІ, ҚЫТАЙ МЕН ОРЫС ҚАШАНДА ОСЫНДАЙ ƏДІСТІ ҚОЛДАНҒАН! ҒҰНДЫ АЙТПАЙАҚ БЕРІДЕГІ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ МЕН ЖОҢҒАР ЕЛІНІҢ 200-ЖЫЛҒА ЖУЫҚ СОҒЫСЫ ДА, ЕКІ КӨШПЕНДІ ДЕРЖАВАНЫ БІР-БІРІНЕ АЙДАП САЛЫП СОҒЫСТЫРЫП ӘЛСІРЕГЕН КЕЗДЕ, ЖОҢҒАРДЫ ҚЫТАЙ БАСЫП АЛДЫ, ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ОРЫСҚА БОДАН БОЛДЫ! ЖОҢҒАРДАН ҚЫТАЙ ҚАУІПТЕНГЕН, ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНАН ОРЫС ҚОРЫҚҚАН, БІЗДІҢ ҚОЛ АСТЫНА КІРСЕҢДЕР ƏСКЕРИ КӨМЕК БЕРЕМІЗ, ҚАРУ ЖАРАҚ БЕРЕМІЗ ДЕП АЛДАП, ҚАЛМАҚ, БАШҚҰРТ, КАЗАКТАРДЫ КІШІ ЖҮЗ ЖЕРІНЕ ЖІБЕРІП ОТЫРЫП, АҚЫРЫ ДЕГЕНДЕРІНЕ ЖЕТІП КІШІ ЖҮЗ ХАНДЫҒЫНА ҚАРАҒАН ЖЕРЛЕРДІ ТАРТЫП АЛҒАН, ЕҢ СОҢҒЫ ОРЫНБОРДЫ ҚЫЗЫЛДАР АЛҒАН! ШЕКАРАҒА КАЗАКТАР, ҚАЛМАҚТАР Т.Б ЖЕР БЕРІП ОРНАЛАСТЫРЫП ӨЗЛЕРІН ҚОРҒАУ ҮШІН ПАЙДАЛАНҒАН! ОЛ ЖЕРЛЕР БІЗДІҢ АТА БАБАМЫЗДЫҢ МЕКЕН ЕТКЕН ЖЕРЛЕРІ! ӨЗБЕККЕ ҚАНША ЖЕР ЖАЛҒА БЕРІЛГЕН, ОЛДА САТЫЛЫП КЕТКЕН, БОЛМАСА 50-ЖЫЛҒА ЖАЛҒА АЛҒАН ЕКЕН ТАШКЕНТ ОБЛЫСЫН, 2004-ТЕ БІТКЕН СРОК. ОРЫНБОРДА ҚҰЙТЫРТҚТЫ ƏРЕКЕТПЕН АЛЫНҒАН, ОРЫНБОРДАН АСТАНАНЫ БІР ТҮНДЕ КӨШІРІП, ТАШКЕНТКЕ ҚАРАЙ ОҒАН ЖЕТКІЗБЕЙ ҚЫЗЫЛОРДА ҚЫЛҒАН! СОЛ КЕЗДЕ ТАШКЕНТКЕ КӨШІРІЛГЕНДЕ ДҰРЫС БОЛАТЫН ЕДІ АСТАНА! ӨЗБЕКТЕР ҚУ, ТАШКЕНТ ҚОЛДАРЫНА КӨШКЕН СОҢ СРАЗУ САМАРҚАНДТАН ТАШКЕНТКЕ КӨШІРДІ! СОЛ КЕЗДЕ СОНДАЙ ЗАҢ БОЛҒАН, АСТАНА БОЛЫП ТҰРСА АЛА АЛМАЙСЫҢ, ОРЫНБОРДЫ АСТАНА БОЛЫП ТҰРСА АЛА АЛМАЙТЫНЫН БІЛІП, ОРЫСТАР ӘДЕЙІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА КӨШІРГЕН! ӨЗБЕКТЕР БАСҚА ҚАЛАҒА КӨШІРУГЕ ҚОРҚЫП ОТЫР АЛЫП ҚОЯДЫ ДЕП ТАШКЕНТТІ! ТАШКЕНТПЕН ПЕН ОРЫНБОР ҚАЙТАРЫЛУЫ КЕРЕК НЕГІЗІ.
@user-ln4sr6ps9r
@user-ln4sr6ps9r 3 жыл бұрын
Атила жарайсын
@user-qy2vv3sf2q
@user-qy2vv3sf2q 4 жыл бұрын
шығыс түркі қағанты мен батыс қағанты 20 ғасырға дейін болды,Шығыс Түркістан (стан деген ел деген сөз) цынзан деп атайды қазір тек батыс Түркістан қай жерге дейін екені белгісіз мүмкін біздің батыс Қазақстан
@kuanyshbahtibaev4580
@kuanyshbahtibaev4580 4 жыл бұрын
Дұрыс айтасыз Бекболат ағамыздың пайдасы аз тарихта қалатын адамдар емес олар
@user-gc5hd7ic1e
@user-gc5hd7ic1e 4 жыл бұрын
Ежелги Жау -Ел Болмас ,-деген осы.Кытайдан сак болуымыз керек,казир найзамен билектин Куши емес ,калам мен билимнин согысы. ОЯНАЙЫК КАЗАГЫМ!!!!!
@user-sf7qn3vo2p
@user-sf7qn3vo2p 4 жыл бұрын
АССАЛАУМАҒАЛАЙКУМ. ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҒЫМ ҰЛТТЫМ ОРЫС ҚЫТАЙ ҚАЗАХА ДҰШПАН ОСЫНЫ БІЛІП ЖҮРІҢДЕР БАУЫРЛАРЫМ
@user-oc4tr5yp7o
@user-oc4tr5yp7o 4 жыл бұрын
Қазақтардың басын қосқан Қаңылы болса Кеше Сақабалармен көркем тіл табысып Ислам дінін қабылдаған Осман Империясын құрған Қазақ халқы мұнфихтарға Ақсақ қой түстен кейін маңырайды диді. Ағайындар кешегіндей Мұсылман қалпымызға келейік түркілердің басын қосайық. Асылында Шын тарих осы
@user-pb6hh6qy8b
@user-pb6hh6qy8b 4 жыл бұрын
Қазақ деген әлемді дізе бүктірген еді👍👍👍
@user-xe4ox5tx3j
@user-xe4ox5tx3j 4 жыл бұрын
Манас атабыз кытайлардын канын суудай агызган бааурларым 🇰🇬
@Maksat_Zolboldy
@Maksat_Zolboldy Жыл бұрын
Қойшы қашан
@nurbek124
@nurbek124 4 жыл бұрын
Қазақ арақты шарапты темекі насыбай аншаны жалқаулықты тастамайынша Қазақ болу қыйын
@user-fb8ou2wf1d
@user-fb8ou2wf1d 4 жыл бұрын
Кешеририм сураймын осындай акпаратты кайда аласыздар
@kentyrlibek7137
@kentyrlibek7137 4 жыл бұрын
Еділ Патша мыкты болған. Білген Дұрыс каналы тек Алға
@erekekz5611
@erekekz5611 4 жыл бұрын
Жадгастырындар арыкарай
@user-po4es2gp1v
@user-po4es2gp1v 4 жыл бұрын
Кушті видео 👍👍👍👍
@nonameviktor5458
@nonameviktor5458 4 жыл бұрын
Мен Кыргызмын тарыхта дүйнөнү дүңгүрөткөн бир туугандарыбыз бар экенинен сыймыктанам
@bekaxan1348
@bekaxan1348 4 жыл бұрын
Үйсін елі туралы шығарсаңыз
@orynbassarov.e
@orynbassarov.e 4 жыл бұрын
Атилла жайлы айтыңдарш Әр шығарған видеоң өте керет👍
@user-dq1te5rk9s
@user-dq1te5rk9s 4 жыл бұрын
Бізді қытайлар ешқашан жеңе алмаған.....
@user-iv1yw9hl8m
@user-iv1yw9hl8m 4 жыл бұрын
Қытай тілін мода қылса болды. Қазақтар қытай болып кетеді. Мен тарихқа сүйеніп жазып жатырмын. Қанша қазақ орысқа қарсы шығып құрбан болды. Енді Алматы, Астана және басқа қалаларды қараңыз қазақтар орыс тілінде сөйлегенді артық көреді.
@segizaris8430
@segizaris8430 4 жыл бұрын
Дұрыс айтасың олар Ар Намысы жоқтар .Орыстың бізге геноцит жасап 17млн Қазақты 5млн жеткізді қалаи қырғанын көрсетуміз керек сонда түснер...
@user-kk9wy1ro1w
@user-kk9wy1ro1w 4 жыл бұрын
Барiн кырып жiбергенде тарих баскаша болар едi
@aidosmyrzabai2865
@aidosmyrzabai2865 4 жыл бұрын
👍👍👍👍👍👍
@kazakhalban2108
@kazakhalban2108 4 жыл бұрын
тамаша оқйсың даұсың қандай керемет
@abylaikhantastanbekov8230
@abylaikhantastanbekov8230 4 жыл бұрын
Айдос бауырым аталарымыздын аруагы сены колдай журсын алла жэар болсын аган Нурлан
@user-yl6eg2rf5g
@user-yl6eg2rf5g 3 жыл бұрын
Сонымен Алла қорғайма атасының аруағы корғайма?
@user-we9yh9ys8c
@user-we9yh9ys8c 3 жыл бұрын
Тамаша жеткіздің
@akmaralnurlukasim6696
@akmaralnurlukasim6696 4 жыл бұрын
Биз аскеримизди ныгайтпай,кытай орыстын кутырганы кутырган.билик бизди кытаймен орыска болип беруден тайынбайт , Намысты улты намыссыз крисалардын билеп отырганы мени кынжылтады,али казактын куни туып озге елдерге кеткен есемиз кайтарарыма сенимдимин.
@abylaikhantastanbekov8230
@abylaikhantastanbekov8230 4 жыл бұрын
Айдос бауырым казак жастарына берген багасы жок былымге коп-коп ракымет аган Нурлан
@user-qu5wt9ri7z
@user-qu5wt9ri7z 4 жыл бұрын
Шок болған қытаиде
@user-sr1os6mh3p
@user-sr1os6mh3p 4 жыл бұрын
✊👍👍👍💪💪💪💪🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@UserUser-ww3pd
@UserUser-ww3pd 3 жыл бұрын
👍❤
@user-cu4vf5zh2c
@user-cu4vf5zh2c 4 жыл бұрын
шұршітпен қытай екеуі екі қалық
@aslankarataev2883
@aslankarataev2883 4 жыл бұрын
Бұтына тыштырып дегенің артықтау кетті. Басқаша келтіру керек пе еді, кішкене әдеби-мәдени тәрбиелік ұғымда
@mozzarello111
@mozzarello111 4 жыл бұрын
Бұтына тыштырып 😂😂😂😂
@user-dg7ox7mf9x
@user-dg7ox7mf9x 4 жыл бұрын
👍
@user-yr9kr5ht1p
@user-yr9kr5ht1p 3 жыл бұрын
Кино түсіруды осы жерден бастау керек Қазақ хандығынан емес
@kz2075
@kz2075 4 жыл бұрын
Кеңесары ханың батыр бұхарбай батыр жайлы видео тусірші
Surprise Gifts #couplegoals
00:21
Jay & Sharon
Рет қаралды 28 МЛН
Этого От Него Никто Не Ожидал 😂
00:19
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 10 МЛН
Енді Қалай Құтқарамыз!
7:39
BILGEN DURYS
Рет қаралды 294 М.
5 000 Мың Танкімен Басып Кірем!
12:56
BILGEN DURYS
Рет қаралды 729 М.
Мағжанды Атқызып Тастады!
7:37
BILGEN DURYS
Рет қаралды 533 М.
КІТАПТЫ "АҢШЫ" ТАУЫП АЛДЫ!
6:06
ТАРИХ ONLINE
Рет қаралды 152 М.
Ұмыт болған түркі батыры
2:56
DURYS TARIKH
Рет қаралды 113 М.
Тамерлан. Великий и жестокий полководец
10:19
Battle Map — история войн и сражений
Рет қаралды 697 М.
Алдараспан 2024 концерт| Жаңа концерт | Толық нұсқа
3:0:19
Алдараспан театры-Нуржан Толендиев
Рет қаралды 942 М.
Осиное гнездо у себя дома
0:27
ЛАЙФСТОРИ
Рет қаралды 7 МЛН
🤫
0:15
Nhamnoys
Рет қаралды 22 МЛН
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Pink with inoCat
0:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 22 МЛН