Жиналып, халқым, құралсаң, Сөйле деп бізге ұйғарсаң, Бұл тойдың көркін айтайын: Той болады дегеннен Халыққа хабар таратқан. Ат жүйрігін жаратқан, Әшекейлеп, жасантып, Отау тігіп, от жаққан, Байрақты тігіп, ат шапқан. Жыршысы болса - жырлатып, Аламан басын құрлатып, Жақсыларға тыңдатқан, Тартысы болса - тартысып, Айтысы болса - айтысып, Бұ да тәуір болады Қыз-жігітке түн қатқан. Жиналған топтың кұралы, Жыршыдан өнер сұрадың. Сұрағандарың сөз болса, Қалағандарың біз болса, Қандырайын көптің құмарын. Шын шабытым келгенде, Ағыным тасты аударған. Мен бір қайнарлы өзен, бұлағың. Той - адамның қазынасы, Жұптанып неке қиылған, Ақ бұйрығы деген бар. Құлақ қойсаңдар келіске, Адам Ата жұптанып, Хауа Ананы алғанда, Исраил, Микаил - Некесін қиған екен екі періште. Айтамын хабар қиырдан, Ешкімнен қорқып тыйылман. Расулы пайғамбар Хадишаны алғанда, Ақ некесін қисын деп Жәбірейілге Алла бұйырған, Сол себептен неке қиылған. Қыз бала, сізге айтайын, Жұрт жинап, қызық той еткен. Атымтай Жомарт салған жол, Бақыт пен дәулет қонған жол. Арғымақ аттай әнденген, Сөйлесе, сөзің пәмденген, Тоты құстай таранып, Бойыңды түзеп сәнденген, Өтейін деп отырсың Балдырлы Балқаш көлдерден. Абайласаң, айып жоқ Алланың бұйрық ісінде. Ренжіген бұйрыққа Мақтаман надан кісіңді. Риза бол анаңа, Мехнат етіп сақтаған Тоғыз ай, он күн ішінде. Дүниеге сені шығарды, Перзентті болды, қуанды. Періште көңіл пәктікпен Ақ сүтін сорып, жұбандың. Талай бөлдің ұйқысын, Бесікте жылап мазалап. Мәпелеп сені өсірді, Тәрбиелеп, тазалап. Және көңілі шат болды Көтеріп алып сүйгенге, Апыл-тапыл алдында Аяқ басып жүргенге. Шақырып еді балым деп, Сүйіп еді жаным деп, Жылы шырай күлгенде. Бұл күндері болғанда, Дүнияша қызық деп, Күйеуіңді күтіп, құрметтеп, Кұрметтеу міндет деп, Саламат, есен-сау күнде Аман қосып жұбыңа, Жеткізді сені мұратқа. Жылай көрме, жарқыным, Кетемін деп жыраққа. Бақыт берсе басыңа, Ел-жұртың болса қасыңда, Айналарсың айтулы Шалқыған шалқар бұлаққа. Риза бол, жарқыным, Жырым еді сақтаған, Арқасы құрғыр қозғанда Жауар бұлттай қаптаған. Ойқастап барып тоқтайын, Қатты кетсем, қайырылмас Мен - басы қатты ақтабан. pesni.guru