6 айлық баланың күтімі || 6 айлык бала кутими

  Рет қаралды 3,122

payda_kz

payda_kz

9 ай бұрын

Кез келген бала негізінен өз бетінше дамиды, бірақ оның жасына байланысты оған барлық жағынан көмек қажет. Сәлем бақуатты көрермен! Сіздермен PAYDA_KZ арнасы. Бүгін 6 айлық баланың өсуін ынталандыратын ойындар, тамақтар, редимі жайлы айтатын болымыз! Видео басталмас бұрын каналға тіркеліп, қоңыраушаны баса кетіңіз!
Балаңыздың өскенде миірімді, зерек, бір айтқаннан қағып алатын ақылды болғанын қаласаңыз кішкентай бөпе кезінен оның дамуына көп мән беріңіз, уақыт бөліңіз. Миірім беріп, көп еркелетіңіз.
6 айлық баланың дамуын ынталандыратын ойындарға келсек: 6 айлық балаға топ-топ ойыншық сатып алу керек емес, қарапайым заттар мен сіздің жақсы эмоцияңыз, және уақыт бөлуіңіз болса болды.
Сонымен, алғашқы ойын түрі. 1). Балаңызға қолдарын шапалақтауға үйретіңіз. Баланың алақандарын алып, «Алақай, алақай. Күлімдеген балақай..». Деп айтып үйретіңіз, күнделікті қайталағаннан бала өзі ақ істейтін болады.
2). Балаңызға қолдарын жоғары көтеріп, басына қоюды үйретіңіз, ал сіз құстар туралы өлең оқыңыз. «ұшты, ұшты құстар ұшты...» деген сөздерді айта отырып, баланың қолдарын алып, жоғары көтеріп, басына тигізіңіз.
3). Ойыншықтарды ұсына отырып немесе олармен әрекеттерді орындау арқылы баланы зерттеуге және шешім қабылдауға шақырыңыз. Балаңыз екі қолында ойыншықтарды ұстағанда, оған үшінші ойыншықты ұсыныңыз. Біріншіден, бала қолындағы ойыншықтарын жібермей, ұсынылған ойыншықты алуға тырысады. Бірақ уақыт өте келе нәресте түсінеді: бұл ойыншықты алу үшін қолын босату керек екенін.
4.)Ойыншықты баладан алыңыз да, оны жаялықпен немесе шарфпен жартылай жабыңыз. Алдымен нәресте ойыншықты көрінетін шетінен алады, содан кейін ойыншықтан шарфты жұлып алуды үйренеді.
5.) балаңызға ойыншықты жасырып қойған соң, "ойыншық қайда? … -жоқ. Кішкенеден соң ойыншықты көрсетіп -міне,міне" деп көрсетіңіз. Бұл ойын арқылы балаңызға жоқ, барды үйретесіз.
6.) Балаңызға дыбыстары бар әртүрлі ойындарды ұсыныңыз. Осы жастағы балаларға арналған оқу ойыншықтары айналасындағы барлық дерлік заттарды қамтитынын ұмытпаңыз. Мысалы банка алып ішіне жартылай күріш немесе гречканы салып, бетін жауып, соны шықырлатып ойнатыңыз. Әр банканы бір-бірден шайқаңыз, сонда нәресте сіздің мұны істеп жатқаныңызды көреді. Біраз уақыттан кейін ол дыбыс шығару үшін банкаларды өзі шайқайды.
7.) Бірнеше пластик немесе металл ыдыстарды алыңыз және балаңызға оларды қалай соғу керектігін көрсетіңіз. Содан кейін бірге жасаңыз.
8.) Балаңызға «қош бол» қимылын көрсетіңіз. Біреу үйден шыққанда қолыңызды бір сілтеп, «Сау болыңыз» деп айтыңыз. Көп ұзамай нәресте қоштаса бастайды.
Балаңыздың артынан естіген дыбыстарды қайталаңыз. Дыбыстарды айту кезінде интонацияны және мимиканы өзгертіңіз. Сіздің бетіңіздегі мимикаға қарап, нәресте қуанады немесе таң қалдырады және, мүмкін, сізден кейін жаңа дыбыстарды қайталай бастайды.
9.) Балаңызбен қарапайым сөйлемдермен және мәнерлі дауыспен сөйлесіңіз. Балаңызды киіндіргенде, шомылдырғанда немесе тамақтандырғанда әрқашан өз әрекеттеріңізді айтыңыз.
10.) Балаңыздың көзіне қарап, анда-санда күліп жүруді ұмытпаңыз. Балаңызды көтергенде, оған ойыншық беріңіз, немесе онымен бірге еденге отырыңыз, оның назарын бетіңізге аударыңыз. Бала сіздің көңіл-күйіңізді түсінуге, қуаныш, ләззат, қуаныш немесе мұңды өрнектерді ажыратуға үйренеді.
13.) Балаңызға бірінші кітапты беретін кез келді, ол түрлі түсті. жарқын болуы керек, үлкен сызбалары бар, картоннан немесе қалың матадан жасалған болсын. Кітапты ашып, балаңыз түсінбесе де оған оқып беріп, суреттермен таныстырыңыз.
14.) Балаңызға әртүрлі заттарды беріп, олардың атын дауыстап айтудың уақыты келді, күнделікті дағдыға айналдырсаңыз балаға заттарды есте сақтау және ажырату оңайырақ болады.
Есіңізде болсын, сіздің балаңыздың физикалық және психологиялық дамуы көп жағдайда сізге байланысты, сондықтан оған барынша жайлылық пен тыныштық беріңіз.
Бұл жаста сіз баланың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуыңыз керек және оны үстелде, диванда немесе бүйірлері жоқ басқа жерде бір минутқа жалғыз қалдырмаңыз.
Ал алғашқы тамағына келсек тамағын күніне бір рет таңғы уақытта емізген соң беруге болады 30-40 грамнан бастап жайлап күнделікті көбейтесіз, және пюре ретінде емес, шидей етіп ұсақтап турап беріңіз, және тамақтың құрамы белоктан және жоғары сапалы майдан болғаны жөн, себебі баладан осы элементтерді қорытатын липаза, протеаза деген ферменттер асқорытуға бөлінеді. Балаға ешқандайда көкөніс, жеміс пюрелерін беру ұсынылмайды. Видео пайдалы болса лайк басып қолдай кетіңіз.
Баланың алғашқы тамағы өте актуальды сұрақ, сол үшін болашақта осы тақырыпқа жеке видео жасайтын боламын. Ол видеоны жіберіп алмас үшін каналға тіркеліп қоңыраушаны баса кетіңіз
Сізденмен бірге болған PAYDA_KZ арнасы, келесі кездескенше сау болыңыздар!
6 айлык баланын дамуы6 айлык балага ойыншыБала кутимиАлғашқы тамақГерберКашаҚосымша тамақты неден бастау керек қалайҚосымша тамақ беруТіс шығу белгілеріТіс шығуды жеңілдетуОтыруға үйретуКітап оқудың пайдасы #алғашқытамақ #қосымшатамақ #алтыайлықбала #балағакітап

Пікірлер
«СОҢҒЫ КӨШПЕНДІЛЕР». Күзеу. Деректі фильм
21:47
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 2 М.
Sigma Kid Hair #funny #sigma #comedy
00:33
CRAZY GREAPA
Рет қаралды 33 МЛН
How Many Balloons Does It Take To Fly?
00:18
MrBeast
Рет қаралды 169 МЛН
Русалка
01:00
История одного вокалиста
Рет қаралды 7 МЛН
Апталық ауа райы болжамы
4:12
Телеканал 24kz
Рет қаралды 11 М.
Прикорм ребенка в 6 месяцев. Таблица, меню, схема введение прикорма в 6 месяцев.
6:57
Университет здорового ребёнка Няньковских
Рет қаралды 375 М.
Бес айлық баланың дамуы.
3:42
payda_kz
Рет қаралды 456
Sigma Kid Hair #funny #sigma #comedy
00:33
CRAZY GREAPA
Рет қаралды 33 МЛН