9 сынып ХИМИЯ §24 Хим реакция теңдеуі б-а қоспа құрамындағы заттың массасын анықтауға есептер шығару

  Рет қаралды 13,664

Сара Маратқызы

Сара Маратқызы

Жыл бұрын

§24 Химиялық реакция теңдеуі бойынша қоспа құрамындағы заттың массасын анықтауға есептер шығару
• 1. Массасы 11 г әктасты тұз қышқылының артық мөлшерімен өңдеді. Химиялық реакция нәтижесінде 2,24 л (қ.ж.) газ бөлініп шықты. Әктастағы кальций карбонатының массалық үлесін есептеңдер.
Жауабы : 91%.
• 2. Массасы 60 г кремнеземді құрамы 90% көміртектен тұратын 20 г кокспен әрекеттестіргенде кремнийдің қандай массасы түзіледі? Өнімнің шығымы 90%. Жауабы : 18,9 г.
• 3. Кальций оксиді мен кальций карбонатынан тұратын 15,6 г үлгіні қатты қыздырды. Нәтижесінде көлемі 2,24 л (қ.ж.) газ бөлініп шықты. Үлгідегі кальций оксидінің массалық үлесін есептеңдер. Жауабы : 35,9%.
• 4. Мырыш пен мырыш оксидінен тұратын қоспаны еріту үшін 20%-дық тұз қышқылының 132,8 мл ( ρ = 1,1г/мл) ерітіндісі жұмсалды. Бөлінген газды жаққанда 3,6 г су түзілді. Қоспадағы металдың массалық үлесін есептеңдер. Жауабы : 44,5%.
• 5. Құрамында 20% жанбайтын қоспасы бар 15 г көмірді жаққанда түзілген көмірқышқыл газын 10%-дық натрий гидроксидінің 480 г ерітіндісі арқылы өткізді. Ерітіндіде түзілген тұздардың массалары мен массалық үлестерін есептеңдер. Жауабы : 67,2 г және 12,82% NaHCO3 ; 21,2 г және 4,04% Na2CO3 .
• 6. Массасы 50 г фосфорит үлгісін концентрлі күкірт қышқылының артық мөлшерімен өңдегенде 52,64 г қатты зат түзілді. Фосфорит үлгісіндегі қоспан ың массалық үлесін (%) есептеңдер. Жауабы : 0,8.
• 7. Массасы 200 г техникалық кальций карбонатын ерітуге 70%-дық азот қышқылының 202,7 мл (тығыздығы 1,421 г/мл) ерітіндісі жұмсалды. Карбонат үлгісіндегі қоспаның массалық үлесін есептеңдер. Жауабы : 19,8%.
• 8. Тыңайтқыштағы азоттың массалық үлесі 14%-ға тең. Барлық азот тыңайтқыш құрамына несепнәр CO(NH2)2 түрінде кіреді. Бұл тыңайтқыштағы несепнәрдің массалық үлесін есептеңдер. Жауабы : 30%.
• 9. Құрамында 15% қоспасы бар 50 кг темір (ІІ) оксидін толық тотықсыздандыруға қажетті көміртектің массасын анықтаңдар. Жауабы : 7,08 кг.
• 10. Құрамында 5,2% қоспасы бар техникалық пириттің массасы 950 кг. Техникалық үлгідегі қоспа мен пириттің массаларын есептеңдер. Жауабы : 900,6 кг FeS 2 және 49,4 кг қоспа.
#металл #қоспа #тазазат #есептеу #есеп #масса #массалықүлес #пайыз #9сынып #химия #есептер

Пікірлер: 32
@user-dq8xd1rt5b
@user-dq8xd1rt5b 7 ай бұрын
408 қалай шықты caso4 тің мольдік массасы 136 ғой
@xlxsxrxh
@xlxsxrxh 7 ай бұрын
менің қатем🥲 теңестірген кезде CaSO4-ті теңестірмей кетіппін. оның алдында 3 коэффициенті бар. 136×3=408 шығады
@Naeriiss
@Naeriiss 7 ай бұрын
Түсіндіргеңіз қатты ұнады.Мектепте дұрыс түсінбеп едім.Есеп шығару арқылы барлығын дұрыстап түсіндім.
@user-ok1ni7cr2u
@user-ok1ni7cr2u Жыл бұрын
Рақмет дальше дами бер!!!!!!!!
@askxyx
@askxyx 7 ай бұрын
большое спасибо вам ❤ Благодаря вам я понял эту тему❤
@digl5184
@digl5184 Жыл бұрын
Күшті
@user-ku4sk1nh7u
@user-ku4sk1nh7u Жыл бұрын
Рахмет ❤❤
@akbotaahmetova4070
@akbotaahmetova4070 7 ай бұрын
Рахмет
@Taeyong04
@Taeyong04 7 ай бұрын
көп-көп рахмет сізге!!! мектепте түсіндірмей үйге толтырып беріп жіберіп еді, сіздің арқаңызда бәрін түсіндім❤
@user-zu9ud3nb7e
@user-zu9ud3nb7e Жыл бұрын
Рахметтт❤
@user-pt8dr1sj1k
@user-pt8dr1sj1k Жыл бұрын
Рахмет апай алла разы болсы!
@xlxsxrxh
@xlxsxrxh Жыл бұрын
🫶🏻
@danialfox3086
@danialfox3086 Жыл бұрын
Рахмет қатты көмектестіңіз
@Naeriiss
@Naeriiss 7 ай бұрын
Сіздің арқаңызда осы § жетік түсіндім
@bb.qwerty3559
@bb.qwerty3559 Жыл бұрын
Өте көп рахмет сізге💗но пожалуйста өтінем тезірек 26параграфтын 5есебін шығара аласызба өтінемін бүгін шығарасыз ба көмегіңіз қатты керек боп тұр🙏🙏🙏🙏🙏🙏
@user-uv7cr7ml1t
@user-uv7cr7ml1t Жыл бұрын
Апай 25 ты шгарасзба срочнноо керек едд ертенге сабакка🥺😅
@arielsaru6586
@arielsaru6586 Жыл бұрын
§25 шығарыңызшыы😭
@user-xz4wg7dg2z
@user-xz4wg7dg2z Жыл бұрын
25 керек еді
@user-nq5po3xf9p
@user-nq5po3xf9p Жыл бұрын
Шығарыңызшы
@user-xj3pq2ku5h
@user-xj3pq2ku5h Жыл бұрын
Саламатсызба.Апай срочно ертең параграф 25тің есептерін шыгарасызба өтініш
@user-nq5po3xf9p
@user-nq5po3xf9p Жыл бұрын
25-26
@guldarkamshybaeva1851
@guldarkamshybaeva1851 Жыл бұрын
Саламатсызба 0.2 қайдан шықты жане 36.5
@user-nq5po3xf9p
@user-nq5po3xf9p Жыл бұрын
Өтініш
@Wayr_molya
@Wayr_molya 7 ай бұрын
5 есепте неге 80% ?қайдан шықты?
@xlxsxrxh
@xlxsxrxh 7 ай бұрын
20% жанбайтын қоспа бар. 100%-20%=80%
@Wayr_molya
@Wayr_molya 7 ай бұрын
Апай 5 есепте неге CO2 ал берілгеніңде тек C?
@Wayr_molya
@Wayr_molya 7 ай бұрын
Жауап берінізші апай!!!!!!!!!!!
@Wayr_molya
@Wayr_molya 7 ай бұрын
Неге 1 Моль?
@user-qv6fm8us5z
@user-qv6fm8us5z Жыл бұрын
Тәте 27 параграф ты жазыңызшы пж
@aminatoleykesh344
@aminatoleykesh344 Жыл бұрын
маган да срочно керек болып тур тате шыгарасыз ба бугын отыныш
@banemendy_8447
@banemendy_8447 7 ай бұрын
Осы такырыпты тусыне алмай койдым
@aminatoleykesh344
@aminatoleykesh344 Жыл бұрын
26 болама отыныш
Happy 4th of July 😂
00:12
Pink Shirt Girl
Рет қаралды 61 МЛН
마시멜로우로 체감되는 요즘 물가
00:20
진영민yeongmin
Рет қаралды 23 МЛН
아이스크림으로 체감되는 요즘 물가
00:16
진영민yeongmin
Рет қаралды 55 МЛН
Эксперимент над людьми. Трагедия Германии
37:34
Простая экономика
Рет қаралды 308 М.
Олеумге байланысты есептерді шығару (ОЛЕУМ)
59:50
Алтынай Жаңа Үйін көрсетті😱😱😱
5:01
Жұлдызды жаңалық
Рет қаралды 84 М.
Химиялық реакция жылдамдығы
52:26
Химия Мектебі
Рет қаралды 7 М.
9 сынып ХИМИЯ §21 Металдардың жалпы сипаттамасы
21:46
Химические уравнения // Как Составлять Уравнения Реакций // Химия 9 класс
5:25
INTENSIVKURS - Учебный Центр для Школьников
Рет қаралды 633 М.
Есепті 0-ден бастап шығару. Осыны көрсең..
15:28
Happy 4th of July 😂
00:12
Pink Shirt Girl
Рет қаралды 61 МЛН