Жаңаөзендік жүзге жуық жұмысшы 18 күннен бері үйлеріне бармастан ереуілде тұр

  Рет қаралды 8,624

Информбюро 31

Информбюро 31

Күн бұрын

Жаңаөзендегі «Теңге Ойл Газ» серіктестігінің жүзге жуық жұмысшысы 18 күннен бері үйлеріне қайтпай ереуілде тұр. Ас-суын далада ішіп жүрген азаматтар басшыларының бір тоқтамға келмей, ақысыз демалысқа шығып кеткеніне ашулы. Айтуларынша, компанияның бас директоры мен еңбек инспекциясына бірнеше рет хат жазған. Алайда, "жалақыны көтеріп, жұмыс жағдайымызды жақсартсын" деген талаптарына ешкім құлақ аспаған соң, бейбіт наразылыққа шығуға мәжбүр болдық дейді олар.
Бірнеше күннен бері ереуілде тұрған жұмысшылардың айтуынша, компания айына 100 мың тоннаға жуық мұнай өндіріп, мол пайда табады. Бірақ, соған қарамастан жұмысшылардың жағдайы басқа компаниялармен салыстырғанда тым нашар дейді жиналғандар. Сондықтан, қара алтын мен көгілдір отынды өндіретін компания біздің жалақымызды «ӨзенМұнайгаз» компаниясымен теңестірсін деген талап қойып отыр. Әрі сыйақы төлеу жүйесі қарастырылып, зиянды аймақ үшін ақы төленсін дейді. Одан бөлек, әр қызметкерге әлеуметтік пакет беріліп, жұмыс істеуге жағдай жасалғанын қалайды.
ЖАНСЕРІ ЕСЕНОВ, жұмысшы:
- Жұмыс берушіге 14 талап қойылып тұр. Соның ішінде ең негізгілері жалақы мәселесі. Жалақыны көтеру, осы уақытқа дейін бізде профсоюз-кәсіподақ құрылған жоқ. 1 пайыздық жарнасын басшылар тарапы төлемей отыр, үшінші мәселе условие труда, жұмысшылардың жағдайын жақсарту мәселесі.
ҚУАТ ҚАНҒАРАЕВ, жұмысшы:
- Қазіргі таңда басшы тарапы өздеріне ақысыз демалыс тағайындап, қазір ол мекемеде жоқ басшылар. Осы проблемамызды шешудің орнына, былай қарағанда қашып кетті. Бұл мәселені бұлар шеше алмаймыз деді. Бұл мәселені шеше алмағандықтан біздер құрылтайшыны шақырып бер дедік осы мекеменің. Бір емес, бірнеше рет татуластыру комиссиясын да сұрағанбыз. Бірақ, басшы тарапынан оны құрған жоқ.
Ал «Теңге ойл газ» компаниясының басшылығы жұмысшылардың ереуілін заңсыз деп тану үшін сотқа жүгінген. Қызметкерлердің дөңгелек үстел басына жиналып, мәселені шешейік деген талап-арыздары "Еңбек кодексінің талабына сай келмейді" деген уәж айтады. Басшылар қарапайым қызметкерлер еңбек заңнамасында белгіленген нормаларды бұзып, қажетті рәсімдерді жасамады деп отыр. Яғни, басшылықпен бетпе-бет тілдесуге серіктестіктегі жалпы саны 150 жұмысшының тек тоқсаны ғана қол қойған. Сондықтан, ұжымдағы адамдардың үштен екі бөлігінің қолы жоқ болғандықтан, дөңгелек үстелден бас тартуға құқылымыз дейді.
АМАНКЕЛДІ МОНТИБАЕВ, «TENGE Oil & Gas» ЖШС қаржы директоры:
- Жұмыс беруші жұмысшылармен төрт рет кездесу өткізді. Қойылған 14 талаптың 12-сі орындалуы жоспарлануда. Ішіндегі негізгі талап «Өзенмұнайгаз» жалақысымен теңестіру - ол мүмкін емес. Біздің қаржылық және өндірістік көрсеткіштер ондай мүмкіндік бермейді. Біздің компанияда қазіргі таңда өндірістегі қызметкерлердің орташа жалақысы 440 мың теңгені құрайды.
Одан бөлек, компанияның қаржы директоры жұмысшылармен арадағы мәселені еңбек заңнамасы аясында шешуге ниетті екенін жеткізді. Дегенмен, тас түйін болып бекінген жұмысшылар мәселе толықтай шешілмейінше ешқайда тарамаймыз деп отыр.
Махаббат Нұржанқызы, Фархад Шадкам
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informb...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#Жаңаөзен #наразылықтар

Пікірлер: 14
@ДаянаЖума
@ДаянаЖума 2 жыл бұрын
Өте дұрыс талаптарың.Халықтың жан айқайы.Орындау керек. Алға Жаңа Қазақстан!!!
@Асельасель-ф2я
@Асельасель-ф2я 2 жыл бұрын
Дурыс колдаймыз
@ЖанбалаКилибаева-о2б
@ЖанбалаКилибаева-о2б 2 жыл бұрын
Жарайсындар жигиттер отбасыға жақсы жаеалықпен оралың
@БагдатДюзелбекова-к3э
@БагдатДюзелбекова-к3э 2 жыл бұрын
Желкелеринен шыксын
@------1770
@------1770 2 жыл бұрын
Эээ Агайын 😥😥😥 Алға Қазақ елі 🇰🇿
@guliberik3283
@guliberik3283 2 жыл бұрын
👍
@ДаниярЛазер
@ДаниярЛазер 2 жыл бұрын
Ешкандай озгерис жок!
@jasdin9411
@jasdin9411 2 жыл бұрын
Жаңа Қазақстан қайда?
@БактиярЕсенов-е5о
@БактиярЕсенов-е5о 2 жыл бұрын
31-арнасына Алла риза болсын!- маңғыстау еліндегі жұмысшылардың еңбек ақы талаптары тыңдалмай ,ереуілге мәжбүрлі түрде шыққанын елге көрсетіп жатқанына.. Дегенмен,сіздерге по желания..:так,как сіздің көретін аудиторияыңыз бар ауқымды тел арнасыңыз..не то что какой блогер тірлік емес..Елде мұндай әлеуметтік араздыққа әкелетін ,еңбек дауын ,кең көлемде ашып көрсеткендеріңіз дұрыс еді..мыс;сюжетте.. басшы Кворум болмай.олардың арызын мойындамай ,заңсыз деп сотқа беріпті..Обычно кворум составляет 1/2 или 2/3 присутствующих от общего количества...жә-жарайды,егер 150-кісіден 95-і еңбек талабымды заң аясында қара десе ..тыңдалмайма?150-ден, Итр и тб.по определению,по суббардинации,жалақымен,условия трудасы ..жақсылар басшыға қарсы шықпайды..сонда жұмысшылар не жасау керек..!?! жалпы; жер қойнауын пайдаланушы по лицензия контрактный условия(Лку)-мен жұмыс жасайды..сол Лку-да жергілікті халықпен қалай жұмыс жасау жағдайы қалай қарастырылғанын да жергілікті әкімшілік қарау керек.олар не айтады..?! "менің қаражатым жетеді-,сендер өндіріс орнында, күрке де жатың!- деп кеткен басшылардікі..енді сөз жоқ...нонсенс! кәсіподақ жарнасын аудармай -деген тіпті әлеуметтік араздық туғызу.. Қарап тұрсаң,қарапайып өз қазағымыз -дың азаматтары..! Сайқал саясатпен шаруасы жоқ, жалақымен, еңбек жағдайын сұраған жұмысшылар..!кәсіпкерді жөн жосықсыз мазаламаң-! деген үкімет қаулысы болған шығар..ал мынадай әлеуметтік шаруа шығып жатқанда құзырлы органдар осы мекемелерді адал тексеру керек.аудит жасап қанша табыс табады,қанша пайызын еңбек ақыға береді,шығыны қанша..әрине шығынды көбейтіп..,табысты азайтып отырса ,қайдан жалақы толейді..дегенмен кен орны рентабельді бизнес..!жұмысшылар жалақысын төлеуге болады...Президент айтқан,жаңа қазақстан!,елді еститін үкімет! -еңбек қорғау министрлігі бәрі..,бәріне үлкен сын! қазақтың еңсесі көтерілсін!
@БагдатДюзелбекова-к3э
@БагдатДюзелбекова-к3э 2 жыл бұрын
Жемкорлар жеп жеп тойынып кащып кетти
@БагдатДюзелбекова-к3э
@БагдатДюзелбекова-к3э 2 жыл бұрын
Биликтин туги де кисаймай тургой
@КарашашМайкенова-г3ж
@КарашашМайкенова-г3ж 2 жыл бұрын
Алла қолдасын неге халыққа қолдау көрсетпейді !? Халықтың жағдайы төмен екенің неге көрмейді көздері соқырма өтірік жалған уәде беру керекгі не балаша алдап !!!
@НазираМакишева-э9п
@НазираМакишева-э9п 2 жыл бұрын
Бұл деген бассыздық билікке бәрібір қанша күн далада адамның құны жоқ болғаны. 1тиынға да. Журналистер айтады одан ешнәрсе шықпайды. Шіріген билік не қарап отыр қанша күнде
Краш ханзаданың “Аида керек емес” деп тыраштанғаны қайда?
25:35
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 304 М.
Хасанның өзі эфирге шықты! “Қылмыстық топқа қатысым жоқ” дейді. Талғарда не болды? Халық сене ме?
09:25
Демократиялы Қазақстан / Демократический Казахстан
Рет қаралды 343 М.
Friends make memories together part 2  | Trà Đặng #short #bestfriend #bff #tiktok
00:18
SISTER EXPOSED MY MAGIC @Whoispelagheya
00:45
MasomkaMagic
Рет қаралды 13 МЛН
إخفاء الطعام سرًا تحت الطاولة للتناول لاحقًا 😏🍽️
00:28
حرف إبداعية للمنزل في 5 دقائق
Рет қаралды 83 МЛН
ЖАҢАӨЗЕНДІК ЖҰМЫСШЫЛАР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
1:28
Басты жаңалықтар / Новости Казахстана
Рет қаралды 50 М.
Жаңа қондырғы жаңбыр жаудырды
2:19
MANGYSTAU TV / Маңғыстау телеарнасы
Рет қаралды 40 М.
«Жетібай-Жаңаөзен» автожолы қайта жаңартылады
2:11
MANGYSTAU TV / Маңғыстау телеарнасы
Рет қаралды 9 М.
35 Случаев, Когда Природа Сошла с Ума
25:03
Мастерская Настроения
Рет қаралды 9 МЛН
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 14 МЛН
Жаңаөзен мен Ақтау қалаларында тәртіпбұзушылық тіркелген жоқ
2:07
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 99 М.
Хасанның өзі эфирге шықты! “Қылмыстық топқа қатысым жоқ” дейді. Талғарда не болды? Халық сене ме?
09:25
Демократиялы Қазақстан / Демократический Казахстан
Рет қаралды 343 М.