“Аягөз-ділмар” үйірмесі “24 KZ” арнасынан көрінді…

  Рет қаралды 47

Dilmar шешендік өнер үйірмесі

Dilmar шешендік өнер үйірмесі

4 ай бұрын

Республикалық “Ділмар” шешендік өнерді дамыту клубы желілік Абай мектептеріне қарасты 8 үйірменің, түрлі өңірде ашылған 4 үйірменің жұмысын үйлестіріп, бағыт-бағдар көрсетіп, ақыл-кеңес береді, сайыстар мен байқаулар өткізеді. Солардың ішіндегі белсенді жұмыс істеушілердің бірі - Абай облысына қарасты, Аягөз ауданынан құрылған “Аягөз-ділмар” үйірмесі. Ал оның құрушысы #10 гимназияның 10-сынып оқушысы Әли Мұхтарұлы. Ол 8-9 сыныпты Абай атындағы РММИ-де оқыды. “Ділмар” үйірмесіне қабылданып, көптеген жаңа, заманауи бастамаларды бастады. Атап айтқанда, мектеп тарихындағы телевизиялық үлгідегі алғашқы жаңалық жасауды, тұңғыш реткі подкаст(“Айтарым бар”) түсіруді іске асырды. Үйірме тарихынан сыр шертетін бейнешежіре қорын қалыптастырды. Сондай-ақ, өзі де қарап қалмай шешендік сайыстарға қатысып шыңдалды. “Жыл шешенін” анықтау байқауының І орын иегері болды. Нәтижесінде оқушылар арасында өткен V республикалық “Ділмар” шешендік өнер байқауының бас жүлдесін қанжығалады. Мектептен, үйірмеден алған білімі мен тәлімін, “Ділмардан” жинаған тәжірибесін өмірде жылдам әрі сәтті, табысты түрде қолданып, алғаш рет аудандық деңгейдегі үйірмені құрып, іске кірісіп кетті. Осылайша ол шешендік өнердің жаңаша үлгіде дамуына айрықша үлес қосқан жас буынның алдыңғы сапынан көшбасшы болып көрінді. Жұмысын бастағанына жыл толмаған үйірменің жоспары көп. Соның бірі де бірегейі - наурыз айына жоспарланған, Бегеш шешеннің рухына арналған облыстық шешендік сайыс. Қазір оған қызу дайындық жүріп жатыр…
Осы үйірмені, Әлиді қолдап-қуаттаған, барлық мүмкіндік пен жағдайды жасаған Бегеш шешеннің ұрпағы, Аягөздегі #10 гимназияның директоры Абай Таласұлына айрықша алғыс айтамыз! Әлидің тағы бір жақыннан жәрдем берген қолдаушысы Әбішева Рыскүл мұғалімге де рақмет айтып амандық тілейміз!
Ұлтқа, ұрпаққа пайдалы, игілігі мол үйірме жайында “24 KZ” арнасы арнайы хабар жасап жалпақ жұртқа жақсылықты жария етіпті. Ізгілікті істі нәсихаттаған теларнаның ұжымына да алғыс айтып, шығармашылық табыс тілейміз!
Бес жылдық белеске табысты жеткен “Ділмарымыз” дамылсыз дами берсін!
“Ділмар - жаңалық”.
#ділмар #ділмарүйірмесі #шешендікөнер #шешендіксөздер #аягөзділмар #шешен #ділмарға5жыл #ділмарклубы

Пікірлер
A pack of chips with a surprise 🤣😍❤️ #demariki
00:14
Demariki
Рет қаралды 39 МЛН
World’s Deadliest Obstacle Course!
28:25
MrBeast
Рет қаралды 81 МЛН
MEU IRMÃO FICOU FAMOSO
00:52
Matheus Kriwat
Рет қаралды 12 МЛН
Пробую самое сладкое вещество во Вселенной
00:41
Кушать Хочу
Рет қаралды 1,9 МЛН
МЕДЕУ АРЫНБАЕВ ҮЙЛЕНДІ
2:45
Uz NeWs
Рет қаралды 403 М.
THE BEST KAZAKH MUSIC
26:31
Көңіл толқыны
Рет қаралды 147 М.
Рысбала Икрамбай Туып өскен ауылым
7:32
Рысбала Икрамбай
Рет қаралды 81 М.
A pack of chips with a surprise 🤣😍❤️ #demariki
00:14
Demariki
Рет қаралды 39 МЛН