Пікірлер
@user-bf9ue7kk7n
@user-bf9ue7kk7n 9 күн бұрын
Еңбегіңіз жана берсін, Жарқын шешен!
@aruka1609
@aruka1609 12 күн бұрын
Сұхбатты тамашалау арқылы түсінгенім шешендік өнердің мән мағынасы, сөздерді орынды қолдану арқылы өз өміріңе пайдасын тигізу. Қазіргі таңда шешендік сөзге қызығушылық танытатын жандар көбейіп жатқанын байқадым. Сонымен қатар мектебіміздің ерекшелігі болып табылатын Ділмар клубының қалай қалыптасқанын білдім. Шешендік өнерді меңгерген оқушы тек қазақ тілі мен әдебиеті пәнімен шектеліп қалмайтындығы туралы айта кеттіңіз. Осы пікірмен толықтай келісемін. Себебі, кез келген шешендік сөзді орынды қолдансақ, ол бізге өз пайдасын тигізеді. Сұхбаттас болған Дулат Тастекей мырза соған дәлел бола алған, қара шаңырақтың түлегі деп білемін. Алтын уақыттарын бөліп, қазақ тілі үшін, қазақ халқы үшін күйіп пісіп жүретін азаматтар көп болсын!
@user-sf6og4cc9i
@user-sf6og4cc9i 13 күн бұрын
Сәлеметсіз бе ағай?! Мен бұл Жарқын Сәленұлы мен Дулат Тастекейдің сұқбатынан аларым көп болды. Сұқбаттың басында-ақ Жарқын Сәленұлы Дулат Тастекейдің алдыңғы жолғы сұқбаттың көп қаралым жинап, халықтың шешендік өнерге деген қызығушылығы әлі күнге дейін бар екенін көргендігін айтты. " Адам анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам есті болады. Естілердің сөзін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады..."- деп Хакім Абай атамыздың 19 қара сөзімен бастағаны да маған ерекше ұнады. Осындай естілердің сөзін естіп, көрген сайын бізде есті боламыз. Бұл сұқбаттың біз шешендік өнердің ауыз-екі сөйлегеннің өзінде-ақ өлең секілді көркемдігін арттыра түсіретінін түсінеміз. Қазіргі таңда екі сөздің басын қоса алмайтын адамдар да бар. Шешендік өнер оның үлкен шешімі!
@user-ys1lg5kp6p
@user-ys1lg5kp6p 14 күн бұрын
Бұл сұхбатта сөзге шебер Жарқын Сәленұлы мен Дулат Тастекейдің әңгімесі түрінде өтті. Сіздің барлық сұхбаттарыңыз секілді бұл да Шешендік сөз туралы болды. Шешендік сөздерді насихаттау туралы, қазіргі кезде осы сөздердің ұмытылып бара жатқаны туралы әңгіме дүкен құрылған. Сұхбаттан шешендік сөздерді құрметтеп, оқып, насихаттау керек екенің түйдім Сұхбатта Абайдың 19 қара сөзі, оның "Естілердің сөзін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады" деген сөзі айтылды.Олардан басқа Ахмет Байтұрсынұлының "Тілі жоғалған ел өзі де жоғалады" деген өзімізге
@user-lh9gp4rj7x
@user-lh9gp4rj7x 15 күн бұрын
Аты-жөнім: Айпжан Жания Айдарқызы Шешендік өнердің мән-маңызы мен насихаты: Сұхбатта шешендік өнердің мән-маңызы, қолданысы, әдіс-тәсілдері айтылды. Сұхбатты көре отырып шешендік өнерге қызығушылардың санының көбейгенін байқадым. Әрі сұхбатта шешендік әңгімелер мен нақыл сөздерді орынды, майын тамыза отырып айтқаныңыз сүйсіндірді. Сонымен қатар өзімізбен жасты оқушылардың шешендік сөздерді өмірде тиімді пайдаланғанында көрдік. Өзімізге шешендік сөз өнері пәні аясында қолданып жүрген әдістерменде бөліскен болатынсыз : 1)жаттаған шешендік сөздерді дастархан басында ата-анаға айту 2) белгілі бір іс-шара мерекеде шешендік сөздерді қонақтарға насихаттау. Шешендік сөз өнерінің ата - ана , дос-құрбы арасына жылы қатынас орнататынына өмірден келтірген мысалдардан ( орыс мектепке барудан сақтап қалу, аға мен әке арасындағы келіспеушілікті шешу, қоғамдық орында сабырға шақыру) куә болдық. Маған Жүсіпбек Аймауыттың "Орыс тәрбиесін алған адам - ұлт қызметкері бола алмайды" сөзі ұнады. Сонымен қатар 9-сыныптарға берген шешендік сөз шығару тапсырмаңыз ұнады, оның ішінде Айару Қанатқызынң " Асханаға асыққан баладан ұлы ғұлама қайдан шықсын" деген сөзі ұнады. Сұхбаттан түсінгенім: 1)Ғ.Мүсіреп айтқандай "Тіл-салақ сөйлегеннен бұзылады" демекші, тілімізді құрметтеу, ана тілімізде сөйлеу. 2)жаттаған шешендік сөздер мен әңгімелерді тек жаттап қоймай, өмірде, тиімді мезгілде пайдалану. 3)әдемі сөзді - әдепті іске айналдыру . 4) бабалардың мұрасын өзгелерге насихаттау. Сұхбатта айтылған барлық мысал мен қолданылған шешендік сөздер ұнады. Осындай жақсы тақырыпта қозғалған сұхбаттар көп болғай !
@user-uq1jo1wu6s
@user-uq1jo1wu6s 16 күн бұрын
Бәрекелді! Мұғалім шеберлігін шәкірттерінен көріп отырмын!
@dilmar6799
@dilmar6799 15 күн бұрын
Рақмет!
@Akaryskuanishbai
@Akaryskuanishbai 16 күн бұрын
Ассалаумағалейкум ағай! Мен бұл сұхбатта шешендік өнер пәні жайлы біршама мәлімет алдым. Сіздің осы шешендік өнер жолында біршама еңбек еткеніңіз жайлы да білдім. Осы сұхбаттың арқасында шешендік өнерге деген көзқарасым біршама өзгерді. Сол себептен сізге алғысым шексіз. Тағы бір айта кетерім маған осы сұхбатта керемет әсер қалдырған тұсы сыныптасым Нұрасылдың еңбегі жайлы айтылған. Өзімізбен қатарлас шешен жігіттің біздің жасымызда бола тұрып осындай жетістікке жетуі маған бір ой қалыптастырды. Әлі бұл сұхбатты көрмеген сыныптастарыма айтарым сұхбат өте қызықты өткізіп жібермей бір сағат уақыттарыңызды бөлып толық қарап шығуларыңызды өтінемін.
@user-cv3di7te2x
@user-cv3di7te2x 16 күн бұрын
Армысыз ағай! Кезекті Дулат Тұрсынұлымен жүргізілген сұхбат алдыңғы сұхбатқа қарағанда көптеген жаңа өзгерістерге толы болған көрінеді. Шешендік сөз өнерін игеруші ұрпақтың қалыптасып келе жатқаны көңіл қуантары сөзсіз. Сөзіңізді Абай атамыздың "Естілердің сөзін ескеріп жүрген кісінің өзі де есті болады" деп 19- қарасөзінен бастағаныңыз заманымыздың есті азаматтарына керемет бастама болды деп ойлаймын. Осы бегзада өнерді жан-жақты дамытуды мақсат тұтқан келер толқынның қатары артып келе жатқанын әлеуметтік желідегі белсенділіктен, оқырмандардың қызығушылығынан байқай аламыз. Тіпті "Даланың дана ділмарлар" кітабына сұраныстың көп болуы да соның дәлелі. "Жүректің көзі ашылса, Хақтықтың түсер сәулесі Іштегі кірді қашырса Адамның хикмет кеудесі" деген Абай атамыздың асыл сөзі Әсет Жолжақсы ағамыз секілді Ділмар үйірмесінің шешендік сайыстарына демеуші болып жүрген алдыңғы толқындарымызға арнап айтылса керек. Сонымен қатар, осы Ділмар үйірмесінің мүшелері әрдайым шешендік сөз өнерін әртүрлі ортада, қоғамдық орындарда қолданып, өзгелерге насихаттап жүруінің өзі осының айқын көрінісі болып табылады. Біздің ата бабаларымыз ертеде бір сөзбен даудың, жаудың бетін қайтарып жүргеніне дәйек келтіріп, Саққұлақ бидің оқиғасын айтып бергеніңіз ұтымды болды деп ойлаймын. Бапан би мен Байдалы бидің арасындағы кикілжіңді бір ауыз сөзімен тоқтатқан Сәбден бала секілді сөзге шешен, тап бермеде тауып айтар, көшбасшы бабаларымыздың ұрпағы біздер емес па? Ендеше осы күннің сөз бастар шешендері мен қол бастар көсемдері біздер болғандықтан, бойымызда, қанымызда бар бұл қасиеттің арқасында болашақта көптеген белестерді бағындырып, шешендік сөз өнерін өркендету біздің қолымызда!
@toleumuratovanurkhanym
@toleumuratovanurkhanym 16 күн бұрын
Бұл сұқбат-мен көрген сұқбаттардың ішіндегі қазақтың ұлттық құндылықтары туралы өзекті тақырып қозғалған ерекше сұқбат болды. Абай. Иә, қара шаңырақта тұрғандықтан, Абайдың әлемімен жақсы таныс адамның сөзін Абаймен байланыстырмау қате болар!? Осы тұста ағай Абайдың 19-қарасөзін жақсы пайдаланыпты. Расында, алғашқы подкасттан кейін шешендік өнерге қызыққан, "Ештен кеш жақсы" деп осы салаға бет бұрған кісілерді өз көзіммен көргенмін. Таңғалғаным өтірік емес. Осы сұқбаттың басқаларынан айырмашылығы да байқалады. Нақтырақ тоқталайын. Шешендік өнер тек сөйлесуге ғана әсер етпейтіні. Ол арқылы ұлттық құндылықтарымыз жайлы,тәрбие жайлы, өмірдің мәні жайлы түсіне аламыз. Бастысы, жан-жақты тұлға қалыптаса алады. Дулат Тастекейдің мына бір ойын қоса кетейін: "Адамның сөйлей алуы оның дәулетіне әсер етеді". Шынымен де, қай салада болсын сөйлей алу ол сол саланың басында көшбасшысы болуына титтейде болсын септігін тигізеді. Тіпті, осы нәрсені шет елдегілер дұрыс пайдаланып, университеттерінде оқытатын көрінеді. Сұқбатта қозғалған өзекті тақырыптардың бірі: Қазіргі заманда осы шешендік өнер саласын дамытатын, оны үйрететін азаматтар бар ма? Иә, бар. Бар екен. Бірақ, көп емес екен. Қоғамда оны үйретпек түгілі, соны үйрететіндерге көмек қолын созбайтын адамдар да бар екен. Осы орайда "Неге ұлттық мұрамызды дамытуды қолдамайды екенбіз?" деген сұрақ ойыма сап ете қалды. Әрине, мұның бәрі менің сұқбатты көру барысында түйген ойларым... Сұқбатты көру барысында түсінгенім бабаларымыздың мұрасын дәріптеу жолында еңбек етіп жатқан азаматтарымызды бағалауымыз қажет. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттайық, ұмытпайық!
@user-se3us8ou9j
@user-se3us8ou9j 16 күн бұрын
Дүйсенбай Нұрдәулет 8А Бұл бір сағаттық сұхбатта:ең алдымен хакім Абайдың 19-қара сөзін баяндап береді.Ол жерде есті болу үшін не жасау керек,ессіз болу үшін естілердің айтқан сөзіне бей берекет қарау,бұндай сөз түсінбейтін елге сөзіңді қор қылғанша,өзіңді танитұғын шошқаны баққан жөн болар деген.Бірінші сұхбат пен қазіргі сұхбатта көптеген нәрсе өзгерген.Біріншіден тыңдаушылардың аталы сөзге тоқтайтынын айтты.Екіншіден тик ток инстаграмда оқырмандар саны көбейгені жайлы айтты.Тағы да айтарлықтай жайт ол ютуб арнасында көрермендер саны аз болғаны үшін Жарқын Сәленұлы қатты күрсінген.Содан кейін оған деген құлшынысы артқаны жайлы айта кетті.Үзінші айтайын дегені Даланың дала ділмарлары кітабына тапсырыстар көп түскені жайлы айтты.Шешендік сөздерді 5 топқа жіктейді Ахмет.Б-ұлы.Соның біреуінде қошамет шешен деген сөз бар.Тойларда,мерей тойларда айтылатын сөз.Және Жарқын Сәленұлы Абай РММИ атты дарынды балаларға арналған мектепте шәкірт дайындап жатқанын айтты.Сөзге шебер,ұлтын сүйетін шәкірттерді шығару мақсатта жүргенін айтты.Баланың тәлім тәрбиесі туралы да сөз қозғалды.Осыған бір дәлел ретінде Батам би баласын кішкентай кезінен қасына ертіп жүреді.Ол бала дау мәселесін естісін,көз аясы кеңейсін деп ертіп жүреді.Байдалы би мен Батам бидің арасында дау болғанда Батам би сөзден тосылып жауап бере алмай қалады.Сонда 17 жасар Сәбден бала дат биеке деп Байдалыға айтады.Байдалы сонда 17 жасар баланы менсінбей тұрады.Солай Байдалы би Сәбденнің арасында әңгіме кетеді.Байдалы биге 17 жасар баланың айтқан сөздері ұнап мен тозған екенмін сен толған екенсің тізгінімді саған берейін.Бүгіннен бастап сенің атың Саққұлақ деп айтады.Абай мектебінің балаларының жақсылық жасағаны туралы 5-6 мысал мен оқиға керемет баяндалды.Одан соң бала тәрбиесі жайлы пікірлер айтылды.Ол орыс тәрбиесін көп көрген балалар қазақ тілін ертең ұмыт қылады деп ойлаймын.Және біз күнделікті жаттап жүрген сөздерімізді күнделікті баға үшін емес,өмірде қалай қолдану керектігін білу керек.Тағы айта кетерлік нәрсе ол мектепке 2018 жылы мектепке жұмысқа тұрғанын,2019 жылы Ділмар үйірмесін құрды.Сомен бұны қорытындылай келе біз сөз қадірін өз қадірім деп құрметтеуге келеді.Барша қазақ елінің тілін дұрыстау,тәрбиені дұрыстау жайлы үндеулер! Дүйсенбай Нұрдәулет 8А
@ZHK_00
@ZHK_00 16 күн бұрын
Сәлеметсіз бе?! Бұл сұхбаттың бізге берер пайдасы өте көп болды. Өткен жолғы сұхбаттардан кейін оқырмандар, шешендік сөздер өнері қызыққандар көп болып сұраныстар артты. Сондай-ақ, шешендік сөздердің өмірімізде өте үлкен өзгерістер алып келетінін біле алдым. Нақтырақ айтсақ, Үмбетей жыраудың сөзімен ағасының түпсанасына терең ой жеткізуі, 17 жасар Сәбденнің әкесі сөзген жеңілгеннінде дана сөз айтып, келген қонақты аузына қаратып,саққұлақ атануы. Сонымен қатар бізге де күнделікті үй тапсырмасына беріп жүрген қонақтардың, отбасынын алдында шешендік әңгіме айту арқылы отбасымыздың бізге деген көзқарасынын қалай өзгеретінін білдім.Ахмет Байтұрсынұлының «Тілі жоғалған жұрт өзі де жоғалады» деген ұлағатты сөзді дәл орнында пайдаланып бауырын қазақ мектебіне бергені қатты ұнады. Ділмар үйірмесінің қалай пайда болуын өз аузыныздан естіп, оның түрлі пайдаларын көре алдым. Өзі басқа салада жнрсе де шешендік әңгімелерді білуі, сөз шеберлігі арқылы ортасында көшбасшы бола алған осы мектептің түлегі дәлел бола алады. Шешендік сөздерді жаттауға,түсінуге,оны қандай кезде айту керектігі туралы бірнеше жолдарын атап айтып көрсеттіңіз. Бұл сұхбат сонысымен ерекше болды. Абай атамыздың 19 қарасөзінен де аларымыз көп болды.
@balapesultan4432
@balapesultan4432 16 күн бұрын
Шешендік өнердің мән-маңызын баяндау мақсатында жүргізілген бұл сұқбат барша көрерменнің көңілінен шықты деп ойлаймын. Сұқбаттың басын ұстазымыз Жарқын Сәленұлы қойылған сұраққа жауап бермес бұрын,Абайдың шаңырағында отырғанын ескеріп, Абай атамыздың 19-қара сөзімен бастады. Кейіннен тілшінің "Алдыңғы сұқбаттан кейін қандай өзгерістер болды?" деген сұрағына "аталы сөзге тоқталып, сөз қадірін өз қадірім деп бағалайтын " адамдардың көп екеніне қуанышты екендігімен, "Даланың дара ділмарлары " кітабына сұраныстың көбейіп, онымен қоса кітап арқылы өзінің сөзі жарасқан жолдасын тапқаны туралы айта кетті. Кейіннен "шешендік сөз өнерін насихаттау жолында жаңа ұрпаққа шешендіктің жаңа түрін жасау керек пе?" деген сауалда Бапанның баласы Сәбден туралы оқиғаны айтып, артынан біздің мектепті де мысалға ала кетті. Осы тұста біздің, Абай мектебінің оқушыларының ШСӨ сабағынан алатын пайдасы өте көп: шешендікті насихаттау, көпшіліктің алдында сөйлеуді дамыту және маңыздысы - бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты бекіту, кез келген жағдаятта қолдана білу(мысалдар да келтірілді). "Сөздің мағынасын біле алған - өмірдің мәнін де біле алады." Ата-бабаның ұлағатын анасындай қадірлейтін жастарды қалыптастыру үшін құрылған "Ділмәр" үйірмесі жайлы, үйірменің жетістіктері,шәкірттері туралы да сөз қозғалды. Сонымен қатар, шешендік сөз өнері тек бабамыздың мұрасын үлағаттау үшін ғана емес, кез келген салада қажет екендігіне дәлел келтірді. ҚР-ның оқу ағарту министрлігі ұсыныс жасап, теріс жауап алған Жарқын ағай еліміздің болашағына алаңдайтыны көрінді. Соңына қарай, ұстазымыз шешендік өнердің сондай керемет, қасиетті екендігі дәлелдеу мақсатында бірнеше оқиғаны айтып өтті. Дәріс алған шәкірттерінің,9-сынып оқушыларының сөздерін де айтылды. Бұл сұқбат барша қазақты, көрерменді аталы сөзді құрметтеп, сөз қадірін өз қадірім деп құрметтеуге шақырады!
@user-qq8gh5bi5j
@user-qq8gh5bi5j 16 күн бұрын
Армысыз,ағай!?Бұл сұқбаттың аларға берері жетерлік.Соның бірі,ауызым бар екен деп көпіріп сөйлеп,басқаларға өз надандығыңды көрсетудің керегі жоқ екені.Бұл ұғымды Дулат Тұрсынұлының "әдемі сөйлеймін деп ауызға келгенді айта бермей керек,сөйлеудің де өз орны орны болады"деген сөздерімен бекіте аламын.Ал,жалпы сұқбаттың өзіне тоқталсам.Маған бір ұнаған жері Дулат ағамыздың қойған сұрағына сіз бірден Абайдың сөзімен бастағаныңыз.Одан кейін қойған сұрағын жауапсыз қалдырмай,қазіргі қоғамның басты мәселелерінің дұрыс шешіле бастағанымен салыстырдыңыз,бұл сөз де жөнді болды деп ойлаймын.Әрі,сұқбатта,асыл сөз десем артық етпес,бір нақыл сөз болды.Бұл"шешендік өнер сөз уарлыққа емес,сөз ұғарлыққа алып келеді"еді.Өзі жеңіл болса да,мағынасы түсінген жанға ауыр бұл сөздің артынан көрсеткен нәтижесі де,мысалы да орынды.Тағы ұнаған тұсы Дулат Тұрсынның сұрағынан үзінді:"Жәй сөзбен адамды қанағаттыра аласың,жұбата аласың,жылата аласың,қуанта аласың"осы айтқан сөзі адамды қатты ойландырады.Ал,бұл сөзге дәлел деп сіз Төле бидің оқиғасын айтып бердіңіз.Осы жауаптан кейін адам бір үлкен белгісіз кеңістікте жалғыз өзі отырғандай күйде болып,өз сөзінен кеткен қателерін бір саралап шығатындай.Ойымды қорытындылау үшін Майқы бидің "Естіге айтқан ақыл сөз,шыңға тіккен тумен тең.Ессізге айтқан ақыл сөз,құмға сіңген сумен тең."есті болайық!Бабаларымыздан қалған асыл мұраны насихаттап,құрмет көрсетейік.
@kusaiynbeknur513
@kusaiynbeknur513 16 күн бұрын
Дулат Тастекей мен сіздің араңыздағы сұқбат өте пайдалы һәм мағыналы болғаны айтпасамда белгілі деп ойлаймын. Сұқбатты көптеген желілерге тарату керек. Қазіргі уақытта көбі(көпке топырақ шашпаймын) газет, кітап оқымайды. Шешендік өнерді жан-жақты дамыту үшін, тағылымы мол, тәлім-тәрбиеге толы осындай сұқбаттарды әлеуметтік желілерге таратсақ, сонда ғана еліміз көркейеді. Жүсіпбек Аймауыт атамыз «Адамның өзі көркейсе ұлты көркеймейді Ұлты көркейсе өзі де көркейеді» дейді емес пе? Егер елімізді көркейтетін осындай жалынды азаматтар болғанда, біз еліміздің атын шығаратын бала, елге сыйлы беделді болар дана тәрбиелей аламыз. Ал, сол қадамдарды ең алдымен өзімізден бастау керек деп ойлаймын. Осы сұқбатты көру арқылы сол қадамдарды ақырын жүріп, анық басып келеміз. Бірақ, жетістікке жету үшін бастан қиындықты да өткеру керек қой. Осы жолда билікке де көтеріліп, ұсыныс тастадыңыз. Өкінішке қарай, олар сізді құптамады. Бұл еліміз үшін сын деп ойлаймын. Үлкен тарих болып, оның болашағы болмау өрескел қателік. Сіздің шешендік өнерді дамытудағы ісіңіз көптеген адамға үлгі болатыны сөзсіз. Бұл сұқбат Дулат Тастекеймен бір емес екінші рет өткені бәрімізге белгілі. Сол екі бөлімді де үзбей көріп келе жатқан азаматтардың қатары толыққаны да айдан анық. Тек көріп қана қоймай, оның мән-мағынасын толық түсінгендерде бізге мәлім. Оның бір дәлелі: жақында тау бөктеріндегі Райымбек ауданында өткен аудандық шешендік сайыс. Бұл сайысты өткізуге ерен еңбек етіп, елімізге қажет бегзада өнерді дамыту жолында еңбек еткен, өзінің туған жерінде де бетке ұстар, беделді, сыйлы азаматтардың қалыптасқанын қалаған- Олжас Тұрсынқожа ағамыз. Олжас аға өзінің жұмыс бағыты құрылыс болғанменен, елді жан-жақты дамыту үшін тер төкті. Елінің бетке ұстар азаматтарының біріне айналары сөзсіз. Қазақи қаймақ тілімен қайыра айтқанда, осындай мән-мағыналы сұқбаттар елімізде кемеңгер бабалардың көреген ұрпақтарын тәрбиелейді. Сондықтан, бұл сұқбаттың пайдасы біз үшін де, ел үшінде зор. Әрі бұл сұқбатты көрген адамның қандай ой түйері тайға басқан таңбадай анық байқалады. Сұқбатқа тән бір сөзді айтқым келіп отыр: «Қара қылды қақ жарған жақсылардың белгісі» Сол жақсылардың бірі болайық. Сол жақсыларды тәрбиелейік!
@AselBazarbai
@AselBazarbai 16 күн бұрын
Базарбай Әсел 8"А" 1 сағатқа созылған бұл сұқбаттың негізгі тақырыбы мен басқада көтерілген мәселерін анық-қанығымен түсіндім.Бастапқыда алдыңғы сұқбат пен сол сәтте болған сұқбаттың айырмашылығын талқылады.Хакім Абайдың 19-қара сөзінен үзінді айтып, естілердің бірі болуды дәріптегені бастапқыда жақсы із қалдырды.Сонымен қатар, шешендік сөзді қолданудың жан-жақты қолдану дұрыс,бірақ дұрыс сөйледім деп, көп сөйлеп көпірудің қажет жоқ екенін ұғындым.Біздің мектептің оқушыларының шешендік сөйлеу өнері пәнінен алған білімін кез-келген жағдаятта дұрыс пікірмен қолдана алатынын білдім.Маған Жарқын ағайдың Ахмет Байтұрсынұлының "Сөздің мақсаты:белгілі пікірді түрлі дәлелдермен сипаттап түсіндіру мен ғана қоймай,сол сөзге сендіру,нандыру,үйрету,балқыту ,иман келтіру" деген сөзін мысалға алғаны қатты әсер қалдырды.Одан бөлек ата-баба ұлағатын кеңінен дамытуға жоғарғы оқу ағарту министрлігінің бейжай қарағаны біртүрлі көзқарас қалдырды.Сұқбатты тыңдай отырып ШСӨ пәнінен дәріс алғандардың ойы қарапайым үлкен адамдардан қарағанда кеңірек болатынын түсіндім.Мен сұқбатты тыңдай отырып мына сөздерді дәптеріме түртіп алдым: Жанғұт шешен айтады: "1 сөз айтсаң жақсыға аталы сөзге тоқтайды, 1 сөз айтсаң жаманға өмірінде ұқпайды.Надандықтың белгісі өзін-өзі мақтайды.Көкірегі соқырға өмірде таң атпайды", Ахмет.Б: "Білімдіден не пайда,білгеннін жұртқа айтпаса.Үйреткенен не пайда қайырымы қайтпаса" - деген астары кең сөздер маған ұнады. Ағайдың ауқымды тақырыпқа біраз шешендік оқиғалар келтіре айтып кеткені көңілді жайдарлатып жіберді.Соңғы тұста осы мектептің оқушыларының өздері шығарған нақыл сөздерінің бірі "Ата-бабаңның ұлағатын анаңдай қадірле!" жүрекке жетіп , жүректің ішкі сезімін толғандырып жібергендей болды.Тағы да қосатыным, ағайдың сөзді жеткізу әдістерінің ішіндегі "1 ауыз сөзбен жұбату" әдісін Қаз дауысты Қазбек бидің оқиғасымен байланыстырғанды көңіліме сезімін отын ұялатты. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, аталы сөзге арсыз ғана токталмайды демекші, сөз қадірін өз қадіріміз деп ұғайық және дәріптейік!
@user-nq5df4qe6s
@user-nq5df4qe6s 17 күн бұрын
Ассалаумағалейкум ағай ! Мен бұл сұхбаттан шешендіктің сөз уарлыққа емес сөз ұғарлыққа әкелетінін түсіндім. Сонымен қатар біз осындай аталы сөздерді құлағымызға аспай қоймай, тоқтай білуіміз керек, сонда біз аталы сөзге тоқтайтын арлы адам боламыз.Осы сұхбат арқылы сіздің шешендік өнерге деген еңбегіңіздің ұшан теңіз екенін түсіндім. Сіз сияқты бабаларымыздың мұрасын бізге жалғастырушылар көп болғанын тілеймін және өзімде сондай болуға тырысамын.Бұл сұхбатта іш қынжылтар сәттерде болды ол министрлердің сіздің шешендік өнердің дамуына деген ұсынысыңызды құптамауы.Маған осы сұхбатта тағы бір ұнағаны Дулат ағамыздың "әдемі сөйлей аламын деп көп сөйлеп көпіре бермеу керек, сөйлеудің де өз орны ,реті болады және сол ретпен сөйлеу керек "деген пікірі қатты ұнады. Қорытындылай келе маған осы сұхбаттың берген пайдасы өте зор болды.
@akjarkin-eg2ky
@akjarkin-eg2ky 22 күн бұрын
❤❤❤❤
@user-ci6le5tq1w
@user-ci6le5tq1w 23 күн бұрын
Жарайсың Айерке өзіме тартқан.Есім өзім қойған едім ,Сұлу сіңілім.,тек алға.
@user-mf3vi3po1m
@user-mf3vi3po1m 23 күн бұрын
Жарайсыңдар 👍👍👍
@AkzhamalMalik
@AkzhamalMalik 23 күн бұрын
👏👏👏
@itswhiterke
@itswhiterke 29 күн бұрын
👏👏👏
@user-bp7kz9xz7u
@user-bp7kz9xz7u 29 күн бұрын
Керемет! Оқушылардың өз ойларын ашық айтып, пікірлерін анық білдіре алуы ұнады. Жан-жақты білім беріп, тәрбие беріп жатқан ұстаздарына мың алғыс!
@user-jg5hg2nh6g
@user-jg5hg2nh6g Ай бұрын
Өзекті тақырып екен
@user-pl2kd1lm6j
@user-pl2kd1lm6j Ай бұрын
Өте керемет😍
@bombashorts002
@bombashorts002 Ай бұрын
😂😂
@itswhiterke
@itswhiterke Ай бұрын
😍😍😍
@itswhiterke
@itswhiterke Ай бұрын
Жарайсыздар!
@user-zc3ld2ee3q
@user-zc3ld2ee3q Ай бұрын
Бәрекелді👏🏻👏🏻👏🏻
@user-zt9lu9sm6t
@user-zt9lu9sm6t Ай бұрын
Керемет
@bakitmangulov76
@bakitmangulov76 Ай бұрын
Керемет
@Almakhan_Gulzhaukhar
@Almakhan_Gulzhaukhar 2 ай бұрын
👏👏
@Almakhan_Gulzhaukhar
@Almakhan_Gulzhaukhar 2 ай бұрын
Бәрекелді! Аталы сөздің қадір-қасиетіне жетіп, мағынасын түсініп, елге тұшындырып жүрген сіздер сияқты адамдар көп болсын. Істеріңізге береке берсін! Бұданда биік белестер мен жетістіктерге жете беріңіздер!
@user-tr3pp4zq8m
@user-tr3pp4zq8m 2 ай бұрын
Жарайсың, Әли Мұхтарұлы талабыңа нұр жаусын! Жоба жалғасын тауып, ғұмырлы болсын! Тамаша!
@user-sd1pv4we3l
@user-sd1pv4we3l 2 ай бұрын
Әли жарайсың
@user-wr2cq4tk2d
@user-wr2cq4tk2d 2 ай бұрын
Еее братьчка
@user-wr2cq4tk2d
@user-wr2cq4tk2d 2 ай бұрын
😂😂😂
@adilasemxnna
@adilasemxnna 2 ай бұрын
Ойсыз сөзде көркемдік те жоқ деп Ғабит Мүсірепов бекер айтпаған. Жарқын ағайымыздай шебер сөйлейтін азаматтар көбейе берсін!!!
@dianaoralkhan4105
@dianaoralkhan4105 2 ай бұрын
Нұрасыл биік шыңдарды бағындыра бер! Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ көркем айтылған ой ұлы,ойландыра алған сұлулық ұлы. Ойсыз сөзде көркемдік те жоқ деп ұлы жазушы Ғабит Мүсірепов айтқандай бізді білім нәрімен сусындырып жатқан Жарқын ағайға мың алғыс!
@user-sp4mm1pc7z
@user-sp4mm1pc7z 2 ай бұрын
Нұрасылдың алдына қойған мақсаттары орындала берсін!!!
@user-sp4mm1pc7z
@user-sp4mm1pc7z 2 ай бұрын
Көркем сөз орақпен орып, кұрекпен күреп ала алмайсың. Бір-бірлеп тересің, бір-бірлеп тізесің.Деп Ғабит Мүсірепов бекер айтпаған. Көркем сөйлеуге шынықтыратын Жарқын ағайға мың алғыс.
@daulet-kabollaev86
@daulet-kabollaev86 2 ай бұрын
Керемет👍👍👍👍👍
@user-pr5iu9xs8r
@user-pr5iu9xs8r 2 ай бұрын
Әли Мұхтарұлы,алар асуың, шығар шыңың биіктен бола берсін!❤❤❤
@user-ul8id3fe5g
@user-ul8id3fe5g 2 ай бұрын
Қуаныш бауырым молодцы
@yrysgulhasenova8666
@yrysgulhasenova8666 2 ай бұрын
Қуаныш молодец 👏🏻
@user-qk8cb2so1f
@user-qk8cb2so1f 2 ай бұрын
Туған тілінің киесіне басын иіп, сөз өнерін құдірет деп білетін пейілді де зейінді жастарымыз көбейе берсін. " Ділмардың" керегесі кең болсын, адымы ашылсын. Асыл сөздің астарын ұғып, Шұбартаудың намысын қолдан бермей, шашасына шаң жұқтырмаған Қуаныш бауырымызға , барлық талапкерлерге Алланың нұры жаусын!
@zhanaralpyspaeva9649
@zhanaralpyspaeva9649 2 ай бұрын
Өте керемет, құнды жұмыс.Жарайсың балам🙏🙏🙏
@user-bv1wr1xl6s
@user-bv1wr1xl6s 2 ай бұрын
Өте тамаша болыпты . Жарайсың Әли талабыңа нұр жаусын
@user-sp6yj2zw3k
@user-sp6yj2zw3k 2 ай бұрын
Құтты болсын! Қуаныштымыз. Сәттілік тілейміз.Шешендіктің үлгілерін дәріптейтін қазіргі қазақ руханиятының жалғасы, сөз өнерінің майталмандары -жастарымыз өсіп, жетіле берсін! Сан ғасырлық тарихы бар қазақ халқының өмір сүрген белестерінде даулы, мәселелерді, әлеуметтік мәселелерді( жер дауы,жесір дауы т.б) шешуде есімдері ел есінде қалған Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би, Аяз би т.б бабалардың даналық пайымдары арқылы қоғамда сөз өнерінің құдіретінің маңызды құрал болғандығын, шешуші рөл атқарғандығын,қазақ деген дана халықтың ұлттық сезімін асқақтата аламыз . Мынау Қазыбек бидің қалмақ еліне барғанда қазақ елін таныстыруы, немесе, Абылайханның өз әскерлеріне Қалмақ еліне аттандырар кездегі айтқан сөзі, жалынды үні бүгінгі күнде Қазақ дипломатиясындағы нағыз шешендіктің үлгілері боп есептеледі. Оның үстіне бұл қағидаттар -Абылайша айтқанда: - Айтылған сөз, атылған оқ, оны кері қайтара алмайсың.. Сөйлегенде абайлап сөйлеу керек "меңзеген жолдары дипломатқа да тән қасиет және кім де болса ескеріп жүруі керек. Міне, осындай жауды тоқтатқан, майдансыз бітімгерлік жасап, мәмілеге келу бір ауыз сөзбен шешіліп отырғандығын яғни, сөз қаруы- Абылайдай ел басқарған көсемдердің стратегиялық тактикасының бірі болғандығын атап өткен жөн. Сондай-ақ, қазақтың 20жылдары Кеңес үкіметі кезінде Одақтық Сыртқы Істер Министрлігінде небары 20қазақстандық дипломат қызмет етті. Соның бірі-Нәзір Төреқұлов. Тұңғыш Қазақ Дипломаты, Сауд Арабиясы Корольдігінде Елші болған, сондай-ақ Қазақтың тұңғышТөтенше және Өкілетті Елшісі -Мәлік Сабырұлы Фазылов елшілік қызметтерінде дипломатиялық құжаттарды рәсімдеуде, мемлекетаралық келіссөздер жүргізгенде осы Абылайдың, Қазыбектің дипломатиялық ізгіліктерін үнемі басшылыққа алып отырған Сондай-ақ, бұл қанша ғасыр өтсе де өз заманының заңгері,дипломаты,басшысы болған тұлғалардың, сөзі,де,ойы да,ұлылығы да заман озған сайын жақындай түседі.Бұл күнде сол бабалардан қалған шешендік өнердің сипатын-бүгінде біртіндеп дипломатиялық тілге айналып келе жатқан мемлекеттік тіліміз арқылы өрнектелген диплопатиялық нота, вербальді нота, декларация т. б құжаттарда деректемелермен рәсімделуі бәрімізді де қуантады деп ойлаймын. Абылай, Қазыбек би т. б даналар негізін қалаған шешендік мектебінің өрісі кең, мәртебесі биік болсын! Қазақтың ұл-қызы бабаларша шешен тілде сөйлеп, шешен тілде оқып-үйренсін....
@dilmar6799
@dilmar6799 2 ай бұрын
Айтқаныңыз келсін!
@dilnurbaltagazina.92
@dilnurbaltagazina.92 2 ай бұрын
саттилик👏🏻👏🏻
@2014Zolotoyiao
@2014Zolotoyiao 2 ай бұрын
Жарайсың ,Қуаныш 🎉🎉🎉 Сәттілік. Сөз саптауыңнан ақ 😊 додада озып шабатыңа сенеміз❤ Білімді мыңды жығады. Тек ,АЛҒА !