АДАЙ ЖЫЛҚЫСЫ - 160 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЛАМАНДА БАС ЖҮЛДЕ АЛҒАН «ЖАСҚАНАТ» АТТЫ ТҰЛПАРЫ

  Рет қаралды 7,906

Маңғыстау Адай

Маңғыстау Адай

Күн бұрын

АДАЙ ЖЫЛҚЫСЫ «ЖАСҚАНАТ» АТТЫ ТҰЛПАРЫ!
Жолымбет МӘКІШ - Адай жылқысы - Қазақтың бағзы тарихынан қалған таза табиғи тек. Шетелдегі қаншама жарыста талай сәйгүлікті шаң қаптырып кеткен әлемдегі ең мықты жылқы тұқымының бірі саналады....
***
Франция мен Дубайда 160 шақырымдық Аламан бәйгеде бас жүлде жеңіп алып көк туды желбіреткен!
Адай жылқысы «Жасқанат» атты тұлпары оған дейін 2014 жылы Ресейде болған жарыста да 160 шақырымдық аламан бәйгеде бас жүлдені жеңіп алған еді.
РФ Мәскеу облысында Ресей Президентінің жүлдесі үшін аламан өтіп, Спасск қаласында өткен аламанда 160 шақырымдық бәйгеде Маңғыстаулық «Жасқанат» атты тұлпар бірінші келіп бас жүлдені жеңіп алған болатын. Бұл жеңіс «Жасқанатқа» Францияда өтетін халықаралық бәйгеге жолдама алып берген еді.
«Жасқанатқа» жеңіс бірден келмеген. Адай тұлпары әуелі 80 шақырымдық бәйгеде бірінші келген, сонан соң 120 шақырымды ұтқан, соңғы сайыста 160 шақырымдық қашықтықта бас жүлдеге жеткен. Жалпы жарыста 360 шақырымды бағындырған. (Шабандозы - Әбіш ЕТІРЕКОВ)
almaty-akshamy....
Видео - 2017 Мен Қазақпын мега жобасында көрсеткен хабар.
***
(Көкмойнақ жырынан үзінді)
Көкмойнақтың баласы-ай,
Көз ұямның қарасы-ай,
Көңілімнің наласы-ай!
Ере алмайды жүгірсе -
Шұбалаң құйрық шұбар да,
Қуыс қолтық қылаң да.
Қарабайыр, арғымақ,
Тесік өкпе қазан ат
Жарыса алмас бұлар да.
Тобан аяқ жабы емес,
Қол-аяғы жіптіктей,
Жіптік те болса - болаттай,
Болат оңай сынар ма?!
Доңыз мойын қара емес,
Басы жеңіл бұрарға.
Одан артық көлік жоқ
Кезенген жауға тап болып,
Кескілесе шығарда.
Майға бөгіп қалмайды -
Бір атасы құлан ба?
Сабау кірпік, тұнық көз -
Бір атасы бұлан ба?
Құлыбын кері қайырған
Мылтықты көр де оны көр -
Қос құлағын жымарда.
Біздің елдің адамы
Үшқұдықтың арасын
Сәске болмай қосады
Таң намаздан шығарда.
Қыс тоғыста - терлетер,
Жаз тоғыста - өр кетер,
Беріктігін сынарда.
Үш қиянның Қазағы
Тақ тұрады алдында
Бәсеке-дәурен құрарда.
Мініп шықсам құтыртып -
Айтқызбай-ақ таниды
Түп атамды сұрарда.
Жауға мінсем - айбарым,
Тойға мінсем - жайнағым,
Төбемдегі - байрағым,
Жанымдағы серігім,
Талыс танау көрігім,
Асылың хайуан демесең -
Малдан бөлек келімің.
Түлкідейін түн қатып,
Бөрідейін жол тартып
Шиыр салып жүргенім.
Қаба жалдың әр талын
Тарап ұстап сүйгенім.
Сізден басқа жылқыға
Ат екен деп мінбедім,
Көлік құрлы көрмедім.
Тақымыма бір тисең,
Ағын судай гүрледім.
Маңғыстауда бұлт едік,
Топтан озған ілкі едік,
Оза көшіп, кең қонған
Сегіз арыс жұрт едік.
Сегіз арыс ішінде
Егер қатын қалса бір
Туар мендей баланы,
Сізді қайдан табады?
Аса шапқан, тыз етпе
Теке-Жәуміт қаз мойын
Байласаң да төріне -
Келмейді ғой ол-дағы
Көкмойнақтың шеніне!

Пікірлер: 24
@kkfinancekek7319
@kkfinancekek7319 Жыл бұрын
Мықты
@bakebake4778
@bakebake4778 5 жыл бұрын
Ассəлəму уағалейкум! Адайлық бауырлар, осы тұқымды сақтап қалуда, Аллаһ сіздерге жар болсын.
@МаңғыстауАдай-ф2з
@МаңғыстауАдай-ф2з 5 жыл бұрын
Уағалейкум Ассалам! Әумин! Рахмет бауырым!
@РүстемЖарылғсов
@РүстемЖарылғсов 3 жыл бұрын
Адайлар алга
@МАКАКМ
@МАКАКМ 3 жыл бұрын
Суын айғырдан тараған көк-боз адай жылқысы деген аңыз əңгіме бар.
@aimanasanjalgasbaeva7929
@aimanasanjalgasbaeva7929 5 жыл бұрын
Ай жарайсын видеога рахмет
@АрыстанбекРакыбаев
@АрыстанбекРакыбаев 2 жыл бұрын
Ассалаумагалейкум баурым! , к'мнен тайлар сатып алуга болады,мен АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНАН болам
@aslanbekzhanbyrbayev7162
@aslanbekzhanbyrbayev7162 3 жыл бұрын
Адай Кырыкмылтык Есекей
@МуратбайБешимов
@МуратбайБешимов 5 жыл бұрын
кок мойнактын тукымы жануар мыкты екен
@sapar_otelgenov_1995
@sapar_otelgenov_1995 3 жыл бұрын
Jasasin adai lar Jemenei ler
@sadgolamushashyp5083
@sadgolamushashyp5083 5 жыл бұрын
Мыкты жылкы
@kudaibergenbaiamanov8628
@kudaibergenbaiamanov8628 2 жыл бұрын
Батырлардын Жылксы солай боладыгой👍
@ДинаМусаева-и2у
@ДинаМусаева-и2у 3 жыл бұрын
Керемет 👍👍👍👍👍
@ErjanChambilov
@ErjanChambilov Жыл бұрын
АДАЙ ҚОСАЙ ТІНЕИ ТУРІКМЕН АДАЙ
@канал9-й7ц
@канал9-й7ц 3 жыл бұрын
Сенбей жаткан баска обылыстың. Қазақтары қайда. Қазақ десең өзіңе тиет. Адай жылқысын мойындағылары келмиді. КОРЕАЛМАЙДЫ АДАЙ ДЕСЕ
@АйдосИсмаил-н5в
@АйдосИсмаил-н5в 2 жыл бұрын
Мойындаймыз. Мықты. Ұлытау өңірінен Ассалаумағалейкүм.
@МисуняМисуня
@МисуняМисуня 2 жыл бұрын
Иштери тар надандаргой
@НурболатКанибаев-ю5б
@НурболатКанибаев-ю5б 2 жыл бұрын
Ақтөбенің аттарыше 600км тобын бұзбай толық құрамда келді 5атыда
@lovelaslova
@lovelaslova 2 жыл бұрын
@@НурболатКанибаев-ю5б Ақтөбе Маңғыстаудан аодырған дейдіғо аттарды. Маңғыстау алғашқы 400 км 1 орынды бермей келе жатыр және 2 ші орынды ешкімге бермей келе жатыр
@erkebulanzhumanov6641
@erkebulanzhumanov6641 2 жыл бұрын
@@НурболатКанибаев-ю5б Актобе жарыстанда шыгып калдыго енди не дисин Адай жылкылары жайлап журип оздериникин жасап турго не дегенмен 4атпен ма́реге жетти енди бир 100калды буйыртса
@казакстаналга.батыс
@казакстаналга.батыс 5 жыл бұрын
Мен адаймын танысып отырайык жигиттер.
@АраласВайн-х2ф
@АраласВайн-х2ф 5 жыл бұрын
Конканнын атыго
@ҰлыҚаған
@ҰлыҚаған 4 жыл бұрын
Ия стансыдағы Қоңқа,Әнестердің аттарығо
БАЛУАНИЯЗДЫҢ ҚҰЛА АТЫ. Маңғыстау батырлары тарихы.
23:38
ҚАЗАҚША АУДИОКІТАПТАР
Рет қаралды 173 М.
Touching Act of Kindness Brings Hope to the Homeless #shorts
00:18
Fabiosa Best Lifehacks
Рет қаралды 19 МЛН
Фейковый воришка 😂
00:51
КАРЕНА МАКАРЕНА
Рет қаралды 7 МЛН
He bought this so I can drive too🥹😭 #tiktok #elsarca
00:22
Elsa Arca
Рет қаралды 61 МЛН
Бәйімбет Көрпе
17:18
Қабыл Еңсегенов
Рет қаралды 20 М.
Как она была права 1990 год
9:52
Ринат Шарифуллин
Рет қаралды 2,1 МЛН
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 13 МЛН
КӨКМОЙНАҚТЫҢ ҮЙІРІ (Адай тағдыры)
21:44
Берік Дауенов
Рет қаралды 202 М.
Джохар Дудаев (Dzhohar Dudayev), интервью "Взгляд" 1995 г.
1:29:28
Елдос Еміл 2024 Алматы төрінде
4:06
Маңғыстау 112
Рет қаралды 845
Адай жылқысы
0:24
Өтел Тәжіғалиев
Рет қаралды 27 М.
Touching Act of Kindness Brings Hope to the Homeless #shorts
00:18
Fabiosa Best Lifehacks
Рет қаралды 19 МЛН