Осындай жырларды мектептен бастап жаттау керек. Әр сөзі қандай керемет. Алла жап болсын.
@БакдаулетАбдикерим-е4ц Жыл бұрын
Жаттамайдау тек рухты намысшыл елм дитын казахтар жаттамаса
@baltashtore916611 ай бұрын
Қазақ жырының көкмойнағы бүкіл елге тарату таныту керек Елдос Емілдің барлық туындыларын, көп жаса Елдос Жырау!!!!!!!!!
@mangistayadai61346 жыл бұрын
Аллага шукир Кокмайнагымыз ресейден биринши орын алып келди Бабалар рухы разы болсын
@СаматХариоллаев8 жыл бұрын
Ата бабалардын рухтары разы болып, жандарды жумакта болсын.
@Максат-л1е2 жыл бұрын
Улы дала жорыгында Кокмойнак камандасынын тилеуин тилеп отырмыз. Алла жар болгай!!!
@АкжолЖандосов-н9ь5 ай бұрын
Өте керемет орындалған. Жылқының емес қазақтың тағдырын керемет келтірген. 👍👍👍
@БСаламатСарбалин6 жыл бұрын
Ер жүрек бабаларымның рухы жәннәтта болсын!
@amannuke86537 жыл бұрын
керемет жыр екен қанша естисенде жалықпайсың. .мәдени мұрадеп осыны айт
@sagyndykturganbaev19648 жыл бұрын
осы термени канша естисемде еш жалыкан емеспин керемет терме .
@nota30483 жыл бұрын
Қай халықта бар екен жылқыға осындай жыр арнайтын ?! Кейбіреулер өздеріне қарамай қазақты анау,мынау дейді . Мынадай керемет шығара алатын халық нағыз МӘДЕНИЕТТІ ,талантты, мыңдаған жылдар “қашалып” әдеміленген жырлар Мақамы қандай әдемі ,бір оркестр тыңдап отырған тәріздіміз , киелі елдің киелі термесі - таза алтын мұра
@АлимжанСамадинов5 жыл бұрын
Текті Адай Балықшыдан шыққан Ер Қармыс Балуанияз батырлар бар сол батыр аталарымызга Алла разы болып жәннәттан орын берсін! Сол Маңғыстаудың батырларының арқасы ғой мұнай.
@aset08065 жыл бұрын
Алимжан Самадинов коякойш болар, баримиз адаймыз, коймадын гой балыкшы деп, бизде батырлар коп болган! Так и так кырык болинемиз, катты айтсам кеширерсиз!
@batyrbekbatyrbek82145 жыл бұрын
Киели Мангыстауым менин жасай бер егер егемендик алып берген урпактарына аталарымызды н рухы биик жандары жаннатта болсын Алла !
@УбиевКойшыбай5 жыл бұрын
Қайран Шалдар!Əруақтарың разы болсын!Жырмен тарихымызды жазып кеткен!
@Марат-э6ц2д Жыл бұрын
Кино түсірсеғой шіркін осы жырдың желісімен қайда қарап жүр қазақтың кино түсіргіш жігіттері
@Дианадиана-к4щ7 жыл бұрын
атка деген кандай махаббат десенши. кайран Адайым
@ОразРискалыев6 жыл бұрын
құдрет қайран қазағым аман жүр ауызымыз бір болуы керек сонда еш қандай жау ала алмайды
@ҚыдырЖылқыбаев Жыл бұрын
Қазақ тілі Əдемі Қазақ тілі арқалы Қазақ болсаң Қозбай көрш недеген шіркін Мағналы ....
@МмМмм-з1и2 жыл бұрын
Бугын тагы мойындатты 1200 км бырыншы келып Кокмойнак Мангыстау 💪
@АдайАдаец-в2ц Жыл бұрын
Жарайсындар
@tbe588 жыл бұрын
Пай- пай, қайтейін, жарайсың Елдосжан!!!
@beksagittarius64737 жыл бұрын
bake 0158 Елдос Емил казак онеринин аскар шыны десем калай болады....
@tbe587 жыл бұрын
ия, тек оны біздің бағалай білуімізде
@МуратбекИманов-ж9х7 жыл бұрын
bake 0158 елдостын артынан Измурат Молбайев шыгып келе жатыр.
@ДүйсенС5 жыл бұрын
Пах шіркін ай.Көрмегенің болмады Адайым ай
@БекишБекиш-ч9я3 жыл бұрын
Елдос інім өнерің өрге жүзсін,
@erjankum Жыл бұрын
Әлқисса болар сөз басы, Ақылдың иман жолдасы. Бұл күндері болғанда Ақыл мен иман бүлінді, Заманым қырық құбылды, Жоғалып ынсап-қанағат. Отыз екі деген жылында Самның орғыл құмында Біздің Адай қырылды. Ақырын берсе салауат. Сұлап жатқан көп өлік Бұйрат құмды жағалап. Түлкі сарып сырыққа, Қарға қонды құрыққа, Қара шыбын балалап. Қырылып жатқан халықтың Көзін ғана ойып жеп, Құзғын ұшты табалап. Қарындас болды - қара бақ, Жүйрік болды - шабан ат. Ойға да қырға ел ауды, Саулы інгендей ыңыранған. Маңғыстаудың Қараойы, Кімге етермін аманат?!
@ЖанадилЖолдыбеков3 жыл бұрын
Ой бәрекелді жүректі елжіретіп жіберді ғой көк мойнақ.өнеріңе тәнтімін Елдос керемет кешегі Абыл мен Нұрымнан Қашағанодан бертін өсербай Аманқос айта берсек көп солардың жұрнағысың ғой солардың ізін басып келе жатқан маңғыстаудың мұнарлы жырауы өзіңсің Елдос тыңдағанда арқам шымырлайды.көмейіңнен жыр кетпесін.
@РайханЕмбергенова-и8л6 жыл бұрын
бауырым балыкшы адай.Адай нагыз.Балуанияз Ер Кармыс деген аталарымыз.Мен озим балыкшымын АДАЙМЫН.💪💪💪💪.Ғалымжан есімім Маңғыстау обл.Бейнеуден.
@muratonaibaev87915 жыл бұрын
Аман бол кандас, сегиз арыс Адайым мойындаткан талайын! /|\
@ЖанболатУрбисинов5 жыл бұрын
КАЙРАН Адайым нне кормедің əі көріп келеміз кешегі 11жыл не болған көрдім ел көрді
@ТабигатКойшыбаев5 жыл бұрын
Жылкы бар ма сататын?
@aset08065 жыл бұрын
Райхан Ембергенова Шонтыбаевтарды танисынба? Тоже рыбактар!😂
@БакдаулетТокабаев-ж8ч3 жыл бұрын
@@aset0806 кімсің
@АсылбекДауылбай8 жыл бұрын
адайда небир адамдар откенго арбир соз атка деген махаббат осылай болса адайлар адай атынын атағын шығарамыз талай катты ерге мал турар катты жерге су турар деген адайым осылай болуы керек казак жерге елге атка махаббат сонда бизден душпандарымыз коркады рухты болындар адайларым.
@aminjamilov32117 жыл бұрын
Шыбынтай (Балықшы); Әлнияз екі баласы Айтумыспен Жеменей шатаспаңдар ағайын
@maratbodykov88617 жыл бұрын
мен озим аргынмын бирак осы адаидын толгаун тындасам козиме жас келеди
@janaozen29807 жыл бұрын
Marat Bodykov Рахмет Айналайын! Қазақтың ауызы бір болу керек..Руды тек қанның тазалығы үшін білу міндет..
@symbatkaipiyeva80676 жыл бұрын
Marat Bodyk
@kzaktau65996 жыл бұрын
Marat Bodykov келшейші қонаққа киелі жер Маңғыстауға бауырым. Қонақ болып кет, Қазағым бəрі бірдейғо қонақ жəй Біздің ауылдың қонақ жəйін көріп кет.
@МаратБодыков-й4ф6 жыл бұрын
@@kzaktau6599 Рахмет насип болса барармыз . Сизде аркага меиман болып келиниз
@БАНУАЖГАЛИЕВА-к9и5 жыл бұрын
Дұрыс айтасыз. Бұл жырды әшейін тыңдау мүмкін емес. Не көрмеген қазағым. Маңдайы жарқырайтын да күн туар
@БердибекШынбергенулы-ж9ъ6 жыл бұрын
Елдос аға адамның кокмойнағысынғой сенин даусың Маңғыстауға мың жылда айналып туылармекен
@АбдулХаким-э2н6 жыл бұрын
Осындай жылқы туралы термелерді жарыққа көп шығарса екен
@sansyzbayerekenov42596 жыл бұрын
Кім болсада Адайдың батыр жігіті боп тұрғой 17 жасында бір үйір жылқыны орыстарға бермей неше жыл жалғыз жүрген Жырды жүрекке жеткізіп орындаған Елдос жыршы сау болсын
@АкнурРзабеков-т1э3 жыл бұрын
Светкали Нуржановтын айтуы,-Балыкшы Iзбан батыр Масакбайулы екен
@Нурсултан-е7э9 ай бұрын
Елақаң құсап ешкім қайталай алмайтын болар ау сірә🤩
@КанатКанат-э5й4 жыл бұрын
О Алла бiр озiн жар бола кор.
@erjankum Жыл бұрын
Қашқан ерде табан жоқ, Қапы кеттім, қайтейін, Қайрыла алмай артыма. Кірме болып көп жүрдім Бесқаланың халқына - Қарақалпақ, сартына. Түрікпен ішін шарладым Шөгерме киіп басыма, Шерік болып асына. Жауға бермес қонағын Басы жерге жеткенше, Жәуміт ауыл сақтады Құпиялап, жасыра. Ағайыным болмады Іздеп келген қасыма. Көк ала орда, көк орда, Қалы-кілем толы орда, Адыра қалғыр, жетпейді-ау Маңғыстаудың тасына. Аса шапқан, тыз етпе Теке-Жәуміт қаз мойын Байласаң да төріне - Келмейді ғой ол-дағы Көкмойнақтың шеніне. Кешіре көрсін яшы ұлы Айтты десе асыра. Мың ой келді басыма, Берекемді қашыра. ...Тағы да келдім тар жерге, Жасыма, жігіт, жасыма! Келген жерім айтайын - Кетік деген қала еді, Өзім келдім тал түсте Батағаның басына. Жөнімді айттым солдатқа, Сыр бүкпедім жасыра. Жауап алды қара адам Ит сықылды қабаған: - Байдың ұлы осы ма Жылқы айырған даладан? Кімнің малы бұл? - дейді, Басқа сөзді білмейді. - Бұл бір асыл тұқым-ды, Бар қалғаны - осы-дүр, Өзім бағып берейін, - Десем-дағы жалынып, Құлағына ілмейді. Отыз жетінші жылында Алып шықты қаладан Абақтыдан қамаған. - Айдарханға асыр! - деп, Пәрмен берді қара адам. Біз айрылдық осылай Маңғыстаудай даладан, Ұзын жатқан саладан. Көз алдымнан кетпейді Абақтының алдында Арба сүйреп баратып Арса-арса көкмойын Оқыранып қараған. Тағы да естен кетпейді - Ер салдырмас сен бе? - деп, Көк биені сабаған, Ит секілді қабаған Бағанағы қара адам. Асыл тұқым ардағым, Енді айналып келгенде Қайдан сені таба алам? Балуан жолбарыс білекті, Жігіт едім жүректі. Кешегі бір заманда Қилы-қилы күн өтті Соларды айтып толғасам - Көкіректе қатқан шер Біразырақ тараған...
@БСаламатСарбалин6 жыл бұрын
Елдос бауырым алла разы болсын!
@КалкаманМуханов5 жыл бұрын
Адайлар алга менде Адаймын.
@НурияНурия-й7и4 жыл бұрын
Жасасын адайлар
@nota30483 жыл бұрын
Маңғыстау терме жырларын әдемі мақамымен тыңдағанда тек қазақ емес баяғы сақ ,ғұн , түркі :оғыз, қыпшақ үндері естіледі неге екенін білмеймін ,Шыңғысхан ның - батырлар ізі көрінеді ...
@КуракЖанасаев6 жыл бұрын
Берик бауырым! Жарайсын! Термешы болса сендей болсын!
@ГасырбекТокешов6 жыл бұрын
Курак Жанасаев Елдос Емілғо айтп жатқан
@rozaolzhabayeva4682 Жыл бұрын
Жырды орындап отырған Елдос Еміл. Берік Дәуенов жинақтаушы ғой.
@erjankum Жыл бұрын
Кең Маңғыстау - кең ием, Кер жусанды саладан. Жиен ағам Көкбөрі - Өлексеге тоқ бөрі. - Не істейміз? - деп едім Атаңа нәлет қорс етіп, Әрі айналып: - Кет! - деді. Түбі шикі құл баулы, Ашамайда келген ит, Арам төлден өрген ит. Қаным қатып мен кеттім, Тағы үрер деп абалап. ...Жол тірелді тұйыққа, Бесатар мылтық иықта. Тәуекелге бел будым. Бел буған жерім айтайын: Ана Үстірттің етегі - Көз талатын қиыр-ды, Қиырға салып шиырды, Жинап-теріп бір күнде Қуып кеттім үйірді, Көк жұлынды тағалап. Ұзын санын сұрасаң - Торқа жалды тоғыз-ды, Серке санды сегіз-ді, Санап шықтым аралап. Мама бие, көк бие Арда құлынға ұқсатып Аузымды ашсам емізді. Ортасында жатқанда Көзден аққан қанды жас Омырауыма құйылды. Ұйықтатпайды түнімен Бөрі-шағыл қамалап. Тұсап қойдым жаныма Көк биені даралап. Қосқұлақтың тамында, Көк құлпытас жанында Сол көк бие кісінеп, Тағы он бес ат жиылды. Заман қысым салғанда Түзден нәсіп бұйырды. Бекет Атам мешітін Бес күн жаттым паналап. Сәрсенбінің сәтінде Дүркірете қуалап, Құмға сіңіп жоғалдым Қу түлейді сағалап. * * * Көкмойнақтың баласы-ай, Көз ұямның қарасы-ай, Көңілімнің наласы-ай! Ере алмайды жүгірсе - Шұбалаң құйрық шұбар да, Қуыс қолтық қылаң да. Қарабайыр, арғымақ, Тесік өкпе қазан ат Жарыса алмас бұлар да. Тобан аяқ жабы емес, Қол-аяғы жіптіктей, Жіптік те болса - болаттай, Болат оңай сынар ма?! Доңыз мойын қара емес, Басы жеңіл бұрарға. Одан артық көлік жоқ Кезенген жауға тап болып, Кескілесе шығарда. Майға бөгіп қалмайды - Бір атасы құлан ба? Сабау кірпік, тұнық көз - Бір атасы бұлан ба? Құлыбын кері қайырған Мылтықты көр де оны көр - Қос құлағын жымарда. Біздің елдің адамы Үшқұдықтың арасын Сәске болмай қосады Таң намаздан шығарда. Қыс тоғыста - терлетер, Жаз тоғыста - өр кетер, Беріктігін сынарда. Үш қиянның қазағы Тақ тұрады алдында Бәсеке-дәурен құрарда. Мініп шықсам құтыртып - Айтқызбай-ақ таниды Түп атамды сұрарда. Жауға мінсем - айбарым, Тойға мінсем - жайнағым, Төбемдегі - байрағым, Жанымдағы серігім, Талыс танау көрігім, Асылың хайуан демесең - Малдан бөлек келімің. Түлкідейін түн қатып, Бөрідейін жол тартып Шиыр салып жүргенім. Қаба жалдың әр талын Тарап ұстап сүйгенім. Сізден басқа жылқыға Ат екен деп мінбедім, Көлік құрлы көрмедім. Тақымыма бір тисең, Ағын судай гүрледім. Маңғыстауда бұлт едік, Топтан озған ілкі едік, Оза көшіп, кең қонған Сегіз арыс жұрт едік. Сегіз арыс ішінде Егер қатын қалса бір Туар мендей баланы, Сізді қайдан табады? Қамықпа, жаным, қамықпа, «Әр асқанға - бір тосқан», Мына алапат басылып, Жұлдызың ертең жанады. Соны неге білмейді Көкбөрілер манағы?! Бұралқы итті асырасаң - Түбі өзіңді қабады.
@ЖаркынбекИзбаганбетов-ь3ц4 жыл бұрын
Па шіркін ай,сау бол
@Smith_Wesson_pistolet7 жыл бұрын
Аллаға тəуба.
@mirbekwakenov5396 жыл бұрын
Шіркін кино қылып түсірсе
@ayazgultemirova94826 жыл бұрын
Mirbek Wakenov Аллаh қалауымен бұйырған күндері талай жырдың көрсетілетінi болар
@mediterraneanfa58835 жыл бұрын
Жоғары жақтың қазекеңдері жасатпайды ау,Адай жылқысы деген породаға қарсылық көрсетіп жүр ғой астыртын.
@КайратСанбай5 жыл бұрын
Ассалаумагалейкум бауырлар Таласатын ештеме жок бул жерде, болинип болинип биттико не керек жалпы Адайдын болмысы кай ру болмасын бари алгыр батыр жикке болмендер тутас Адаймыз болды.
@mediterraneanfa58835 жыл бұрын
"Адай деген ешқандай билікті мойындамаған халық. Басқа Қазақ руларына қосылмай бөлек өмір сүріп, олармен тіпті туыстық қарым-қатынас та орнатпайтын даланың жаугер ұлдары. Олар тек орыстарды ғана емес, өз қазақтарын, хиуалықтарды, Түркмен мен Текелерді де тонайды. Текелер де Адай сияқты басбұзар халық, олардың араларында мал ұрлығы, қақтығыстар жиі болып тұрады. "Русская старина" журналы, 1894 ж. #7
@ayba0122 жыл бұрын
ақымақ!
@ГалияАмирова-з3н Жыл бұрын
АЛЛА ЖАР БОЛСЫН
@МуратбайБешимов6 жыл бұрын
Адайдың баласы Келімберді баласы Шыбынтай(Балыкшы) деп атап кеткен. Кармыс батыр Балуанияз батыр. Балықшы руынан шыққан батырлар.
@ДаниярБуркитов-ъ6й4 жыл бұрын
Осыдан кейін сол көкмойнақ асауланып, қашып жеріне орлыпты мыс. Елге келсе, жұрт, иесі түгіл халық жоқ.
@VladimirNepomny4 ай бұрын
Хорошо музыка
@МерейМереев-в2ф3 жыл бұрын
Кайын журтым аргын.озим адаймын тобыш.домбырада оқыдым Елдос ағай ұстазым
@erjankum Жыл бұрын
Байрамалы, Марыда, Бесқаладан арыда Түбі жекжат түрікпен, Ол да қойдай үріккен. Оған барсам бір күні Тиер дедім залалы. Атқұмарлау халық еді, Көкмойнақты көргенде Бас салмаса жарады. Хиуа, Бұқара қала-ды, Егін еккен сала-ды, Ат қадірін не білсін? Соқаға айдап салады. Сұмырай болды бұл заман, Сұмдық болды ойлаған Көкіректе жан-ай жан Қайдан байыз табады?! * * * Қанды жастан кеппейді Көк биенің жанары. Жатсам-тұрсам айналып Қабағыма қарады. Асыр салып шаппайды Арда құнан жабағы. Құлан ішпес тұзды қақ, Тобын жазбай барады, Тобын жазбай қайтады, Ішім өрттей жанады. Үш жыл жүрдім аң болып, Жалғыз басым даң болып, Амал өтті, жаз өтті, Күз түсуге қарады. Іргесі бүтін бір ауыл Кең түбектен таппадым. Тірі адамнан ақпанда Бүкшеңдеген шал көрдім Иыққа асып қақпанын. Көктемеде бір көрдім Көсік қазып жатқанын. Қара күзде бір көрдім Сіресіп өліп жатқанын. Ашық екен жанары, Көмген болдым сауап деп, Аршып көне моланы. Сөйтіп жүріп қыс келді, Басқа қиын іс келді. Қыстаған жерім айтайын: Шымыраудың табаны. Үстімнен түсті бір күні Сегіз жігіт сайланған Шақырлап мылтық жарағы. Әй-шайыма қаратпай: - Қане, банды, беріл! - деп, Жан-жағымнан қамады. - Малды өткіз! - деп біреуі Бұғып айқай салады. - Бұл мал емес, сен малсың, Иттен туған арамы! Үңірейіп төніп тұр Көп мылтықтың араны. Сонда тұрып сөйледім, Сөйлегенде бүй дедім: - Сөзге қонақ бер, - дедім, - Жақынырақ кел! - дедім. Сөз тыңдайтын олар ма? - Мылтығыңды таста! - деп, Жанымды алып барады. Бас бермейін деп едім, Бастым ыссы табаны. Кісінеген ышқынып Көк биенің дауысы-ай Құлағымды жарады. Енді рақым маған жоқ, Құдай қылды, амал жоқ. Қалыбына көн қатса - Жеті атамда озалдан Ажалынан өлген адам жоқ. Уа, мен кімнің шікірәсі? Тәңірден басқа панам жоқ! Өле кетсем артымда Інім де жоқ, ағам жоқ. Ас беретін елім жоқ - Елсіз болсаң, молаң жоқ. Шүріппені бір бастым, Жата қалды сегізі - Сегіз кесек албастың. Көк жұлынға міндім де «Иә, сәт!» - деп жөнелдім, Қашқан ерде табан жоқ.
@beksagittarius64737 жыл бұрын
Елдос ширкин не деген дарыны текке кеткен казаксын...
@ziyash_kelamankizi2 жыл бұрын
Кокмойнактын уйыры жыр гой.Елдос быр туар жыршы гой шыркын.
@oryngaliatwibaev13217 жыл бұрын
керемет шығама
@НурсултанДаулетбаев-о3у7 жыл бұрын
Балыкшы да Адай арине Балыкшыдан Балуанияз деген батыр бар Балуанияздын сонгы жорыгы Хиуага карсы согыста каза тапкан Караган босагада жатыр Босагада.Осы жырда Адайдын 60 батырын айтат Балуанияздын жырында
@nurlantoreqanov63277 жыл бұрын
Нурсултан Даулетбаев
@manshukkonaeva99557 жыл бұрын
Нурсултан Даулетбаев гопдуж
@Zz-xw4ih3 жыл бұрын
Ер Кармыс емеспа Караган босагада жаткан
@azamatjeksenbaev69265 жыл бұрын
Адай келімберді
@Kazakh0122 жыл бұрын
Маңғыстауым✊🏼
@АмалЖантилеуов-ж9ж7 жыл бұрын
Сегиз арыс жары Даулеталы Кеше Мете Жетимек Базар Назар Бектемис Токтамыс ,Бул жыр Елдостын оз атасы Емил деген жетимек жарынын жыры деп аке агаларымыз айтатын еди ол киси 1970 жылдарга дейин сол Турменстан Ташауыз облысынын мал шаруашылыгында болды Аталары бай аукаты киси болган
@zhumalysaduakas92427 жыл бұрын
Бұл жерде сегіз арыс адай айтылып отыр ғой. Жары адайдың бір тармағы ғой.
@nurlantoreqanov63277 жыл бұрын
Амал Жантилеуов
@janaozen29807 жыл бұрын
Атасы Еміілдің жатқан жері Ташауыз обл.Ленин район.Қызыл Қазақстан колхозы..К-з басшысы Жары Жетімек Есболай Абатов болған..сол қойымшылықтың бəрі Жетімек пен Олжашы..қазірде бар..
@АлмаТабылдиева-э3б6 жыл бұрын
Адайдың аты да өзіде адай
@erjankum Жыл бұрын
...Өңім осы, түс емес, Ойлап тұрсам мынау іс - Бәлшебектің ісі емес. Ақыл айтқан әр баптан Заман парқын шамалап, Әр нұсқаны саралап, Асыл сойдың баласын Алып кетті бір түнде «Дұшпансың!» - деп қаралап. Он жетіде жасым бар, Қиылған қара қасым бар - Тастап кетті бала деп, Жүгірсем де «ағалап». Қамшы құйрық қызыл нар, Қаны таза біздің нар Мұрнынан тізіп оны алды Ауыл-үйді аралап. Көкмойнақтың үйірі-ай, Домбыра тартсам күйім-ай, Айқайласам әнім-ай, Ашырқансам дәмім-ай, Тұшырқансам тұзым-ай, Алдына салып айдады Бишігімен сабалап. ...Малдан зият жануар Қашып келді қайтадан Талай жерді аралап. Туырлықсыз тұл үйді, Қараң қалған мың үйді Иіскеп жүр жағалап. Күнде ертемен оянсам, Айналайын көзіңнен, Оқыранып келеді Көкіректі жаралап. Қол кісенсіз байлаулы, Іш қазандай қайнаулы, А, сұм жалған жаман-ақ. Бұл салғырттың бойында Нелер батыр өтпеді? Жауды көрсе жараған, Сөз десе бұлты тараған. Нелер тақ-тақ өтпеді? Аруанадай зарлаған, Ұл туады анадан Қиқуды естіп даладан. Көлденеңім - көк отау, Қырқа жағым - қырық отау, Ойпаң жағым - он отау, Белдеуінде әр үйдің Таң аспаса Көкмойнақ - Ол ауылдың несі артық Сырлаған сары моладан? Көксауыр жона ақбас ер, Ақ бас ердің қасына Бесатар мылтық ілмесе - Оны да жігіт санаман. Осы екеуі жоқ болмаса, Артыма қимай қараман. Қасқа да болған ерлерім, Сол қайраттан не көрдің? Ұстап берді айғақтап Қалған мұра бабадан. Мынау, мынау, мынау күн - Қасірет күн, жылау күн. Қатын-қалаш, кемпір-шал, Бала-шаға болмаса Аш өзектен шалдырды Бас көтерер абадан. Бытырады ел ауды, Аз аумады, мол ауды.
Елдос бауырыма Қазақ халқының еңбегі сіңген артісі атағын алып беретін аға барма екен,Қасиетті Адайдың қасрет қайғысы жарыққа қанын ағызып шығарған ініме мың алғыс осы Көкмойнақты тыңдағанда 1920 жылы аталардың тарихы емеспа.Әлде ағалар кпсс тің тәрбиесіне шыға алмай жүрсіңдерма
@МаратЮлдашбаевмендетокаевтиқол Жыл бұрын
Оте кушти айткан екен рахмет инимизге колдайк
@СугупРасул6 жыл бұрын
Тил козден аманбол елдос агатай
@ИльясАбдурахман Жыл бұрын
20:23 маңғыстау даладан
@ГаратаевБегарыс Жыл бұрын
сау болшы братан😂❤
@akzholabdiramanov86308 жыл бұрын
Светқали ағаның (Светқали Нұржан) айтуы бойынша: Балықшы руынан Ізбан Масақбайұлы деген батыр кісі жыры екен. Біле жүрейік.
@zheniszhenis76408 жыл бұрын
Akzhol Abdiramanov қай балықшы екен
@НаурызШуакбаев-с2б7 жыл бұрын
балықшылар Адай ма өзі жалпы
@шакенбайТасмаганбетов7 жыл бұрын
Наурыз Шуакбаев Балыкшы руннан Ер Кармыс дитын Батыр шыкан 70Жасында жауга щауып Кыз Емшекте Кармыс жатыр
@НурсултанДаулетбаев-о3у7 жыл бұрын
шакенбай Тасмаганбетов Дурыс. дурыс 80 жастаго 75 жасында
Қазақтың сор кешкен тарихын көз алдына алып келеді(((
@НурланНурлан-г2п8 жыл бұрын
Адаидың баилығы
@madiyarishbergen2385 Жыл бұрын
Елдосты тыңдағаннан кейін баска ешкім тыңдағым келмейді!
@bauyrzhannurmanov277310 ай бұрын
Сейчас Елдос Емил отрицает всё это
@БолатБолат-б2з4 жыл бұрын
ол көк мойнақ құрып кеткен кəзіргі солардан қалған сарқыты
@ЕрланТинов7 жыл бұрын
Адай тағдыры.
@qobyzsaryn95615 жыл бұрын
Бүкіл қазақ тарихыда сыиып тұрғандай
@nurlybekakmuradov4063 Жыл бұрын
көзге жас келеді!
@МусаАманов-т6щ7 жыл бұрын
қанша тыңдасаңда жалықпайсың маңыстау термесіне не жетсін
@sultanbeksaparov717610 ай бұрын
Жүрекке жететін терме😢
@Ержан-ы8ж11 ай бұрын
Жырда таиға басқандаи қылып батырларымызды аитсада бір кітап қа енбегеніне жаным ашиды.Бір ақшасы бар Адаидың азаматы шықпағанына өкінемін Ерқармыстың бір жырының өзінде жүз батырды аитады даиын киноғои соны сомдап кино түсіретін бір азамат шықпағаны
@aygulzhubaikyzy3381 Жыл бұрын
❤❤❤Керемет
@УзакбайМамбетов-п4е Жыл бұрын
Шіркін сол заманға алып кеттіғо
@Дорбақ7 ай бұрын
Қайран жылқы тұқымы Бармекен қазір
@nartaysaudanbekuly72574 жыл бұрын
Мен түсірсем бе дейм киножыр!
@nartaysaudanbekuly72574 жыл бұрын
Ер-Қармысты түсіріп қойдық. Қалың адай қатты ықыласпен қарсы алды.
@daudnomad21244 жыл бұрын
Ассалаумағалейкум, аға. Түсірсеңіз жақсы болар еді. Қолдайтындар көп. Көмегімізді тигіземіз. Сәттілік тілеймін!
@nartaysaudanbekuly72574 жыл бұрын
Daur Inirbay Ер Қармысты бір көрсең қайтеді
@kazakh83363 жыл бұрын
@@nartaysaudanbekuly7257 Ассалаумағалейкүм. Қайдан көруге болады?
@ИгандОрпкпь7 жыл бұрын
адай балыкшы
@Azen_Margulan Жыл бұрын
20:22 маңғыстаудай даладан
@bekakezt10144 жыл бұрын
🤗🤗🤗
@Нурсултан-е7э9 ай бұрын
Шедевр
@ААхметқызы Жыл бұрын
👍👍👍
@ИгандОрпкпь7 жыл бұрын
мына терме айтып жатканын бари адайга кирет нагыз балыкшы адайга кирет тусинбйтин адамдарга айтарым билмесениз арзатка мурнынды тыкпа билмесениз
@СарсенбайДоржигулов6 жыл бұрын
Орындайтын балықшы емес өттің жарылып өлетін болсаңда
@mediterraneanfa58835 жыл бұрын
《Адай халқы Ақтөбеліктермен де, Оралдықтармен де, Түрікмендермен де төбелесіп келеді, ондай жерде ссср кеңес үкіметін құруға болмайды》 (Ф. И. Голощекин)
@adaitagan85382 жыл бұрын
😂🤣
@СинусКосинус-п3в3 жыл бұрын
Ассалаумағалейкүм ағайындар, кім түсіндірер екен, жыр я да терме екенін қалай білеміз
@АйдарКаби3 жыл бұрын
Термеғо
@Kazakh012 Жыл бұрын
ШЕТПЕ🔥
@АдайКазак-г1м6 жыл бұрын
Па не деген атка деген суйиспеншилик
@ayazgultemirova94826 жыл бұрын
QAZAQTAR
@МухлисаЖумабаева-ш1г Жыл бұрын
ап баракелдііі
@ИлиясКиикбаев-ь7м7 жыл бұрын
Нұрыммен Қашағанның айтысы кімде бар Қашекең Нүрекеннің ауылына барып Нүрекеңе сәлемін берми қонақ жәйіне барғанда Нүрекек өзі іздеп барып айтысқаны
@ИлиясКиикбаев-ь7м7 жыл бұрын
Сол термені білетіндер болса жазшыншы
@МаңғыстауАдай-ф2з6 жыл бұрын
Илияс Киикбаев "Ұлы Адай Ұрпақтары" деген вконтактедегі Адайлар тобында бар!
@kzaktau65996 жыл бұрын
Маңғыстау Адай осында Ютубта бар
@ЖалгасМеденаев-п2ы6 жыл бұрын
Ия менде бар Кашаганнын айтканы Нурымга
@qoldasbayboribaev93456 жыл бұрын
Не ушин Адай жеменей деп айтып кетилген. Негизи Алнияз (Бузау) деп айтылмай калган. Озим Адай жеменей (Алнияз) каратока кишкилмин.
@bauka24542 жыл бұрын
Тууф тфәй-тфәй.
@ГалияАмирова-з3н Жыл бұрын
😥
@НаурызШуакбаев-с2б7 жыл бұрын
балықшы Адайға жатадыма жалпы өзі
@tbe587 жыл бұрын
ия, әрине
@ГалияАмирова-з3н Жыл бұрын
Жыламай, тыңдай алмайсың!!!
@ютубер13 жыл бұрын
🎸
@bauyrzhannurmanov277310 ай бұрын
Казир Елдос Емил бурынгы омирин отрицать етип жатыр. Жыр мен термелерди айткан ушин окинеди. Адамды адастырса Алла Тагалла адастырып жибереди екен.