Атамыздың керемет передача үшін мың алғыс!!! Алланың нұры жаусын сіздерге!!! Рахмеееет улкен!
@тяєѕ-т2щ8 ай бұрын
Алтын әпке, асыл әкеңіздің 100 жылдығы республика көлемінде аталып өтсе деген ұсынымымыз бар. Әсіресе, туған жері мен Астана, Алматы қалаларында. Балалар әдебиетінің майталман жазушысы, әнші, сан өнердің иесі әкеңіздің еңбектерін қайта басып шығарып, оқырмандарға жеткізу керек. Сіздей қызы бар әкеңіз бақытты!
@Сәрсенғали8 ай бұрын
Өте бір жақсы сұқбат болды. Зейнелғаби ағамызды оқып өстік, бүгінгі ұрпақ та оқуы тиіс. Сондықтан кітәптары қайта басылып шықса, жазушы есімі ұмыт болмай осылай аталып тұрса дейміз!
@altynimanbaeva3718 ай бұрын
Тілек қабвл болсын, Сәрсенғали!
@longRoushi8 ай бұрын
Спасибо за отличную передачу моего прадедушки! Очень многое о нем узнала! Познавательно! Желаем Вашему каналу процветание!!!❤
@НұрғалымИсабаев8 ай бұрын
Өте керемет сұқпат болды! Осындай хабарларды көбірек беріңіздер.
@gulshara.esetkyzy8 ай бұрын
Алтынға кейде қарап отырып,әй бір текті жерден шыққан баласыңау деп ойлайтынмын.Кеиін білдімЗинел--Ғаби Иманбаев еліміздің мақтан тұтар азаматы,Алтынымның әкесі екенін.Өтежақсы бағдарлама,Керемет әнші, журналист,Халқымның хас сұлу қызы Алтыным Асылдың сынығы,тұлпардың тұяғы екен--ау шіркін....
@altynimanbaeva3718 ай бұрын
Күлшара апай, жылы лебізіңізге көптен - көп рахмет! Әкемнің есімі жаңғырып тұрса екен деп, ескерусіз қалмаса екен деп әрекет жасап жатырмын. Биылғы жыл - әкемнің жылы. Әрине, ата-анамды, дүниеден өткен төрт бауырымды сағынамын. Бәрі алланың ісі. Алла шебер!
Бірге болсын, Гүлсім! Сен де Қызылжардың қызысың ғой. Менімен бірге қуанасың. Хабар көңілден шықты. Жаңылға көп рахмет! Алланың нұры жаусын!
@ainashtelgazieva61368 ай бұрын
Небір жазушылар іздеушісі болмағандықтан шығармалары да, тіпті аты жөні де жұртшылықтың жадында көмескіленіп қалатыны шындық. Әкем Байсейіттің атын мен қаншалықты шығарғанымды білмеймін, бірақ Күләш Одақ көлеміне паш етті (тура текст емес мазмұны осылай) етті дейді ғой Қанабек ағамыз. Сол сияқты Алтынжан, сен кез келген ұлдан артық әкең есімін ел есінде ескіртпей, жаңғыртумен келесің. Соның нәтижесінде папаңның жазушылығымен қатар ел экономикасын көтеру жолында жыл он екі ай бітпейтін маусымдық жұмыстарында үзбей еңбек етіп жүрген солтүстік өңірдің еңбеккерлерінің қимылдарын толассыз газет беттерінде, Қазақ рариосының толқынында тынбай көрсету арқылы журналистік қызметімен де таныстық. Одан соң соңғы жылдары ғана санаулы жандардың үрдісіне ене бастаған күнделік жүргізу ...қандай тамаша іс. Сол жазбалар арқылы ол кісінің әр кездегі белгілі бір оқиғаларға, кездесулерге байланысты көңіл күйін танып, әкемен жүздескендей әсер алған да боларсың деп ойлаймын. Сенің әншілігің, журналистік қарымың, поэзия мен жазушылыққа ұмтылысыңның қайнар көзі осы әке тәрбиесі, сол кісінің саған деген сенімінде жатыр ау ... Өте сәтті шыққан хабар.
@altynimanbaeva3718 ай бұрын
Иә, ата-ананың тәрбиесі ғой. "Он саусақ бірдей емес. Бәріңе бірдей тәрбие бердік, бірақ тәрбиені, ақылды әрқайсың бірдей қабылдамадыңдар.. Ана-мына деуге келмейді" деп отыратын жарықтық...