АЙДЫНДЫ АРАЛДЫҢ АРДАЛЫ ҰЛЫ - ТӘКЕЙ ЕСЕТОВ

  Рет қаралды 115

Нартай Кайырлапов

Нартай Кайырлапов

6 ай бұрын

15 қараша күні Арал аудандық мәдениет үйінде Қызылорда облысының 85 жылдығы, Арал ауданының 95 жылдығы аясында, мемлекет және қоғам қайраткері Т.Есетовтың 100 жылдығына арналған «Айдынды Аралдың ардалы ұлы» атты аудандық жазба ақындар мүшайрасы өтті.
Шараның шымылдығын түруге аудан әкміінің орынбасары К. Бержанов қатысып, жырдан жақұт терген ақындарға бүгінгі жарыста сәттілік тіледі.
«Бүгін аймағымыздың дамуына үлес қосып, ел ілтипатына бөленген абыройлы азамат, қайраткер тұлға Тәкей Есетұлының 100 жылдығына орай аудандық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылып отыр. Сыр елінің ардақты ұлы аудан тізгінін ұстап, өзі басқарған жылдары өңірдегі қиын істің ұтырын тауып, бойдағы азаматтық пен адамгершілік мінезі арқылы теңізді өлке жұртының алғаусыз алғысына бөленді. Бұқара халықтың сенімін арқалаған білікті басшы ретінде Арал ауданын әлеуметтік және экономикалық даму жағынан ең жоғары деңгейге көтеруге лайықты қызмет жасады. Бүгінгі өткелі тұрған мүшәйраның болашақ ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеудегі үлесі зор болмақ. Бұл бір жағынан, асылды ардақтаудың үлгісі, ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі болатыны сөзсіз» - деді.
Сондай-ақ, Тәкей Есетовтың баласы, зейнеткер, Қазақстанның «Құрметті құрылысшысы» төс белгісінің иегері Әділбек Есетов сөз алып, шараға арнайы келген қонақтарға шынайы алғысын білдірді.
Мүшәйраға қатысушы талапкерлер қайреткер тұлғаның мұрасын насихаттау, санқырлы болмысын жан-жақты ашу бағытында арнау өлеңдерін оқып, өзара сынға түсті.
Шара қорытындысымен, Ақбасты ауылынан келген Тәңірбергенов Данияр бас жүлде иегері атанса, Арал қаласынан қатысқан Алмасбай Аңсаған жүлделі І орынды иеленді. Сонымен бірге, шөмішкөлдік М. Әбдірауышова ІІ орын, Қарашалаң ауылынан А. Күзенова ІІІ орынды қанжығалады.
Арал қаласынан Жайлау Айдос пен Сапақ ауылынан Сарсембаева Гулсара Алғыспен марапталса, Үсенова Ақгүл/ Бекбауыл елді мекені/ және Қалқаман Айбол /Қосаман елді мекені/ Есетовтер әулетінің Арнайы жүлдесімен марапатталды.

Пікірлер: 2
@indiramakhasheva3261
@indiramakhasheva3261
Сізбен қалай хабарласуға болады
🔴💞Бір болайық! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР! 7 МАУСЫМ 238 БӨЛІМ! 16.05.24
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 29 М.
didn't want to let me in #tiktok
00:20
Анастасия Тарасова
Рет қаралды 10 МЛН
蜘蛛侠这操作也太坏了吧#蜘蛛侠#超人#超凡蜘蛛
00:47
超凡蜘蛛
Рет қаралды 48 МЛН
The World's Fastest Cleaners
00:35
MrBeast
Рет қаралды 134 МЛН
Surprise Gifts #couplegoals
00:21
Jay & Sharon
Рет қаралды 30 МЛН
Қанат Әбдіраман-қазақ қызы
4:33
Әсем әуен
Рет қаралды 25 М.
Қыз Ұзатуға тілек...Қыз ұзату. Ұзату
1:40
Гүлнұр Ерболқызы
Рет қаралды 20 М.
Айдарбек Батыр
36:22
Нартай Кайырлапов
Рет қаралды 175
didn't want to let me in #tiktok
00:20
Анастасия Тарасова
Рет қаралды 10 МЛН