Айкерім Есенәлі: Келін емес, отбасылы болуға дайындалу керек, ақшалы әйелдің сөзі өтеді

  Рет қаралды 332,167

Kozqaras podcast

Kozqaras podcast

Күн бұрын

Пікірлер: 1 300
@podcast_kozqaras
@podcast_kozqaras 3 ай бұрын
эпизод соңында айтылған комментарийге ақшалай сыйлық беретін конкурс 22 - шілдеге дейін жалғасады.
@dinaraabish6201
@dinaraabish6201 2 ай бұрын
Рақмет, үлгердім)
@balnurutegenova1197
@balnurutegenova1197 2 ай бұрын
Керемет өте әсерли тема болды👍👍👍көп жандарга пайдасы тиды деп ойлаймын🙏билмеген жандарга👊💪алиде кеш емес бакытты болуга🙏
@user-zv9zc6xz9k
@user-zv9zc6xz9k 2 ай бұрын
Өте керемет сұхбат болды.Міне қазақтың әрбір тұрмыс құрам деп ойлаған қызы мына сұхбатты көру керек деп ойлаймын.Тұрмысқа шыққаннан кейін көп нәрсе ожидание и реальность болып қалуы мүмкін.Роза ханым айтқандай ақшалы келінге көбінің тісі батпайды .
@ЭльмираКанапия
@ЭльмираКанапия 2 ай бұрын
@@podcast_kozqaras рахмет
@АйгульАханова-у1ъ
@АйгульАханова-у1ъ 2 ай бұрын
Ене мен келін дос болмайды тек бірін бірі сыйлап бауыр басып сіңісе алады
@ЕнликБагланкызы
@ЕнликБагланкызы 2 ай бұрын
Не деген грамотность?! Сұхбат алушы да, сұхбат беруші де өте мәдениетті, сауатты, білімді қыздар! Каждый раз восхищаюсь прям! Айкерімнің бұрынғы күйеуін де, енесін де жамандамай, әдемі переход жасағаны ұнады. Достойный әрекет! Батыл, ойын еркін жеткізетін қыздарымыз көп болсын! Осы қасиеттеріңізден қыздар үлгі алса екен! Рэспект!🫂🫂🫂
@Асема-е7ъ
@Асема-е7ъ 11 күн бұрын
Ия келісемін точка в точку айтты риза болып отырмын🎉🎉🎉
@Асема-е7ъ
@Асема-е7ъ 11 күн бұрын
Огонь ғой 🎉 мяяяяя енді миға құйыееееееп түсіндірді осы подкасты көріп біраз нәрсеге ойым өзгердііі /айтып қояйын роза немесе Айгерім нің подкасынан мына қатын қуып кетті деген болмасын 😅ато көбісі сөйтіп нерв қа тиеді
@КамшатНиязбекова
@КамшатНиязбекова 4 күн бұрын
Керемет!Қыздар!Роза коуч тек қана алға!❤❤
@АяулымМедеуова-ы3и
@АяулымМедеуова-ы3и 2 ай бұрын
Екі өте сауатты, заманауи, білікті маман-қыздардың сұхбатын тыңдап жанымның рахаттанғаны😍
@МадинаТуймебекова-с3ч
@МадинаТуймебекова-с3ч 3 ай бұрын
Айгерим ажырасқанын әйелдердің мықты модельі деп ұқтым. Өзім 11 ж бұрын ажырасқам. Жұмыста мен ешкімге айтпағам күйеуім жоқ екенін. Өйткені мені күйдірген нәрсе, ҰЯТ еді. Ата-анам да көпщілік отырған жерде ұялып әлек болды. 30 жасымда Отбасы банктен үй алдым. Балаларыммен кв көшіп әуре болмадық. бұл өзімді дәлелдеу еді. Мықты болу керек, мен көп ақша тапсам ғана, қоғамда мәртебем биік болады деп көп еңбектендім. Отбасылық өмірде менің орным болмады. Өзім институтты қызыл дипломға бітіргем, староста болғам топта 4 ж., түрім бар, бойым бар дегендей… самооценкам біраз бар еді, за то сен нан жая алмайсың, банка жаба алмайсың деп, бәрін бетіме басты. Мені алып қашқан күйеуім үйіне де қаржылай көп көмектестім. Бірақ олар мені құл деп білді. Бірнеше мемлекеттік жұмысты қатар істеп үнемі айлығымды солар алатын. Күйеуім сонда мені ешқашан қолдамаған. Бір нәрсе не то деп, тв дан көріп алғам ғой😊давай сөйлесейік деп артынан қалмайтын едім. Бөлек шықтық. Ол табысын үйіне тасиды, мен түсінбедім, игроман еще😢тұрмыствқ зорлық-зомбылыққа тап болдым. Мен қатты қиналдым. Ол бір түнде мені 2 баламмен военный городокта тастап, қайта оралмады. Менде жұмыс болмады. Жұмыссыз басқа қалада жауапкершілігі жоқ адамның кесірінен қалып қойдым. Есімді тез жиып оның алатын расчетынан алимент алып үлгердім. Ол сол кезде біраз ақша болды. Жасым 40 та қазір. Қызым 17 де. Роза коучты тыңдатамын. Ұлым 16 да бытавой инвалид болма деп, өз ыдысын, төсегін, носкиін, іш киімін жууға үйреттім. Айгерім ханымның үйленуден бұрын бәрін келісіп алу керек деген пікір қатты ұнады. Қыздар, жоғарыда айтылған советтерді тыңдаңдаршы, өтініш.
@Ayaaige
@Ayaaige 3 ай бұрын
Әйелдердің қайсарлығына, мойымайтынына тағы бір дәлел. Еркек болса сынып қалар еді 2 баламен басқа қалада қалып қойып..
@baldaurenka
@baldaurenka 3 ай бұрын
Мықтысыз. Тек жақсылық көріңіз 🤗
@mensulu13
@mensulu13 3 ай бұрын
Мықтысыз,жарың сыйламаған жерде бақытты бола алмайсыз ғой!
@ЧинараШеркешка
@ЧинараШеркешка 2 ай бұрын
Ай молодец. Ендігі өміріңде бейнетіңнің зейнетін көруге нәсіп етсін.
@ДинаБалгабаева-у4ю
@ДинаБалгабаева-у4ю 2 ай бұрын
Менің жолдасым ұрып соғып 102шақырып екі парақ арызды менің үстімен жазғанда екі формадаға кісі таң қалып ей қате болды бұның қатынды олай жеңе алмайсың ғой деп,ол кезде тек ішіп кана қоймаған шеккен деп анық айталам көзі қызарып ештеңе көрмей мені ұрып болғагсоң шешесіне звондап бірдеңе айтып жатқан,екінші балам ішімде еді біріншісі қолымда, Алтайға дейін ол жақ үнсіз жатты, Алтай өткенде үлкен енем мамама звондап толық жағдайды естіде кайта кері байланыс болған жоқ, екінші бала дүниеге келді алиментке бердім күніңді көре алмай деп ауыр сөйледі, 3-4жылдан кейін балаларды алып кеткісі келіп тұр, енем ол қатынды ешкім ұрған жоқ соққан жоқ өзі кетіп калыпты деп әңгіме айтып жүр екен, бәріне мені кінәләп ал балаларын керек кылмай алиментке берген соң ғана бала немере керек болып калды, каншама ауыр сөздер естідім енеденде байдаданда кайынсіңіліденде ужас енді тілдері 😢 алла кешірсін ол кісілерді
@ДинараКусаинова-ц4ц
@ДинараКусаинова-ц4ц 2 ай бұрын
Дәл қазір, тамақ істеп жүріп, құлаққа наушникиі тағып алып Айкерімнің екі сұқбатын тыңдап шықтым. Шын айтайын, бағдарламаларын көріп жүремін, сол кезде " неге өзінше? Неге өзінше болады? Тәкаппар қыз" деген ойлар келіп жүрді. Қазір тыңдап болсам, ішкі дүниесін білдім. Сауатты, коммуникативті, білімді, заманауи, қыз екен, еще и психолог. Терминдерді қолдануы ұнады, заманауи терминдер, журналисттік терминдер, керемет! Жеке өмірін айтты, ұққан адамға түсінікті, ол жағын да сауатты жеткізді, екі бағдарламада да( мамский әңгімеде). Күйеу ,ене, ортаны жамандау жоқ, жеке талдауы бар, объективті көзқарас. Р/s: пікірді 5000 тг үшін жазған жоқпын, тек осы журналист қыз туралы ойымның өзгергенін жазғым келді.
@УмитШирманова-ф9р
@УмитШирманова-ф9р 2 ай бұрын
Ай-Керім есімі иесін дәл тапқан екен.Осындай жарқын жан тәрбиелеген ата-анасына мың алғыс!
@Сауле-щ5э
@Сауле-щ5э 2 ай бұрын
Керемет. Осы подкастты тыңдап өзімді жақсы, жеңіл сезініп отырмын. Жыладым, өзімді мақтадым, шыныменде біраз сабақ алдым. 4баламен 7ж бұрын ажырастым.Сол ененің араласуы.Әрине арақ шарап, үйдің берекесіздігі. Мені қойып балаларға тиісу, ұрып, соғу. Үлкендердің ақылына, түбі жеңесің шыда, қояды мен 10ж қалай өткенін білмей қалдым. Бір күнде қолымды бір сілтеп Астанаға кетіп қалдым. Содан бері өзім еркек, өзім әйел. Осы әңгіме біраааз жанымды тыныштандырып, көңілімді босатты.
@ainur_erzhanqyzy
@ainur_erzhanqyzy 2 ай бұрын
Мықтысыз, өжетсіз, батылсыз. ❤
@БахтыгульХудайбергенова
@БахтыгульХудайбергенова 2 ай бұрын
❤🫂
@Qwertyuioooooooo
@Qwertyuioooooooo 2 ай бұрын
Мен мама емеспін, тіпті күйеуге де шықпағанмын, жасым 24те. Бірақ “Тату Тәттінің” көрерменімін, кейбір тас ғасырының ойымен қалып қойған енелер, мияу Қатипаш келіндерді көріп тіпті күйеуге шыққым келмей қалады. Қызық. Қазір қоғам ашық, емін еркін болғандығы ұнайды. Ал подкастқа келетін болсам, жылжытпай бір деммен қарадым. Екі көзі ашық жандардың керемет әңгімесі болды. Болашақта маған керек болады, деген түйін ойларды миыма түртіп алдым. Айкерім ханым сондай тартымды. Осындай қыздардан айырылмай жабысып қалу керекқой жігіттер.
@КаламкасАхметова-у6д
@КаламкасАхметова-у6д Ай бұрын
Сұхбат-Әсерлі, мәдениетті, білімдері жоғары, интеллектері мықты қыздар екенін көрсетті. ❤❤❤
@SairaErtai
@SairaErtai 3 ай бұрын
Роза коуч кимди щакыру керек екенин биледи❤ Самый лучший коуч❤
@АйгүлАйдын-ю2ф
@АйгүлАйдын-ю2ф 3 ай бұрын
Дұрыс айтасыз 👌🏻👌🏻🫰🏻🫰🏻
@КүмісайСартаева
@КүмісайСартаева 2 ай бұрын
Самый лучший коуч--- түсінбедім( айып етпе) қазақша жазуға болмай ма??? Қазақстанда тұрамыз, АНА ТІЛІнде жаза алмадың ба??? 😢😢😢🎉
@arailym1401
@arailym1401 2 ай бұрын
Ажырасқаныма 4 жыл болды. Егіз ұлдарды өсіріп келемін, Алла қалауымен 2-3 жерде жұмыс жасасам да, түнімен болсын жұмыс істеп ешқандай таршылық көрмей өсіріп келемін. Үйлі де болдық. Қазіргі заманның мүмкіншіліктеріне рахмет, 24/7 үйде отырып ақ толыққанды жұмыс жасап жатырмын. Ажырасқаныма өзімді көп кінәлап келдім, неге солай болды тағдырым деп, бірақ сол шешімнің дұрыс болғанын сеземін. Қайын жұртымда ата-енемнің төбелес, ұрысын барған соң 1айдан соң көрдім. Түнгі қан-қан бөлмені көргеннен шошынып, өзіме әрең келген де кезім болды. Сондай жағдайларды көріп өскен бұрыңғы күйеуімнің де әрекеттері 100% сондай болды. Әттең, кішіге үлгі болатын үлкендеріміздің тірлігі осындай болғанына қарным ашады. Мүлдем екі бөлек әлем екенімізді түсінгеннен, балаларыма ондай жағдайларды көрсетпеймін деген мақсатпен 1,5 жылда ажарасып кеттім. Алимент төлемей қашып жүргендердің қатарынан) Ұлдарыма жауапкершілік, адамгершілікті үйрететіндей күш-қуатым болса екен деп тілеймін🙏
@karinanasyr
@karinanasyr 2 ай бұрын
"Әйелдің сөзі өтімді емес,ақшасы бар әйелдің сөзі өтімді" осы ой мені күнде мазалайды ғой посути
@meruyertnurlybekkyzy3829
@meruyertnurlybekkyzy3829 2 ай бұрын
Дұрыс емес. Ақылды әйелдің сөзі өтімді болуы керек
@ГаухарАйдархан-и3к
@ГаухарАйдархан-и3к 2 ай бұрын
Келісемін
@akosyaserikovna
@akosyaserikovna 2 ай бұрын
Ащы шындық сол
@Мереке-ы3ф
@Мереке-ы3ф 2 ай бұрын
Осыларға мен өзімнен қосар едім, глсслужбадағы шенеуніктердің бәйбішесі мен тоқалдарының сөзі любой жерде өтімді, ешқандай тірегі жоқ біздің сөз ешкімге өтпейді.
@mirgulnurekenova9779
@mirgulnurekenova9779 2 ай бұрын
​@@Мереке-ы3ф өз отбасыңда өтімді болады, соны айтып отыр.
@Abzal_tas
@Abzal_tas 2 ай бұрын
Қызылорданың абыройын сауатты подкастпен көтергеніңе , түйткіл мёселелерге тұшымды,ешкімді ренжітпей жауап бере алғаныңа ризамын. Она с каждым годом краше.успехов.
@Любитанимэ
@Любитанимэ 3 ай бұрын
Роза ,молодец ,әйелдерге жаны ашитын жалғыз коуч,депутат кылу керек қой осындай әйелдерді...
@ЖанатКожахметова-я6ф
@ЖанатКожахметова-я6ф 2 ай бұрын
шіркін-ай осы подкасты 14 жыл бұрын естігенімде, балаларыма дұрыс әке мен өзіме дұрыс жар іздеуші едім...жастарға алтын сырға! Болашақта, ажырасу аз болсын десеңіздер,уйленбес бұрын адамды жақсылап тануды уйрену керек!
@АйяСезим
@АйяСезим 2 ай бұрын
Дұрыс
@akhat_e
@akhat_e 2 ай бұрын
Еее қандай екенін біліп тұрып тиген мен де саусағымды шайнап өкініп жүрм
@Mira-9508
@Mira-9508 3 ай бұрын
Инсайт дня: Тұрмысқа шықпас бұрын жұмыс жасап қаржылай тәуелсіз болсаң, тұрмысқа шыққан жаққа тәуелді болмайсың (енеге,күйеуге) Ене мен келінді тату-тәтті ету еркектің жауапкершілігінде Ажырасу-ол қылмыс емес,ол-таңдау (еркекке де,әйелге де).Әдемі ажыраса білу де өнер. Балаға еркіндік беру арқылы қоғамға пайдасы тиетін тұлға қалыптастыруға болады. Амбиция көрсету,стерва кейпінде болу қыздың қазіргі таңдағы қаруы,қорғаны. Инсайт тым көп,есімде қалғаны осылар…
@ТоргынКарибай
@ТоргынКарибай 2 ай бұрын
Жазғаныңызды скриндап сестрёнкама жібермесем 😅 рахмет сізге
@ГульшарияБайсеитова-б7з
@ГульшарияБайсеитова-б7з 2 ай бұрын
Керемет, турасын айттыңыз
@podcast_kozqaras
@podcast_kozqaras 2 ай бұрын
сіз конкурс жеңімпазы атандыңыз! біздің инстаграм парақшамызға жазуыңызды сұраймыз. интсаграм: kozqaras_podcast instagram.com/kozqaras_podcast/
@GulnarTilepova
@GulnarTilepova 2 ай бұрын
Осы сұхбатты көргенге дейін Айкерімді жақтырмайтын едім... Дегенмен адамды танымай жатып, тон пішуге болмайды ☝️. Өте сауатты, еркін, ерік-жігері мықты әйел екен!
@ЗарифатОрынкулова
@ЗарифатОрынкулова 3 ай бұрын
Менде ажырасқанмын. Ол үшін бір уайымдап, өзімді жертва қылып сезініп жүрген мен жоқ. Бірақ тұрмыста емес екенімді білген әйелдер балаларымның көзінше жалко балаларды деп айтатыны менің жыныма тиеді. Балаларымның барлық жағдайын жасап отырмын Аллаға шүкір. Частный садикте , 2 этаж үйде тұрады. Бірақ наркотик шегіп, ұрыс шығаратын әкесінен ажырасып кеткеніне байқұс дейді ғой. Боже мой😂 Сонда лижбы әкесі жанында болып, ұрысса да, боқтасада, үйдің берекесін қашырып, онша емес условияда тұрсақ, жұмыс істетпесе ал өзінің әкелген ақшасын міндетсініп жүрсе сол жақсы да қоғамдағы кейбір әйелдерге.
@asylalashaeva6450
@asylalashaeva6450 2 ай бұрын
Дурыс айтасыз, бир бакытты ата-ана дурыс, еки бакытсыз ата-анадан
@janatartykbaeva3402
@janatartykbaeva3402 2 ай бұрын
Саспаңыз,байқұс дейтіндердің өздері байқұс. Себебі олар ажыраса алмай,амал жоқтан сондай байларына шыдап жүрген. Іштей завистьтты сыртына солай көрсетіп қояды😅
@РауанМырзабекова-к3э
@РауанМырзабекова-к3э 2 ай бұрын
Оте дурыс,балага аке керек емес егер ол бакытты ете алмаса,кауипсиз отбасы болмаса
@Фатима-щ5з
@Фатима-щ5з 2 ай бұрын
Мен негізі подкастты бөліп көрем немесе қызықтырмаса тастай салам ортасынан. Осы подкастты бір деммен көріп шықтым. Ең үлгі аларлық әйелдердің бірі екі персонаж да. Көп инсайт алдым, көп сұрақтарға өзімше жауап таптым. Рахмет қыздар. Көп қаралым болып, қазақ әйелдерінің көзі ашылса екен
@AidaKanafinaNurmuhambet
@AidaKanafinaNurmuhambet 3 ай бұрын
Психологиялық жағынан өте грамотный подкаст болды.Қоғам жақсы жаққа дамып , өзгеріп келеді, қазақ әйелдері ақылды, білімді, қаржылай, психологиялық сауатты болса,ойын ашық жеткізе алса,ешқандай ене, ешқандай күйеуге өзін басындырмайды, сәйкесінше психологиялық сау,гармоничный отбасы құрады, ал әрбір мықты отбасы-мықты мемлекет💪💪💪
@Гулжанат1
@Гулжанат1 2 ай бұрын
Әйгерімнің әр сұхбатын үзбей көремін. Көптеген инсайттар алдым. Оқыған ,ізденген қыз екені көрініп тұр. ❤ Мен отбасылық өмірде бақытты әйелмін, Құдайға шүкір! Отбасылы болғанымызға 6 жыл енді болса да жолдасымнан көп нәрсе үйрендім. Жасқаншақ,ойын ашық айта алмайтын,жылап қалатын ,болмашы нәрсеге ренжігіш баладан - бәрін отырып сөйлесіп шеше алатын, ең бастысы бір бірін тыңдай алатын ересек адамға айналдым. Қазір әйелдік қулығым да, қылығым да бар. Ең бастысы мені барлығынан қорғай алатын өмірлік серігім бар. Күйеуімді осындай адам етіп тәрбиелеген атасына үлкен алғыс! Адам өзінің өмірінің бояушысы. өмірің жарқын болғанын қаласаң, өз қалауыңша бақытты өмір сүр.❤❤❤
@paidaly.aqparat
@paidaly.aqparat 3 ай бұрын
Бұл подкасттан туйгенім. Ене мен келіннің ұрысына қарым қатынасына еркек араласпау керек деп ойлайтынмын. Осы подкастта сол айтылды. Ене мен келіннің қарым қатынасы жаксы болуы да, жаман болуы да еркектің жауапкершілігінде деген. Сол сөз маған өтті 😍😍😍
@juldyzmss1328
@juldyzmss1328 2 ай бұрын
Күшті сухбат болды 👍🏻👍🏻
@РаушанАлтыхан-в7к
@РаушанАлтыхан-в7к 2 ай бұрын
Осы қызды онша ұнатпай жургем шынымды айтсам, бирак бир еки интерюлерин корип көз қарасым өзгеріп, ақылды қыз екенине козим жетти енди барлық жұмыстарын подкастарын коретин болам, әйелдер жасасын❤
@Makpal_11.11.
@Makpal_11.11. 3 ай бұрын
17 жастар сериалы кезінен бастап танимыз Әйгерімді. Қызылордамыздың мақтанышы! Жұлдызың жарқырай берсін, өмірде тек бақытты бол! Көз тимесін осылай қай кезденде нық сөйлейтіндігімен алар асулары алда екендігіне кәміл сенемін! Бақытты бол, Әйгерім қыз!🌹🌹🌹
@Айкеріма
@Айкеріма 2 ай бұрын
Қайырлы кеш! Подкастты бір деммен көріп шықтым. Ұнады. Ажырасқаныма 1 жылдай уақыт болды. Негізі әрбір қыз бала ұзатылып жатқанда 1-2жыл тұра тұрайын кейін ажыраса саламын деп бармайды. Ер адам қыздың отбасына көшіп бармайды, керісінше қыз бала өз үйінен кетеді, соны көп ер адамдар түсіне бермейді. Қаржылық жағдайы жетсе жеке тұрғандары абзал, себебі қыз бен жігіт кезінде кездесті иә сөйлесті бірақ олар бірге тұрып көрмеген, бір-бірімен тұру деген ол мүлдем бөлек. Мен қаржы жағынан келсек табысымыз бірдей болды, тіпті менікі көбірек. Бірақ бұрыңғы күйеуіммен анасының арасында сепарация болмағанын түсіндім, көрдім. Қазіргі таңда ол адаммен баламыз болмағанына Шүкір деймін. Себебі көп қыздар бала отбасын сақтап қалады деген ойда, ол қате пікір. Ол эгоизм. Кез-келген мәселені шешуге болады тек ер адам жауапкершілік алып айтқан сөзінде тұра алса. Ажырасу ол екінші өмір іспеттес, себебі сенің алға қойған жоспарың және сенің ішкі жан-дүниең тас-талқан болады. По кусочкам ты собираешь себя и строишь новые планы и новую жизнь, это нелегко. Подкастта Айкерім ханым жақсы ақылын айтты қыздарға: оның отбасымен сырға салардың алдында тәтті шәйда таныспай алдын-ала танысып сол үйдің ішкі мәдениетін, сөйлеу мәнерін көру. Жеке тұру бойынша алдын-ала келісу, сөйлесу. Өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңыз маңызды. Қыздар айтарым тұрмысқа шығуға асықпаңыздар, оқыңыз, ел көріңіз, ата-анаңызбен көп уақыт өткізіңіз себебі олар мәңгі қасыңызда болмайды. Бастысы сауатты, бай болмай-ақ қойсын бастысы амбициясы бар, ақылды ер адам қараңыз. Әке-шешесінен бөлек тұратын немесе болашақта бөлек тұрғысы келетін адаммен ол өте маңызды. Ажырасқаныма еш өкінбеймін, қазіргі таңда өз еркіндігімнің қадірін біліп, жалпы өмірге деген көзқарасым 180 градусқа өзгерді. Ол тұрмысқа шықпаймын бітті деген сөз емес, мен сүйікті жар әрі ана атануға лайық жанмын, болады Алла жазса, тек өз уақытымен. Асығып өмір сүргім келмейді, әр сәтті бағалауды үйрендім.
@АйнагульДюсембаева-у4н
@АйнагульДюсембаева-у4н 2 ай бұрын
Толықтай келісемін
@yerkinova_k
@yerkinova_k 3 ай бұрын
Құлаққа майдай жағатын подкаст болды. Бір деммен көріп шықтым. Роза мен Айкерімнің көзқарасы көзді ашып, көкіректі оятары анық. Айкерім сыртқы бейнесі гүл сипатты, бірақ ішінде талай жігітте жоқ мықты қайрат жатыр. ❤ Ажырасқан қыздарға қатысты пікірі жаныма жақты, осыны айтатын адам табылғанына қуандым👍 Міне блогер осындай болуы керек. Өз бас пайдасын ойлайтын емес, халыққа ой салатын, санасына түрткі беретін пайдалы дүниелер шығаратын адамды БЛОГЕР деу керек. 🔥🔥🔥
@Sunulzhan
@Sunulzhan 21 күн бұрын
Керемет осы Айгерим деген тележүргізушіне көріп қалып тату тәтті тиктоктан ,на конецто әйелдердің жақтаушысы өз ойы бар әйел жүргізушілердің арасынан шығыпты дедім ау 😊
@Aqq011
@Aqq011 3 ай бұрын
Просто без словаааа💔💔💔 Мен үшін қөзқараста,Айгерім ханымда,Роза ханымда бір керегінді іздесем сіздерден табамын ше әрдайым.Екеуіңізді де көп көремін,ұнатамын,қыз баласымын,жасымды айтқанда мектеп оқушысымын.Бірақ бұндай падткас,кітап,психалогияға өте жақынмын.Көбінің сөзінше бұндай темаға құрттай болсамда болашағым мен үшін маңызды.Сол үшін Әйгерім ханым берген сұхбаттарды да,Көзқарасты да қалмай көремін.Мен үшін ерекше шығарлым болды. АЛҒАНЫМ,ТҮСІНГЕНІМ: Тұрмысқа шығардағы білу керек нәрселер,Екі арадағы келесім,ашық сөйлесу,женская солидарност туралы біраз білдім,түсіндім,Мен әрдайым осы тақырыптың фанатымын,яғни сіздердің..Өте сауатты,білімді,тұлға деуге ауыз толтырып айтатындай әрі білгендеріңізбен бөлісіп отыратындарыңызға,жаман пікірге қарамай,жұмыс жасап өз нәтежелеріңізге жетіп келе жатқандарыңызға қайран қалам…Біз қыз-әйел өзімізді түсіне,сырлас бола алатынымызға өте қуаныштымын.Табыс,денсаулық,асқақ абырой тіледім сіздерге,Үлкен рақмет🤍🤍🤍 Өзім тұрмыс құрып,әйел болмасамды..Бұндай нәрселерді сынптастарымның арасында жие көремін,сол сәтте сіздердің айтқан нәрселеріңізді анық,толық түсінемін))өкінішті)
@zhadyra4459
@zhadyra4459 2 ай бұрын
Жарайсың! Тұрмысқа шықпай тұрып білум жинап, өзіне сенімді болған дұрыс.
@Aqq011
@Aqq011 2 ай бұрын
@@zhadyra4459 рақмееет😍😍😍
@kymbat_m_93
@kymbat_m_93 2 ай бұрын
Саламатсыздарма. Оте кушти подкас. Улкен маңызды ангимелер айтылды. Қазақ қоғамы қазір қалыптасып, өзгеруге жақындап жақанымызды түсіндім. Ең бірінші біз айелдер бір бірімізді қолдау керекпіз деген ой салды. Коп жағдайда еркек затын ақтап, айелді кіналайтын айелдер, апкелер, енелер , кейде туған анасы қызын урсып жатады. Ол ең басты проблема. Екінші маселе, коммуникациянын жоктыгы, айелдер өз қалауын білмейді, ойын, калауын жеткізе алмайды. Байым қиналмасын, енем сойлемесин, ел не дейді, деп өзін сонгы орынға қояды. Сол ушин кыздар, байга тисем болды емес, біліп, барлык маселені бірге шешіп, 100% сенімлі болып байга тиіңдер. Ойларынды басынан бастап қорқпай жеткізіп уйреніңіздер. Біздің заманын коп кыздары байга тисе проблемасы шешилип, байы барін шешип тастайды деп сенип тиіп, бала туган сон розовый очки шешилип, проблеман 3 есе болып, унлемей женемін отырмандар😂😂😂. Граница құра біліңіздер, коп жағдайда границаны құру үшін ұрсу, сойлей білу керек. Кейінгі маселе Қоғам айелден коп нарсе кутеді. Айел еркекпен бірдей жұмыс істеседе, уй тірлігі, бала бағу, бала туу, қонақ күту, ата ененің күтімі, барлығының тамағы, ыдыс жуу, садик мектепке тасу, окыту барі байкус айелдің мойынында. Еркек жұмыстан келип шаршадым деп айелден еще внимания кутип жатады. Сол үшін бытовой инвалид, кыздың жұмысы, улдың жұмысы демей, уй ісіне ул баласын араластыру керек. Жігітке қызды, қызға улды сыйлауды, кішкентай кезінен уйрету керек. Айгерім ханым айткандай біздің балаларымызға дұрыс қоғам керек. Ол қазіргі аналар біздің қолымызда💪. Кейін Роза ханым, сіздің қазіргі қазақ айелінің орны кандай деген сұрағыңыз қатты унады. Менің ойымша, қазіргі қазақ айелі өзгеруге дайын, ізденіс үстінде жүрген, өзін жақсы коруге дайын, қолынан барлық нарсе келетін мықты айел. Қазақ айелі жасамаган, жасай алматын жұмыс жоқ шыгар😂
@Kazakhovedaliya
@Kazakhovedaliya 3 ай бұрын
Жалпы, Әйгерім ханымды шақырғаныңызға рахмет! Ерекше тұлға, барлық жағынан. Әрқашан стильді киінеді, шаш үлгісін әрдайым жаңартып жүреді. Макияжды әдемі жасап, өзіне қарап жүретіні ұнайды. Оны көріп, өзім де жиналып қаламын, боянуды есіме түсіремін кейде. Парламентте істеген кезінде, шашын қысқа етіп қырқатынын түсімде көрген едім, басқа адамдарды көп ойлап жүретінім бар және ойда болды, қысқартса күшті жарасар еді ия деп. Сосын ертесіне қысқа шашпен шыққанында таң қалдым, түйсігім бе әлде сәйкестік пе деп. Лов радионың бет-бейнесі - ерекше нәзік дауыстың иегері, тәтті дауысты ару. Ешкімде жоқ дауыс. Түрлі цитаталарды тез-тез, өтімді айтқанда радиодан ойланып қаласың және қайта жаңарасың. Негізі дауысына ғашық болдым радионың фанаты ретінде әлі күнге дейін. Жақында туылған күні болған, Құттықтаймын - бір жас қосуыңызбен! Позитивті, заманауи ағыммен қалыспай, жан-жақты даму үстінде жүреді, күшті сол. Инстаграмда шықпай қалса, сағынып лтырамын. Астана арнасында да жарыс ретінде бағдарламасы күшті шыққан. Жеке өмірінде де тұрмыс құрғанында шын жүректен қуандым. Алайда, шешімді әркім өзі қабылдайды, барлық нәрсенің қайырлы тұсы көп. Қолдау болмаса, түсіністік болмаса ердің тарапынан даму қиын. Қызы Адиямен Керуенде галмартта сыртынан көргенмін, тәп-тәтті екеуі-де. Қызының қызығын көруді жазсын Алла! Тату-тәтті жобасында да, тек Әйгерім ханым ғана жүргізе алады бұндай бағдарламаны деп есептеймін. Өйткені, тоқ етер ойды ешбір тұлғаны ренжітпей жеткізе алу, кез келген жүргізушінің қолынан келмес. Психологиялық көзқараспен қарау басты рөлде. Әр әйел бақытты болуға лайықты. Тұрмысқа шығу ол түрме емес, ол махаббат пен мейірімге толы өміо. Түсуну, ести алу, үндемей тыңдау, жаныңнан табылуы жарыңның. Өте өзекті тақырыптағы, дер кезінде шыққан бағдарлама. Әрбір алған ісін, бағдарлама, концерт не іс-шара болсын жақсы, өз деңгейінде алып шығады. Орда фм радиосында да тыңдаймын. Ауысқаны жақсы шешім болған. Жеке сұхбаттарын да ютубтан көргенмін, айрықша. Әр қонақты аша білді, басқа беймәлім жағынан. Жеткен жетістігі мол, болашақта да тек ақ жол, сәттілік серігі болсын деп тілеймін! Әрине, әйел бақытын - өзін сыйлайтын, түсінетін, сүйетін, алақанында алып жүретін ер азаматын жолықтыруына тілектеспін! ❤❤❤ Өзім ажырасқанмын, бір көріп шықтым, жақсы танымай 2008жылы. 2,5 ай тұрдық. Қаланың қызы мен, ауылға түгі жоқ жерге шықтым. Бірақ көндім, бақытты болудың амалын жасадым. Қашып кеттім амалсыздан, түрмеден қашқандай. 2,5 ай бойы алкаш, қыздарға баратын күйеуді көрдім. Загс болмады. Жүкті болып кеттім, түсік жасатуды дұрыс көрдім. Қайтып келсең аяғыңды сындырамын деді. Бір айдан соң келіп, Мамамның мамасы апамыз қайтасын деп көндіріп отырған, алайда енем тәрбиесіз қыздарыңыз керек емес деп, туған мамам ия сен сондайсың деп жерге теңеді. Енем ажырасқан, екі ұлы екі түрлі ерден екен. Ревность, порча жасады. Көзінше күйеуімді ұстауға болмады, ұрстырып отыратын. 40күн үйден шықпау. Құжат маңызды емес оларға. Баламен ұстаймын деп ойлама деген. Менде ондай ой болмаған. Маманың сіңілісі баламен ажырасып, үй таппай әлек болған, сосын бала проблема, өзім сыймасам, қайтып келген қыз болып өз үйіме сыймай, бала қайда сыйдырамын деп күнәға бардым. Жарты жылда, анамның жұмысына кабинетіне тұрды. Мен Шымкенттен, ол Жетісайдан. Мамаға отчетке келетін. Сонда ауысқысы келген, бірақ ауылында бақытты көрінетін. Түріміз бет қатты ұқсайтынбыз. Мамам ол 1,5 жылда бірге істегенінде, ұстай алмадың, ол машина алды, жақсы киініп алды деп миымды жеді. 20 жыл істеген жерінен сол экс күйеуге бола шыққысы келді мамам. Содан бері үйде мені қолдамай, қорғамай, қайтып келген болып кемсітіп, бүкіл мамам мен үш бауырым, апшем, сіңілдерім араласпайды. Табысты, отбасылы бәрі. Тіпті Шымдағы үйді сатып Алматыға көшті, менің пікірім қарсы болса да, тыңдамады. Ты никто и никем останешься деп айтып өсірді анам мен апшем. Өлтіремін сені деп апшем. Басқа ойлы мен ешқашан ұнамайтынмын. Алматы пробкамен ұнамайтын. Алданып өмір сүріппін, уақытым кетті босқа. Анама бола күйеуге шығып, жыламасын ешкім шықпады деп, анам ұялмасын деп тумадым, қазір 40-тамын. Енді үлгеремін ба білмеймін. Папам өлген 2003ж.маған ұқсайтын, қорғайтын. Соны жібермеппін, үйді. Табыс, ақшаны ешқашан ойламаппын. Қате болған екен. Астанаға үш рет келіп, төртінші рет келгенде жұмыс таптым. Үйді сатамыз, сенің пікірің қызық емес деп апшем. Ал ол ақша, мүлік үшін бәріне дайын. Мамама Шымға бару үшін үлкен табыс табуға тырыстым, бірақ үй сатылып, ғайып болды. Кейде керек емес болып қалады екен, сен армандаған ақшаңа жеткенде. Өзім тек жұмыс деп жүретінмін, отбасылы болу басты орында болмаған. Бірақ психологияны 2008ж бастап зерттеп көп нәрсені түсіндім. Ажырасу әдейі болмайды, ол амалсыз шешім. Қайырлы тұсы көп. Өмір біреу және оны мәнді әрі сәнді өткізу өз қолымызда. Әр қарым-қатынас маңызды, сыйлы -үлкен жұмыс, жауапкершілік. Уақыт қымбат, адам да қымбат -бірақ сенімен болғысы келмесе, бақыт тілеп, жібер. Жүрекпен жібер, шын ниетпен. Бумеранг саған да бақыт сыйлары хақ.
@hamarabaidykhanova5798
@hamarabaidykhanova5798 2 ай бұрын
Не деген Керемет подкаст. Қазір біздің қыздар осындай мәселелерді көтеріп жатқаны өте керек. Біздің қоғам осылай дамып келе жатқаны, осындай саналы, білімді арулардың арқасы. Мың алғыс. Өзіме көп пайдалы ақпарат алдым. Рахмет қыздар❤
@Виво-и1г
@Виво-и1г 3 ай бұрын
Ажырасқан әйел өз өміріне риза болмағандығына қарсы қадам жасай алған батыр әйел, не істей алам деп көніп жылап, шыдап отыра бермей🎉🎉🎉
@saltanatkozhanepessova5947
@saltanatkozhanepessova5947 2 ай бұрын
Ия, ол-мен! Сол батырлыкты жакында тусиндим)
@СейдуллаЖагипаров-г1ъ
@СейдуллаЖагипаров-г1ъ 2 ай бұрын
С 1:13 чис
@СейдуллаЖагипаров-г1ъ
@СейдуллаЖагипаров-г1ъ 2 ай бұрын
Ы😅юсичмбимьясяббчьч 1:20 юючсюссиюяь
@ГумаАманбаева
@ГумаАманбаева Ай бұрын
😮
@Universialchannel-qb9rn
@Universialchannel-qb9rn 2 ай бұрын
Мына подкаст нағыз керек кезінде алдымнан шықты. Шынымен де күйеуге шықпай тұрып келін болуға дайындалдым морально. Біреудің көңілін табамын деп жүріп өзімді жоғалтып алдым. Айгерим ханымның сөздерінен көп нәрсе түйдім. Қазіргі біздің жаңа қоғамымыздың ой-өрісі кеңейсе екен. “Келін” деп біртүрлі міндеттерді мойнына асынып алған, барлық жауапкершілікті иемденіп алған бақытсыз әйелдер емес, жүзінен шуақ шашылып тұратын, баласына, күйеуіне махаббатын бере алатын, жылулық сыйлай алатын әйел қылайықшы. Құрметті енелер, егер балаңызды қызғансаңыз неге кіндігін кестіңіз? Бала өсті, үйленді, өз семьясын құрды болды сіздің миссияңыз балаңыздың бақытты жүзін көріп, соның балаларына әже болу. Күйеуі мен әйелінің арасын суытатын енелер, қайынәпкелер түсініңіздер бір отбасының бұзылуына себепкер болсаңыздар өте үлкен, ауыр күнәға тап боласыз. Жай ғана әркім өз өмірін сүріп, ешкімге тиіспей бақытты өмір сүруге болмайды ма?
@galiyagaliya8613
@galiyagaliya8613 3 ай бұрын
Шыны керек бұрын мен Әйгерімді ұнатпайтынмын. Бұрын болғанда сол “Әйел бақыты кездерінен”. Қазір ойлап қарасам сол кездері керісінше менің ой өрісім, сана сезімім, мінезім бәрі дұрыс емес болыпты. Қазір сол ойым үшін ұялып отырмын😊. Мен сол 10 жыл бұрынғы өзім мен қазіргімді салыстырсам ішім ашиды. Понятием енді 0 болыпты 😮. Сол еркек еркек деген ,қыз ол жай қыз , деген қоғамның ойында болғанымнан өзім талай зардап шеккенмін. Осындай таққырыпты қозғап, қыздарға,ерлерге дұрысын айтып көрсетіп отырғандарыңызға РАХМЕТ! Қазіргі қыздарға повезло сіздердей айтатын адамдарының барына 🎉 ЖАРАЙСЫЗДАР! Дами беріңіздер!
@АйЖан-у2ж
@АйЖан-у2ж 2 ай бұрын
Өте қызықты подкаст болды. Айгерімді басқа қырынан көрдім, өте саналы, сауатты, мәдениетті қазақтың қыздарының бірі екен. Айгерім ханымның үнемі айтып жүретін"Әйелдің жауы әйел емес" деген сөзі керемет ұнайды. Сол сөзді бәріміз ұстанып, әйелдер бәрі бір-бірімен жауласпай, дос болып жүрейік. Балаларымыз жақсы қоғамда өмір сүруі үшін балаларымызға дұрыс тәрбие берейік 👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻. Солайынан ене мен келін мәселесі келешекте болмаса екен.
@Бауыржановна
@Бауыржановна 2 ай бұрын
Расында, Әйкерімнің батылдығына, іскерлігіне, жауапкершілігіне тәнті болдым❤❤❤ Жасаймын, деген жанға ешнәрсе кедергі емес екеніне тағы бір дәлел🎉🎉 Осындай пысық жандарды қарап, өмірге құштарлығың артады💯 Рақмет сіздерге пайдалы отырыс үшін🫶🏻
@СандугашКусаинова-ъ4д
@СандугашКусаинова-ъ4д 2 ай бұрын
Өте пысық, ақылды, позитивнная
@ЖадыраКарамурзиева
@ЖадыраКарамурзиева 3 ай бұрын
Қазіргі жаңа заман қазақ әйелінің үлгісін сызып берді. Қазақ әйелдері өте қабілетті. Қабілетін ашпай, өзі басып тастаған әйелдер көп. Өзін дамыту, оқу, өсудің үлгісі болып тұрсыз Әйгерім. Бүгінгі подкаст білімді адам қашан да озатынының нағыз бейнесі. Талаптанған адамға арман да алыс емес екенін көрсеттіңіз. Жарқырап жүре беріңіз🌹
@МолдирДаулетбаева-р6э
@МолдирДаулетбаева-р6э 2 ай бұрын
Ойлай алудың өзі қандай білім. Адамдар уже жан жақты ашық ойлай алады. Әсіресе әйелдер. Мен қуаныштымын осындай заманда туылғаныма
@rahilakappasova6120
@rahilakappasova6120 2 ай бұрын
Екі дана, екі акылды айелдин сана бигігінде кездесіп , ой алмасуы, оз тәжірбиесинде болған , өз қателіктірімен өз қорқыныштарына қарсы тұрып тұлға болып қалыптаса алған екі қазақ айелдеріе көріп отырмын !! Санасы енді қалыптасып жаткан қыздарға, өмірде өз құндылығын түсіне алмай жүрген айелдер міндетті турде көруі керек подкаст 👍👍
@айданаайтуганова
@айданаайтуганова 2 ай бұрын
Менің жасым 18-де,болашақ қазақ тілі және әдебиеті маманымын. Айкерім ханымның айтқан ақыл-кеңесі болашақта өзімді тұлға ретінде,маман ретінде қалыптастыруда үлкен септігі тиеріне сенімдімін. Қазіргі таңда,дамыған заманда осындай ақыл-кеңес беріп,бұрынғының тар ойынан арылтып,әйелдің даму керектігін,болашақта тұлға болып қалыптасып барып тұрмыс құруын нұсқайтын мықты қазақ әйелдерінің бар екендігі жүрегіме жылу ұялатады. Сіздерге қарап біз де,өсіп келе жатқан қыздар да өз құнын,орнын білеріне қуаныштымын❤
@Виво-и1г
@Виво-и1г 3 ай бұрын
Өз күйеуіне бала тәрбиесі туралы айта алмай отырған қыз сол ойын жеткізу үшін ізденіп жүргені жақсы екен, мен 48-ге кеп барлық нәрсе әйелдің мойнында емес, еркекке де қатысты екенін енді ғана айта алып, жайлап жеткізіп жатырмын. Жалпы,жігітіңмен таныстың ба сразу ата анасымен танысып, біліс деген пікір қатты ұнады. Сол кезде ол отбасының тұрмысы, дәстүрі, ой пікіріне қарап білесің ары қарай күйеуге шығу керек пе жоқ па. Жалпы, көп оқыңдар ,қыздар. Сол кезде ештеңеден саспай, барлығына жауап біліп тұрасыңдар. Өзім де келін боп небір нәрсені көрдім , өз келінім жоқ, бірақ бауырым 4 бала шағасымен бір жеті болды үйде, келінді келін демей ыдыс жудырып, тамақ жасатпай тек қыдыртып, демалыңдар дедім. Өзіме жасағанды басқаға жасағым келмейді, ал қызыма күйеуге шықсаң, отбасын сақтауға тырыс, ал болмай бара жатса өзіңді кінәлап, көніп, шыдап жүре бермей айт, әрқашан қолдаймыз деп айтамын . Жалпы, қыз оқып, машина, квартира әперіп барып күйеуге шықса деп ойлаймын.
@zhaniaabdigappar9286
@zhaniaabdigappar9286 2 ай бұрын
Привет я уу🎉
@ДанаЕркынқызы
@ДанаЕркынқызы 2 ай бұрын
Саналы адамдармен өткен сұхбат үшін рахмет! Сөз сөйлеу мәнерлеріңіздің кәсібилігінің арқасында сондай тыңдауға құлаққа жағымды подкаст болды. Подкасттан ойға түйгенім көп, түртіп алар жерлері бар, мағыналы, мәнді уақыт болды. Үйде жиналды, ойда толықты, миға ақпараттарда орнықты.
@ainur5018
@ainur5018 3 ай бұрын
Айгерім жарайсың! Журналистер арасынан осы қыз ұнайды! Подкаст жақсы екен көргенге😊😊😊😊
@manshuk.09
@manshuk.09 2 ай бұрын
Жасым 21 де осы подкасты көре отырып алған инсайт: 1. На расстояние қарым-қатынас ол қарым-қатынас емес адамды тани алмайсын. Адамды тану керек агрессия кезінде қандай болады, ақша жоқта қандай болады соңы көру керек. На расстояние қарым-қатынаста сен тек жақсы жағын көресің адамның. 2.Еркектер ажырасқан кезде олар күйеу болуды тоқтатады әке болуды тоқтатпайды. Ажырасқан жағдайда ортада коммуникация сақталуы керек. Оны екі ауыздан келісіп шешіп алу керек бывший әйел болса болар бірақ бывшие дети деген болмауы керек. 3.Отбасының проблемасы ол тек әйелдің проблемасы емес екі жақтап шешу керек. 4. Екі ортада гендерлік теңдік болуы керек яғни әйелдер мен ерлердің мүмкіндіктері, құқықтары мен міндеттері бірдей болуы керек дегенді білдіреді. Әйелдер мен ерлер тең құқықтарға, тең білім алу мүмкіндіктеріне ие болуы керек және олардың үй мен балалар үшін бірдей жауапкершілікте болуы керек дегенді білдіреді. 5.Жастарға отбасы құрмай тұрып кеңестер (қызға да ұлға да қатысты): 1.Қаржылық сауаттылық 2. Қыз балада жұмыс тәжірибесі болуы керек; 3. Екеуінің де өз араласатын ортасы болу керек; 4.Бір-бірінің жеке уақытың сыйлай білуі керек; 5.Үйленбес бұрын екеуінің арасында келісім болуы керек (менің осындай арманым бар, осындай ақша табамын оның осынша бөлігі анда кетеді дегендей) 6. Отбасылы болғаннан кейін балалы болуға дайындалуы керек (кітап оқу, денсаулық и т.д); 7.Қыздарға совет: жалпы жігітпен жүріп бастаған кезде ата-анасымен танысып ал; 8. Ұрыс ол ажырасудың себебі емес, керісінше үндемей қалмай сол ұрысты до конца жеткізу керек яғни ішіндегін бүге-шүгесі жеткізу, конфликты шешу. 9.Ата-аналар баларына сепарация жасауы керек; Көп көп рахмет көп нәрсе ұқтым 😊 Тұрмыс құрмай тұрып осындай ақпарат алуға мүмкіндік бергендеріңізге рахмет 🫶🏻
@MadinaB-x7l
@MadinaB-x7l 2 ай бұрын
Өте орынды қоғамға қажет ақпарат иа , тойға емес қарым қатынас ортаға үйренуге дайындық қажет . Жас қыздарға өте көп ақпарат мықты мықты талаптар мықты ақыл айтылды 🎉 рахмет. Барлығы айналып келіп ақша мен ақшаны басқаруға міндетті екенімізді тағы біррет түсіндірдіңіздер. Ақша жинауды енді енді ұйреніп келемін💚💵 Осындай подкаст көп болсын барылқ адам қараса көрсе екен деп тілеймін 😅 әсіресі менің туыстарым , қайын жұртым . Білімді адам оқыған адам бәрі бір саналы адам кітап оқығын адам 📚 қоғамымыз жақсы тыныш болсын. Бала тәрбиесі , білімі мықты болсын елімізде ✊🏻 тек жақсылық болсын осындай өзекті тақырып көп болсын Роза ханым ❤ Айгерім ханым ❤
@Айнур-ь8р
@Айнур-ь8р 2 ай бұрын
Айгерім ханым нағыз батыл, өз ойын ашық айталатын, қоғамда ойып тұрып орын алған тұлға болып қалыптасқаны ұнады. И біреулердің әнгімесімен емес өз қалауларын еркін жасай алатын әйел. Нағыз үлгі алатын тұлға,сіз сияқты болғым келеді❤
@АлтынайМедеубаева
@АлтынайМедеубаева 2 ай бұрын
Әйгерім өте ақылды , пысық, сүйкімді, көзі ашық тіл байлығы, көзқарасы , дамуы өте жоғары
@АсылзатБейсенбаева-ю7х
@АсылзатБейсенбаева-ю7х 2 ай бұрын
Бұл падкасттан түйгенім: 1. Тәуелсіз болу (ешкімнен ештеңе күтпеу, ешкімнің пікіріне алаңдамау, ешкімге ештеңе қарыз емессің) Әйгерім ханымның ешкімнің сөзіне қарамай Алматыға келгенін айтып жатырмын. 2. Адамдарға толықтай сенбеу, сенетіндей кейіп таныту (тіпті туғаныңада сенудің қажеті жоқ, түптің түбінде әр адам өз қарақан басын ойлайды) Бұл ой Әйгерім ханымның ажырастық деген жерінде келді. Болашақ жарыңа қатты сенесің өміріңді табыстайсың, бірақ сенімің ақталмай қалып жатады. 3. Қаржылай тәуелсіз болу ( табыс табу, оны көбейту) Бұл пікір ажырасқаннан кейінгі өмір көпшілік қыздарды алаңдатады. Қалай өмір сүремін деп қорқып, өзін тұншықтырып өмір сүре береді бәріне көріп, егер табысы болмаса. 4. Отбасын жоспарлау ( болашақ отбасын зерттеу, тану. Әйгерім ханымның мына сөзі өтті болашақ балаң сол отбасының кішкентай копиясы деген. Рас, рас тура солай. Сен 10 рет тәрбиелесеңде қанымен келетін кейбір қасиеттері болады екен)
@Алмагуль-д8в
@Алмагуль-д8в 2 ай бұрын
Екеуіңде,айналайын қазақтың ер жүректі ойын ашық айталатын,осы өмірге сай,білімді,жан жақты қыздарымсыңдар рахмет сендерге.Бұл подкастарың нағыз керекті пособия сияқты,жастарға әсіресе болашақтарына керекті,әрқашанда осындай пайдалы эфир бола берсін! Айгерім айналайын,бағың ашылсын,балапаныңның қызығын көріп,бақытты бол,ісіңе берекесін берсін Алла.Роза айналайын,саған отбасыңа береке,балаларыңның қызығын көр.70 тегі апа.
@podcast_kozqaras
@podcast_kozqaras 2 ай бұрын
сіз конкурс жеңімпазы атандыңыз! біздің инстаграм парақшамызға жазуыңызды сұраймыз. интсаграм: kozqaras_podcast instagram.com/kozqaras_podcast/
@aidazhumagulova7311
@aidazhumagulova7311 2 ай бұрын
Білікті, көзі ашық, өзін индивид ретінде қалыптастырған, сауатты, жан-жақты дамыған екі тұлғаның әдемі әңгімесі болды. Бағдарламаны бір деммен көріп, екі ханымның әңгімесін, ойын ерекше рахаттанып тыңдадым. Өте пайдалы сұхбат, тұрмыстағы/ тұрмыстағы емес, жалпы барлық әйелдер қауымына керекті ақпараттар қамтылды. Сіздердей саналы, ойын ашық жеткізе алатын әйелдеріміз көп болсын. Керемет бағдарлама, керемет сұхбат үшін тағы да рахмет! Осы деңгейге жету үшін қанша еңбек пен тер төгілді. Аллаһ абыройларыңыздан айырмасын, еңбектеріңіздің еселеп жемісін көріңіздер❤️
@Жансая-ж8к
@Жансая-ж8к 2 ай бұрын
Айкерім, жарайсыз! Өте ақылды қыз, толық тыңдадым, өз өміре керекті ой түйдім
@hermajestyamina4725
@hermajestyamina4725 2 ай бұрын
крутая гостья, голос звучит как песня, wide open minded woman🔥 просто уау, побольше таких нашему обществу💪😍
@sksjnenddk
@sksjnenddk 3 ай бұрын
Айкерім ханымның сөз саптауы, ойы барлығы ұнады! жалпы қоғамдағы барлық проблемаларды ашып, талқылаланды. Бұл подкасттан түйгенім, қазіргі кезде қазақ әйелдерінің көзі ашылып жатыр, Оның айтқандары мен үшін жаңа көзқарастарды ашты. Ой түйерім көп болды. Осындай құнды ақпаратпен бөліскендеріңіз үшін үлкен алғыс!
@ТолкынСуиндикова
@ТолкынСуиндикова Ай бұрын
Өте маңызы бар сұхбат болды. Айгерім ханым қазіргі таңда қоғамдағы әйел адамдардың білімділігін, жан жақты екендігін, еркектерге тәуелсіз болмау сияқты кейстарды керемет жеткізді. Әйелдер қауымы білімді, ойын анық жеткізе алатын болса қоғамда рольдары төмен түспейді деп ойлаймын. Қазіргі заманда әйел адамдар еркектерге қарағанда жақсы табады, еркек асырай алмай отырған семьяны, 2 есе бағуға күштері жетеді. Көпке топырақ шашуға болмайды бырақ біздің қоғамда ажырасса не байынан таяқ жесе бәрі әйелдерді кіналауға дайын тұрады. Ол сананың төмендігі деп ойлаймын.
@НурбалаСактапбергенова
@НурбалаСактапбергенова 3 ай бұрын
Тамаша подкаст 👍👍 менде ажырасқан 1 бала тәрбиелеп отырған анамын. Бақытты болу үшін байдың керегі жоқ😀счастье там где свобода дейді ғой, егер сенің өз жеке уақытыңды бағаламайтын адам болса ондай адамға тұрмысқа шығудың қажеті жоқ. Қыздар өздеріңнің жеке уақыттарыңды құрыңдар спорт, творчества болама әйтеуір бір ұнайтын нәрсемен айналысыңдар
@moldirkuanyshbekova2641
@moldirkuanyshbekova2641 Ай бұрын
уақыт аз болған сияхты кейбір тақырыптарды тереңінен ашуға🙂 осы аз уақыттың ішінде біраз нәрсе миды шайқады кейбір нәрселерге ойым өзгерді. Әлі тұрмыс құрмағанмын сөйлесіп жүрген адамым бар осы айтылған қозғалған нәрселерді сұрап көруге сұрақ қоюға ортақ дебатқа пікір таласқа әдемі тақырып табылды үлкен алғыс!🌷
@Alua_makedskaya
@Alua_makedskaya 3 ай бұрын
Ішіндегісінің бәрін айтты ғой Әйкерім. Маған қатты ұнады подкаст👏👏👏👍👍👍
@АсылАдил
@АсылАдил 2 ай бұрын
Керемет! Өте сауатты көзқарас👏Барлық ойға келісемін! Айгерім ханымға құрметім артты, нағыз еңбекқор жан екен, қанша жыл эфир сыртында, эфирге еркелеп шығуы орынды екен, сонша жылдық тәжірибесі бар артында, біз көбісін білмейміз! Роза ханыммен саналы адамдардың сауатты сұхбаты болған!
@GUW_ATY
@GUW_ATY 2 ай бұрын
Мен не көрдім - адекват, еркін ойлы, саналы ЕРЕСЕК адам көрдім Айгерімнен👍
@РайгулНурпейсова
@РайгулНурпейсова 2 ай бұрын
Алла разы болсын,еңбектеріңіз жемісті болсын,қазақ әйелдерінің көзін ашып жатқандарыңызға,өз басыма өте пайдалы болды,біраз көзқарасым өзгерді,шақырған қонағыңыз өте сауатты жан екен,жас көрінеді,білімді,жан жақты екені көрініп тұр👍👍👍
@Qwertyuioooooooo
@Qwertyuioooooooo 2 ай бұрын
Жындыма дерсіз, алайда осы сұқбатты екі рет айналдырмай қарадым. Мен үшін аз болып қалды, тоймай қалдым. Сондықтан тағы да қарадым. Екі топ адамның бас қосып, сұқбаттасып, саналы әңгіме бергені қатты ұнады. Қазіргі қоғамға Роза ханым мен Айкерім сияқты қасқыр ханымдар өте қажет🫶🏻 Аларымыз көп сіздерден
@ДинараАнарбай-ж3п
@ДинараАнарбай-ж3п 2 ай бұрын
Өте тамаша сұхбат. Ойын еркін, ашық жеткізді
@ГульжанМустафаева-е4т
@ГульжанМустафаева-е4т 3 ай бұрын
Оте қызықты тақырып екен қазіргі заманда, отбасылық карым катынастагы ер адамның, әйелдердің, енелердин ролі кандай болу, али де толыктыратын ашылып айтылатын подкастар кобейту кажет сиякты, Алла разы болсын сиздерге, кози ашык кокиреги ояу қыз жигиттер, оз отбасы кундылыктарын сақтай алатын, сау карым катынаста отбасы курап, бақытты ұрпақ тарбиелеуге улес косатын подкастар коп болса екен, рахмет😊
@DanaSabyrbai
@DanaSabyrbai 2 ай бұрын
Көп рақмет❤️ Тұрмысқа әлі шықпаған қыздарға үлкен бір кейс болды💯🫂
@akima_erejepovaakima
@akima_erejepovaakima 2 ай бұрын
Прямойды күшті жүргізеді тату тәтті керемет 🎉
@aigerimyelemessova2304
@aigerimyelemessova2304 2 ай бұрын
Керемет подкаст, рахмет 🔥 Расымен де, 80% отбасыларда қыздарды “келін” болуға дайындайды, әйел рөлі төмен және бақытты әйел понятиесі “размытый” біздің қоғамда өкінішке орай. Бірақ осындай тұлғалар, подкасттар, ашық ойлар, желідегі бастаулар - әрбір қазақ қызының ойының өзгеруіне себепші. Тыңдап отырып біткенін қаламай отырдым 🫶 Қыздар үнемі оқып,дамудан жалықпайық! Әдемі баланста, өз-өзіңмен және айналаңмен гормонияда өмір сүруге 100% болады. Бұл жердегі ең басты инсайт самостоятельный болуды үйрену. Өз өміріңе жауапты бола білу және әрбір ересек адамның өзінің жауапкершілігі болу керек деген ой. Біреуге көмектесемін деп, оларды бақытты қыламын деп, жертва болуды тоқтату керек. Саналы және әдемі өмір сүріп үйренейікші 😊
@Данагул-к6п
@Данагул-к6п 2 ай бұрын
Текті әулеттің қызы гой, Әйгерім сырдың жұрты тілегіңді тілейді жасаған берген, Сәттілік серік болсын❤
@GuldenAbzhapbarova
@GuldenAbzhapbarova 2 ай бұрын
Айгерім Роза Вы молодцы Керемет сұхбат болды Жасым 43 ке келседе Кәзір жастарды ,көп тыңдауға тырысамын Ақыл жастан демекші Жақсы,Ақылды Жастарымыз көп болсын
@АйгеримИскакова-с8г
@АйгеримИскакова-с8г 2 ай бұрын
Айгерім керемет. Керемет сұхбат болды. Өзімнің өмірімдегі шешімін таба алмай жүрген сансыз сұрақтардың кейбіреулерінің жауабын таптым деп ойлаймын. Қоғамдағы барлық қыз- келіншектер демей ақ қояйын, көпшілігінің түсінігі сенікіндей болса өмір сүру әлде қайда жақсарар еді. Өйткені қоғамның қалыптасуына әйелдің рөлі өте зор. Жарайсың Айкерім 👍👍👍. Шығармашылық табыс тілеймін. Тек биіктерден көріне бер 🎉🎉🎉🎉.
@Нурсауле-у6ф
@Нурсауле-у6ф 2 ай бұрын
«Ұят болады, үлкендерге сөз қайтарма, еркектіңкі дұрыс»- деген қанымызға сіңіп кеткен ұрпақпыз. Болашақ ұрпағымыз сауатты, тең, өз ойын ашып айта алатын, ақша таба алатын, көзі ашық ұрпақ болады деп ойлаймын осындай подкасттардың арқасында. Аналар ойланып өз өмірлерін дұрыс құруға кешіксе де ұрпағын дұрыс тәрбиемен өсіреді деген ойдамын! Өз ойым.. Керемет подкаст болды! Көркейе беріңіздер!
@СандугашКусаинова-ъ4д
@СандугашКусаинова-ъ4д 2 ай бұрын
Мықты қыз. Бақытты бол
@Виво-и1г
@Виво-и1г 3 ай бұрын
Бәрін дәлелдеп жүрген күрескер әйел деп тауып айттыңыз❤
@АйымЕрмуханбетова
@АйымЕрмуханбетова 2 ай бұрын
Өте керемет сухбат болды!!! Бір жағынан жыраскан әйелдерге колдау, екінші жағынан ажырасқаннан кейін де жаксы өмір сүруге болады деген көзкарас. Маған бул такырып өте жакын, себеби менде ажырасканмын. Казир еки баламды өсирип, тәрбиелеп жаткан жайым бар. Осы куниме еш өкінбеймин!!! Өз өмірімді сурип жатырмын, шукир. Осы эфирден кейін өзімді бағалау деген нығая түсті!!! Роза и Айгерим Сіздерге мың алғыс!!! Осындай бағдарламалар бола берсин!!!!!
@ErkeRasul
@ErkeRasul 2 ай бұрын
Мына сұқбатқа қарап, таң қалдым. Қыздарымыз мықты, білімді, от-от 😎. До конца қарадым, еще бөлістім сестраммен)
@МирамгульЕсенова-ю5ж
@МирамгульЕсенова-ю5ж Ай бұрын
Ма,мына подкасты бірінші рет көрім отырмынғо,керемет әңгіме,табжылмай қарадым,ашық,еркін әңгіме болды,көз қарастарыңыз супер,менде дәл осы көз қарастамын.Қатты ұнады.
@БалзияАмантай
@БалзияАмантай 2 ай бұрын
Айкерім Есенәліні ең бірінші "Таңшолпан" бағдарламасынан көрген едім. Сол кезде ең алғашқы рет "Еркін форматта" жүргізген жүргізуші ретінде көргенмін. Және қатты таң қалғам, "Қалай? Мынадай жүргізуші Қазақстанда барма?" деп. Осы жүргізуші "Таңшолпан" бағдарламасын жүргізгенде үзбей көргенмін. Қазір "Тату-тәтті" бағдарламасын көремін 🔥🔥🔥🔥🔥
@kulzyamyrzabayeva5063
@kulzyamyrzabayeva5063 2 ай бұрын
Жақсы сұхбат болды. Қазақ тілінде болғандықтан орысша араластырмай сөйлесек. Таза бір тілде сөйлеу де мәдениеттілік деп есептеймін. Қазіргі кезде ажырасуда тұрған ештеңе жоқ деп дәріптеудің керегі жоқ. Ойға түйіп алатын керекті дүниелер болды.
@РымтайЖарова
@РымтайЖарова 2 ай бұрын
Менің ойымды дәл жеткіздіңіз,орыс тілін қосып сөйлегендері өздеріне білінбейтін шығар,бірақ қарап тыңдап отырған адамға өте жағымсыз естіледі,осы қазақтар араластырып сөйлегенді қашан қояды,ондай болғанда орыс тілінде жүргізу керек еді
@math_online767
@math_online767 2 ай бұрын
Қыздар оқыған, дамыған, өзін жақсы көретін қоғамда өзін ұстай алатын болу керек. Қыздарымызды қазақи еркіндікпен тәрбиелесек соған жетеміз деп ойлаймын. Қазақта қыздың орны төрде, қыз баланың көзінше ер адамдар дөрекі, ауыр сөз айтпаған, сол тәбиеге келуіміз керек
@sandugaw.rahimova
@sandugaw.rahimova 2 ай бұрын
Молодец, әйел деген мықты жаратылыс🔥
@gulziyamaratkyzy
@gulziyamaratkyzy 2 ай бұрын
Мәссаған, миым рахаттанған күшті эпизод болды. Атауына қарап, басында ашқым келмей жүрді. Басқа қонақтарды құнсыздандырғаным емес, өзіме Айкерім Есенәлінің сұхбат беруі бұрыннан ұнайды.Ол Таңшолпанда жүргенде мен оқушы едім, ерте тұрып, сабаққа кеткенше қарап кететінмін. Оның қатысқан подкасттары тұщымды болатынын ойлап, ашқаным сол еді, бүкіл назарымды салып,кей жерінде кері жылжытып ыждаһатттылықпен тыңдап шықтым. Көзі ашық, осындай көкжиектегі ойлар керек-ақ қазіргі қоғамға. Көп нәрсеге балама нұсқада басқаша әрекет енгізуге, өзгертуге болады. Бұрынғы тек ауыздан-ауызға жеткен, "неге? "десе" сол, солай болу керек" деген алгоритмдерді қайта қарастыруға болады. Ересектік позиция тек "жасы үлкендерде" болу керек емес. 30дағы адамға 3жасар баладай қарағанды қабылдай алмайды екенмін. Жолдасыңның жағасы кірлемесін, нәскиі бүтін болсын дегенге дейін. Жалпы, біздің қоғамда әйелге жауапкершілік ілуді қатырамыз ғой, шіркін. Қыдырғың келе ма, үйдегілердің тамағын дайындап қой, жұмыс істегің келе ма балаңды садикке бер, кім қарайтынын өзің ұйымдастыр, демалғың келе ма бүкіл жұмысыңды бітіріп барып демал, үйде отырасың ба барлық ісің мінсіз деңгейде болсын, өйткені "сен үйде отырсың", және күйеуіңді қылықты, энергичная болып күтіп ал деген сияқты тағысын тағы талаптар мен міндеттер жетерлік. Сол талап-тыйыммен өскеннен уже өзің де құрмет пен махаббатты шартсыз түрде ала алмайтындай қабылдайсың. Сол талапқа сай бейімделе бастайсың, ал маған бұл ұнамайды, менің ойымша осылай десең өз жынысымыздағы әйелдер бастап"онда тұрмысқа шықпай-ақ қоймадың ба" деп айтады. Тұрмыста емес адамды да итермелейтін де, қалжыңдағансып сөгетін де сол әйелдер ғой. Туа бітті еркіндігіміз, құқықтарымыз неге шектелу керек? Жұмыстан келген күйеуді шаршап келді деп, балаларға өзіміз бастап, әкелеріңнің мазасын алмаңдар дейтініміз де прививка болып жатыр екен. Яғни, бір адамға комфорт күйді өзіміз сыйлаймыз, өз комфортымызды жасасақ не ақталып, не күресіп қол жеткіземіз. Тіпті әйел жақсы киінсе, жақсы демалса оның табысына дейін онда болмау керек сияқты қарау дегенді тоқтату керек қой. Туылғаннан мен ұлдан кем емеспін деп өзін дәлелдеумен жүрген қыздар қаншама. Ер адамға келгенде анау-мынау міні болса жылы жаба салады да, әйелдің қыз кезінен бастап сүрінуге қақысы жоқтай. Біздің әлсіз тұсымыз да сол" сын". Дәл сол жерден сұққылай отырып, сындырып жіберуден тайынбайды. Әйел ер деп бөлмей, талап міндет қатар қойылса, жай адам ретінде қараса ғой дейсің. Осы бір тұрмыстық деңгейдегі мәселелер шешімі табылса, тобырлық ойлардан аластатылсақ, адам ретінде өз құнымызды сезінсек, ел болып ғаламдық деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізуге болар еді. Әр отбасы өзара серіктес, сенімді қарым-қатынас құра алса қоғам да жаңарар еді. Бір менің ойым,не сөзім не өзгертер дейсің деген бір құлықсыздық танытуды қою керек. Үздіксіз аққан тамшының тасты жарып шығатынындай әсері болады. Қатып қалған сананы жаңа сарындағы пікірлерді айта-айта жаңғыртуға болады. Көп қорқытады, терең батырады. Бастысы, қай "көптің" санатындасың, соны ойымызбен бөлісе отырып, білдіре аламыз, идеология қалыптастыра аламыз.
@АружанТайжан-п2г
@АружанТайжан-п2г 2 ай бұрын
Сіздің жазған комментариыңыз подкастка тұздық болғандай👍👏
@podcast_kozqaras
@podcast_kozqaras 2 ай бұрын
сіз конкурс жеңімпазы атандыңыз! біздің инстаграм парақшамызға жазуыңызды сұраймыз. интсаграм: kozqaras_podcast instagram.com/kozqaras_podcast/
@Aigerim-q9d
@Aigerim-q9d 2 ай бұрын
Өте керемет подкаст болды, өз істерінің шеберлерінің көзқарастары, актуалды тақырыптар қозғалды, Айгерім ханымның екі адамның ( келін мен ененің) танысуына сен себепші болдың ба, олардың тату болуына сен жауаптысың дегені керемет инсайт болды өмірлік❤ рахмет сіздерге озық ойлы подкасттар өмірімізге азық болсын🤲👍🥰🥰🥰
@АйжанЗадагали
@АйжанЗадагали 2 ай бұрын
Ажырасқанымның арқасында сөйлемей жүрген баламды дәрігерге қаратып, садикке логопедке беріп сөйлеткіздім. Ажырасқанымның арқасында еркін өмір сүріп, казір экскүйеуімнен де көп ақша табамын. Ажырасқанымның арқасында үйлі, көлікті болдым деп ойлаймын. Ажырасу ол жаман емес, жаман сезіммен бітпейтін өмірді сүру жаман деп ойлаймын.
@МеруертКудайберген-й9в
@МеруертКудайберген-й9в 2 ай бұрын
❤❤❤
@nazerketuimebekova3175
@nazerketuimebekova3175 2 ай бұрын
Қай дәрігерге көрсеттіңіз
@АйнурОспангали
@АйнурОспангали 2 ай бұрын
Бақытты боліңз
@QazynaGalymzhan
@QazynaGalymzhan 2 ай бұрын
🎉🎉🎉
@arai-t2r
@arai-t2r 2 ай бұрын
Шыныменде,2014 жылдан бері қарай кәдімгідей біраз нәрсе өзгерді.Бұрын ұрғанға да,соққанға да жақсы қараушы еді.Бірдеме болса келін кінәлі деген сияқты.Бір қуанатыным,осындай подкасттар мен жобалар біраааз адамның санасына әсер етеді.Қыз баласының да ,өмірін бақытты етіп сүре алатындығының дәлелі сияқты.Бір қуанатыным,осындай жобаларды тұрмысқа шықпай жатып,көріп жатқаныма.Әйтпесе,алдымызда не тұрғанын,оған қалай төтеп беріп нестеу керек екендігін білмейсің.Көп көп рахмет екі жақты,ешкімді халыққа жаман көрсетпей,алып шықтыңыз.Негізінде,енеңізді күйеуіңізді жамандап өзіңізді қорғап шығуға болатын еді.Бірақ қаншама халық көріп отырғаннан кейін менің сөзім біреуге үндеу болып зияным тиіп кетпесін дегендей аса ұқыптылықпен айтып жатқаныңызға.Журналистикаға түсе алмасам да,ең болмаса соның төңірегінде жүрмін.Сізді үлгі етем көп рахмет
@АйданаӘмірбек-л9ю
@АйданаӘмірбек-л9ю 2 ай бұрын
Мен әлі тұрмысқа шықпағанмын.Жасым 21 де.Подкастты толық қарап шықтым.Осы уақытқа дейін ойлайтын мүмкін ене мен келін арасындағы конфликтқа араласпауы керек әйелдер өздері шешкені дұрыс деп.Бірақ әр түрлі жағдайға байланысты ер адамның қатысы болуы керек екенін түсіндім. 21де болсамда оқу оқып жүріп,жұмыста практикадан өтіп жүрген кездер болды.Әлі коллектив болмасамда ер адамдар жағынан харассментті байқайтынмын.Түрі көп қой негізі .Бастығымның жақын туысы еді.Сосын мен өзім ширақ сондай өзімнің правамды қорғап қалған қызбын ғой.Бастығыма айтып бергенмін тыныш жүрсін еге болыңыз деп. Бүгін кешкі шәйда мамаммен сол қыздардың ақша табуы жайлы туралы сөйлесіп едім.Анам әйел еркекті сүйреу керек дейді.Мен не үшін деймінда .Енді бәрі жақсы болалығо шыдау керек дитта.Мен деген ер азамат үйленетін ер адам жауапкершілік алу керек,қандай қызды қандай жердің қызын алып жатқанын прекрасно біледі.Шамасы келетінін алсын димінда .Жұмыс істеген ақшасы бар өзін өзін толық қамтамасыз еткен қызды алса күйеуіде оны қамтамасыз ете алуы керек деп ойлаймын.Жалпы шүкір қазір қыздар өте білімді бәрі оқып жұмыс істеп,ақша тауып соған қуанамын.Ақшаң болса ,таба алатын болсаң ғана сіздер айтпақшы аяқ тартады ер адамдар. Өте керемет инсайттар алдым.Мамандық бойынша берген кеңесіңізде керемет.Неге бейім екенін біліп,сол салада жұмыс жасай беру керек.Кейбір қыздар жігіттер барғой 11сыныпқа келгенде барып бір мамандықты таңдай салады.Оны білмейді да хабарыда жоқ.Сосын оқымайды.Қызық болмағасын не үміт.Грантқа бола түсіп алады.Летоға қалып соңында оқудан шығып қалып жатады.Өмірден орындарын таппаған күй кешіп жүреді.
@БаянОразбековна
@БаянОразбековна 2 ай бұрын
Ма күшті подкаст болды. Менде ұл жоқ пока 3 қыз шүкір. бірақ осы подкастан күшті ой түйдім . Ертен Алла қаласа ұлым болғанда тәрбиесін үлкен мән беріп жауапкершілігі бар азамат тәрбиелеп және өзім жақсы ене болуға талай дүние алдым. Расында немерелер үшін жақсы отбасы болу үшін неге сразу алақанын жаймасқа. Мен 8 жыл мектепте завуч болып жумыс жасап үнемі жаз айындада қолым тимей бағдарлама көрмейтінмін. Биыл мұғалімдіке ауысып мен деген подкастарды көріп өзімнің талай ойымды өзгертіп жатырмын. Осындай шынайы сұғбатт керек екен. Басқаны айтпай ақ қояйын өзіме керек екен. Мендегі классикалық сиериотиптер жаймен өзгеріп жатқан сияқты. Рахмет
@ИндираУсен
@ИндираУсен 3 ай бұрын
Оз ысынын мамандары сенымды,отымды создеры нык арбыр аиткан инсаит тамаша ыстепынызне саттылык Айгерым оте батыл кыз нагыз казактын кызы жарайсын❤❤❤
@berekekyzyadelina5313
@berekekyzyadelina5313 2 ай бұрын
Ең алдымен осы подкастты ұйымдастырып, қыздардың басым көпшілігіне керемет тақырып жасағандарыңызға рахмет. Өзім де ажырасқан едім осы ішімдегі әліде шығара алмай жатырған бір сезімдер бар. Дәл сол сезімдерге, ішкі ойларыма өте керемет жауап алдым.Шын жүректен алғысымды білдіремін. Әрімен қарай жақсы подкасттар күтемін.
@НургульОнлабекова
@НургульОнлабекова 2 ай бұрын
Айгерімді мықты журналист ретінде танимын, бірақ менімен құрдас деп ойламаппын😊өз мамандығын шыңдаған, жетістікке жеткен ер мінезді нәзік сұлу қыз Роза коуч сізге рақмет Айгерімді таңдап шақырғаныңызға өмірден алар жақсы пікірлер болды❤🎉
@almabek_ibraiymov
@almabek_ibraiymov 2 ай бұрын
Шыны керек, ойда жоқта осы подкасты көріп қалдым. Өте қызықты, өте сауатты жасалған. Жалпы Әйгерім Есенәліні “Таңшолпаннан” бері көріп келе жатырмын. Өзі қолына алған жұмысты дөңгелетіп алып кететінін байқағанмын. Дегенмен де осы подкасттан жаңа бір қыры ашылғандай…
@АрайлымМедеубек
@АрайлымМедеубек 3 ай бұрын
Әйел қандай мықты жаратылыс суға салса батпайды, отқа тастаса жанбайды🔥. Қазіргі еркектерде түк жауапкершілік жоқ. Сол балалардың тәрбиесіне әке де ана да атсалысайық екі жақтан. Ер балаларымызды саналы ұрпақ қылып тәрбиелейікші, бытовой инвалид қымайықшы . ❤ Әйгерім ханымның образы😍
@АкеркеЖагыпарова-г8т
@АкеркеЖагыпарова-г8т 2 ай бұрын
Керемет сұхбат.Бір деммен отырып көретін сұхбкт.Жас қыздарға,отау құрғалы отырған қыздарға керек тегін консультация болды.Рахмет Роза ханымға осындай бағдарламаға🤲👍🙏
@muratkyzy_zhibek
@muratkyzy_zhibek 3 ай бұрын
Қазір осындай қарапайым түсіндіретін подкасттар көп бола берсін🔥
@aruzhanzhunisali7370
@aruzhanzhunisali7370 2 ай бұрын
❤❤❤
@gulzhanatkemelbek3637
@gulzhanatkemelbek3637 2 ай бұрын
Қандай керемет сұхбат🥹 Айгерім ханым балалық шағымды жасаушы. Мен үлгі тұтатын жерлесім әрі журналистім әрі журналистикадағы кумирім. Сөз саптауында сөз жоқ.🥰👏🏻
@GulzhanatAmanzholova
@GulzhanatAmanzholova 3 ай бұрын
Айгерим оз исинин маманы,денгей жогары екени коринип тур,багы жансын
@ЕлданаОмирбай
@ЕлданаОмирбай 2 ай бұрын
Тату тати Айгерим ушин корем эмоциясы кушти 😅
@serpinguldana3648
@serpinguldana3648 3 ай бұрын
Өз баласын тәрбиелеген еркекті мақтайтындай емес, оны норма екендігін қабылдайтындай қоғам құрайықшы❤әйеліне бала бағуға көмектескені үшін еркектерді мақтап жатамыз, хотя ол оның міндеті ғой
@Бауыржановна
@Бауыржановна 2 ай бұрын
Ма ша Аллаһ🎉 Осылай ақша тауып, саяхаттап, комфортта өмір сүретін қыздарға ризамын💪🏾 Алға тек қана❤❤❤
@jainabasjanova6249
@jainabasjanova6249 2 ай бұрын
Мяяя шынымен ұқсамайды,38ге😮😮😮😍😍😍😍 20-25ке ұқсайды бөпе 😍😍даусыы да түрі де сүйкімді😘😘
@AigerimTulegenovs
@AigerimTulegenovs 2 ай бұрын
Айгерим менін жерлесім, аттасым. Ажырасканын естип конилим тусти. Ап адеми жуп еди. Созиниздин жаны бар, коп айел адамдар ажыраскан сон кунимди коре алмаймын деген коркынышпен отбасылык зорлық зомбылыкка шыдап журеди. Сол ушин де мен ажыраскан айелдерди оте батыл ер адамдай ерик жигери бар деп есептеймин. Жалпы отбасылык омир туралы менин осы уакытка дейин туйгеним: 1. Коп жастар махаббатка басы айналып, бир бирин жаксы танып билмей, турмыстын алгашкы киындыктарында ак еки жакка кетип жатады. 2. Кыз балалар золушкадагыдай ертегилерди армандап, куйеуге шыгуга асыгады. Шынайы омир ертегиге карама кайшы екенин кайдан билсин. Ертегиде турмыска шыгып, кул болудан кутылса, шын омирде той бите сала адеми койлегин шешип, халат деген юниформа киип, омирин бари золушка болады. Бул қазақ халкынын копдеген отбасынын бейнеси, асиресе ауылдык аймакта туратын отбасыларында. 3. Бизде ардайым айелдин миндети, айелге акыл айту деген дуние коп. Имандар болсын, блогерлер болсын айтеуир айелдерди тарбиелеп алек. Неге ер адамадардын да ата-аженин де миндетин катар еске тусирмейди. Сиздер айткандай бир дуниени дариптей береди. Тиисинше бари не естиди не корди соны жасады. Кит етсе бурын биз баланыда багып, уйге де карап улгергенбиз деп улкендер шыгады. Сендер биз корген киындыкты кормединдер деп. Менин ойымша бурын ажелер немере караса аналар уй шаруасымен айналыскан. Маселен Абайды солай ажеси тарбиелеген. 4. Елимизде жуптар уйленер алдында арнайы курстан отсе. Каржылык сауаттылык, психологиялык сабактар, кыздар кулинария сабактары, ата ана болуга дайындык бари уйретилсе 😊 Алдагы уакытта ол кундерге де жетермиз. Казир бурынгыга караганда ер адамдар тусиниги озгерген, отьасында миндеттер 50/50. Осылайша елимизде ажырасу корсеткиши азайып, толык отбасында тарбиеленетин урпак оссе❤
The selfish The Joker was taught a lesson by Officer Rabbit. #funny #supersiblings
00:12
когда не обедаешь в школе // EVA mash
00:51
ЭТО НАСТОЯЩАЯ МАГИЯ😬😬😬
00:19
Chapitosiki
Рет қаралды 3,5 МЛН
Алмас Кішкенбаев екінші рет үйленіп, ұлды болғаны рас па?
1:35:44
Anna Danchenko | Анна Данченко
Рет қаралды 159 М.
Мереке Қалбаева | Садақа сұрау сәнге айналды | АЙТАРЫМ БАР
1:22:10